kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ансамбльмен ж?мыс барысында о?ушыларды ?жымды? ?уенге баулу

Нажмите, чтобы узнать подробности

   ?аза? хал?ы бас?а халы?тар сия?ты ?з тіршілігіні? сан ?асырлы? тарихыны? ішінде,?скеле? ?рпа??а музыкалы? эстетикалы? т?рбие беруді? ?зіндік ?дет - ??рпы мен д?ст?рлерін ?алыптастыр?ан. Бала бойында рухани байлы?ты дамытуды? аса ма?ызды саласы – музыка м?дениеті. ?нер саласында эстетикалы?  т?рбие беру, я?ни музыкада дыбыс,суретте – бояу, ?дебиетте –с?з ар?ылы ?рнектеледі. Ал к?ркем бейнелер о?ушыны? д?ниетанымын арттырып, ?мірді? шынды?ы мен ?семдігін сезіну ?аблетін дамыту?а жа?дай жасайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ансамбльмен ж?мыс барысында о?ушыларды ?жымды? ?уенге баулу »

Қазақ халқы басқа халықтар сияқты өз тіршілігінің сан ғасырлық тарихының ішінде,өскелең ұрпаққа музыкалық эстетикалық тәрбие берудің өзіндік әдет - ғұрпы мен дәстүрлерін қалыптастырған. Бала бойында рухани байлықты дамытудың аса маңызды саласы – музыка мәдениеті. Өнер саласында эстетикалық тәрбие беру, яғни музыкада дыбыс,суретте – бояу, әдебиетте –сөз арқылы өрнектеледі. Ал көркем бейнелер оқушының дүниетанымын арттырып, өмірдің шындығы мен әсемдігін сезіну қаблетін дамытуға жағдай жасайды.

Музыкалық тәрбие берудің негізгі мақсаты – рухани дүниесі жан – жақты дамыған, салауатты өмір салтын берік ұстаған жеке адам тәрбиелеу болып табылады.

Музыка тілі – басқа өнер саласымен салыстырғанда күрделі тіл екені белгілі. Ол сезімге әсер ете отырып, адамның қиялы мен көңіл – күйіне байланысты қабылданады. Музыкалық тәрбие беруде мұғалімнің алдына негізгі үш міндет қойылады. Бірінші міндет –әр түрлі музыкалық іс – әрекеттер арқылы оқушының сезімін ояту. Екінші – сезім арқылы музыканы саналы түсінуге баулу. Үшінші – музыкалық шығарманы өз шамасына қарай орындай білуге үйретуде орындаушылық дағдысы мен шығармашылығын дамыту. Оқушылардың жан – жақты дамуы баланың ішкі дүниесін байытады, саз өнерін терең және толық қабылдап қоймай, айналадағы дүниеге, өмірге, адамдарға деген көзқарасын өзгертеді. Мектебіміздің қазіргі таңдағы алға қойып отырған басты да, түпкілікті мақсаты – оқушылардың білім, білік, іскерлік дағдыларын дамытумен қатар ,оларды ұжымдық әуенге баулу. Ұжыммен жұмыс жасау барысында қойылатын басты талап – репертуар таңдау. Репертуар бүгінгі өмір деңгейіне сай терең мазмұнда және оқушылардың жас ерекшеліктеріне, аспапта ойнау мүмкіндіктеріне сәикес болуы тиіс. Демек, жетекші ансамбльде ойналатын әрбір репертуарға творчествалық тұрғыдан келіп , оның идеялық-эстетикалық мәнін, көркемдік ерекшелігін дұрыс ашып таныта білгенде ғана оқушылардың музыканы терең сезініп,дұрыс түсіне білу қабілеті дамып,дүниетанымы кеңейе түседі. Ұжымдық әуенге баулудағы келесі міндет – оның құрамының

