Музыка терапиясы ар?ылы балалар церебралды? сал ауруыны? б?зылыстарын т?зету
Музыка терапиясы ар?ылы балалар церебралды? сал ауруыны? б?зылыстарын т?зету
Музыка - адамны? жан д?ниесін, к??іл-к?йін, сезімін бейнелеуде ерекше ма?ызды орны бар ?нер к?зі. М?мкіндігі шектеулі балалар?а с?йлемей -а? ?зін ?орша?ан орта?а деген эмоциялы? ?атынасын білдіруге, тіл интонациясын, к??іл-к?й сипатын жеткізуге м?мкіндік береді.
Балаларды? церебралды салдану н?тижесінде: к?ру ?абілеті, есту ?абілеті, с?йлеу ?абілеті мен сенсорлы? сезінуі б?зыл?ан ж?не зияты за?ымдал?ан (а?ыл-ойы кем), сонды?тан психикасыны? дамуы тежелген балалар. Оларды? тірек-?оз?алыс аппараты б?зылу ?серінен мінез-??л?ында да ауыт?ушылы? пайда болып, арнайы о?ыту мен т?рбиені ?ажет етеді. Орталы?та ем алушы балаларды? басты диагнозы-балаларды? церебралды салдануы. Б?л психомоториканы?, ?оз?алыс аппаратыны? б?зылуынан к?рінетін орталы? ж?йке ж?йесіні? ?иын дерті.
Осы диагнозда?ы балаларды т?н н?рсе - ?міріні? бірінші жылынан бастап-а? ?орша?ан ортаны белсенді ?абылдау ?рдісіні? б?зылуы. Олар ерекше ?олжетімді т?зету к?мегіне з?ру. М?ндай балаларда е? бірінші дауысты? реакцияны? дамуы б?зылады, сол себепті интонациялы? м?нерді? жеткіліксіздігі пайда болады да ал?аш?ы коммуникативтік реакцияларды ?иындатады. Балалар ?здерін ?орша?ан орта?а нашар бейімделіп, ?орша?ан ортамен ?арым-?атынас?а т?се алмайды. К?рделі дефектісі бар балалар?а кешенді т?рде о?алту к?мегі беріледі.
О?алту шарасы балаларды? диагнозды? к?рсеткішіне сай жоспарланады.
БЦС – ? бірнеше т?рлері бар. Бас миды? белгілі ж?йелеріні? за?ымдалуына байланысты т?рлі ?оз?алысты? б?зылыстар дамиды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Музыка терапиясы ар?ылы балалар церебралды? сал ауруыны? б?зылыстарын т?зету »
«Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ
Бозымбеков Асқарбек Қуандықұлының шығармашылық есебі.
Музыка - адамның жан дүниесін, көңіл-күйін, сезімін бейнелеуде ерекше маңызды орны бар өнер көзі. Мүмкіндігі шектеулі балаларға сөйлемей-ақ өзін қоршаған ортаға деген эмоциялық қатынасын білдіруге, тіл интонациясын, көңіл-күй сипатын жеткізуге мүмкіндік береді.
Тақырыбы: БЦС балаларды оңалтудағы музыка терапиясының ролі.
Мақсаты:Ерекше білім алуға мұқтаж балаларға музыкалық білім мен тәрбиені қол жетімді түзеу көмегі ретінде ұйымдастыру және бастапқы әлеуметтік –кәсіби даярлығын қамтамасыз етуге баулу.
Балалардың церебралды салдану нәтижесінде: көру қабілеті, есту қабілеті, сөйлеу қабілеті мен сенсорлық сезінуі бұзылған және зияты зақымдалған (ақыл-ойы кем), сондықтан психикасының дамуы тежелген балалар. Олардың тірек-қозғалыс аппараты бұзылу әсерінен мінез-құлқында да ауытқушылық пайда болып, арнайы оқыту мен тәрбиені қажет етеді. Орталықта ем алушы балалардың басты диагнозы-балалардың церебралды салдануы. Бұл психомоториканың, қозғалыс аппаратының бұзылуынан көрінетін орталық жүйке жүйесінің қиын дерті.
Осы диагноздағы балаларды тән нәрсе - өмірінің бірінші жылынан бастап-ақ қоршаған ортаны белсенді қабылдау үрдісінің бұзылуы. Олар ерекше қолжетімді түзету көмегіне зәру. Мұндай балаларда ең бірінші дауыстық реакцияның дамуы бұзылады, сол себепті интонациялық мәнердің жеткіліксіздігі пайда болады да алғашқы коммуникативтік реакцияларды қиындатады. Балалар өздерін қоршаған ортаға нашар бейімделіп, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсе алмайды. Күрделі дефектісі бар балаларға кешенді түрде оңалту көмегі беріледі.
Музыка терапиясы деген не?
Музыка терапиясы мүмкіндігі шектеулі балалардың біршама проблемаларын шешуге мүмкіндік беретін, заманауи емдік терапия: біріншіден баланың психологиялық қорғанышын жеңдіреді, бала мен ересек адамның қарым-қатынасқа түсуіне ықпал етеді, белсенділігін арттырады, шығармашылық мүмкіндіктерін оятады. Ән айтуға, аспапта ойнауға, музыка тыңдауға, билеуге, музыкаға елтіп қозғалуға жетелейді.
Менің жұмысымда жеке баламен дәріс жүргізу барысында ұстанатын педагогикалық негізгі принцип - жеңілден ауырға біртіндеп өту принципі. Әр баланың диагноздарына, қабілеттеріне қарай топтастырып, логопедтің көмегімен бірге қабылдауға айтуға жеңіл ырғақты жаттығуларды бекіту.
2008 жылдан 2012 жылға дейін Құлбаев Алтынбек оңалту орталығында ем алды, музыкалық қабілеттерінің ашылуына музыка терапиясы әсер етті. Жүйелі түрде жұмыс істеу барысында, кешенді оңалту нәтижесінде кез-келген баланың тұлғалық қабілеттері ашылады. Оған дәлел көп.
Менің алға қойған міндеттерім:
Балалар реабилитологиясындағы музыка терапиясының ролін ашу;
Музыка арқылы берілетін ем-шара негізіндегі ақпараттарды іздеу, оқу, пайдалану.
Музыка терапиясына қолданатын әдістемелік көмекші құралдар шығару;
Музыка мұғалімінің басты қызметіне балаларға музыканың мазмұнын тыңдауға үйрету, мәнерлеп орындату, музыка мен өмірдің байланысын көрсету (музыка адамның мінезін қалай жеткізеді?), балалардың өз мінезін тәрбиелеуін қадағалау, қандай көңіл – күйлер болатынын көрсету жатады.
Музыка нені суреттейді? Қалай? деген сұрақ-жауаптар арқылы ойларын ашық айтуға, сөздерді құрастырып сөйлеуге үйрету. Суреттеу, бейнелеу арқылы балалардың түсінігін дамытып, музыканың мазмұны арқылы балалардың сезімін, эмоциясын оятып, тәрбиелеуге ықпал етеміз.
Дәріс соңында қайталап тыңдау, балалардың өз қиялын нақтыландырып тиянақты түсінік берулеріне мүмкіндік туғызады. Осы тыңдаған музыкалық шығарманың әуенін еске сақтап, көз алдына елестеткен түсініктерін кім қалай бейнелей алады, сол бойынша суретпен бейнелеуге, әңгіме, өлең шумақтарын құрастыруға, мүсіндеуге болатындығын келесі дәріске тапсырма беру арқылы дамытамыз. Осылай тапсырма беруді әдетке айналдырып, баланың қабілеттерін, үй тапсырмасының орындалу барысында үнемі қадағалап отырғанда баланың қайсысының бойында қандай қасиет бар екендігін байқап, болашақта әр баланы қай бағытқа көбірек бейімдеу керектігін білемін.
Күнделікті белсенді құрылған оңалту шараларының нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі балалардың проблемаларын шешуге болады. Ең бастысы арнайы оқыту, тәрбиелеу әдістерін тиімді қолданып,сапалы жүргізгенде аурудың салдарын жеңілдетуге, кемістіктерді түзетуге қол жеткізуге болатынына көз жеткізіп келеміз. Әрине біз алдымызға қойған түзету мақсаттарына жалғыз музыка терапиясы арқылы ғана емес, барлық мамандармен кешенді түзету жұмыстарын жүйелі жүргізгенде жетеміз..
Қолданылған әдебиеттер:
Екжанова Е.А. П.Д.Ш. балалар және мектепке дейінгі мекемелер жайында оның психолого- педагогикалық коррекциялау жолдары. 7.Дамуында ауытқулары бар балаларды тәрбиелеу және оқыту 2002ж №1
Мустаева Л.Г. Психологиялық дамуы шектеулі балаларда коррекциялық- педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық аспектілер. Бастауыш мектеп. 2005ж.
Ғизатов Б. Мектептегі ән-музыка сабағы. Музыка сауаты, ән үйрету, мызыка тыңдау. Методикалық көмекші құрал. – Алматы, 1962.
«Музыкальное воспитание как средство коррекции отклонений в развитии детей с церебральным параличом в условиях реабилитационного центра» Н. Н. Кунц. 2010