Д?ст?рлі музыкада?ы халы? аспаптарыны? тарихи ??ндылы?ы
Д?ст?рлі музыкада?ы халы? аспаптарыны? тарихи ??ндылы?ы
Кез келген халы?ты? ?зіне т?н ?лтты? м?дениеті, ?асырлар бойы ?алыптас?ан тарихи-этнографиялы? ерекшеліктері болады десек, соларды? басты бір арнасы- музыка. Ел ?иялында туып, ?рбіп отыратын а?ыз-??гімелер мен жыр-дастандар сол халы?ты? ?деби, м?дени м?расы ретінде ауыздан-ауыз?а беріліп дамып, бірде ?ай?ы, енді бірде ?уаныш?а б?лейтін м??ды да ас?а? сезімді музыка ?нерінен орын теуіп отырады.
Егер д?ст?рлі музыкалы? аспабымызда европа музыкасы ?иынды?сыз тартылатын болса, онда б?л аспапты «б?гінгі тал?ам-талап?а жарамды» деп танып, тіптен классикалы? музыканы тарту м?мкіндігі бар деп к?термелуді ?детке айналдыр?анбыз. Ал а?и?атында ?рбір музыкалы? аспапты? этникалы? м?дениетпен біте ?айнас?ан т?л ерекшелігі бар. Одан да г?рі м?нді жа?дай, ?рбір ?лтты? д?ст?рлі музыкалы? аспабында д?ниеге келген музыкалы? бас?а аспаптарды? тартулы к?шірме, аударма немесе еліктеу, вариация ?ана болу?а тиіс. ?ылыми танымны?, тарихи парасатты?, эстетикалы? сезімталды?ты? ?исыны осы.Бір елді? д?ст?рлі музыкасын бас?а бір елді? музыкалы? аспабында айнытпай тарту былай т?рсын, сол бір елді? ?з ішіндегі музыкалы? аспаптары бірін- бірі айырбастай алмайды ?ой.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Д?ст?рлі музыкада?ы халы? аспаптарыны? тарихи ??ндылы?ы»
Семей қаласы «№2 Балалар музыка мектебі»
Музыка теориясының оқытушысы
Ргелова Кулгазы Бигазиевна
Дәстүрлі музыкадағы халық аспаптарының тарихи құндылығы.
Кез келген халықтың өзіне тән ұлттық мәдениеті, ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи-этнографиялық ерекшеліктері болады десек, солардың басты бір арнасы- музыка. Ел қиялында туып , өрбіп отыратын аңыз-әңгімелер мен жыр-дастандар сол халықтың әдеби, мәдени мұрасы ретінде ауыздан-ауызға беріліп дамып, бірде қайғы, енді бірде қуанышқа бөлейтін мұңды да асқақ сезімді музыка өнерінен орын теуіп отырады.
Егер дәстүрлі музыкалық аспабымызда европа музыкасы қиындықсыз тартылатын болса, онда бұл аспапты «бүгінгі талғам-талапқа жарамды» деп танып, тіптен классикалық музыканы тарту мүмкіндігі бар деп көтермелуді әдетке айналдырғанбыз. Ал ақиқатында әрбір музыкалық аспаптың этникалық мәдениетпен біте қайнасқан төл ерекшелігі бар. Одан да гөрі мәнді жағдай , әрбір ұлттың дәстүрлі музыкалық аспабында дүниеге келген музыкалық басқа аспаптардың тартулы көшірме, аударма немесе еліктеу, вариация ғана болуға тиіс. Ғылыми танымның, тарихи парасаттың, эстетикалық сезімталдықтың қисыны осы. Бір елдің дәстүрлі музыкасын басқа бір елдің музыкалық аспабында айнытпай тарту былай тұрсын, сол бір елдің өз ішіндегі музыкалық аспаптары бірін- бірі айырбастай алмайды ғой. Мәселен, қобыздағы «Бөкен жарғақ» күйімен сыбызғыдағы «Бөкен жарғақ» күйі мүлде бір-біріне ұқсамайды.
XIX ғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған музыкалық аспап екі ішекті домбыра болатын . Егер бұрынғы заманда көне аспаптар ән, жыр,ертегі-аңыздарды сүйемелдеу үшін ғана қолданылған болса, енді домбыра жеке шығарма орындауға арналып, күрделі аспаптардың қатарына қосылды. Әр түрлі ескерткіштерге, сондай-ақ этнографтардың жазып қалдырған еңбектеріне жүгінсек, домбыра және өзге халықтардың осы тектес аспаптары тіпті сонау орта ғасырларға белгілі болған екен. Мысалы, Әбу Насыр Әл-Фарабидың еңбектерінен тамбур аспабы жайында оқимыз. Өзбектердің домбыраға өте ұқсас екі ішекті дутары алғаш рет әл-Хусейнидің «музыкалық канон» деген трактатында ауызға алынды. Орыстың халық аспабы домра XIV ғасыр жазбаларында кездеседі. Оның о бастағы түрі мен құрылысы қазақтың домбырасынан аумайды. Осындай аспап аттарының ұқсастығы да олардың түпкі шығу тегі бір екенін көрсетсе керек. Өткен жүз жылдықта ұлы халық композиторы Құрманғазымен бірге Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Байсерке, Қазанғап секілді саңлақ күйшілер дүйім жұртты ауызына қаратқан еді. Бұлар бармағынан бал тамған майталман домбырашы болумен бірге нелер бір ғажап күй де шығарған шын мәніндегі өнер иелері.Солардың арқасында домбырада тартылатын күйлердің музыкалық формасы үздіксіз жетіледіре түседі. Домбыраның техникалық мүмкіндіктері артқан сайын домбыра тарту өнері де әдеуір өрге басып, байи түсті. Қазақстанның батыс аудандарында домбыра тартудың өзгелерге ұқсамайтын бөлек дәстүрі қалыптасқанын айту керек. Батыс аудандағы домбыраның негізгі өзгешілігі, көлемі үлкен болып келеді, сондай-ақ жанағы сопақ, мойны жіңішке, перне саны көбірек. Сондықтан мұндай домбыраны тартқанда қолданылатын техникалық тәсілдерін жанағы жалпақ домбыраға қолдану қиын, өйткені бұл соңғы домбыраның мойны едәуір енді және ондағы перне де аз. Жанағы жалпақ домбыраның бірнеше нұсқасы таралған. Егер батыс аудандардағы домбыраларға 12-14 перне тағылса, ал жанағы жалпақ домбыраға не бары 7-8 ғана перне байланған. Перне санын арттыру процесі өте баяу жүрді және оның өзі орындалатын репертураға тікелей байланысты еді. Әдетте, жаңа перне онымен алғаш орындалатын күйдің атымен аталынады. Пернелердің бірі домбырада «Түркімен күйін» орындалғанда байланады да, «үрікпен пернесі» деп аталады. Бейтарап терция интервалын беретін басқа бір перне Қазақстанның батыс аудандарында «Сарыарқа пернесі» деп аталады. Аңыз-ертегілерінінің бірінде аспаптағы жоғарғы тиектің қалай пайда болғаны жайында айтылады. Жаумен шайқасып, одан соң алыс сапар шегіп әбден қалжырап келе жатқан батыр Жолшыбай дем алуға аялдайды. Сайдың ішіндегі саялы жерде жайғасып отырған соң талдан бір шыбық кесіп алады. Оған жылқының қылын керіп байлайды да, дыбыс шығармақ болып көреді. Бірақ қолдан жасаған тым жұпыны аспаптан ешқандай үн шығатын емес, тым-тырыс, меңіреу күйінде қала береді.Батыр оны жанына- тастай салады да, өзі қисайып жатып ұйықтап кетеді. Ол жанындағы өзі жасаған аспаптан шығып жатқан дауыстан оянады. Қолына алып қараған батыр аспаптың мойын тұсынан титтей ағаш тиекті көреді, оны әлде-біреу ішетің астынан келтіріп орнатып қойған екен. Батыр; «Е,бұл шайтанның ісі болды ғой»,- деп ойлайды. Бәлкім содан бері қалған сөз болса керек, халық арасында жоғарғы тиекті «шайтан тиек» деп атайды. Ішекті жылқының қылынан тағу, жоғарғы тиектің болмауы көне аспаптарға тән сипат. Қазақтың музыка мәдениетін зерттеушілер күні кешегі дейін өткен ғасырдағы этнографтардың көп ішекті аспаптар мен үш дауысты бүргей күйлер кездескеннен кейін ғалымдар бұл мәселедегі көзқарастарын өзгерте бастады. Қазақтарда бұрын өзінің құрылысы жағынан үш ішекті көне шертерге ұқсас көп ішеті домбыра болғаны жайында бұл күнде қосымша деректер табылып отыр.
