kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Біз ?лы даланы? ?рпа?ымыз" мектепішілік іс-шара

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?уелсіз ел болу дегеніміз - кеуде?ді кере дем алып, е?се?ді к?тере ?рпа?тан ?рпа??а м?ра болып келе жат?ан салт - д?ст?рі?ді, ?дет-??рпы?ды ай?ындап к?рсетіп, ?зі?ні? ?згелермен те? екендігі?ді сезіну ж?не ана тілі?де емін - еркін с?йлеуі? деп білемін. Т?уелсіздік - ма?ынасы зор, тамыры тере? ??ым. ?аза?стан т?уелсіздікке ?алай ?ол жеткізгенін білу ?шін тарих?а к?з ж?гірту керек. Т?уелсіздік. Азатты?. Бостанды?. ?аза? баласы ?шін осы с?здерден ас?ан ?асиетті, ?астерлі ??ым бол?ан емес, болмайды да.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Біз ?лы даланы? ?рпа?ымыз" мектепішілік іс-шара»

Біз – ұлы дала ұрпақтарымыз

Мақсаты:
- Қазақстанның Тәуелсіздігі оқушылардың бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру;
- елімізге тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегендігін, тәуелсіздіктің қадір - қасиетін түсіндіру;
- тарих тағылымынан өнеге алып, ұлттық сананы жаңғыртқан қазақ жастарының ізбасары болу,
- өскелең ұрпақтың имандылық және елжандылық сезімдерін дамыту.
1 – жүргізуші: Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.
Қуаныштан қалай кеуде кермесін
Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін!

2-жүргізуші: Бүгін біз сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиынға қош келдіңіздер. 
1 – жүргізуші: Бүгінгі тәуелсіздіктің 24 жылдық мерейтойына арналған «Біз-ұлы дала ұрпақтарымыз » атты музыкалық әдеби кешімізді ашық деп жариялаймыз!

Гимн орындалады:

1-Жүргізуші: Тәуелсіз ел болу дегеніміз - кеудеңді кере дем алып, еңсеңді көтере ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан салт - дәстүріңді, әдет-ғұрпыңды айқындап көрсетіп, өзіңнің өзгелермен тең екендігіңді сезіну және ана тіліңде емін - еркін сөйлеуің деп білемін. Тәуелсіздік - мағынасы зор, тамыры терең ұғым. Қазақстан тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін білу үшін тарихқа көз жүгірту керек. Тәуелсіздік. Азаттық. Бостандық. Қазақ баласы үшін осы сөздерден асқан қасиетті, қастерлі ұғым болған емес, болмайды да.

2-Жүргізуші: Халқымыз азаттықты ғасырлар бойы аңсады. Сол ұлы мақсатқа жету үшін күресіп, қан төкті. Кенесары мен Наурызбай, Исатай мен Махамбеттей аталарымыз, Қайрат пен Ләззаттай аға - апаларымыз азаттық жолында жандарын қиды

Бейнетаспадан желтоқсан оқиғасынан үзінді көрсету:

1-Жүргізуші: Тәуелсіздік аңсаған жастардың ұлттық намыс құдіретін дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның құрбандары болған - Қ. Рысқұлбеков, Л. Асанова, С. Мұхамеджанова Е. Сыпатаевтардың ісі, ел намысын қорғаған ерліктері мәңгі өшпейді.


Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы
Лаула, лаула желтоқсанда мұзға жаққан алауы 
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиіс емес жалауы

Хор «Желтоқсан ерлері» 5-6 сынып оқушылары

2-Жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан - Тәуелсіз Республика деп жарияланды.Содан бері тәуелсіз Қазақстанға міне 24 жыл толды. : Ұлы көштің басында еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұрды. Мемлекетіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары егемендігіміз баянды болып ,Қазақстанымыз гүлдене берсін!


Ән: «Көк тудың желбірегені» орындайтындар : 2 а,ә сынып оқушылары, жеке дауыстарда Сәбитқызы Айым, Қуаныш Ерсұлтан, Нұрбол

1-Жүргізуші: Егемен ел десем сеніп кіріп,
Бойымды билеп кетер сенімділік.
Ешкімге ауыстырмас алтын Отан,
Жырлаймын қасиетіңді төгілдіріп.

Өлең:

2– жүргізуші: Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы, келе берер!

Ән: «Қазақтың жері киелі» орындайтындар 9 сынып триосы


1 – жүргізуші: Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік.

Өлең:


2 – жүргізуші: Біз ежелден ер деген даңқы шыққан халықтың ұрпағымыз, ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұланымыз.
1– жүргізуші: Біз алтын күн бедерленген көк байрағын әлем биіктерінде желбіреткен бейбітшіл елдің азаматтарымыз.
2– жүргізуші: Біз, қазақстандықтармыз, және мұны зор мақтанышпен айтамыз.


Ән: 1 сынып оқушысы Кәусардың орындауында: «Мен қазақтың қызымын» әнін қабыл алыңыздар.


1– жүргізуші: Тәуелсіздік – киелі де, қастерлі ұғым. Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандар мен қайсар рухының жемісі. Бүгін Қазақстан – әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел.

Би: Ұлытау 9 сынып қыздары


2 – жүргізуші: Қарыштай бер, Қазақстан шың басына
Айналып Орта Азия барысына
Таныпты ел атанып, табысты ел,
Асты даңқың мұхиттың ар жағына!

Өлең:


1 – жүргізуші: Тәуелсіздіктің 24 жылы тарихта өз ерекшелігімен қалды. Әрбір жыл мемлекетімізге өзіндік өзгеріс енгізгені баршаңызға айқын.
2 – жүргізуші: Біз өткен 24 жыл ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді.
1 – жүргізуші: Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата Заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елді өзінің келбетімен таңқалдырған жаңа астанамыз бой көтерді.
2 – жүргізуші: Әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты ел екендігін мойындаттық.

1-жүргізуші: 24 жыл, тәуелсізбіз, дербеспіз,
Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім.
Бодандығым ғасырларға жалғасқан,
Қазір міне, артта қалды, келмес күн.- деп алдарыңызда 2 сынып бүлдіршіндердің орындауында: «Бұлқынды жүрек» әнін қабыл алыңыздар.
2 – жүргізуші: Төріне туған жердің туын тігіп
Ерекше ел еңсесі бүгін биік
Астана – ақ ордасы қазағымның
Алтын тәж ақ маңдайдағы қонған сүйіп
Астана – Отанымның тірегісің
Қазақтың соғып тұрған жүрегісің.

Өлең:
1 – жүргізуші: Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма 
Туған тілім шұбарланба жарқыра 
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана 
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

Алдарыңызда Балдырғандар триосының орындауында: «Ана тілім тұғырым» әнін қабыл алыңыздар.

2 – жүргізуші: Тәуелсіздік - ұлттық идеялар, тың серпін, сарабдал саясаттың сара жолы. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Халықаралық ЭКСПО – 2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз.
1 – жүргізуші: 21 ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры – Мәңгілік ел, - елдің біріктіруші күші, таусылмас қуат көзі.
2 – жүргізуші: Сан ғасырлар тарихынан кешегі
Туған жердің шежіресі өседі
Менің елім Қазақстан – Отаным
Болашағы алға тартқан көш елі
1 – жүргізуші: Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауы жасампаздықтың басты бағыты, қазақ елінің асыл мұраты.
2 – жүргізуші: 2015 жыл – ұлттық тарихымыздың ұлықталатын жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақ халық Ассамблеясы мен Ата Заңымыздың 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы.
1 – жүргізуші: Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айырықша рөлге ие.
2 – жүргізуші: Тәуелсіз ел қараймын да тамсанам
Жылдарды ата бабам аңсаған
Көрген ұрпақ бірімін мен, сондықтан
«Бақыттымын» деп айғайлап жар салам.
1 – жүргізуші: Желбірген байрағың желді күні,
Биіктерің, мәртебең елдігіңде.
Таныта бер Қазақстан, бар әлемге,
Керегеңнің кеңдігін де, теңдігін де.
2 – жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!

Ән : «Қазақтай ел қайда»


1 – жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қадірлі оқушылар және жиын қонақтары. Егемендіктің елдігін, тәуелсіздіктің тірегін ту еткен қазағымның таңы мәңгі арайлап ата берсін дей отырып, «Біз-ұлы дала ұрпақтарымыз» атты музыкалық әдеби кешімізді аяқтаймыз.. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті,
Болашағымыз жарқын болсын!
2 – жүргізуші: Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Біз ?лы даланы? ?рпа?ымыз" мектепішілік іс-шара

Автор: Макажанова Айн?р Ас?арбек?ызы

Дата: 25.03.2016

Номер свидетельства: 309805


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства