kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дина Н?рпейісованы? ?мірі мен шы?армашылы?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бул адистемелик баяндамада Дина Нурпейсованын туылган жери,оскен ортасы, Курмангазымен кездесуи, сонымен бирге, онын шыгармашылыгынын дамуы жайлы кенинен ангимеленген. Мысалы, онын Астраханнан Алматыга келуи, Жамбылмен кездесуи,Маскеудеги сайыска катысуы жане омир кезендериндеги шыгарган куйлери жайлы толык маглумат берилген.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дина Н?рпейісованы? ?мірі мен шы?армашылы?ы»



I. Алғы сөз


Жамбыл атындағы қазақтың мемлекеттік филармониясы көрерменге толы.Бұл жұрттың ерекше күткен концерті еді. Концерттің бірінші бөлімі өтті. Бірақ халықтың күткен адамы әлі сахнаға шыққан жоқ.Концерттің екінші бөлімі басталды. Жүргізуші келесі номерді жариялағанда қол шапалақтау залды басына көтерді. Сахнаға иықты, ұзын бойлы, басына үлкен жаулық тартқан әйел шықты. Жасы жетпіс алтыға жеткен, ұлғайған адам болса да, әйелдің жүрісі ширақ, бойы тіп-тік.Үстінде ұзын, кең көйлек, иығына зер төккен қызыл бешпет жамылыпты, аяғында кебіс-мәсі. Домбырашы әйел домбырасының құлақ күйін келтіре, дыңғырлатып біраз отырды.Бұл күй тартқанда жұрттың тынышталуына мұрса беріп, домбыраны қағып-қағып алатын әдеті еді.Зал тынышталған соң Құрманғазының «Қайран шешем» күйін тарта жөнелді.Әйел перне басқан саусағына қарамай, қарсы алдына қарай, тік отыр.Ал оң қолымен еш жерде қолданылмаған ішек қағудың алуан түрін көрсетіп отыр.Оң қолының шапшаңдығы сонша,буын қимылдары мүлде аңғарылмайды.

Ол күй тартуды аяқтаған кезде көпке дейін соғылған қол шапалақтау басылмады.Домбырашы әйел Құрманғазының алып үнін, музыкалық сәлемін, күйімді жеткіз деген арманын халық алдына алғаш рет әкеліп отыр. Ол көп жылдар бойы сақтап келе жатқан асылын халыққа көрсете алғанына қуанып, еріксіз көзіне жас келді, бірақ бойын жинады, көз жасын халыққа көрсетпеді.

Бұл күйлері ел арасына кең тараған дәулескер күйші әрі тамаша домбырашы, Құрманғазының қадірлі шәкірті, лайықты мұрагері, музыканттардың жаңа, жас буынына халықтық аспаптық творчествоның тамаша дәстүрін табыс еткен-Дина Нұрпейісова еді.


(Ахмет Жұбановтың естелігінен)





Бекітемін

«Өнер» мектебі директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары

Г. Т. Даулетова____________

«____» _____________ 2016ж





Әдістемелік баяндама




Күні: 27 қаңтар 2016 ж

Пәні: домбыра

Бөлімі: халық аспаптары

Мұғалімі: Байкубекова А. О.


Тақырыбы: «Дина Нұрпейісованың өмірі мен

шығармашылығы»




Жоспар:


  1. Алғы сөз.

  2. Д. Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығы.

  3. Дина шығармашылығының шыңы.

  1. Динаның Алматыға келуі

  2. Динаның Мәскеуге баруы.

IV.Динаның Жамбылмен кездесуі.

V.Дина Нұрпейісованың күйлері.

(ноталары, үнтаспа,өзінің орындауындағы бейнеролик)

VI. Қорытынды.








II. Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығы.


Дина 1861-жылы Батыс Қазақстан облысы,Жаңқала ауданының Бекетайқұм деген жерінде дүниеге келді. Динаның әкесі Кенже өзінің ауылдастары сияқты шаруа адамы болған.Кенже жас кезінде белсеніп күреске шығатын адам екен. Оның аты бүкіл округке жайылған палуан болады. Сонымен бірге бәйге атты баптап, жаратуға кұмар болған. Қолына жақсы ат түссе,соны ерінбей-жалықпай жаратып, бәйгеге қосу үшін аулынан бәйге болатын жерге айлап-апталап кетіп қалады екен. Айта кететін бір жағдай, Кенже де жас кезінде домбыра тартқан екен. Ұлғая келе Кенже домбыраны мүлде тастап, шаруашылықпен айналысады.

Ал шешесі Жәниха мейірімді, қонақжай адам болған. Ол кішкене Динаның домбыра тартуына қарсылық жасамайды. Шешесі Динаны ерекше жақсы көреді. Қызды салт бойынша шариғатқа бағындырып өсірудің орнына, қызынан басқа қыздардан өзгеше жалын жалт ететін болса, қуана түседі.

Динаның домбырашылық қабілеті ерте басталады. Ол 4-5 жасында–ақ қолына домбыра алып, күйлердің сазын өз бетінше тартуға талаптанады.

Дина тоғыз жасқа келгенде әкесі тартатын ән, күйлерді түгел үйреніп алып, қатардағы домбырашы болады. Әкесі бұған шын ниетімен қуанып, сүйікті қызының музыкаға құмарлығын барынша қуаттай түседі. Кенженің дос-жарандары Динаның домбырасын қызыға тыңдап, оның өнерпаздығы мен талантын ерекше мадақтайды.1870-жылы Құрманғазы тоғыз жасар керемет домбырашы қызы бар дегенді естиді де, Кенженің үйіне келеді. Кішкене қыздың домбырасын тыңдап, халық өнерін дамытатын тағы бір адамның дүниеге келгеніне шексіз қуанады. Құрманғазы Кенжеден атақты домбырашылардың сайысы болатын жерлерге Динаны ертіп жүруге рұқсат сұрайды.Өзінің айтуы бойынша, Дина тоғыз жыл бойы, яғни он сегізге толғанға дейін, Құрманғазымен жиі кездесіп,жиындарға Құрманғазыға еріп барып жүреді, көптеген атақты домбырашылармен кездеседі, «Бұл менің өмірімдегі ең бақытты, музыкалық қуанышқа толы,санамда аса терең жарқын арна қалдырған кезеңім еді» дейтін Дина.

Алғыр қыз Құрманғазының көп күйлерін үйреніп қана қоймайды, сонымен бірге оның орындаушылық тәсілдерін, оң және сол қолдарының ерекше қағыс әдістерін қағып алуға машықтанады.Ұлы ұстазы жайлы былай деп еске алады: «Ұстазбен достығым он бір жылға созылды.Онымен әрбір кездесуім күйшілік өнерімнің өрісін кеңейтіп,жан-жақты байыта түсті.Жолыққан сайын бір жаңалық тауып, үйрене бердім»

Талғампаз, қатал ұстазы да шәкіртінің жетістіктеріне қуанып, мақтан етеді. Ол: «Менің оң қолымның, ал Динаның сол қолының шеберлігі күшті.Егер менің оң қолыммен Динаның сол қолының шеберлігі бір адамның бойынан табылса , дүниеде одан асқан домбырашы болмас еді»,-дейді екен.

Ұлы күйші өзінің ескі домбырасын «Ғұмырымның қиян-кескі қиын жолында серік болған домбырамды лайықты мұрагерім –саған тапсырамын»,- деп шәкірті Динаға табыс етеді. Дина ұстазының домбырасын ешқашан жанынан тастамай, оны киелі дүниедей қастерлеп сақтайды.

Дина бұдан әрі Құрманғазы күйлерімен шектелмей, өз репертуарын Дәулеткерей, Соқыр Есжан, Баламайсан, Әлікей т.б. халық композиторларының шығармаларымен байыта түседі.Жас домбырашы сол кезде қазақ даласында дәстүрге айналған домбырашылар сайысына қатысып, шоқтығы биіктей түседі.

1880-жылы он тоғызға толғанда Дина Беріштің Бесқасқа руынан Нұрпейістің баласы Нұралыға ұзатылады. Әрине, Дина ауыл кемпірлерінің айтқанына еріп, домбырамен қоштасатын мезет жетті деген қорытындыға келген жоқ, өмірінің келелі шағы талантының гүлдене түсуіне кедергі келтірмеді. Бала-шағалы болып, соларды тәрбиелеумен айналысты. Бірақ Дина домбырасын Нұрпейіс аулына келген соң да тастамай, тарта береді. Салтты бұзды деп, оған ешкім ашық қарсы шыға алмайды. Нұралы Динаны да, оның домбырасын да өте жақсы көреді. Өз еркімен қосылмаса да, Дина Нұралыны ерекше сыйлайды. Ерлі-зайыпты өмірін тату өткізеді. Келінді жуасытып, жүнше түтетін ауылдың аса ауыр салтына бойсынбаған Динаны күйеуімен талайлардың-ақ өштестіргісі келеді. Бірақ ерлі-зайыпты екеуінің татулығы олардың іс- әрекетіне мүмкіндік бермейді.

Осы күнде Дина атақты домбырашы Ұзақтың, Есжанның, Байжұманың, Баламайсанның күйлерімен, сондай-ақ түрікпен, қалмақ халықтарының аспапта тартылатын әуендерімен танысады.Салауаткереймен кездесіп, одан Дәулеткерейдің, Мүсірәлінің, Әлікейдің, және Түркештің күйлерін үйренеді.

1888-жылы Динаның аулына, Құрманғазы келеді. Ол Динаға жаңа күйлерін үйретіп қана қоймайды, өзің де күй шығар деп ақыл айтады.

Ұстаз ақылын қабыл алған Дина белгілі бір күй тақырыбын алып, соны импровизациялайды. Құрманғазы, Бапас, Түркеш, Дәулеткерейдің домбыра тарту мәнерін үйренген Дина, кейін келе домбыра тартудың өзіндік мәнерін жасайды.

Көпке дейін Дина шығармашылығын зерттеушілер, оның алғашқы күйі 1916 жыл оқиғасына арналған «Набор» күйі деп келді.Алайда салмақты Дина оған дейінгі шығарған күйлері жөнінде айтуды ыңғайсыз көріп, жүре береді.Сол шығармалары «Набор» сияқты ірі күй шығаруға дайындығының алды болды.

Оның алғашқы туындыларының бірі «Бұлбұл» күйі. Күй өзінің замандасы, өнерлі құрбысы Балымға арналады. Күй мазмұны қос жанарынан айрылған, тағдырға мұңын шаққан құрбысының «Соқыр қыздың әні» атты әуеніне негізделген. «Бұлбұл» күйі қыздың бақытсыздығынан гөрі, оның бойындағы дарынға сүйсінуден туған сияқты. Күйді алғаш рет Динаның өзінің орындауында нотаға түсірген ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жаппас Қаламбаев болатын.

Түркешке еліктеп шығарған күйінің бірі «Байжұма» күйі. Байжұма Құрманғазыға дейін аты шыққан атақты домбырашының есімі. Ол өз атымен аталатын күйлер қалдырған.Сол дәстүрді жалғастырып, әрбір домбырашы өз «Байжұмасын» шығарған. Бірақ Динаның домбыра тартушылық шеберлігінің, ерекшелігінің арқасында оның «Байжұмасы» тіпті жаңа, өз өзгешеліктері бар, мазмұны мен формасы жағынан басқаша күй болып шығады.

Әкесі Кенже сүйікті қызы Динаны ұзатқанда оның жасауларына қоса, үш болысқа аты шыққан Қарақасқа деген атын береді.Кенже Динаны Нұрпейістің үйіне ұзатқан соң, бірнеше жылдан соң қайтыс болады. Ат Динаға сүйікті әкесінің көзіндей көрінетін. Бірде Қарақасқа ат ауырады да өліп қалады. Дина өзінің жастығының тілсіз куәсіндей, әкесінің көзіндей болған Қарақасқа аттан айрылғанына қайғырып, оған арнап күй шығарады. Күйдің басынан аяғына дейін ерекше жақсы көргендік, жан жылылығы айқын суреттеледі. Бұл шығармадан шебер сазгер кей жерлерде Қарақасқа аттың көсіле шапқанын көрсетсе, кей жерлерде лирикалық еске түсіру бар, домбырашы өз жанының аясын аша тартқан. Өйткені, еске түсірудің күшейе түсуіне Нұралының бірнеше айдан бері ауырып, төсек тартып жатуы да ерекше себеп болады. Біраз уақыт өткеннен соң Нұралы да қайтыс болады. Дина қатты қайғырады, бірақ шыдамды Дина басынан өткен басқа қайғылары сияқты, бұл қайғыны да төзімділікпен өткізеді. Өмірінің осы ауыр кезінің өзінде де Дина күй шығаруға уақыт, мұрса табады.

Бұл кездегі Динаның күйлері ақыл беріп, қолдап, демеу болған абысынына арналады. Бұл күйді Дина «Кербез» деп атайды. Динаның абысыны шынында да сұлу, өткір, ашық адам болады.Оның дауысы күшті болмаса да ,нәзік, құлаққа жағымды дауысымен әндерді сызылта салады.Бұл күйде қазақ қыздарының қайғылы өмірін, қазақ әйелдерінің ауыр жағдайын суреттейді.

1916 жылдары патша үкіметі ұлт аймақтарынан он сегізден қырық үшке дейінгі азаматтарды тыл жұмыстарына алуына байланысты Қазақстанның көп жерлерінде көтеріліс бұрқ ете түседі. Көтерілісті Аманкелді Иманов басқарады.Үкіметтің жасақтары жер-жерді тіміскілеп, көтерілісті басып, оны басқарушыларды жазалап жүргенде қазақ даласында патшаны құлатуға дайындалып жатыр деген хабар естіледі. Жылдың жазында ауылдан- ауылға сүйінші сұраған хабар тарайды.Патша үкіметі құлап, тыл жұмыстарына қазақтарды алатын заң күшін жоғалтыпты, жұрттың бәріне теңдік, бостандық деп жар салады.Осы оқиғаға арнап Дина «Набор» деген күйін шығарады.Халыққа ол «Он алтыншы жыл» деген атпен тараған. «Он алтыншы жыл» көтерілісшілердің жауынгерлік ұраны болды.

1922-жылы жоқшылықтың ауыр қыспағы салдарынан Каспий жағасына жақындайды.Жұт жылғы аштықтан қысылған Дина балаларын құмаршық жинап аман сақтап қалады.Енді ол домбырасын қолына алып, ауыл-ауылды аралайды.Осы кезде «Жігер» деген күйін шығарады.Динаның «Жігері» басқа композиторлардың «Жігеріндей» емес, екпінді, қайраты тасып, төгіліп отырады.




  1. Дина шығармашылығының шыңы.

Динаның Алматыға келуі.


«Он алтыншы жылды» бізге алғаш рет хабарлаған Құрманғазының шәкірті –домбырышы Қали Жантілеуов. Ол Динаның тірі екенін, оның Астрахань облысында тұратынын айтады.Бірінші Бүкіл Қазақстандық халық өнері қайраткерлерінің слетіне Динаның шақырылмау себебі, оның Қазақстан аймағында тұрмауы еді. 1937-жылдың көктемінде Гурьев облысынан Алматыға домбырашы, ақын, сазгер Смағұл Көшекбаев келеді де филармонияның қазақ музыкасы кабинетінің қызметкері болады.Кабинеттің тапсыруы бойынша ол Динаны Алматыға шақырады. 1937- жылдың күзінде Дина көркемөнерпаздардың екінші слетіне қатысуға келеді.

Динаның Алматыда көргені түсіне де енген жағдай емес еді. Ол ақыл- білім алып жатқан жастарды көреді. Білгендерін қағазға жазып қалдыра алатын бақытты, шат көңілді жастарды көріп Динаның көңілі босайды.Ол өзінің немересі Қоңырды есіне алады да, «Әсемқоңыр» күйін шығарады. «Әсемқоңыр» жарқын, көңілді шығарма, күйден балалардың балғын күлкісі естіледі.


Динаның Мәскеуге баруы.


1939-жылы Динаның өмірінде тағы бір үлкен оқиға болды.Ол Халық аспаптары орындаушыларының Бүкілодақтық бірінші конкурсына қатысу үшін Мәскеуге барды. Бұл «тарихи жолға» ол ерекше салтанатпен дайындалды.Мәскеуде оны қошеметпен қарсы алды.Ол домбырасына өзі иірген шектің орнына кэтгут тағып шығады.Бұл жерде де бүкіл елімізден жиналған өнерпаздар арасынан Дина бірінші орын алды.Бұл жолы Қазақстан өз өнерін кең көлемде көрсетті.Дина байқаудан қуаттана, жігері тасып оралады. Қазақтың домбырашылық салтын насихаттауға құлшына кіріседі, соның арқасында халық аспаптарының салтын қазақтың халық оркестрі игеріп кетті. Енді Дина айналасына жастарды жинап, домбыра үйретуге күш салады. Динаның үйінде музыканттар қаптап жүретін.

Әдетте, ол бір күйді қайта-қайта тартуды жаратпайтын. Жаңа күйді бір естігеннен үйрене алмаған домбырашыдан ештеңе шықпайды дейтін. Көңілі келсе қасына келген шәкірттеріне домбырасын үйрететін, ал қаламаса олардың бірін қалдырмай қуып шығатын.

