"Ахмет Ж?банов пен Жаппас ?аламбаевтарды? ?обыз?а арнал?ан пьесаларыны? кейбір орындаушылы? ерекшеліктері"
"Ахмет Ж?банов пен Жаппас ?аламбаевтарды? ?обыз?а арнал?ан пьесаларыны? кейбір орындаушылы? ерекшеліктері"
Ахмет Ж?банов пен Жаппас ?аламбаевтарды? ?обыз?а арнал?ан пьесаларыны? кейбір орындаушыды? ерекшеліктері. ?обы? сыныбыны? о?ытушысы Омарова Бакытг?л Елемес?ыз. Шы?ыс ?аза?стан облысы Семей ?аласы. М.Толебаев атында?ы Семей музыкалы? колледжі. Ахмет Ж?бановты? ?мірі мен творчествосы. Композиторды? ?обыз?а арнал?ан пьесаларыны? кейбір ерекшеліктері
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Ахмет Ж?банов пен Жаппас ?аламбаевтарды? ?обыз?а арнал?ан пьесаларыны? кейбір орындаушылы? ерекшеліктері"»
Кіріспе.
Қазіргі кезең домбыра мен қобыз бұрынғыдай тек жалаң ән-күй ойнайтын аспаптар емес, өздеріне икемделген классикалық шығармаларды, профессионалдық шығармаларды фортепианоның сүйемелдеуімен еркін ойнайтын дәрежеге жетті. Мысалға қазіргі төрт ішекті қобыз-прима аспабын алып қарасақ, қаншалықты дәрежеге көтерілгендігін байқау қиын емес. Қобыздың тынысы кең, дыбыс шығару мүмкіншілігі де ұшан- теңіз.
Қобыздың әуелдегі түрі қос ішекті, үш ішекті болып келетін. Қазір оларды жетілдіре түсінудің арқасында төрт ішекті бас-қобыз, альт-қобыз, қобыз-прима сияқты бірнеше түрлері пайда болды.
Сонау VIII-ғасырдағы өмір сүрген /халық арасындағы аңыз бойынша/ күй атасы Қорқыт есімімен байланысты күйлер, XIX-ғасырда өмір сүрген Ықылас Дүкенұлының күйлері қыл-қобызда орындалып, ғасырлар бойы дала қазығының қуанышы мен мұңын шертті.
Әсіресе Ықылас қобыздың ұнамды да жағымды дыбыс көлемін тегіс пайдаланып метро-ритміне өзгерістер еңгізді, мелодиялық үнін құбылтты. «Қоңыр», «Ықылас», «Кер толғау», «Аққу», «Қазан» тағы да басқа күйлері арқылы техникалық және мелодиялық шығармалар ойнады.
Ықылас шығарған күйлердің қайсысы болмасын өз заманындағы әр алуан жағдайға байланысты сыр шертсе, біздің заманымыз қобыздың қайта жасарып өңделуіне байланысты қобыз үшін еңбекші халықтың ой-арманын салтанатты жеңісімен еңбектегі табысын жырлайтын музыкалық щығармалар керек етті.
Төрт іішекті қобызға арнап Қазақстан композиторлары көптеген шығармалар жазды. Олардың ішінде әсіресе, алғашқы жылдары өте көп еңбек сіңірген А.Жубанов, М.Төлебаевтар т.б. болды. А.Жубановтың қобызға арналған пьесаларының қайсысын алсақ та шығармадан бүгінгі заманның бейнесін жаңа адамдардың жарқын образдарын жасайды.
Ахмет Қуанұлы Жубановтың өмірі мен творчествосы.
Қазақ совет музыка мәдениетінің көрнекті қайраткері, белгілі музыка зерттеушісі, Қазақстан Республикасының академигі, өнер ғылымдарының докторы, композитор Ахмет Қуанұлы Жубанов 1906- жылы бұрынғы Орынбор губерниясы /қазіргі Ақтөбе облысы/ Темір уезі-Темірорқаш болысының сегізінші ауылына қарасты Ақжар деген жерде дүниеге келді. Ахметтің әкесі өзі тұрғылас ауылдастарының ішінде кезінді көзі ашық сауатты адам болған. Балаларына білім беруді, оқытуды арман еткен әкесі Қуан Ахметті 1913-жылы сол ауылдан ашылған «Бір класстық орыс-қазақ» мектебіне береді. Оқу мерзімі үш жыл болады да, сабақ орыс тілінде жүреді. Осы мектептің меңгерушісі Құсайын Ашғалиев өз сабағына мықты, оның үстіне домбыра тартып, орыстың халық аспаптары скрипкада, мандолинада ойнайтын музыканттық өнері бар адам еді. Қашан да болса сабаққа зейінді Ахмет ән-күйге де әуес болып шығады. Ашғалиев Ахметке мандолинада, скрипакада ойнауды үйретеді. Талапкер бала бұнымен тынбайды, сол маңдағы атақты домбырашы, өзінің ауылдасы Талым қарттан күй үйренеді. Талымнан тұңғыш рет «Штат» атты күйді үйренгенде Ахмет 5 жаста болатын.
1916-жылы Орқаштағы «Бір класстық орыс-қазақ мектебін» ойдағыдай бітірген Ахмет сол жылы Жұрын станциясындағы екі класстық мектепке түседі. Сонда оқи жүріп, мектептегі ойын-сауық үйірмелеріне қатысып, скрипка, домбыра, мандолинаны кезек тартып, жас өнерпаздың алдын бермейді.
1925-жылы Ақтөбедегі халық мұғалімдерін даярлайтын курсты да бітіріп алады.
1928-жылдың жазында ВКП/б/ Ақтөбе губерниялық комитетінің жанынан ашылған партия активінің бір айлық курысына келген Ахмет, скрипкашы /Варшава консерваториясын бітірген/ Чернюкпен кездеседі. Осы жылы Ахмет Ақтөбеге ауысып келеді де Чернюктен музыка теориясынан, сольфеджиодан сабақ алады. Скрипкада ойнаудың техникасын үйренеді. Ұғымтал шәкіртінің дарын, талабына, оның алдындағы зор болашағына кәміл сенген Чернюк Ахметтің Ленинградқа барып оқуын талап етеді.
Қазақстанның бір түкпірінен білім іздеп келген А. Жубанов 1930-жылы Ленинградтың Римский-Корсаков атындағы консерваториясына гобой классына қабылданады.
А. Жубанов мәдениет майданына осы отызыншы жылдары арласады. 1932-жылы Ленинград консерваториясын бітіреді. 1933-жылы Казрайком мен Қазақ Халық Ағарту комиссриаты оны шақырып алып, жаңадан ашылған музыка техникумына оқу білімінің басқарушысы етіп тағайындайды. Осы жылы ол техникум студенттерінің күшімен он бір кісілік домбырышылар ансамбілін ұйымдастырады. Бұл қазақ музыкасының тарихында бұрын- соңды болып көрмеген тұңғыш домбыра ансамблі еді.
Ансамбль алғашқыда халықтың ән-күйлерін ешбір инструментовкасыз, гармониясыз, нотасыз бір дауыста жатқа ойнап жүрді.
Олар өздерінің шағын репертуарымен жоғарғы оқу орындарда, радиода концерттерін беріп, жұртшылық назарын аударды.
1936-жылдың май айында қазақ совет көркем өнерінің Москвада онкүндігі болды. Осы онкүндіктің Москваның үлен театрында болатын қортынды концертіне А. Жубановтың басқаруындағы қазақтың халық аспаптар оркестрі де қатысады. Қазақ өнерінің Москвада өткен онкүндігі осы заманда өрен жайған ұлттық музыка мәдениетіміздің тарихында ұмытылмас елеулі кезең болды. Қазақстандықтар Москвадан үлкен абыроймен оралды. Кремльде болған қабылдауда Михаил Иванович Калинин А. Жубановқа «Құрмет белгісі» орденін өз қолынан тапсырды.
Ахмет Жубановтың басқаруындағы халық аспаптар оркестрі республикамыздың қалаларын аралап концерттер берді. Қазақтың музыкалық мәдениетін дамытудағы елеулі еңбегі ескеріліп, Казаткомның 1936-жылғы 3-ноябрьдегі қаулысы бойынша А.Жубановқа республиканың еңбегі сіңірген артисі деген құрмет атақ берілді. 1937-38-жылдары А.Жубанов Қазақтың Абай атындағы Мемлекеттік академиясының опера және балет театрында дирижерлік қызмет атқарады. «Ертарғын», «Қыз Жібек» операларында дирижерлік етеді.
1940-жылдың күзінде А.Жубанов Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармониясының көркемдік жағын басқарушы, әрі халық аспаптар оркестрінің бас дирижері болып қайтып барады.
А.Жубанов творчестволық өмірінің жалын атқан жас шағын осы коллективке арнаған және Қазақстан музыка мәдениетіне сіңірген еңбегі мұнымен шектелмейді:
А.Жубанов профессиональдық қазақ музыкасына үлен үлес қосқан аға буын композиторымыздың бірі. Ол қазақ музыкасын түбегейлі зерттеп, ата-бабаның кейінгі ұрпаққа мирас етіп қалдырған асыл мұрасын халық арасында кеңінен уағыздаған халық музыкасының жалынды насихатшысы.
Ол-республикамыздың музыка зерттеу ғылымының негізін салушы. А.Жубанов композиторлық творчествосымен 1938-жылдардан бастап айналыса бастады. Алғашқы жылдардағы композиторлық еңбегі екі салада қоса дамиды.