тұрақтылығы. Оркестір құрамын тұрақтандырып, оқушылардың белсенділігін арттыру үшін не істеу керек? Алдымен – жетекшінің тапқырлығы мен шеберлігі. Ол әрсәт, әрбір ансамбль мүшесінің психологиялық рухани дүниесін, ой өрісін, дәл басып сезе білуге тиіс. Ансамбль –музыкаға икемі мен қаблеті бар және халық аспаптарын жақсы көріп, онда ойнағысы келетін оқушылардан құралған музыка ұжымы. Оның дұрыс жолға түсіп, қалыптасып кетуі, алғашқы кезеңдегі ұйымдастыру мәселелеріне байланысты. Ұлы ұстаз А.С. Макаренко былай дейді: «Ең әуелі жақсылап тұрып жалпы жиналыс жүргізуден бастар едім, онда оқушылардан не тілейтінімді,нені талап ететінімді және екі жылдан кейін олардың қандай болатынын шын жүректен айтып берер едім. Жиналыс үстінде сіздің сөздеріңізден олар « сіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке басыңызды сезінуге тиіс» Бұл ұлағатты сөз оқушылар ансамбілінің алғашқы дайындық ұйымдастыру кезеңінде өте қажет. Өйткені олар жетекшінің әрбір сөзіне, қимылына, іс-әрекетіне сынай , әрі сеніммен қарайды. Ұстаздың әрбір қонымы, ойлы сөздері – олар үшін жаңа тәрбие көзі, елігу мен құштарлықтың бастауы.

Ансамбльді ұйымдастыру кезеңіндегі ендігі бір мәселе – оқушыларды аспаптарға бөлу. Бұл оқушылардың музыкаға икемділігі мен дене құрылысына байланысты жүргізілуге тиіс. Ансамбльдің ендігі бір басты мәселе – оқушыларды коллективизм рухында тәрбиелеу. Бұл алдыңғы қатарлы принциптардың бірі. Оқушы өз ой- толғамын, дағды іс - әрекетін осы ұжымдағы қалыптасқан нормалық талап - тәртіпке сәйкестендіріп отыруы қажет. Сондықтан да жетекшінің негізгі мақсаты – дұрыс қалыптасқан, өзара тату, ынтымақтаса жұмыс істей білетін ансамбль ұжымын құру. Ортақ ұжымдық сезім бүкіл ансамбль жұмысының бел арқауы. Себебі ұжымдық сезім оқушылардың белсен- ділігін туғызумен қатар , оның музыкалық дамыуына да ықпал жасап отырады. Яғни, ансамбльдегі тәлім – тәрбие ұжым үндестігінің қалып- тасуына, шәкірттердің аспапта ойнау шеберлігінің шыңдалуына ұласады екен.

Ансамбль мүшесін ұжым рухына тәрбиелеудегі алғашқы талап –әрбір оқушы өз тәртібін, мақсат мүддесін, білімдік - танымдық қасиеттерін оркестір талабымен ұштастыра, санаса отырып жұмыс істеуі. Демек, әрбір оқушының музықалық қызметі - бүкіл ансамбльдің беталысына, дамуына, жетістігіне әсер береді. Мысалы бір оқушы өзіне бөлінген партиясын білмесе, екіншісі жалпы ансамбльдің ырғағына ілесе алмаса, ал үшіншіс і бір кезеңде бітіру шартын бұзса бұл әрине ансамбль әзірлігіне үлкен нұсқан. Ұжымдық жұмыс іске аспаған деген сөз. Мұндай жағдайда шығарманың мазмұн - дық – көркемдік мәні ашылмайды. Міне осындай сәтте ұжымдық сын, өзара сын өте қажет. Ұжым біріге отырып жоғарыдағы айтылған кемшіліктердің жою жолын қарастыруы қажет.

Сонымен, оқушылар ансамбльіндегі ұжымдық пікір, ұжымдық дайындық – оның творчествалық жетістікке жетудегі ең дұрыс жолдардың бірі.















Қарқаралы қаласы,тамыз маслихаты.







Ансамбльмен жұмыс барысында оқушыларды ұжымдық әуенге баулу маңыздылығы.















Дайындаған;Каршалова А.А.

2012 ж.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ансамбльмен ж?мыс барысында о?ушыларды ?жымды? ?уенге баулу

Автор: Каршалова Алмагуль Арыстанбековна

Дата: 08.03.2015

Номер свидетельства: 183229


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства