Домбыра сыныбына арналған бағдарламаға қосымша әдістемелік тәсілдерді қолдану
Домбыра сыныбына арналған бағдарламаға қосымша әдістемелік тәсілдерді қолдану
Ұсынылып отырған жобамда оқушыға домбыра сыныбында оқыған алғашқы күнінен бастап, халқымызға кеңінен тараған ұлттық аспабымыздың, музыкалық мәдениетіміздің дамуындағы алатын орны мен маңызын түрлі оркестр, ансамбльдегі атқаратын рөлін кеңінен және жан-жақты түсіндіре отырып және сонымен қатар домбыра аспабының құрлысын түрлі дыбыстар шығарудың мүмкіндіктерін, техникалық дамыту әдістерін көрнекілік практикалық жолдармен көрсету арқылы оқушының аспапты ойнау құштарлығын артырып білім сапасын меңгерту. Қазақ халқының ән-күйлерінен бастап,орыс,шетел композиторларының шығармаларын сапалы да, саналы түрде ме дамыту.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Домбыра сыныбына арналған бағдарламаға қосымша әдістемелік тәсілдерді қолдану»
Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімі
«Домбыра сыныбына арналған бағдарламаға қосымша әдістемелік тәсілдерді қолдану»
Шыңғырлау, 2020 жыл
Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімінің эксперттік кеңесінің отырысында қаралып, аудан көлемінде таратуға мақұлданды.
Хаттама № 4. 12. 11. 2020 жыл.
Құрастырған:
Г.М.Умралиева Шыңғырлау ауданының «Балалар саз мектебінің» домбыра класының оқытушысы, І-санатты
Сарапшылыр:
А.К.Калиев, Шыңғырлау ауданының «Балалар саз мектебінің» оқу ісінің меңгерушісі
С.М.Киреева, Шыңғырлау ауданының «Балалар саз мектебінің» домбыра класының жоғары санатты оқытушысы
Ұсынылып отырған жобамда оқушыға домбыра сыныбында оқыған алғашқы күнінен бастап, халқымызға кеңінен тараған ұлттық аспабымыздың, музыкалық мәдениетіміздің дамуындағы алатын орны мен маңызын түрлі оркестр, ансамбльдегі атқаратын рөлін кеңінен және жан-жақты түсіндіре отырып және сонымен қатар домбыра аспабының құрлысын түрлі дыбыстар шығарудың мүмкіндіктерін, техникалық дамыту әдістерін көрнекілік практикалық жолдармен көрсету арқылы оқушының аспапты ойнау құштарлығын артырып білім сапасын меңгерту. Қазақ халқының ән-күйлерінен бастап,орыс,шетел композиторларының шығармаларын сапалы да, саналы түрде ме дамыту.
Жас ұрпаққа адамгершілік-эстетикалық тәрбие беру жағдайында білім алушылардың домбыра аспабын меңгеріп орындаушылық қасиеттерін қалыптастыру.
Елдің ел болып, ұлттың ұлт болып қалыптасып, тарих сахнасына мәңгі орнауына оның жалындаған елің сүйген азаматтардың болуы кепіл. Ендеше, отансүйгіш ұрпақты жас музыканттарды тәрбиелеуде қосымша білімнің берері мол дер едім. Жас жеткіншектерге қосымша білім беру арқылы жүргізілетін жұмыстар ұстаз тәрбиесіндегі басты белсенді қызметтердің бірі болып табылады.
Халқымыздың ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан салт-дәстүр, әдеп-ғұрпын терең игеруде. Ән-күйлеріміздің мазмұн мәнін толғана қабылдауда ұлттық музыка аспабын оның ішінде домбыраны игерудің маңызы бар. Оның қос ішегінен төгілген ән-күйлер жастарымызды тәрбиелеуде, эстетикалық рухани танымын дамытуда өзіндік үнінен, мазмұнымен ерекшеленеді.
ІІ.Іс-тәжірибенің мақсаты
Оқушылардың музыкалық шығарманы эмоциялық жан-күйімен сезініп дұрыс түсініп, ойнау қабілетін дамыту.
Әрбір шығарманы жанрлық ерекшелігін танытып талдай білу, оның авторы, туу себептерінен хабардар болу.
Әр сабақта оқушылардың білім, білік дағдыларын дамыта отырып, оның күйшілік өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Домбырада сабақ беру методикасына, сабақтың тиімділігі мен сапасын арттыру жолдарымен таныстыру.
Оқушыларға сапалы білім, патриоттық эстетикалық тәрбие беру.
Әр сыныпта жас ерекшелігіне байланысты барлық мектептердің күйлерін қамту.
Орындаушылық стильдерін, шеберліктерін қазіргі өскелең ұрпақтардың бойына сіңіру.
Міндеті:
- Домбыра аспабымен танысу, шығу тарихын ұғындыру.
-Нота сауатын меңгерту.
-Домбыра ойнаудағы негізгі орындау, аппликатуралық қол қойылымды үйрету.
-Орындаушылық шеберлігі жетілдіру.
Оқушылардың білуге тиіс:
-Барлық дәстүрлі күй мектептерінің орындау тәсілдерін ерекшеліктері мен айырмашылықтарын біле отырып орындау.
-Күй орындау тәсілдерін дамыту, күрделі қағыстар мен орындау әдіс амалдарын білу.
-Әр шығарманы, күйдің тарихын байланыстыра орындай білу.
-Саусақ кестелерінің ерекшеліктерін меңгеріп композитордың ойын, мәнерін түсініп орындай білу.
-Аспапта ойнауды еркін меңгеріп, сахнада қобалжымай тыңдаушыға жеткізіп ойнай білу.
ІІІ.Методикалық нұсқау
Оқытушының беделі үшін алғашқы сабақтың мәні зор. Оқытушы бірінші рет сабаққа келгенде, оған оқушылар тым сынап қарайды. Бұл орынды да, өйткені олар бәрін білгісі келеді, ой – пікірі, мінезі қандай, оқытушының орындаушылық әдісі қандай, қалай түсіндіреді. Міне, оқытушының бірінші кездескенде оқушының ойына келетін сұрақтар ойындай болып келеді. Демек оқытушы бірінші сабаққа келмес бұрын осындай сұрақтарға жақсылап дайындалып келуі керек. Сабақты қалай түсіндіру, қандай әдісті қолдану туралы ойланумен бірге оқытушы өзінің таза киініп, сақадай сай болып келуі жағынан да ойланып келуі керек. Сабақты оқушының жасына, музыкалық қабілетіне, ойлау, үйрену білуге құмарту т.б психологиялық ерекшелікке сай ұйымдастырған жөн.
Шығармамен жұмыстану істерін ол оқушы шығарманың көркемдік сапасына бейімделу қуанышқа, рахат сезімге берілетіндей болу керек. Шығарманың идеялық мазмұнына жұмыс жасағанда, екпіннің динамикасын, аппликатурасынын, қағысын, ырғағын т.б. толып жатқан әдіс – амалдарын, мысалы:
домбырада шығарманы мұғалімнің өзі орындап беру.
ә) оқушы өзі орындаған шығарманы басқа
орындаушының орындауымен салыстырып
көру.
б) шығарманың екпінін қумай орындау,
мүмкіндігінше шығарма біршама дайын болғанша,
екпінге жұмыс жасау.
в) ырғаққа, аппликатурада, қағыстарда, штрихтарда
кездескен қиындықтарға байланысты алдан – ала
оқушының техникасын оған дайындау, мысалы:
этюдтер, жаттығулар, гаммалар оқып беру арқылы.
г) өткен шығармаларды үнемі қайталау.
д) шығарманың мазмұнын айтып беру, ой жүгіру,
бейнелеу, әсірелеу, сездіру.
ж) басқа аспаптармен қосылып ойнау
з) күйлерді т.б шығармаларды тыңдап үйрену.
и) оқушыға жаңа шығарма бергенде айтып
түсіндіргеннен аспапта өзі орындап үйренсе, ол
сабақтарында қызығып, әрі оқуға түсінікті болады.
Бұл жерде оқытушы оқушыға қойған талабын, тапсырмасын орындата білуі керек.
ІV.Аналитикалық бөлімі
1 сыныптардың жылдық талабы
І. Оқушымен музикалық аспаптар туралы әңгіме өткізу, домбыраның тарихымен шығу тарихымен танысу, оңын құрлысы т.б. Аспапты дұрыс ұстап, дұрыс отыру, оң, сол қолдын орналасуы, музыкалық сабақ алудын алғашқы сабақтары. Дыбыс шығару әдістері қағыстар.Домбыра пернелеріндегі дыбыстын нота сызықтарда орналасуы. Дыбыстын сапасы, динамикалық бегілер, оң қол мен сол қолды қосып ойнату. Бас буын мен орта буындарды меңгеру 1,4-позициялар. Оқушы жыл бойына 6-7 күй үзінділерін, 3-4 этод, 7-8 халық әндерімен пьессаларды үйренуі керек. Ескерту: 1-класс өтетін жаттығулар, этюдтер, әндер, пьессалар қос ішекте орындалуы керек. Оқушы мамандық бойынша алғаш рет 3-ші тоқсанда (желтоқсан, мамыр айының сонында) тапсырады. 2-сынып қағыстардың түрлері онда әрі күрделене түседі.
Тремоло, пицциткато, лига, позиция туралы түсінік позициядан позицияға өту, гаммалар, арпеджиолар.
Кіші сағаны меңгеру (5-6 позиция)
Оқушы жыл бойына бір октавалық 2-3dur және mo11 гаммалары мен арпеджиоларды ойнауы тиіс. 5-6күйлерден үзінділер, пиццикато мен жалғыз ішекте тремоло үшін берілген 4-5 жаттығуларды, этюдтерді 4-5халық әндерімен пьесаларды және 1,2 күйді толық үйренеді.
2-сынып, 2-академиялық концерт, 1-техникалықсынақ болады. Оқушы 1-жарты жылдықтың соныңда болатын концертте 1 халық әнің, 1 шағын пьесаны,1күйді орындайды.
Оқушы 3-тоқсанның сонында өтетін техникалық сынаққа 1гамма, 1 техникалық этюд, жаттығу ойнайды. Нотаны бірден оқып, үйрену қабілеті байқалады. Гаммаларды бас бармақпен, саусақпен және тремоломен ойнауы керек.
2 сыныптардың жылдық талабы
Дәстүрлі күй мектерімен танысу (мүмкіндігіне қарай біртіндеп меңгеру, орындау)
Дәстүрлі орындаушылық, төкпе және шертпе күй негіздерін біртіндеп меңгеру.