Азия халықтарының музыкалық аспаптарына тән ерекшелік -әр түрлі ұрып ойланатын аспаптың аса көптігі және кең тарағандығы боп табылады. Олардың түр-түрін өзбектерден, ұйғырлардан, азербайжандардан, қалмақтардан, монғолдардан және басқа халықтардан көруге болады. Әрбір ұрып ойналатын аспаптың сыр-сипаты мен ерекшілігі оладың тембірлік және динамикалық дыбыстауына қарай айқындалады. Ұрып ойналатын аспаптармен әскери жорықтарда пайдаланылғаны жайында «Қобыланды», «Ер тарғын», «Қамбар батыр», «Алпамыс батыр» сияқты батырлар жырларында т.б. эпикалық дастандарында айтылады. Сол кездің салты бойынша жауласушы тайпалар өз ара соғысын тоқтатқан кезде жаңағы ұрып ойналатын аспаптарын бір-біріне беріп сый ретінде алмастырады екен. Дабыл қағудың ендігі жерде қажеті болмай қалғандықтан ұрып ойланатын аспаптарды бірте-бірте қолданылудан қалады, сөйтіп, дабыл, даңғыр,кепшік, дауылпаз, шыңдауыл сияқты аспаптар өткен ғасырдың орта тұсында мүлде ұмыт бола бастайды.
Қазақ халқының батырлар жырынан, 18-19 ғасырлардағы ғалымдардың этнографиялық еңбектерінен және халық музыканттарының ауызекі хабарлауынан біз бұл күнде ұмыт болған ұрып ойналатын аспап-дабыл жайында көп-көп мағлұмат аламыз. Қазақ тілінің лексикасында түбірі осы аспаптың атауы болып табылатын, дабылдау, дауылдану, сияқты бірқатар сөздер күні бүгін де қолданудан қалған жоқ. Ал «дауыл қағу» деген сөздің мағынасы әлі күнге сол күйінде. Бұл аспаптың ұлттық түрлері бірқатар халықтарда сақталған. Мысалы; дабль- азербайжанның, дообул- қырғыздардың, дабул- татарлардың, даул- өзбектің, доол- армиянның ұрып ойналатын аспаптары. Айтылу жағынан бір-біріне ұқсас атаулар «тэвл» деген бір сөзден шыққан. Ал «тэвл» арабтардың ұрып ойналатын асабы. Мұндай жайтты өзге халықтардан да кездестіруге болады. Халықтың ауыз әдебиетінде дабылды дабыл қағатын аспап ретінде айтқан. Дабылда жауынгерлер әдетте жауға қарсы шабуылға көтерілгенде немесе туған елге қайтып оралып келе жатып, ауылдың іргесіне таяп қалғанда қолданған. Дабыл дауысының ақырын, қатты болып келуіне қарай әр түрлі көлемде жасалған. Ауыз әдебиетінде айтылатын, жорықта қолданылатын дабыл дауысы күндей күркіреп шығатын аса үлкен аспап болыпты. Ол 16-17 ғасырлардың көптеген эпикалық аңыз, жырларынан да кездеседі. 18 ғасырға қатысты қолжазбаларда орыс саяхатшылары қазақтың ұрып ойналатын аспаптарының бірнеше түрін жиі ауызға алады. Бұл ретте олар дабылда көбінесе барабан деп атайды, өйткені бұл екі аспап сыртқы түрі және құрылысының қарапайымдылығы жағынан бір-біріне расында да ұқсас.
Кез-келген музыкалық аспаптың тағдыры оның үніне тыңдаушылардың бауыр басуына да байланысты. Яғни, әрбір музыкалық аспапты тыңдау дәстүрі, түсіну дәстүрі болады. Бұл дәстүр бойынша музыкалық аспап пен тыңдаушы арасында дәнекер болатын ортақ «тіл» қалыптасады. Ол «тілге» бойы үйренбеген, құлағы үйренбеген тыңдаушы, әсіресе, күйді толық түсіну мүмкін емес.
Мәдениеттің жаңғыра түлеп отыруы заңды жағдай. Тек мұндай процесс зорлық, саяси жағымпаздық, көзсіз еліктеу түрінде жүзеге аспау керек. Мұның материалдық игіліктерге де , рухани игіліктерге де қатысы бірдей.
Міне, халық аспаптары туралы ойымызды осымен ұштастыра отырып айтарымыз, әрбір аспаптың үні адамның ішкі сезімін, жан-дүниесін өзін қоршаған ортаға сиқырлы үнімен жеткізеді. Осыны дұрыс қабылдап, келешек ұрпаққа жеткізу біздің бойымыздағы рухани мәдениеттіліктің жетісігі деп білемін.