Әншілік өнердің қалыптасуы мен ән айтудың өзіндік ерекшеліктері
Әншілік өнердің қалыптасуы мен ән айтудың өзіндік ерекшеліктері
Музыка әлеміндегі ән айту өнері-музыканы әншінің дауысымен орындауы, музыкалық шығарманың образдық идеялық мазмұның әнші даусының мәне күшімен жеткізу, ашу өнері болып табылады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Әншілік өнердің қалыптасуы мен ән айтудың өзіндік ерекшеліктері»
Әншілік өнердің қалыптасуы мен ән айтудың өзіндік ерекшеліктері.
Музыка әлемінде ән айту өнері-музыканы әншінің дауыспен орындауы, музыкалық шығарманың образды идеялық мазмұнын әнші даусының мәнер күшімен жеткізу, ашу өнері болып табылады. Жалпы Әншілік өнер халық арасында кең таралған өнердің бір түрі.Әншілік өнер адамзатың өмірлік серігі деп айтсақ артық болмас. Өйткені ән, музыка, тұлғаны қалыптастырушы, эстетикалық талғамын шыңдай отырып, музыкаға, әнге деген сүйіспеншілігі артады. Олай болса, адам шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, бесік жырынан басталған ән мен музыка адамзаттың өмірінің соңына дейін бірге өтетіні табиғи заңдылық. Жалпы ән мен музыка өнері ғасырлар бойы италияда қалыптасты. Олай дейтін себеміз әйгілі әнші тенорлар мен сыңғырлаған бұлбұл дауысты сопранолар мен музыкантар осы елден шыққан. Италия операның отаны болып табылады. Нағыз өнердің хас шеберлері осы елден шықты. Солардың бірі әлемге әйгілі әншілер Э.Карузо мен Б.Джильи, А.Пертиле сияқты көптеген әншілер. Бұл әншілердің өзіндік ерекшеліктері болатын. Ал қазақ халқыда өнерден құр алақан емес.Қазақ даласында мыңдаған тарихи тұрмыс, лирикалық әндер өмірге келді. Қазақ әндерін естіген орыс саяхатшысы Г.Потанин «Бүкіл қазақ даласы маған әндетіп жатқандай әсер алдым» деген екен. Міне біздің қазақ халқының ән-күй өнерінің дамуына үлес қосан орындаушылықтың ғажайып шыңына жеткен өнер майталмандары Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Біржан сал, Сегіз сері, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Ақан серіні айтуға болады. Ұлттық кәсіби өнеріміздің негізін қалаушылар Күләш Бәйсейітова, Манарбек Ержанов, Құрманбек Жандарбеков, Ғарифола Құрманғалиев, Әнуарбек Үмбетбаев және т.б. үлкен музыкалық білім алмаса да, табиғи таланттарының арқасында ұлттық әншілік операны қалыптастырды. Сондай-ақ қазақ әншілік опера өнеріне әлемге танытып жүрген мақтаныштарымызды айтпай кетпеуге болмас: Әлібек Дінішев, Майра Мұхамедқызы, Амангелді Семтин және т.б. өнер майталмандарымыз бар. Сол өнерді оқушының санасына дұрыс қалыптастыру - музыка пәнінің мұғалімдерінің басты міндетті болуы тиіс. Мектеп жасындағы оқушыларға ән үйрету барысында ең алдымен пән мұғалімі әнді дұрыс айту ережелеріне мұқият қөңіл бөлген жөн. Оқушыларға ән айту үшін ең бастысы қалай тыныс алу керектігін және дыбысты шығаруды, оны қалай пайдалануға болатындығын ескерткен жөн. Адам денесіндегі тыныстық ауа легін жинайтын мүше - өкпе болғандықтан сол өкпеде жиналған ауаны үн шығаратын көмей арқылы ән айтуда музыкалық сөз тізбегі (фразаға) лайықтап шығару керек. Ән айтқанда көмейден шыққандықтан дыбыс тыныс жолдары – жұтқыншақ, ауыз қуысы, кеуде, бас, кеңсірік, дыбыс тербелістерін жасаушы (резонаторлы қ) дене мүшелері арқылы күшейіп естілгендіктен, яғни дұрыс тыныс алу - оқушылардың әншілік өнердегі басты шарттардың бірі болып табылады. Музыка мұғалімі оқушыға дұрыс тыныс алумен оны тиісті сөз тізбегіне шақтап пайдалану мен қатар дыбыстың да, сөздің де әрі айқын, әрі екпінді шығуы талап екенін түсіндірген жөн деп санаймын. Осы тұста оқушылар ән айтуда әншінің денесін қалай ұстауы керектігін және отырыс-тұрысына қөңіл бөлгені жөн.Себебі оқушылар ән айтуда денесін болбыр ұстап, өздерін еркін сезінбесе немесе бүкірейіп, қисайып, шалқайып дұрыс тұрмаса, дыбыс шығарушы дене мүшелерінің қызметі төмендейтіні анық.Сондықтан музыка пәні мұғалімдері оқушыларға ән салғанда дене мүшелерін дұрыс ұстауы үшін мына ережелерді талап еткен жөн деп санаймын.
1.Оқушылалар ән айтуда кеудесін кең тыныс алатындай,денесін сәл алға ұмтылдыра,тік және еркін ұстауы тиіс.
2.Оқушыларымыз басын табиғи қалыпта,еркін,бос,күш,түсірмей ұстауы қажет.Сондайақ бұнда бір ескерет жайт оқушылар аяғы жерді нық басып тұруы шарт.
3.Сондай ақ оқушыларға ән айтқанда адамның тыныс алуға қатысатын тіл,жақ,ерін,жұтқыншақ,таңдай сияқты дене мүшелердің де атқаратын қызметін зор екендігін ескерткен жөн.Оларды реттеп тұратын – ауыз ішіндегі бұлшық еттер болғандықтан.Шықшыт,ерін,таңдай арқылы сөз дыбыстарының айқын айтылуы әнді әшекейлеп,әрлей түседі.Жалпы табиғи тыныс алу мен ән салу кезіндегі тыныс алуда айырмашылық көп екенін білген дұрыс.Ән айтпаған кезде оқушы ештеңе ойламай –ақ табиғи түрде тыныстай берсе,Ал ән айтуда кеудеге қажетті мөлшерде ауа толтырып,арнайы тыныс алу керек.Мұғалім оқушының тыныс үшін ішке тартқан ауаны әннің ұзақтығы мен мәнеріне сәйкес мөлшермен шығуын үнемдеп шығаруын қадағалауы тиіс.Жалпы музыкалық сөз тізбегі ырғақтық екпініне қарай жұмсалатын тыныстық ауа әр түрлі аз не көп мөлшерде, біртіндеп,өлшемен жұмсалуы керек.Ән айтуда ескеретін басты талаптардың бірі яғни музыка пәні мұғалімдері ән айтарда оқушы денсаулығына назар аударған жөн.ән айтатын бөлмені,сыныпты тазартып,желдетіп алудың пайдасы бар.Ұлы ақынымыз Ғабит Мүсірепов айтқандай Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы,сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім демекші, оқушылардың көзге көрінбейтін,ұстауға білінбейтін өнерін мен дарындылығын,сондай ақ әншілік орындауды қалыптастыру мен шыңдау да музыка пәні мұғалімдерінің рөлі зор.