1940-жылы өткен Қазақстанның жиырма жылдығына арнап, Дина «Той бастар» күйін шығарады.Дина бұл күйде бостандық алған халқының қуанышын суреттейді. Бұл күй оркестрдің орындауына өте лайықты еді.Сондықтан оны Құрманғазы оркестрі тартып, күйтабаққа жазылып алынды.





  1. Динаның Жамбылмен кездесуі.


Бір күні атақты ақын Жамбылдың шақыртуымен Дина Жамбылдың үйіне қонаққа барады.Ақын Динаны көргеніне қуанады,Олар асықпай шай ішіп, әңгімелесіп көп отырды.

Дина Жамбылдың келінінің қозы көгендеп жатқанын көріп жас кезі есіне түседі. Ауылда қозыны көгендегенде балаларға енші береді, соны көгентүп дейтін. Осы кезде ол өзінің «Көгентүп» күйінің шығу тарихын айтып береді..

Дина Жамбылдың үйінде үш күн қонақ болып, ұлы ақынмен кездескенінен Алматыға үлкен әсер алып қайтады











1941-жыл. Фашистік Германия Кенес Одағына тұтқиылдан шабуыл жасады.Ұлы Отан соғысы басталды.

Жазушылар, суретшілер, сазгерлер кеңес адамының ерлігіне арналған шығармалар жазып, халықтың рухын көтереді.

Сексен жастағы Дина да жалғыз ұлын майданға аттандырады.Дина «Ананың бұйрығы» деген күй шығарады.Бұл күйде ол ананың бейнесін Отан бейнесімен ұштастырады.Күй бірден бүкіл Қазақстанға тарап кетеді.Күйде уақыттың қатулығы айқын берілген, үні асқақ шығады.

Ұлы Отан соғысы кезінде Дина өзінің орындаушылық, сазгерлік істерін тастамады.1944-жылы ақпан-наурыз айларында Ташкентте Қазақстан мен Орта Азия республикалары музыкасының 3-декадасы өтеді.Бұл мерекеде 83 жастағы қазақстандық домбырашының өнері тыңдаушыларды таң қалдырады.Білгір мамандар Динаның суырыпсалма өнеріне, виртуоздық шеберлігіне ерекше баға береді.Динаның сирек кездесетін өнері сол кезде шығарған «Науаи» күйін орындаған кадрда тамаша көрініс тапқан.Дина осы күйдегі оң қолының штрих қағыстарынынан өзбек халық музыканттарының тәсілдеріне тән ұқсастық байқалады.Сөйтіп байқау Өзбекстанның ұлы ақыны Науаидың туған жерінде өткендіктен Дина жаңа шығармасын «Науаи» деп атайды.

Өнер зерттеушісі А. Островский Дина туралы өз мақаласында: «Қазақтың 85 жастағы домбырашысының ешкім шаңына да ілесе алмайды, оның домбыра тартуы қайталанбайтын керемет, тыңдаушыны билеп әкетеді, домбыра оның қолына ілесіп ұшып отырады.Дина-музыкалық бейнелеудің шыңына шыққан талантты адам», -деп жазды.Осы онкүндікте Дина Нүрпейісованың домбыра тартуы халық музыкасының мерекесіне айналды. Оның үстіне Динаға ілесе халық аспаптары оркестрі шығып, Қазақстан, орыс, Европа сазгерлерінің шығармаларын орындады.

1945-жылдың мамыры. Женіс туы желбірейді.Тарихи күн үлкен мерекеге айналады. Осы тарихи оқиғаға қарт композитор Дина да үн қосып, «Жеңіс» деген күйін шығарады. Бұл күйді де тыңдаушылар жақсы қарсы алады. Динаның «Женісінің» мазмұны терең, музыкалық тілі өткір, бұған ұзақ жылдар бойы шығармашылық шебер тәжірибесінің болуы зор әсер етті.

1946-жылы Қазақстан жұртшылығы Дина Нұрпейісованың сексен бес жылдығын атап өтеді. Мерекелік концерттегі ең бастысы- Динаның өзінің сахнаға шығуы еді.Бұл жылдары Дина бейбіт елдің еңбек адамдарына арналған «Енбек ері», «Сауыншы», «Сегізінші март» күйлерін шығарады. Дина ұстазы Құрманғазыға арнап «Меңдіқара» күйін, олардың күйлеріне еліктеп «Жаңа Бозшолақ», «Қосалқа», «Мереке», «Домалатпай», «Өттің дәурен» сияқты күйлерін шығарады.