Дәстүрлі қағыстарды жалғастыру.
Нотаны парақтан оқу.
Штрихтармен танысу.
Пиццикато, қос ішектегі тремоло қағыстарын үйрену.
Дәстүрлі қағыстарды жалғастыру (қара қағыс, түйдек қағыс, ілме қағыс және т.б.)
Алғашқы музыкалық дағдыларды меңгеру, ойлау қабілеті, есту қабілеті арқылы шығармаларды орындағанда дыбыс тазалығын, дыбыс сапасын, ырғағын қадағалап отыруға үйрету.
3 сыныптардың жылдық талабы
Қағыс түрлерін үйренуді жалғастыру.
Музыкадағы әртүрлі екпіндерді білу.
Шығармалардың құрылымдарын, фразаларын анықтау.
Нотаны парақтан оқу, нотаны өздігінен талдау және орындаушылық дағдыларын меңгеру.
Шертпе қағыстар, ішектен ішекке ауысу әдістері.
Форшлаг, акцент, динамикалық белгілер, сол қолдағы тербелісі.
Арпеджио қағысы (оң қолмен төмен қарай тізбектеп қағу)
Шығарманы орындамас бұрын жалпы текетке көз жүгіртіп талдау.(тоналдік, өлшем, ырғақ, қағыстар динамикалық белгілері)
Сол қол саусақтарының шеберлігін және дыбыс тербелісін (вибрация) дамыту.
Өздігінен теріп отырып әндер шығару, оларды транспозициялау әдістерін меңгере білу.
Халық және қазіргі заман композиторларының күйлерін, Қазақстан және шетел композиторларының шығармаларын орындау.
Домбыра ойнаудағы қағыстар
4 сыныптардың жылдық талабы
Күйлерді орындау кезінде оқушы өзін бақылап отыруға үйрену.
Дәстүрлі күй мектептеріндегі саусақ кестелерінің ерекшеліктерін және айырмашылықтарын меңгеру.
Оқушы орындаушылық шеберліктерін шыңдау барысында күйлерді орындағанда өзін бақылап отыруға дағдыландыру, күйлерді орындағанда өзін бақылап отыруға дағдыландыру, күйлердің қағыстарын, саусақтарының басылымдарын, дыбыс бояуларын, дыбыстың қатыңқы немесе жұмсақ шығуларын, тербелісн (вибрато) және т.б. қадағалау.
Музыкалық бейнелік ойлау машығын дамыту. Күйлерді орындағанда қай өңірдің күйі екенін, оның айырмашылығы мен ерекшеліктерін ажырата білу. Күйлердің шығу тарихы мен аңыздарын білу форшлаг, мордент, групетто,глиссандо, партаменто, транспозиция амалдарын меңгеру. Жыл бойы 5-6 Қазақстан және шетел композиторларының шығармаларын орындау. Дәстүрлі мектептерден 9-10 күй орындау.
5 сыныптардың жылдық талабы
Саусақ кестелерінің ерекшеліктерін меңгере түсу. Композитордың ойын, мәнерін түсініп орындау. Педализация дағдысын меңгеру. Ансамбльдік орындаушлыққа үйрену. Табиғи және жасанды фложолеттер мен трель әдістерін, штрихтар мен мелизмдерді(қосымша көркемкеу, әдемілеу) транспозиция амалдарын меңгеру.
Саусақ кестелерінің ерекшеліктерін меңгере түсу. Композитордың ойын, мәнерін түсініп орындау.Педализация дағдысын меңгеру. Ансамбльдік орындаушылыққа үйрену. Күйлердің аңызхдарын, тарихын айта отырып орындау.
Табиғи және жасанды фложолеттер мен трель әдістерін, штрихтар мен мелизмдерді (қосымша көркеудеу, әдемілеу(меңгеру.
Барлық мектептердің күйлерінен қор жинау. Күрделі күйлерден орындау.Күйлердің машықтарын, жанрларын ажыратып орындау. Оқушылардың жоғарғы орындаушылық деңгейін қалыптастыру. Күрделі күйлерді жалғастыру.Күрделі күйлерді жалғастыру.Табиғи және жасанды фложолеттер мен трель әдістерін, штрихтар мен мелизмдерді (қосымша көркемдеу, әдемілеу) меңгеру.
Жыл бойы 5-6 Қазақстан және шетел композиторларының шығармаларын орындау. Әр дәстүрлі мектептен 10-11 күй орындау. Емтиханда әр орындаушылық мектептен 4 күй, Қазақстан немесе шетел шығармаларынан 2 шығарма орындау.
Ескерту: нотаны оқып тұрып ойнап кету үшін берілетін шығармаларды алдын-ала домбыраға лайықтаған болуы керек.
V. Оқушының мақсаты мен міндеті
«Нотаны бірден оқу»
Оқу жоспарында берілген нотаға қарап бірден ойнап кету сабағынын мәні ерекше зор. Шындығнда орындаушы домбырашы жай кітапты әдетте қалай судыратып оқитын болса, нотаны да солай мүдірмей оқып, ойнайтыны болуы керек. Сондықтан жас домбырашы нотаны бірден оқып , ойнауға дағдылануы керек. Бірден нотаға қарап ойнау оқушынын ойнау қабілетілігін озықтығы, оның творчестволық өрісінін құлашын кең жайып өскендегі.
Шәкірттің шеберлілігінін жетілуіне байланысты, әуелі кішкене шағын пьесалар беріп, сосын бірте-бірте күрделендіре беруі керек. Нота оқығында алдын-ала 1-2 немесе одан да көп тактілерді көріп отыруға әдеттенгені жақсы. Әрине бірден екпінін тез алмай, жай екпініне бастаса тіпті орынды.
Шығарманы ойнамас бұрын жалпы текстіге көз жүгіртіп, талдау жасап, ойынша шолып өтуі керек. Мысалы: қай тональдікте, өлшемі, ырғағы, қағыстары т.б
Оқушыны сахнаға тәрбиелеу.
Оқушыны тындаушы көпшілік алдында, сахнаға шығару, өз өнерін көрсетуге тәрбиелеу-манызды жұмыс. Дегенмен мұның қуанышымен бірге, қиындығы да мол. Бұл бір жағынан оқушынын орындау шеберлігіне сын болса, екіншіден оның жауапкершілігін күшейтеді. Шәкірттің қабілеті мен творчестволық келбеті осы кезеңде айқындала түседі. Концерттік шығармалар алдын–ала жаттатылып, мұқият дайындалып, оларды орындау әдіс амалдарын толық меңгіріп, көркемдік мазмұны айқындалғанаң кейінғана, шәкірттің көпшілік алдында шығып, өнер көрсетуіне рұқсат етіледі. Оқушынын концерт қоятын күні тым шаршамағаны, көніл-күйінін көтерінкі болғаны жөн. Сондай –ақ оны сахнаға шығар алдында көп ескертулер жасап, абыржытпау керек. Ондай ескертпелер, әдетте шығарманы өз дәрежісінде орындап шығуға кқмектескені былай тұрсын, қайта керсінше әсер етуі мүмкін. Жас музыканттың бойында сахнада ойнауға жеткілікті түрде дайынмын деген сенімділікті қалыптастырып отыру оқытушының басты міндетінің бірі.
Сахна өнеріндегі ең басты мәселе жігер–әрекет екі жақты игеру, оқушыны рухтандырып, оған психологиялық жәрдем беру десек артық айтпаймыз. Бір сөзбен айтқанда, теориялық және пракатикалық көрсету-түсіндіру әдістемелік амалдармен қатар оқушыны сахна мәдениетіне баулу оқушынын басты міндеттерінің бірі. Сондай-ақ сайыскерлік талап тек қана сахнада ұшталатынын ұмытпағаны жөн.
Ойлап қарасақ ішкі жинақаылықпен қажетті шешім қабылдап,оның іске асыру екінің бірінін қолынан келе бермейді. Еріксіздіктің болмысынан бастаған іс аяқсыз қалады. Керісінше жігерлі адам кездесетін кедергілерді болдырмауға тырысып, мақсатына жететіні белгілі. Оқушыны сахнада өзін еркін ұстай білуге баулудын да маңызы зор. Осы тұстағы басты мақсат–істін ыңғайын табуға байланысты болуы сөзсіз. Тәжіребе жүзінде саздық орындаушылық шеберлігі қалыптаспаған оқушы бірден шығарманы стильдік мәніне сай орындап шығады деудің қисыны келіспейді. Оқушы сахнаға шығарда жүрексініп өзін еркін ұстауға шамасы жетпейді. Бұған себеп өзінің психофизиологиялық мүмкіндіктерін толық меңгеруге әзір еместігі көп жағдайда, психикалық әлсіздік, шаршау пайда болуына орай сахнада бірнеше олқылықтар мен қателіктерге жол беріледі. Сахналық бабы жетпей көңілі қалған оқушының өрлеуі қиын мәселе. Кей жағдайда осыған орай оқушы оқуды жалғастырудан бастарту мүмкін. Бұндай проблемаларды шешу үшін оқушыдан екі жақты түсінікті, психологиялық мәндегі қарым –қатынасты орнықтыру талап етіледі. Жалпы сабақ процесінде көпшілік алдында өнер көрсетуде психологиялық факторлардың алатын орны ерекше.
Оқушы көпшілік алдына шығып өнер көрсетудің мақсаты тек өзінін орындаушылық шеберлігінің денгейін таныту деп қана түсінбей, сонымен бірге композиторларды, олардың шығармаларын насихаттау екенінде есте ұстаған жөн.
Тәрбиелеу приципі
Мамандығы бойынша мұғалім өзінің оқушысының жан-жақты жетілуіне толық жауап береді. Тек қана оқушыма аспапты ойнауды үйретуге тиіспін деп ойлайтын мұғалім музыканттар үлкен қателік жасайды. Мұғаліміне байланысты оқушының музыкаға деген ынтасты көзқарасы қалыптасады.
Сонымен қатар оқушының тәлім –тәрбесі де, басқа сабақтарға қарым-қатынасы да, өзінің қоршаған айналаға деген көзқарасы да өзінің мұғалімі арқылы қалыптасады. Сөйтіп оқушысына халқының музыка мәдениетіне деген сүйіспеншілігін тудыра отырып, мұғалім оларды халық өнеріне қайшы келетін істерден қорғайды. Жеке өткізілетін сабақтарда өзінің мамандығынан беретін мұғалім оқушымен әр түрлі тақырыпта әнгімелесуге, өзінің өмірімен жақынарақ танысуға мүмкіндігі бар. Сөйтіп ол оқушының кемшіліктерін оңай түзей ала алады. Мамандығынан беретін мұғалім өзінің оқушысының басқа да сабақтардан үлгерімі жоғары болуын қадағалап жүруі керек. Оқушысының тек қана аспапта домбырада жақсы ойнауына көңіл бөліп, басқа да қалған сабақтарына немқұрайлы қараған үлкен қателік жасайды. Музыкалық шығарманы таңдау кезінде оқушыны осы шығарған шығарманы, композитордың өмірбаянымен, оның творчествосымен таныстырып кетуі керек. Оқушы осының бәрін игере отырып, шығарманың мазмұнын одан әрі аша түсуге, аспап арқылы соны көрсете білуге мүмкіндік алады. Бірақ та мұғалім қанша көмектесіп үйреткенімен оқушы өздігімен дайындалмаса керекті қорытынды шығара алмайды. Сондықтан да мұғалімнің басты міндеті – өзінің оқушысын еңбек сүйгіштікке, еркіндікке, тұрақтылыққа баулуы керек.
Оқытушының мақсаты мен міндеті.
Мамандықтан яғни домбырадан сабақ беретін оқытушы тек өз шәкіртінің жақсы орныдаушы музыкант болып шығуына, сонымен бірге оның идеялық тұрғыда өсіп жетілуіне жауапты. Педагогиканың бұл маңызды саласын сырт қалдырып тек аспапта орындауды үйрету ісімен шұғылданған оқытушы, сөз жоқ қателеседі. Демек, оқытушы жас музыканттарды тәрбиелеуде өзіне тапсырылған зор сенімді бүтіндей ақтады деп есептеуге болмайды. Оқушыны жан – жақты тәрбиелеуде ерекше орын алатын тәрбие жұмысының негізгі бір бөлімі – репетуар мәселесі. Оқуышыға репертуардың ұнауы, оған тигізетін тәрбиелік ықпалы, оқытушының методикалық әдісіне, оның өз оқушысының сырын қаншалықты білетіндігіне байланысты. Мазмұнды жасалған репертуар оқушыны толғандырады, шабыттандырады. Мысалы: Құрманғазының «Кішкентай» атты күйін көрелік. Бұл шығарманы оқушыға бергенде, оның қандай екпінде орындалатынын, қай жерінде қандай ньюанстарын айтып түсіндіру жеткіліксіз болады. Мұндай шығарманы бергенде оқытушы «Құрманғазы кім?»
оның творчествосының ерекшелігі неде, ол кімнің жоғын жоқтады, шығарған күйлерінің тақырыбы неге, кімге арналған, «Кішкентай» деп неге аталған, бұл күйінде ұлы күйші кімді жырлайды, ол күйдің характері, формасы, ырғағы, мелодиялық тілі басқа күйлерінен ерекшелігі. Исатай кім, не үшін күресті, оның алдына қойған мақсаты не деген сұрақтарға жауап беріпң оқушыға шығарма идеясын жеке түсіндіруі керек. Мұндай әңгіме кеңестер оқушының сол музыкалық пьесалардың мазмұнын, характерін кеңінен ашып жоғары дәрежеде орындалуына әсерін тигізеді. Сонда ғана бұл күйді оқушы іштей сезініп тебірене орындайтын болады.
Домбыра күйлері.
Күйлер негізінен, үш аспапта – домбыра , қобыз, сыбызғыда орындалған. Соның ішінде, дәстүрлі қазақ музыкасының мейлінше кең таралған және аса биік профессионалдық өреге жеткен саласы – домбыра күйлері.
Домбыра – тым ерте зманда пайда болып, уақыт озған сайын түрленіп, дамып отырған, екі ішекті, шертпелі хордофон типіндегі аспап. Осы үлгідегі және атауы да, көп ретте, осы «домбыра» сөзіне ұқсас аспаптар татар, башқұрт, өзбек, алтай, қырғыз, түрікпен, мұңғыл, қалмақ, тәжік халықтарында да сақталған (думбыра, думбара, думбрак, домбр, комуз). Тиологиялық және лексикалық ұқсастық аталмыш музыка аспабының әлмисақтан мәшһүр екендігінің және Орталық Азия халықтарына түгелдей дерлік табиғи болғандығының дәлелі ретінде де айтылады. Ал қазақ домбырасы – жұмсақ, қоңыр үнімен ерекшеленетін, дыбыстық диапазоны 1,5 октавадан 2 октаваға дейін жететін, мүмкіндігі мол, сонымен қатар ел- жер, орындаушылық дәстүр ыңғайына қарай сыртқы пішіні де сан түрлі болып келетін, заманында әр қазақтың дерлік үйінің төрінде тұратын аспап.
Осыншама кең таралғандығы себепті, қазақтың дәстүрлі әндері түгелге жуық домбыраның сүйемелімен айтылады. Алайда, домбыра аспабының тембрлік, диапазондық мүмкіндіктерін шегіне жеткізе ашқан жанр - көне ықылымдарда қалыптасып, ХІХ ғасырда өз дамуының шырқау шыңына көтерілген күй жанры еді.
Сахара аймақтарының тарихи, мәдени және жағырафиялық ерекшелігіне, аспапта орындалу техникасына байланысты,қазақтың домбырашылық, күйшілік өнерінде жеті түрлі орындаушылық дәстүр мен мектептер қалыптасты.
Бұл дәстүрлі мектептер Шығыс, Арқа, Қаратау,Жетісу, Сыр бойы, Маңғыстау, Батыс мектептері деп аталады. Қазақтың домбыра күйлері орындаушылық ерекшелігіне, күйдің құрылымына байланысты шертпе және төкпе деп жіктеледі.
VІ.Қорытынды
Бұл әдістеме оқу жоспарының бағдарламаның талабына сәйкес аспапта ойнауға оқыту процесіндегі табиғи мүмкіндіктерді ескере отырып, орындаушылық өнер негіздерінің білімдерімен іскерліктерімен көлемін қамтамасыз етеді.
Таланты дарынды оқушыға күрделі немесе орташа жеңілдету педагогтің қолындағы бар оқулық құралдарпмен дидактикалық материалдармен, сонымен қатар оқушының қолындағы жеке аспабының сапасына байланысты жеке таңдау арқылы құралады.Оқытушының ізденпаздығына байланысты, еліміздегі композиторлар жеткілікті болуына, шығарма, күйлер, әндер мен пьесалар күн артып көбеюіне және жаңа шығармалардың өзіндік штрихтары, аппликатуралары, заманның ағымына қарай орындалу ерекшеліктері ескерілген жөн.
Бұл жинақта оқушылардың шығармашылық қабілеттерін рухани және кәсіби мүмкіндіктерін ашуға, олардың іске асырылуына көмектеседі.Бірінші қатарға музыкалық қабілетін, ішкі дыбыс сезіну түсінігін, назарын (внимание) қолдардың қойылымын оң қол, сол қол саусақтарының шеберлігін, аппликатура –саусақ кестелерін, тербелісті, қағыстарын,динамикалық дыбыс бояуларын оқушылардың өзіндік жұмыстарын бақылауы жолға қойылған.
Әрбір сынып бойынша жоспарланған жұмыстың негізгі тәсілдерімен түрлері оқушыларға мүмкіндігінше өзінің белсенділігін, өнерпаздығын,көрсетуге жағдай тудыру.Олардың әсерлі қабылдауын дамытады, қоғамға бейімделу көрсеткішін жақсартып, концерттерге қалалық, республикалық, әлемдік жас өнерпаздардың конкурстарына қатысып, өзің көрсете алуына ықпал етеді.
VІІ.Пайдаланған әдебиеттер:
«Домбыра үйрену мектебі» С.Бүркітов, А.Жайымов, Б.Ысқақов Алматы «Өнер» 1992 ж. [17-19]
«Домбыра үйрену әдістері» К. Сахарбаева Алматы 2009 ж. [60-61], [87-88]
«Домбырадан сабақ беру методикасы» Х.Тастанов «Жазушы» баспасы Алматы 1970 ж. [5-6]
«Күй- қастерлі әуез» А.Тоқтаған, Г.Елеусізқызы Алматы «Өлке» 1998 ж. [3-4]
Оқушыға қазақ халқының музыка аспабы домбыра туралы әңгіме өткізу. Домбыраның тарихымен қысқаша танысу. Домбыра аспабын насихаттау, оның құрылысымен танысу, мағлұмат беру. Өз ұлтының мәдениеті мен әдебиетін сүюге, қадірлеуге баулу «Қолына домбыра ұстаған балаға имандылық пен дарындылықтың жылуы дарып, қатігездіктен аулақ болады» деген нақыл сөзде үлкен шындық жатыр. Өйткені домбыра – үлкен, рухани адамгершілік мектебі, балаға жетпес эстетикалық өмір оқулығы. ХІХ ғасырда қазақ халқының тұрмысында ең көп тараған музыкалық аспап екі ішекті домбыра. Егер бұрынғы заманда көне аспаптар ән, жыр, ертегі – аңыздарды сүйемелдеу үшін ғана қолданылған болса, енді домбыра жеке шығарма орындауға арналып, күрделі аспаптардың қатарына қосылды. Этнографтардың жазып, қалдырған мәліметтеріне жүгінсек, домбыра сонау орта ғаырларда пайда болған екен.
Қазақтың ән-күй орындаушылық дәстүрлеріне байланысты домбыра аспабының бірнеше түрі кездеседі. Олардың тек түрлері ғана емес бұрауы, ішек тартуда, негізінен екі түрде қолданылады.
«Батыс Қазақстан» домбыра үлгісі
«Арқа» домбыра үлгісі
Домбыра аспабының тағы бір ерекшелігі өзінің құрылысы, домбыраның құрылысы әр түрлі бөлшектерден құралады. Домбыраның құрылысымен таныстыру. Аңыз – ертегілердің бірінде аспаптығы жоғарғы тиектің қалай пайда болғаны жайында айтылады.
Жаумен шайқасып одан соң алыс сапар шегіп әбден қалжырап келе жатырған батыр жолшыбай демалуға аялдайды. Сайдың ішіндегі саялы жерде жайғасып отырған соң талдан бір шыбық кесіп алады, оған жылқының қылын керіп байлайды да, дыбыс шығармақ болып көреді. Бірақ қолдан жасаған тым жұпыны аспаптан ешқандай үн шығатын емес, тым – тырыс меңіреу күйінде қала береді. Батыр оны жанына тастай салады да, өзі қисайып жатып ұйықтап кетеді. Ол жанындағы өзі жасаған аспаптан шығып жатқан дауыстан оянады. Қолын алып қараған батыр аспаптың мойын тұсынан титтей ағаш тиекті көреді, оны әлдебіреу ішектің астынан келтіріп орнатып қойған екен. Батыр: «Е, бұл шайтанның ісі болды ғой» - деп ойлайды. Бәлкім содан бері қалған сөз болса керек, халық арасында жоғарғы тиекті «шайтан тиек» деп айтады.
Сабақтың көрнектілігі:
1) Домбыра аспабының түрлері (сурет)
2) Домбыраның құрылысы жазбаша түрінде (сурет)
3) «Шайтан тиек» аңыз – ертегісіне байланысты арналған иллюстрациялар
4) Музыкалық терминге арналған шағын суреттер
Сабақтың барысы:1) Оқушыға бірінші, міндетті түрде нота әліппесімен танысу. Оқу жоспарында берілген нотаға қарап бірден ойнап кету сабағының мәні ерекше зор. Шындығын оқушы жәй кітапты қалай судыратып оқитын болса, нотаны да солай мүдірмей оқып ойнайтын болуы керек. Бірден нотаны ойнап кету оқушының қабілетін өсіреді.
2)Домбыра аспабында күйді немесе шығармаларды ойнау, көркем әуенді болуы оң қолдың қағысымен, сол қол саусақтарының пернеде орналасуында. Домбыра үйрену әуелі ашық ішектігі қағыстардан басталады. Қағыс дегеніміз домбыра ішегін оң қолмен қағыпдыбыс шығару әдісі. Домбыраның қағыстары күйдің мазмұнын түсіндіруге ең басты құрал, қысқаша айтқанда домбыраның қағысы – күйдің тілі. Қағыстар бағытына қарай П– төменгі қағыс, V – жоғарғы қағыс бас бармақпен болып бөлінеді.
Сол қол саусақтардың орналасу және алмасу тәртібін шығаруды орындағанда аппликатура дейміз. Дұрыс қойылған аппликатура саусақтардың шеберлігін тез өсіреді. Шығарманы жылдам үйренуге көмегі тиеді. Домбырадағы сол қол саусақтарының аппикатураларының негізгілері төмендегідей: 0-ащық ішек; 1-бірінші саусақ (сұқ); 2-екінші саусақ; 3-үшінші саусақ; 4-тқртінші саусақ (шынашақ); б-бас бармақ.
Домбыра мойны позиция деп аталатын бөліктерге бөлінеді. Позиция дегеніміз берілген дыбысын қатарын саусақтарды жылжытпай- ақ орындауға мүмкіндің беретін, сол қол саусақтарының перне үстінде орналасуы. Позиция баланың тарту техникасын дамытып, ноталардытез игеріп танысуына зор көмегі бар. Позициялар барлығы -12. Үстіңгі ре ішегінде 3; астыңғы ішегінде соль 3,6 нотадан ойналады. Позицияға байланысты әрбір позицияға шағын шығармалар немесе жаттығулар, этюдтер беріледі. Шығармаларда кездесетін әр түрлі қиындықтарды меңгеруге жаттығулардың мақсаты, қағыстардың жинақы болуына, пернелерді басқанда саусақтарды шашыратпауға, буындардың еркін, бос болуына, т.б. шеберліктерді өсіруге көп көмегі бар. Этюдтерді үйренгенде ноталық текстті асықпай, баяу екпінде талдап оқу керек.
Музыкалық дыбыстардың биіктігі бойынша ораналасқан тізбегі – дыбыс қатары делінеді. Дыбыс қатары әртүрлі биіктігі бойынша 7 дыбыстың қайталануынан тұрады. Негізгі жеті дыбыстың арнаулы аттары бар. Олар: До, Ре, Ми, Фа, Соль, Ля, Си. Сол дыбыстарды музыка тілімен айтқанда нота дейміз. Нота- дегеніміз музыкалық дыбыстардың жазылуы және сол бойынша орындауға арналған графикалық шартты таңба. Нота таңбасы бірнеше бөліктерден тұрады. Олар: ширек нота; - сегіздік; - жартылық; -жартылық; - бүтін; - он алтылық ноталар.
Сол ноталарды жазу үшін арнайы бес сызықшаны пайдаламнамыз.Нота желісінің сызықтар қатары төменнен жоғары қарай саналады.
Музыка дыбыстарды (ноталарды) жазу үшін арнайы 5 қатарлы нота сызықтарын және аралықтарын пайдаланамыз.
Сызықтағы ноталар Аралықтағы ноталар
_______________________ ____________________
_____________________ ______________________
_____________________ ______________________
_____________________ ______________________
_____________________ ______________________
Нота желсінің ең алдына кіт деп аталатын арнайы таңба қолданылады.
Скрипка немесе соль кілті. Ол нота желісінің екінші сызығындағы соль дыбысын көрсетеді.
«Домбырашының отырысы мен аспап ұстауы»
Добырашы орындықта отырып аспап ұстағанда екі мәселеге көңіл бөлуі керек: а)Аспапты әрі-бері сырғытпай, орнықты әрі берік ұстау керек. Ол үшін домбыра шанағының төменгі қырын оң аяқтың үстіне тіреп, негізгі үлкен тиек пен түймеге дейінқақпақ бетін оң қолдың қолтығымен демеп, қысыңқырап ұстаған жөн. ә)Домбырашы орнықты отырып, кеудесін тік ұстап, әрі ыңғайлы отыруы, оң және сол қолдарын еркін қимылдатып,домбыраны дұрыс тартуына мүмкіндік береді. Оқытушының негізгі мақсаты – көркем шығармамен жқмыс жасаі. Ең бастысы шығарманы өз бетінше үйреніп, орындауға дағдылануы. Сабақты оқушының жасына, музыкалық қабілетіне, ойнау, үйрену, білуге т.б. ерекшеліктеріне сай ұйымдастырған жөн. Шығарманың идеялық мазмұнына жұмысжасағанда екпіннің динамикасын, аппликатурасын, қағыстарын, ырғағын т.б. толып жатқан әдіс - амалдарын көңілді түсінуге, жеңіл методикалық тәсілмен үйреткен дұрыс. Мысалы: а)домбырада шығарманы өзі орындвп көрсету; б)шығарманың екпінін құмай ойнау мүмкіндігінше шығарманы біршама дайын болғанда ғана екпінде жқмыс жасау керек. В)ырғақта, аппликатурақағысында, штрих-да кездесетін қиындықтарға байланысты алдын-ала оқушылардың техникасын оған дайындау; мысалы:этюдтер, жаттығулар, гаммалар беру арқылы. г)өткен шығармаларды үнемі қайталау; д)шығарманың мазмұнын айтып беру; ой жүгірту, бейнелеу, әсерлеу, сезіндіру; е)басқа аспаптармен қосып ойнау; ж)шығарманың әуеніне, фразаға үнемі қойып ойнау; з)күйлерді т.б. көркем шығармаларды тыңдап үйрену.
Үй тапсырмасы: Ашық сабақта ойналатын шығармаларды: 1)Шағын полька «Кабалевский»; 2) «Аллегретто» Моцарт; 3) «Тень-Тень» Каллиников; 4) «Под горою калина» орыс х/ә, талдау және сол шығармада кездесетін түрлі әдіс амалдарын, музыкалық терминдердің ережелерін қайталап сұрау. Домбыраның тарту өнерінің бір саласы фортопианоның сүйемелдеуімен, дүние жүзі халықтарының ән-биін, профессионал композиторлардың шығармаларын орындау. Әншіні немесе жеке орындаушыны фортопианомен, баянмен немесе ансамбль оркестрімен қостау, сүйемелдеу аккомпономент деп аталады. Сүйемелдеушіні концермейстер (неміс тілдерін) – деп атайды. Жаңағы аталған шығармаларды фотопианомен сүйемелдеп оқушымен қосылып орындап беру. Жаңа сабақ: «Күй тартып үйрену»
Күй домбырада, қобызда, сыбызғыда т.б. қазақ халық аспаптарында орындалатын музыкалық жанр. Мазмұны мен құрылысы жағынан әр түрлі болып келеді. Күйдің өзінің арналған тақырыбы болады. Күй ұлы оқиғаларды өмір шындығын, қазақ жерінде болған ұлы оқиғаларды, той-думанды, тұрмыс-тіршілікті, табиғатты суреттейді. Күйлердің түрлері өте көп, мысалы: аңыз күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау күйлер. Күйді шығарушы халық, адам: Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей, Қорқыт. Бұл күй шығарған адамдарды халық композиторы дейміз. Өзінің өмір сүрген ортасында халықтың қайғысы мен қуанышы осы күйлер мен әндер арқылы тараған. Домбыра тарту өнерінің негізгісі – күйшілік. Ол орындау мәнеріне байланысты төкпе және шерти деп аталатын екі үлкен орындаушылық дәстүрге бөлінеді. Төкпе күй өзінің ерешеліктері болады; құрылымдық өзгешелігіне байланысты (шартты түрде алғанда) бас, негізгі, орта буындар мен кіші және үлкен саға деп аталатын бөлімдерден тұрады. Осыған орай домбыра мойны да бөліктерге бөлінеді:
Үлкен сағада өз даму сатысының шарықтау биігінк көтеріледі.
І. Халық күйі «Кеңес» талдау.
Лига пернедегі бір дыбыс ашық ре немесе соль дыбыстарының біріне лига арқылы тұрса, онда дыбыстар қағыстан сол қолдағы екі әдіспен бармақ пен жоғары (тек ре ішіндегі) қалған саусақтардың бірімен төмен қарай іліп қағу арқылы орындалады. Күйлерде кездесетін лиганың өзіндің ерекшеліктері бар. Лигато штрихы, лига деп аталатын доға сызықшамен немесе ұзын сызықпен көрсетіледі. Лига сызығы көп дыбыстардың мотивтерді мелодияны үзбей ойнау керектігін көрсетеді. Динамикалық белгілері р-пиано; f-форте; _____ крещендо (бірте – бірте күшейте) Деминуэндо ____ (бірте-бірте жайлата).
ІІ.Халық күйі «Жастар биі». Бұл күйдің өзі аты атйып тұрғандай жастарға арналған шағын күй. Бұл күйде кездесетін музыкалық белгі Вольта. Егер шығарманың аяқталуы әр түрлі болса, онда вольта белгісі қойылады.
Өз халқының мәдениетін, әдебиетін, өнерін, әдет-ғұрпын оқушы біліп-өсулері керк. Ол үшін оқушы: 1) Шығарманы дқрыс түсіне білуі керек. 2) Күйдің шығу тарихын білуі керек. 3) Күйден өз түсінігін суреттеп сала білуі керек.