Біріншіден халықтың ән-күйлерін оркестрге лайықтап әндетсе, екіншіден сол халық музыкасының рухында өзінің тырнақалды төл шығармаларын жазды. 1938-жылы Ахмет Ғ.Мүсіреповтың «Қозы көрпеш-Баян сұлу» пьесасына музыка жазды. Сол жылы ол совет музыкасының көрнекті қайраткері М.Ф.Гнесинмен бірлесіп «Аманкелді» фильміне музыка жазады.
Тәрбиелі музыкант үлкен эрудицияның адамы М.Ф.Гнесинмен творчестволық қарым-қатынаста болу, оның ақыл кеңесін есту А.Жубановқа өзгеше әсер етеді. Ол композиторлық іспен шұғылдануғы тугелдей бет бұрады. «Қозы көрпеш-Баян сұлудан» кейін М.Ақынжановтың «Исатай-Махамбет», М.Әуезовтың «Абай» пьесаларына музыка жазады. Бұдан кейін А.Жубановтың фортепианомен жеке дауысқа арналған әндері, төрт дауысты хорлары дүниеге келеді. Композитордың «Отаным», «Ақшолпан», «Жылқышы» сияқты әндері мен хорлары сол жылдардың жемісі еді.
1938-40-жылдарда «Сары» атты музыкалық пьеса жазады. Мұнда автор Сарының төл әндерін қолдана отырып, пьесадағы оқиға өрісіне байланысты басты кеіпкердің характерін, арман-мақсатын жарқырата түсетін оригиналдық музыка тілін таба білді.
1941-жылдан бастап А.Жубанов музыкалық шығарманың басқа да түрлерімен жанрын барлап, әр салада музыка жазады. Ол өзінің алғашқа аспаптық және ірі формадағы симфониялық шығармаларын «Тәжік билерін», симфония мен оркестрі мен халық аспаптар үшін «Абай» атты поэмасын жазады. Кейінірек Бірінші және Екінші «Вокальдық сюиталарын» симфония оркестрімен қазақтың халық аспаптар оркестрі үшін де екі вариантта «Увертюра фантазиясы» шығармаларын дүниеге әкелді.
Өзі алғаш ұйымдастырып, оған бес жылдай дирижерлік етен қазақтың Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінің репертуарын байытып «Абай» атты симфониялық поэма, «Құрманғазы маршы», «Қазақ маршы» Абай әндерінің тақырыбына жазған фантазиясы, «Би күйі» т.б. толып жатқан шығармаларын жазды.
Оның Ұлы Отан соғысы жылдары дүниеге келген «Серт», «Қалғанша қасық қан», «Москва», «Қарлығаш» атты вокалдық туындылары музыкалық әдебиетімізге жаңа бір әуен, соңы мелодиялық өрнек әкелді.
А.Жубанов аспаптық, музыкамызды дамытуда осы саладағы шығармалары арқылы елеулі әсер етті. Композитордың фортепианоға, қобызға арнап жазған пьесалары, ариялары, романстары, күйлері, би музыкаларының аспаптық музыкадағы соны көрініс болды.
Қобыз бен скрипка үшін «Ария»,қобызға арнап «Көктем» атты вальс, «Романс», «Вальс», Ықыластың «Жез киігінің» тақырыбына арнап «Күй» жазды.
Ахмет Жұбановтың опера жанрындағы туындылары Латиф Хамидимен творчестволық бірлікте жазған /1944/ «Абай» және «Төлеген Тоқтаров» опералары болды.
1942-жылы А.Жубановтың «Қазақтың халық композиторларының өмірі мен творчствосы» деген көлемді зерттеу еңбегі жарыққа шықты. Бұл еңбекте автор халықтың Құрманғазы, Тәттімбет, Біржан сал, Мұхит, Сары, Майра сынды майталман әнші- күйшілердің өнерпаздығын, олардың творчествосындағы өзіндік ерекшеліктерін, XIX- ғасырдағы қазақтың музыкалық мәдениетімен тығыз байланыста қарайды. Әр әнші- күйшінің өскен, өнген ортасын, үлгі- өнеге алған дәстүрін сөз етеді.
1958-жылы баспадан «Ғасырлар пернесі», 1960-жылы «Құрманғазы», 1963-жылы «Жазушы» баспасынан «Замана бұлбұлдары» атты қалың-қалың зерттеу еңбектері жарық көрді.
А.Жубановтың сан-салалы еңбегінің, қайраткерлік ісінің негізгі бір саласы- оның ұстаздығы.
Алматының Құрманғазы атындағы консерваториясы ашылғанда А.Жубанов осы музыкалық оқу орнынан Қазақтың халық аспаптар факультетін ұйымдастырып, көп жылдар бойы осы кафедраны басқарды, консерваторияда қазақтың музыкасының тарихынан лекция оқып, дирижерлықтан, инструментовкадан сабақ берді.
Республикамыздың өнер салаларында қызмет етіп жүрген, консерваторияда ұстаздық етіп жүрген, Ахмет Жубановтан сабақ алған, тәрбиелі ұстаздың алдын көрген шәкірттері көп.
Солардың ішінде Қазақстан Республикасының өнерге еңбегі сінген қайтаркері Нұрғиса Тілендиев, Қазақстан Республикасының халық артистері профессор Шамғон Қажығалиев, Фуат Мансуров сияқты есімі көпке белгілі талантты дирижерлар, ал Қазақстан халық артисткасы , профессор Ф.Д.Балғаева, өнертану ғылымының докторы Б.Ш.Сарыбаев, профессор міндетін атқарушы Құбыш Мұхитов, Алматы Мемлекеттік консерватоиясында ұстаздық етеді. Міне, осылардың бәрі де Ахмет Қуанұлы Жубановтың шәкіртттері.
Композитордың қобызға арналған пьесаларындағы кейбір ерекшеліктер.
Әр композитордың өз қолтаңбасы, суреткерлік тәсілі басқадан дараландырып тұрартын шығармаларының өзіндік үні болдуымен қатар, музыкалық тілі болмақ.
Ахмет Қуанұлының творчествосына тән ерекшелік- шығармаларының мелодиялық жан дүниесін толқытып шаттық тсезімге бөлейтін лирикалылығы. Тыңдаушы сезімін тебіренткен әсерлі лирикалық әуен оның ән-романстарында да аспаптық шығармаларына ортақ қасиет. Композитордың сыршылдығын біз оның аспаптық музыкасынан да естиміз.
А.Жубановтың қобыз үшін жазған шығармаларын өзі тек бұрыңғы қобызды қайта өңдеп жаңа қобызға айналдырып сол аспаптың талап-тұрғысынан туған шығармалары болып табылады.
Композитордың шығармаларының қайсысы болса да бүгінгі қобыздың дыбыс бояуының әдемілігін, орындаушылық техникалық бар мүмкіншілігін, оның негізінде саз әдемі аспап екенін танытады. А.Жубановтың қобыз үшін шығармаларының музыкалық ерекшелігі, міне осыда.
Олар қобызда тек ойнап орындау үшін өте ыңғайлы және сонымен қатар олар қобыздың дыбыс көлемін, барлық регистрін орындау тәсілдерін /штрихтарын/ барынша толық пайдаланумен бірге қобыздың әдемі үнін паш етеді.
Сөзіміз дәлелді болу үшін «Көктем» алып көрелік. Бұл шығарма А.Жубановтың қобыз үшін арнап жазған шығармаларының ішіндегі ең көрнектіісі. «Көктем» өзінің мелодиялық сазымен ерекшеленеді.
Композитордың «Көктемі» көлемі шағын болғанмен шынайы жан тебіренісін, табиғат сулулығына, өмірге деген құштарлықтан туған жастық жыры.
Мұнда орындаушы шабыттана ойнайтын музыка образы әртүрлі характерде мазмұнға бай. Музыкасы әрі шабытты, әрі салтанатты. Бұл заңды да өйткені «Көктем» шығармасына бейбітшілік үшін күресуші дүниежүзілік демонстрациялық жастардың асқақ ойын, күш жігерін бейнелейтін шығарма. Автор осы шығармасы арқылы жастар образын, олардың шаттық көңілін әсем сазды мелодия тілімен сөйлетеді. Жігерлі, шабытты алғашқы сегіз такт фортепиано кіріспесінің өзі тыңдаушыны осыған меңзейді.
«Көктем» шығармасының вальс ырғағында жазылуының өзі жастардың көңіл-күйін суреттейді.. Кіріспеден кейін басталатын қобыз соласы өзінің кең тынысты, ширақы, жүреке жылы тиетін мелодиялық әсерлілігімнг тыңдаушысын салғанынан еліктіреді. Мысалы:
«Көктемде» жоғарыдай айтқанымыздай әр қилы орындаушылық әдіс-тәсілдер кеңінен пайдаланылған.
Әсіресе, бұрын қобызда кездеспейтін трель сияқты ойнау әдісі кеңінен қолданылған. Мысалы:
Музыкалық образ характеріне орай «Көктем» екпіні өзгеріп отырады. Әсіресе, салтанатты екпіннен кейін орындалатын ортаңғы бөлімі тәтті сезімге толы.
Бір сөзбен айтқанда «Көктем» мелодиясы қобыз үніне, оның дыбыс бояуына тән лирикаға мол шығарма болып табылады.
Егер қобызда орындау техникалық тұрғысынан қарай алатын болсақ автор негізінде қобыздың құлаққа аса жағымды бояулы дыбыс регистрын пайдаланады. Осының бәрі орындаушыдан шығарманы өз дәрежесінде асқан шеберлікпен, оның лирикалық сезімге толы музыкалық характерін молынан сырын ашып, көркемдік жоғары дәрежеде орындауды талап етеді.
Композитордың халық сапаптарына арнап жазған шығармаларын сөз еткенде ерекше атап өтетін бір жай бар. Ол- халық аспаптарының дыбыс күшін, спецификасын, бір нәрсені бейнелеудегі мәнерлеушілік мүмкіншіліктерін композитордың жете білетіндігі, және сол мәнерлеушілік мүмкіндікті творчествосында пайдаланатындығы.
Ахмет Жубаовтың осындай музыка зергерлігінің сәтті көрінісі- оның қобызға арналған «Романсы». Композитордың бұл шығармасы көңіл-күйді, сыршылдықпен нәзік сезімде сөйлеткен ойшыл лирика.
«Романсты» тыңдаған Камиль Сен-Санстың «Аққу» атты пьесасындағы сұлулық суреті көз алдыға келеді. Бырақ сол сұлулық «Аққу» кейпіндегі сұлулық емес, адамның арманшыл көрікті көңіл-күйі / ностроение/ ретінде баяндалады. «Романста» әлде бір қасиетті биікке құлаш ұрған арманшыл ойды, ізгі ниетті білдіретін лирикалық әуендегі көңіл-күй / бұл - негізгі мелодия арқала беріледі/. Тамылжыған табиғат көрінісінің / яғни фортепианалық аккомпаноменттін/ фонында шалқиды.
А.Жубановтың «Романсын» тыңдағанымызда К. Сен-Санстың«Аққуында» суреттелетін көрініс көз алдыңызға келгендей болады. Бірақ бұл «Аққудың» көшірмесі емес, немесе оған еліктеу емес, бар болғаны тыңдаушының ассоциялық түйсінуі ғана.
Шығарма бастан аяғаны дейін өте жай екпінде жүреді. Ортаңғы бөлімі өзінің динамикалық құбылмалы, бірте жай, бірде үдете дамитын екпіні арқылы әртүрлі шабытты көңіл- күйін білдіреді.
Poco pin mosso
Триольмен ойналатиын фортепианоның сүйемелдеуі, үзілместен шырқай түсетін шығарманың мелодия байлығы бейбіт өмірдің, тыныштықтың образын алдыңызға елестетеді.
Andante Cantalule
Мұнда мелодия шалқы , ілгері дами түседі. Автор бұл шығармасынадыа қобыздың ең жоғарға регистрін өте орынды пайдаланады. Осының арқасында басқа шығармалары сияқты Ахмет Жубановтың бұл «Романсын» да қобыздың кантиленалық аспап екендігін танытады.
Көпке белгілі «Арияны» осы «Романспен» салыстырсақ формасы тұрғысынан ол А. Жубановтың басқа шығармаларына ұқсас болғанымен, мұның музыкалық тілі ерекшелігі, характері мүлде өзгеше. Егер «Көктемде» салтанатты, шабытты жастар образы болса, «Романсқа» нәзік, лирикалық сезімі тән болса, «Арияда» негізінде айтары мол, сыры көп баллада тектес болып жазылған.
«Ария» жай екпінде басталып, аспай-саспай біртіндеп жоғары шарықтай мелодиясы бейне бір ұзақ хиссаның жырын толғағандай.
Andante
Шығарманың бастан аяғына дейін мелодия жемісі бір үзілмейді, қайта бірдіен-бір өрістеп отырады. Қобыздың жаңға жайлы қоңыр үні тілмен айтып жеткізуге болмайтын тамаша бір сұлу сезімді ұзақ жырлайды. Композитор «Ария» мелодиясының желісін бастан-аяқ сызылтады, оның ырғағын айтарлықтай өзгеріске салмайды. Мұның өзі шығармаға ерекше лирикалық үн бояуын сыршылдықтың музыка тіліндегі әңгімешілдік қасиетін береді.
Басқа шығармаларына тән сияқты А.Жубановтың «Ариясына» да мелодия әуенділігі, саздылығы, тіл өткірлігі айқын көрініп тұрады. Мұнда фортепиано акконпаноменті әдеттегідей тек қана негізгі мелодияны суемелдемейді, қайта оны толықтыра түсуімен бірге өз алдына белгілі бір роль атқарып отырады.