1951-жылы оның 90 жылдығы тойланады. Бұл мерекеде де Дина қатысқандарға алғыс ретінде ұстазы Құрманғазының, өзі шығарған күйлерін асқан шеберлікпен орындайды.


.

Дина Нұрпейісова қазақ мәдениетіне сіңірген еңбегі үшін бірнеше марапаттарға ие болды.

1938-жылы қазақ халық аспаптары музыкасының тамаша салтын сақтап,

өзінен кейінгілерге жеткізгені үшін Еңбек сіңірген қайраткер атағын берді.


Ал 1944-жылы, Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінің онжылдығы тойланған кезде Динаға республикамыздың халық әртісі деген атақ берілді.


Дина екі рет Еңбек Қызыл туы орденімен және «1941-1945-жылдардағы

Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен, Қазақ КСР-ы Жоғары Кеңесінің бірнеше грамоталарымен марапатталды.

1953-жылы жазушы Сәуірбек Бақбергеновтың күйшінің өміріне арналған «Қайран шешем» атты повесі жарық көрді.Кейін ол толықтырылып роман болып қайта шықты.

Бірнеше айдан кейін Дина ауырып, көпке дейін төсек тартып жатады. Демі бітуге жақындағанын сезіп, туысқандарын шақырып алады да өзінің соңғы тапсырмаларын айтады. Қайтыс боларынан бұрын, кешкі сағат бесте баласын шақырып алып, менің « кәрі жолдасымды» әкелші дейді.Баласы домбырасын әкеліп берді. Дина әлсіз қолымен домбырасын алып, Құрманғазының «Қайран шешемінің» кіріспесін тартты. Домбыра қолынан түсіп кетті де есі ауып қалды. 1955-жылы 94 жасында Дина өмірден өтті. Оның өмірінің соңғы минуттары да музыкаға арналды.




  1. Қорытынды.


Дина орындаған Құрманғазының, басқа да халық композиторларының күйлері, оның өзі шығарған күйлері пластинка, пленкаларға жазылып, қазақтың музыкалық қорына енді.

Домбыра тартуда Динаның оң қолының қағыс техникасы мен сол қолының аппликатуралық тәртібінің өзіндік ерекшеліктері болды. Оның оң қолы үнемі өзгеріп, музыкалық картинаның алуан түрлі өрнегін жасап отырды. Ол күйлерінде бір рет төмен, екі рет жоғары қағу, жоғарыдан төмен, төменнен жоғары алып, қағыстарды жиі алмастыру, бірнеше рет жоғары алу әдістерін қолданатын. Ал сол қолы өте салалы, икемді болатын. Ол екі саусағымен алшақ пернелерді еркін баса алатын. Домбырашы форшлагтарды жиі қолдана отырып, ерекше дүние туғызатын.Ал кейде тек сол қолының перне басуы арқылы бірнеше нотаның үнін шығарып, оң қолы ішекке жоламайтын. Дина орындаушылық өнерінде паузаны ерекше қолдана білді.Ол паузаны күйдің кейбір эпизодтарында тыңдаушының назарын аудару үшін әдейі қолданатын.Борандатып келе жатқан күй сарынының кілт тоқтап, басқа екпінге ауысуы Дина күйлерінде жиі кездеседі. Сонымен бірге күй ырғағының үнемі құбылып отыруы да басты қасиет болып табылады.

Динаның күй тарту әдісін дұрыс үйреніп алып таратып келе жатқан халық әртісі Қали Жантілеуов, талантты домбырашы Ғылман Әлжанов және Әзидолла Есқалиевтар.

Дина Нұрпейісованың шығармаларын республикамыздың түкпір-түкпірінде мектеп оқушылары, көркемөнерпаздар, профессионалдық коллективтер де орындайды. Дина күйлері өзінің мазмұндылығымен, сұлу сазымен қазақ аспаптық музыкасының алтын қазынасының біріне айналды.

Қазір Дина Нұрпейісованың атында Атырауда музыка академиясы, ұлт аспаптар оркестрі бар, Оралда және Атырауда ескерткіш орнатылған. Оның аты мен музыкасы халық есінде ұзақ сақталады.



















Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. «Күйші Дина» А. Тоқтаған. А. Тоқтаған. 2011 ж

  2. «Әсем қоңыр» Құрастырған.: Қ.Ахмедияров, 1991 ж






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Дина Н?рпейісованы? ?мірі мен шы?армашылы?ы

Автор: Байкубекова Азима Ордан?ызы

Дата: 06.02.2016

Номер свидетельства: 289264


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства