Бүгінгі таңда қоғамымыздың жаңа қарқынмен дамуы, ғылыми-техникалық прогрестердің жетістіктері, еліміздің өркениетті елдер қатарынан көрінуі-білім беру жүйесіне де ықпал етпей қойған жоқ. Яғни, жаңа ғасыр мұғалімдерге заман талабына сай инновациялық технологияларды меңгеруін талап етіп отыр.
Инновация деген ұғым латын тілінде жаңарту, жаңалық, өзгеріс енгізу деген түсінікті білдіреді. Оның мәні – білім беруге және өздігінен білім алуға негізделген қабілетті дамытады. Қазіргі таңда оқушы - ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімділік қабілеттерін дамыту үшін біздер, мұғалімдер жан-жақты қаруланған болуымыз керек. «Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек»-деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек. Осы бағыттарда мектептерде музыкадан теориялық және тәжірибелік білім беру жүйесінен біраз тәжірибелер жинақталған, солай бола тұрса да, музыка сабағын жүйелі оқыту, әсіресе қазақ мектептерінде ұлттық бай музыкалық мұрамызды молынан пайдаланудың жолдары әлі де көрсетіле берсе артық етпейді. Басты міндет-оқыту мен тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Баланы жан-жақты дамытудың негізі-музыка.»
Баланы жан-жақты дамытудың негізі-музыка пәніндеЭссе
Бүгінгі таңда қоғамымыздың жаңа қарқынмен дамуы, ғылыми-техникалық прогрестердің жетістіктері, еліміздің өркениетті елдер қатарынан көрінуі-білім беру жүйесіне де ықпал етпей қойған жоқ. Яғни, жаңа ғасыр мұғалімдерге заман талабына сай инновациялық технологияларды меңгеруін талап етіп отыр.
Инновация деген ұғым латын тілінде жаңарту, жаңалық, өзгеріс енгізу деген түсінікті білдіреді. Оның мәні – білім беруге және өздігінен білім алуға негізделген қабілетті дамытады. Қазіргі таңда оқушы - ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімділік қабілеттерін дамыту үшін біздер, мұғалімдер жан-жақты қаруланған болуымыз керек. «Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек»-деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек. Осы бағыттарда мектептерде музыкадан теориялық және тәжірибелік білім беру жүйесінен біраз тәжірибелер жинақталған, солай бола тұрса да, музыка сабағын жүйелі оқыту, әсіресе қазақ мектептерінде ұлттық бай музыкалық мұрамызды молынан пайдаланудың жолдары әлі де көрсетіле берсе артық етпейді. Басты міндет-оқыту мен тәрбиелеу.
Өз пікірінде көрнекті педагог В. Сухомлинский «Өнер- өнегілі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал» деп, тәрбие үрдісінде өнерге аса көңіл аудару қажеттілігін қысқа да, түсінікті түрде атап көрсетті. Сырлы да сазды әуендерді бүгінгі күн әуендерімен, классикалық музыкамен ұштастыра, шығармашылықпен тақырыпты аша түсіп, оқушыларды музыка әлеміне қызықтыра білу- музыка мұғалімінің өз ісінде шеберлігін талап етеді. Оқуға ынтасы барды да, ынта-сыздарды да, тәртіптілер мен тәртіпсіздерді де музыка әлеміне қызықтырып, оқушылардың рухани бейнесі, танымын қалыптастыра отырып, қоғамның саналы азаматы етіп шығару - ұстаздардың басты мақсаты.
Қазіргі таңда жалпы білім беру кешендерінде музыка сабағын жоғары дәрежеде өткізу көзделіп отыр. Музыка пәні – шығармашылық пән. Оған көптеген ізденіс, шығармашылық, іскерлік, тапқырлық өте қажет.
Демек, музыка пәні мұғалімінің кәсіби шеберлігі жоғарғы деңгейде болу керек деп ойлаймын. Ал, ол үшін пән мұғалімі қазіргі таңда қолданысқа берілген жаңа технология әдіс-тәсілдерін, түрлі бағдарламалар элементтерін дұрыс және ұтымды қолдануы қажет.
Сондай-ақ халықтық педагогика үнемі сабақталып жүріп отыруы қажет. Яғни «Ақ сүйек», «Жүзік салу», «Теңге алу» сияқты ұлттық ойындарды әуендете қолдану және сергіту сәттерінде музыкалық түрде көрсету оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арта түседі.
Балалардың музыкалық тәрбиесі дәстүрлі мәдениет тұрғысынан кеңінен берілуі қажет. Өйткені жас шәкірттің дүниетанымы алдымен ұлттық музыка, халық өнері арқылы дамып, басқа жанр түрін сабақтастыра байланыстырып, саз әлемінің тұңғиығына өріс алады.
Музыка пәні маманының кәсіби шеберлігі ән үйрету кезеңінде жоғарғы дә-режеде ойнап, алдындағы шәкіртті таңырқата орындау тыңдаушыларының көңілінен шығуы арқылы көрінеді.
Осындай талаптар мектеп оқушыларының музыка пәніне деген қызығушылық-тарын арттырып, олардың тақтаның алдында, аудитория алдында өздерін еркін ұстап, оқу-танымдық іс-әрекеттерді ұтымды жүзеге асыруына ықпал етеді.
Осылайша, жаңа инновациялық технологиялар педагогтарға өздерінің жұмы-сын сапалы тұрғыдан жақсартып, әдістері мен формаларын өзгертіп, оқушылар-дың жеке тұлғалық қабілеттерін толық сақтау мен дамытуға, оқытудағы пәнара-лық байланыстарды нығайтуға, оқу үдерісін ұйымдастыруда үнемі динамикалы жаңғыртуға мүмкіндік беретін құрал болып табылады. Ал басты артықшылығы – дәстүрлі оқу үдерісін түрлендіріп, оған жаңаша көзқарастарды тиімді енгізуге мүмкіндік беріп, оқушылардың білім алуын қызығушылықтарын туғызып, әрі жеңілдетуге ықпалы зор.
Әрбір халықтың тәлімгерлік тарихына назар салар болсақ, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан мол тәжірибені байқаймыз.Бүгінгі мақсат халықтың музы-калық педагогика саласының сол озық идеяларын жандандырып, білім беру жү-йесіне енгізу болып отыр.
Шығармашылық есеп
Өзектілігі
«Қазақстан- 2030» стратегиялық бағдарламасы приортитетінің бірі- ұлттық білім моделін қалыптастыру тенденциясы және Қазақстан білім беру жүйесін бүкіл әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруіне сипатталатын білім беру саласы болып табылады. Қазір бүкіл әлемде индустриялық қоғамнан интерактивті қатынас жа-сауға, оны жүзеге асыратын техникалық мүмкіндіктерді дамытып отыра алатын информациялық қоғамға, тасымалдау, тарату және пайдалану қызметтерін атқа-ратын жаңа қоғамға көшу процесі жүріп жатыр.
Бүгінгі күні инновациялық әдістермен оқытуды қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру, тарихи объективизимді ұстана отырып шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинақтау ең негізгі мақсат болып айқындалады.
Музыка пәнінде жаңа әдістерді пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми – педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады.
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында төл тарихымыздың, ұлттық мента-литетіміздің, ұлттық идеологиямыздың қалыптасуына білім беру жүйесіндегі ірі реформалық процестер жетекшілік ететіні даусыз. Теориялық білімді игерту мен жаңғырту және жаңа жағдайға іс жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана оқушылардың алған білімімен біліктілігі шынайы да нақтылы қалыптасады.
Менің әдістемелік тақырыбым:
Оқушылардың музыка өнеріне және қобыз аспабына деген қызығушылығын шығармашылық деңгейде дамыту.
Мақсаты:
Музыка сабағында оқушылардың пәнге және қобыз аспабына деген қызығу-шылығын арттыру, шығармашылыққа бейімдеу.
Міндеттері:
-музыка пәнінде жаңа әдістерді пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру;
-теориялық, ғылыми – педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру;
-дыбысты есту және сауаттылық дәрежесін көтеруге бағыттау;
-ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
-оқушылардың қызығушылықтарын ұлттық аспаптарға, қобыз аспабына бейімдеу;
-инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану .
Осы әдістемелік тақырыппен 2011 жылдан айналысып келемін. Сабақта «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын пайдаланамын. Аталған технологияны пайдаланып 5-сыныптарда «Желсіз түнде жарық ай», «Көнеден жеткен аспап», «Аспанмен тілдескен музыка», 6-сыныпқа «Дина Нұрпейісова», «Музыкадағы табиғат бейнесі» тақырыбында ашық сабақтар беріп, «Бабалар сөзі-тәрбие көзі», «Мүшел жас-мерейлі жас»,қазақ халқының дүлдүл ақыны Фариза Оңғарсыныованың 70 жылдығына орай «Қазақ поэзиясының падишасы», «Қасым ханның «Қасқа жолы» мен Есім ханның «Ескі жолы», «Опера-музыка шыңы» тақырыбында іс-шараларды ұйымдастырдым.
Оқушылардың оқу жетістігінің динамикасы туралы сараптасам, 2011-2012 оқу жылында 5 «А», 5 «Ә», 6 «А», 6 «Ә», 6 «Б» сынып оқушылары музыка пәнінен 100%; 2012-2013 оқу жылында 5 «А»,5 «Ә», 6 «А», 6 «Ә», 6 «Б» сынып оқушылары музыка пәнінен 100%; 2013-2014 оқу жылында 5 «А»,5 «Ә», 6 «А», 6 «Ә», 6 «Б»сынып оқушылары музыка пәнінен 100%, 2014-2015 оқу жылында 5«А»,5 «Ә», 6 «А», 6 «Ә»сынып оқушылары музыка пәнінен 100% білім сапасын көрсетті.
«Қобыз аспабында орындалатын шығарманы талдау жұмыстарын ұйымдастыру жолдары» атты музыка пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік құралым «Өрлеу» БАҰО АҚ Астана қаласы бойынша ПҚБАИ бекітіліп, қала мұғалімдеріне таралды.
«Қосымша білім берудің музыка бағытында (домбыра) балалардың әлеуметтік-тұлғалық дамуын ұйымдастырудың заманауи тәсілдері», «Применение мультимедийных информационных технологий в музыке» тақырыбында білімімді көтердім.
5-сыныптарда «Желсіз түнде жарық ай» ашық сабағым «Ұстаз ұлағаты» атты Республикалық әдістемелік ғылыми-педагогикалық журналдан және «Музыка мұғалімінің іс-әрекетіндегі педагогикалық шеберлік» тақырыбындағы баяндама, 6-сыныпқа арналған «Дина Нұрпейісова» тақырыбындағы сабақ «Копилка уроков» мұғалімдерге арналған сайтта жарияланды.
Менің жетістіктерім:
1. Астана қаласының Білім басқармасы, «Диплом», VIII қалалық вокальды фестивал-байқауында дайындаған оқушысы Байбуланова Томирис «Гран-при» жүлдесін жеңіп алғаны үшін,12.12.2012ж.
2. Астана қаласының Білім басқармасы, «Диплом»,«Отаным деп шырқаймын» атты сайыста дайындаған оқушысы Байбуланова Томирис «Гран-при» жүлдесін жеңіп алғаны үшін,12.12.2012ж.
3.Диплом, «Біз- Астананың гүліміз» атты балалар ән байқауында Байбуланова Томирис II жүлде жеңіп алғаны үшін, 2013 жыл
4. Диплом,Ұлттық Дельфийлік ойындар бағдарламасы бойынша VIII қалалық «Шаттық-2014» байқауына белсене қатысқаны үшін, 2014 жыл.
Оқушылардың жетістіктері:
1. Байбуланова Томирис, «Диплом-Гран-при», VIII қалалық вокальды фестивал-байқауының жеңімпазы, 12.12.2012ж.
2. Байбуланова Томирис, «Диплом-Гран-при»,«Отаным деп шырқаймын» атты сайыста «Гран-при» жүлдесін жеңіп алғаны үшін,12.12.2012ж.
3. Байбуланова Томирис, «Диплом», «Біз- Астананың гүліміз» атты балалар ән байқауында II жүлде жеңіп алғаны үшін, 2013 жыл
4. Нұртай Тұмар, «Диплом»,Ұлттық Дельфийлік ойындар бағдарламасы бойынша VIII қалалық «Шаттық-2014» байқауына белсене қатысқаны үшін, 2014 жыл.
1.Басылымдар
№
Мақала атауы
Басылым атауы, күні, № жылы
1
«Желсіз түнде жарық ай»
«Ұстаз ұлағаты» ақпарат-әдістемелік жинағы №2, 2015 жыл
4
«Дина Нұрпейісова», 6-сынып
«Копилка уроков» мұғалімдерге арналған сайт, 09.11.2015 жыл
5
«Музыка мұғалімінің іс-әрекетіндегі музыкалық шеберлік»
«Копилка уроков» мұғалімдерге арналған сайт, 17.12.2015 жыл
Педагогтың ғылыми-әдістемелік қызметі
№
Жұмыс атауы
Оқу-әдістемелік
құралдарының
түрлері (авторлық
бағдарлама,
дидактикалық
материалдардың
жинағы, әдістемелік
нұсқаулық, жұмыс
дәптері т.б.
Сынақ нәтижесі
Күні
1
Қобыз аспабында орындалатын шығарманы талдау жұмыстарын ұйымдастыру жолдары
Музыка пәнінің мұғалімдеріне арналған көмекші құрал
3.Педагогикалық іс-тәжірибелерді жинақтау, тарату
(шебер- сыныптар, семинарлар, байқаулар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, көрмелер)
№
Шаралар
Қалалық, республикалық, халықаралық деңгейде
Дәлелдейтін құжаттар
Күні
1
Қосымша білім берудің музыка бағытында (домбыра) балалардың әлеуметтік-тұлғалық дамуын ұйымдастырудың заманауи тәсілдері
республикалық
Куәлік
2013 жыл
2
«Применение мультимедийных информационных технологий в музыке»
қалалық
Куәлік
2013 жыл
4.Өткізілген ашық сабақтардың қорытындысы
№
Пән
Тақырып
Сынып/ топ
Сабақ бойынша ұсыныс, пікірлер
Сабаққа қатысушының аты-жөні,
қызметі
Күні
1
Музыка
«Музыкадағы табиғат бейнесі»
6
Оқушылардың музыка пәнінен алған теория-лық білімдерін прак-тикада қолдану дағды-лары қалыптасты
1.Амрина Ғ.Қ.-мектеп директоры
2. Келес Рая-ДБЖО
3.Азтаев Жомарт-музыка пәні мұғалімі
2.
Музыка
«Көнеден жеткен аспап»
5
Оқушылардың ғылыми тұрғыда дәл, нақты жауап беру, талдау, іздену, дағды-лары қалыптасты.
1.Амрина Ғ.Қ.-мектеп директоры
2. Сағын М.У.-ДҒӘІО
3.Азтаев Жомарт-музыка пәні мұғалімі
3.
Музыка
«Аспанмен тілдескен музыка»
5
Оқушылардың музыка пәнінен алған теория-лық білімдерін прак-тикада қолдану дағды-лары қалыптасты
1.Амрина Ғ.Қ.-мектеп директоры
2. Келес Рая-ДБЖО
3.Азтаев Жомарт-музыка пәні мұғалімі
4.
Музыка
«Дина Нұрпейісова»
6
Оқушылардың музыка пәнінен алған теория-лық білімдерін прак-тикада қолдану дағды-лары қалыптасты
1.Амрина Ғ.Қ.-мектеп директоры
2. Сағын М.У.-ДҒӘІО
3.Азтаев Жомарт-музыка пәні мұғалімі
5.
Музыка
«Желсіз түнде жарық ай»
5
Ұжымдық, топтық, жұмыс арқылы оқушылардың топта жұмыс істеу қабілетін дамытты.
1.Амрина Ғ.Қ.-мектеп директоры
2. Келес Рая-ДБЖО
3.Азтаев Жомарт-музыка пәні мұғалімі
5.Сабақтан тыс қызметтің қорытындысы
№
Қызмет мазмұны
Дәлелдейтін құжаттар
Сынып/топ
Сараптама қорытындысы
Күні
1
«Бабалар сөзі-тәрбие көзі»
Сабақтан тыс іс-шараның сценарийі
5-7 сыныптар
Оқушылардың мәнерлеп оқу
дағдылары қалыптасты.
2011 жыл
2
«Мүшел жас-мерейлі жаса»
Сабақтан тыс іс-шараның сценарийі
7-сынып
Мүшел жас және қазақ халқының
салт-дәстүрлері боынша кең мағлұмат алды.
02.03. 2011
3
«Қазақ поэзиясының падишасы»
Сабақтан тыс іс-шараның сценарийі
8-11 сынып
Ф.Оңғарсынованың 70 жылдығына
орай ұйымдастырылды. Оқушылар
ақынның шығармашылығы туралы
кең мағлұмат алды.
10.03.
2011
4
«Қасым қанның «Қасқа жолы» мен Есім ханның «Ескі жолы»»
Сабақтан тыс іс-шараның сценарийі
8-11 сынып
Қазақ хандығының 550 жылдығына
орай ұйымдастырылды. Оқушылар
Қазақ хандығы туралы білімдерін
кеңейтті.
5
«Опера-музыка шыңы»
Сабақтан тыс іс-шараның сценарийі
9-11 сынып
Халықаралық сайыстардың
жеңімпазы Сүндет Байғожинмен кездесу.
6.Сыныптан тыс қызметінің пән бойынша қорытындысы (марапаттары, грамоталары, дипломдары, куәліктері)
№
Пән
Шаралар
Нәтиже
Дәлелдейтін құжаттар
Күні
1
музыка
Қалалық вокаль-ды-фестивал-байқау
Гран-при
Диплом
12.12.2012ж.
2
музыка
«Отаным деп шырқаймын» байқау
Гран-при
Диплом
12.12.2012ж
3
музыка
«Біз –Астананың гүліміз» байқау
2-орын
Диплом
2013 жыл
4
музыка
Ұлттық делфийлік ойындар
Белсене қатысқаны үшін
Диплом
2014
7.Оқушылардың оқу жетістігінің динамикасы (соңғы 3 жыл)
№
Пән
Сынып/топ
Сараптау түрі
Нәтиже (білім сапасы)
Күні
8.Кері байланыс нәтижелері ( сауалнамалар, пікірлер)