Просмотр содержимого документа
«Д?ст?рлі ?нер дарындылар ?шін»
Дарындыларды дәстүрлі өнер құшақ жая қарсы алуда
Қазақ халқының рухани өміріндегі күрделі де өзіндік ерекшелігі мол айрықша мұраның бірі – ән өнері, әншілік дәстүр. Біздің үйірме ғасырдан жалғасып келе жатқан, халқымыздың қанымен бірге пайда болып, ажырамас серігі болып кеткен ән өнерін жастарға яғни, келешек ұрпаққа таза жеткізуді мақсат етеді. Ән – сезімді сыртқа шығарудағы өнер адамының табиғи құралының бірі. Оқушылар сарайындағы «Домбырамен дәстүрлі ән айту үйірмесі» өз оқушыларына қазақ халық әндерін және халық композиторларының әндерінің төл нұсқасын сақтап жеткізеді әрі үйретеді. Үйірмеде оқушылар әндердің шығу тарихы, халық композиторларының өмір жолымен, шығармашылығымен танысады. Әр әннің ішкі қыр-сырын үйреніп, оны тыңдаушыға жеткізетін халық әндерінің қалпын сақтап қалатын, осы үйірмеде оқып жатқан оқушылар. Домырамен ән айту сабағы оқушыларды кәсіби деңгейде болуға үйретеді. Дәстүрлі әнімізді насихаттайды, кішкене әншілерді даярлайды, халық әндері мен халық композиторларының өмір жолы мен шығармаларынан мағлұмат береді. Істеу қабілеті арқылы үйренетін дәстүрлі әндер, ырғақты сезіну, дыбысты таза есту, әнді тез арада есте сақтау сияқты қабілеттеріне қарап, онымен қоса дауыс көлеміне байқап репертуар таңдау арқылы сабақтың тақырыптық деңгейіндегі өзара жалғастығы белгілі жүйемен жүреді. Оқушының алған ән репертуары ұстаздың біліктілігімен қаралып, айту үрдісін көрсетіп, әнге төселіп үйренгенше мұқият тексеріп отырылады. Әнді үйренген соң, оның орындаушылық шеберлігі, мазмұны талданып, ішкі жан дүниемен айтуға көңіл бөлу қажет. Оқушыға әнді үйретер алдында әннің шығу тарихы, ән жайында аңыз-әңгімелер мен ән авторларының өмірлік ортасы, тұрмыс-тіршілігі жайлы айтып, әннің жанрлық және дәстүрлік сипатын, орындаушылық ерекшелігін барынша түсіндіріп отырамын. Оқушының орындаушылық шеберлігімен қатар, көркемдік әдеби ойы мен, әуендік талғамының да тұрақты өсіп тұруына үнемі назар аударылады. Оқушының жан-жақты дамуы, шеберлік деңгейі мен адами және рухани байлығының астасып жатуы қадағаланады. Сонымен қатар, музыкалық қабілет бар оқушының оқу үрдісінде кәсіптік деңгейге көтерілуі пәннің жан-жақты оқытылуына байланысты. Мысалы, оқушы Кенен Әзірбаевтың «Туған жер» әнін алды дейік, біріншіден ән тарихын әңгімелеу, жүрегіне қондыра білу керек. Ол әнді өзі түсінген жағдайда, тыңдаушыға жеткізе алады. Әннің шығу тарихы, мазмұны, аймақтық ерекшелігі айтылады. Оқушы дұрыс түсіну үшін, ән әуенін таспа арқылы тыңдап, құйма құлақтыққа үйренеді. Осылай тыңдау арқылы санаға құюмен ән иірімінің әуенін таза алатын болады. Сонан кейін домбыра қағысы, шертісіне көңіл бөлінеді. Жетісу әндеріне көбіне шертпе қағыстары ауадай қажет. Қосалқы сабақ, домбыра сабағының көмегі болу әбден керек, әнші күйшідей домбыра ұстаса, еш артығы жоқ. Әншімен күйшінің домбырадағы оң қол, сол қол қойылымдарын еш бөліп жарудың қажеті жоқ. Әрі қарай дауыс тазалығы, сөз мәтінін дұрыс жеткізу мен сахналық мәдениетіне қараймыз. Дыбыс тазалығына қол жеткізу үшін жоғарғы төменгі, кеуде резонаторларының жұмыстарын қадағалаймын. Ауыз қуыс, мұрын кеңірдек арқылы тербелістерді қалыпқа келтірегеннен кейін кеуде резонаторларын қалыптастыру қажет. Дұрыс дем алу мен дем шығаруды үйренеміз. Әншілік дауыс – табиғаттан әр адамның өзіне тән дауыс биіктігі тембрімен қуаты болады. Қазақы дәстүрлерді сақтай отырып, дыбыстың қуаттылығымен сапасын арттыруға қол жеткізу үшін вокалды әртүрлі жаттығулар жасап отырамыз. Айнаға қарап орындаушылық ерекшеліктерін жетілдіреміз. Үнтаспа тыңдап, дикциямен жұмыс істейміз. Әннің сөзін мағыналы жаттауға үйретемін. Осының бәрін біле отырып, кей оқушылар ән буынын таза буындағанымен, ән айтқанда ән әуенін бөлек-бөлшек орындайды. Одан құтылу үшін таспаны көп тыңдаған жөн және әнді соғұрлым көбірек орындау қажет. Сонда ғана ән жалғасымы үзілмей әдемі естіле орындалады. Ән айту әңгіме айтумен тең деп түсінген дұрыс.
Астана қаласы М. Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы «Домбырамен дәстүрлі ән айту» үйірмесінің жетекшісі