Қобызшылардың аса құйқылжыта ойнайтын Ахмет Жубановтың қобыз үшін жазған шығармаларының бірі «Жез киік». Бұл шығарма негізінде Ықыластың осы аттас күй тақырыбына жазылған Ахмет Жубанов Ыыластың «Жез киігін» өзінше талдап, өзінше өңдеп фортепиано суйемелдеуімен қобызға арнап жазған. Композитор ең алдымен Ықылас күйінің мелодиялық өрісін, диапазонын оригиналды түрінен әлде қайда кеңіте, дамыта түседі. Мелодия өтісін дамытқанда композитор осы замандағы жетілдірілген төрт ішекті қобыздың диапазонын, регистрлік ерекшеліктерін негізге ала отырып дамытады. Ықыластың «Жез киік» күйінің мәнерлеушілік тәсілін ширықтыра түседі: бұрын қобызда кездеспейтін фложалет секілді ойнау штрихын өте әдемі пайдаланалды.Мысалы:
Мұның өзі күйдің характеріне, оның музыкалық образына сай келеді. «Жез киік» екпіні тұрғысынан аса жүрдек орындалады. Шығарманың аккомпаноментіне келетін болсақ, бұл жай қара дүрсіл сүйемел емес, «Жез киік» күйінің мелодиялық негізінде туған жігерлі рухтағы белсенді /активный/ аккомпаномент.
Басқашығармаларына қарағанда А. Жубановтың «Жез киігі» техникалық орындаушылық жағынан шеберлікті аса қажет етеді. Күйдің салған жылдам екпінінде басталуының өзі , орындаушы -қобызшыдан техникасының жетік, саусақтарының жүрдек, әрбәр ноталарды «тайға таңба басқандай» етіп орындауды талап етеді. А.Жубановтың «Жез киігінің» ерекшеліктері: соның белгілі бір музыкалық формасына келтірілуі күй характеріне лайықтандырылып жаңа мелодия сазына, тіліне түсіндірілуінде. Профессионалдық тұрғыдан музыкалық-динамикалық әртүрлі нюанстармен толықтырылуда. Сайып келгенде «Жез киік» бейнесін суреттейтіндей фортепиано суйемелдеуінде қажетті гармониялық бояу табуында.
Ахмет Жубанов бұл шығармасын «Жез киік» тақырыбына арнап жазған тың, оригиналдық шығарма деп айтуға болады.
Жалпы алғанда А. Жубановтың қобызға арнап жазған шығармаларын тыңдағанда жаңа қобыз үнін ажыратуда, оған арнап жазылған музыка шығармаларының жаңа заман интонациясына, мелодиялық құрылысына, ырғаққа, гармониялық фактураға толы екенін айыру қиын емес. Композитордың қобызға арнап жазған музыкасының қайсысы болса да негізінде бүгінгі өмірдің жарқын образын замана шабытын, бақытты адамдар бейнесін суреттейді.
Шығармалар лирикалық сезімге толы болса да, мұнда «жасықтық», писсимистік уайым-қайғы жоқ. Қайта оған керісінше мейлі «Көктемін», мейлі «Ариясын» мен «Романсын» алайық, бұлардың қайсысы болма да тыңдаушылардың жүрек қылын шертетін, күш- жігер беретін шыйқары, шабытты мелодия сазына толы. Бұл заңды да. Өйткені жаңа заманда қайта туған қазақтың бұрынғы қыл ішекті қобызы жаңаша тыңдаушыларменен «тілдесуге», сырласуға борышты еді. Қобызға арнап музыка жазғанда А.Жубановтың алдына қойған творчестволық- композиторлық идеясы осы мақсатта болатын сияқты. Оның шығармаларының тек қобызшылар емес, басқа европалық аспаптарда орындалуы, осы шығармалардың музыкалық мазмұнынын тереңділігін, көркемдік дәрежесініңи озықтығын мелодия құрылысының шабыттылығын дәлелдейді. Мысалы, А. Жубановтың қобызға арнап жазған соңғы «Вальсін» алсақ та осы пікірге келеді.
Өзінің қобызға арнап жазған тұңғыш «Көктемі» сияқты композитордың «Вальсі» де бүгінгі Совет заманының шырақы мелодиялық көңілді интонациясына асқақты, ойнақы, шаттық ырғағына толы. «Вальстің» мелодиялық тілі басқа шығармалар сияқты өткір, көңілге қонымды, жүрекке жылы тиеді, және жеңіл ойналады. «Вальстің» музыкалық бір ерекшелігі оның қобыз дыбыс диапазонын айтарлықтай, мейлінше кеңінен және молынан пайдаланады.
Бір сөзбен айтқанда «Вальс» басынан -аяғына дейін кіші октавадан бастап үшінші октаваның «соль» дыбысына дейін қамтиды.
«Вальс» автордың қобыз үшін арнап жазған туындыларының сәтті шыққан шыңармалар қатарына жатады. Ал, композитордың «Вальсі» болсын, жоғарыла айтылған басқа шығармалары болсын бүгін жас музыкант қобызшылардың аса сүйсіне орындайтын шығармалары болып табылады.
Жаппас Қаламбаев (1909-1970) мектебінің қобызда ойнау әдіс-тәсілдері, әуендік құрлыс өзгешілігі. Қаратау күйшілік мектебі дегенде домбырашылық пен қобызшылық өнер қатар қанат жайған Созақ жері бірден ауызға оралады. Күйшілік дәстүрге келсек – Қаратау күйлері, Арқа орындаушылық үлгісінің өзінше дамыған бір арнасы болып табылады. Қаратауға сонымен қатар қобыз өнері де қонған жер. Қаратау шертпе мектебінің негізін қалаған Сүгір Әлиұлы, өзіне дейінгі күйшілердің мұрасын терең меңгерген, өз сазгерлігімен күй өнерін жаңа белеске көтерген дарын иесі. Ол Ықыластың төл шәкірті ретінде осы екі аспапты да тең меңгерген. Мұндай феномен Сүгірдің шәкірті – Жаппас Қаламбаевқа да қонып, әрі қарай жалғасын тапқан. Сонымен, төлтума қобызшы Ж. Қаламбаев, Сүгір мектебінің дәстүрін жалғастырушысы болып саналады.
Сонау көне заманнан бізге дейінгі қазақтың аспаптық музыкасын жеткізіп, аманат еткен халық аспаптар оркестрінің алғашқы құрамындағы орындаушылардың бірі – Жаппас Қаламбаев. «Қобыз қазағымның, ата-бабамның өнері, ғажайып дарыны екен. Сондықтан халқым алдында өтелмеген қарызым көп, шамам келсе соны өтей бермекпін», - деп айтатын Жаппас .
Ж. Қаламбаев 1909 жылы 1 – ші қаңтарда Шымкент облысының Созақ ауданына қарасты Талап ауылында өмірге келеді. Қоршаған табиғи көркем өңірі, халықтың бай музыкасы, оның табиғи дарынының оятып дамуына дәрісін тигізді. Жаппастың өнерге деген ықыласы жас кезінен байқалды. Ол жасынан сезімтал, ізденімпаздығымен көзге ерекше түседі.
Жаппастың кіші қызы Құндыздың айтуы бойынша: - Әкемнің атасы – Қасымбек он саусағынан өнер тамған кісі болатын, домбырада күйлерді шебер орындайтын, неше түрлі музыкалық аспаптар жасап өзі гармонмен ән шырқайтын. Баласының бойындағы өнерге деген құштарлығын байқаған әкесі, өзі жасаған домбырасымен ән – күй үйреткен. Алты жасынан бастап әкем домбыраны шебер меңгеріп ойнайтын, күйлерді бір естігеннен – ақ жылдам жаттап алатын. Ал, әжем – Жібек, күміс көмей әнші, ауыл аймаққа беделді, сыйлы болған адам. Осы атаммен әжемнің өнерге деген сүйіспеншілігі менің әкеме дарыған.
Ж. Қаламбаев ертеде дарынды өнер иелері сал-серілердің музыкасымен сусындап, үлкен жиын – мерекелерге, би – шешендердің бас қосуына, айтыс – тартыстарына қатысып, белгілі халық сазгерлердің өнер дәстүрін меңгеріпхалыққа жеткізген. Осы тұрғыда, ол әрқашанда тыңдаушылардың көңілінен шығып, орындаушылық шеберлігін арттыра түседі. Сонымен қатар, Жаппас қазақтың көне қобызын игеруді өзіне мақсат еткен. Ол аз уақыттың ішінде аспапты шебер меңгеріп, белгілі қобызшы атанды. « Менің музыкалық талабымның әрі қарай жалғасуына, ауылымыздан өте қашық емес жердегі Созақ жәрменкесіне қатынасқан халық таланттары, ақын, жыршы, бишілердің әсері тиді» - дейді екен Жаппас. Ол Қаратау күй мектебінің әйгілі өкілі Сүгір Алиұлымен кездесіп, Ықылас күйлерін алғашқы домбыра арқылы үйренеді, кейінірек оларды қобызға лайықтап, өзіне ғана тән мәнерімен, техникалық шеберлігі айқын орындаушыға айналады. Сүгір Алиұлы өзінің қайталанбас күйлерінің әсерлі үнін Жаппастың ішкі дүниесін тербелетіп бойына сіңіре білді. Сөйтіп, оның үлкен музыка әлеміне шығуына ықпал етті. Сондай – ақ Жаппасты қобызшылық өнерінің қалыптасып дамуы үшін оны әрі қарай тұрақты еңбек ету керектілігіне бағыттаушы, қадағалаушысы академик А. Жұбанов болатын.
1934 жылы Алматыда өткен бүкілқазақстандық өнерпаздар слётіне Ж. Қаламбаев қатысып, өзінің орындаушылық өнерімен ерекше көзге түседі. Сол кезде жаңадан ұйымдаса бастаған Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің құрамына қабылданып, оркестрдің іргетасын қалаушылардың бірі болып, аспаптық өнерін әрі қарай жалғастырады. Осыған дәлел Б. Ғизатовтың жазған сөздері: «Слётке Қазақстанның түкпір – түкпірінен дарынды домбырашылар, қобызшылар, сыбызғышылар әншілер келіп өз өнерлерін көрсетті. Ғ. Матовтан кейін сахнаға ақ костюмде, аласа бойлы, қобызшы Жаппас Қаламбаев шықты. Қолындағы көпшік тәріздес кішкентай қобызымен ол Ықыластың Аққу», «Қаскыр»,»Жез киік», «Ерден» «Қамбар» күйлерін нақышына келтіріп орындады. Осы орындаған күйлер арқылы, ол қазақтың кең байтақ даласын бейнеледі. Мұны тыңдаған жұрт қазақ даласының керемет қобызшысы екенін мойындады.
Әйгілі оркестрдің мүшесі ретінде 1967 жылға дейін альт қобызшылар тобының концертмейстері және оркестрдің жеке орындаушысы болып, қылқобызда небір Ықыластың күйлерін сайрата ойнады. Осы ұжымда ол ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, 1936 жылы Мәскеу қаласында өткен онкүндік қазақ өнерпаздардың декадасына қатысып, жүлдегер атанды.
Қобызда орындаушылық дәстүрін жалғастырып, оны әрі қарай дамытып, үлкен шеберлікпен ойнайтын аспапшының өнерін А. Жұбанов жоғары бағалап жазады: - Жаппас өзінің кыл ішек тағылған қобызын тартқанда, тірек болу үшін сол құлақтың бірін сол жақ шекесіне тіреп қояды. Оның халық қобызын ұстаудағы түйінінің үлкен акустикалық мәні бар. Ал қобыздың орындауы домбырадан анағұрлым басқа, қиын екенін музыка танушылар жақсы біледі. Онда ойнау скрипкадан да гөрі қиынға соғады. Өйткені қобызда саусақтарды басатын мойны жоқ. Солай бола тұрса да, Жаппас не бір техникалық күйлерді құйқылжытып тартқанда, адам баласының ала алмайтын қамалы жоқтығына таң қаласын. Жаппастың ойнау ерекшелігі географиялық өмір сүрген ортасына да байланысты. Ол екі өнер мектебін бірдей игерген. Біріншісі – домбыра, екіншісі- қобыз. Екі аспапта да шебер орындаушылық үлгісін танытты. Үлкен өнер иесі домбырашылар Тәттімбет, Сүгір, Дәулеткерей, Дина, Тоқа, Дайрабай күйлерін қобызға салып орындайтын. Сонымен қатар, Жаппас өзінің ауызекі түрде жаттап алған шығармаларына өзіндік мәнерін, стилін қосқан өнер иесі. Ол орындаушы ретінде қазақтың музыкалық мәдениетіне, күй мен әндеріне жаңашыл ырғақ, мақамында өлшем қосқан шебер күйші.
Сол күйлердің образдық әлемін, ойнау тәсілдерін, өрнектеу әдістерін, ойнау техникасын және теріс бұраудағы домбыра күйлерінің даму композициясын қобызға түсіріп, айнытпай орындаған. Мысалы, «Қорқыт», «Кертолғау», «Жез киік». «Бес Төре», «Сылқылдақ».т. б. Жаппастың ендігі бір кереметтілігі «Аққу» күйін орындағанда қобыз, құстың қанатының суылы мен көркем музыкалық үнін береді. Осы арада қобызшы флажолеттің басқа европалық ысып ойнайтын аспаптарда кездеспейтін бір түрлерін көрсетеді. Оның үстіне трельдер қосылғанда, шын мәнісіндегі аққудың ұшқан қанатының үні құлаққа келеді. Осының бәрін де аспапшы, көбіне сол қолдың саусақтарының техникасы ойнау ерекшелігі арқылы береді. Қобызда мұнымен қатар екі дауысты бір кезде ала береді. Біз бір дауыста әуен жүріп, екінші дауыстың остина толық жүргізуін айтпаймыз. Ол жәй ысып ойнайтын қобызды былай қойғанда, қағып ойнайтын домбырада да адам таңқалатындай хәлде беріледі. Ал Жаппастың орындауында қос дыбыстың екеуі де қозғалады, екеуінде де әуен жүреді. Ішектің мойынға жақын басылуға ыңғайлы болмай, ілулі тұрған қалпында сондай қос дыбысты жүргізе алатын қобызшы, оның орындаушылық техникасы тамаша әсер қалдырады» – деп, оның дарынына баға беріп жазады А. Жұбанов.
Жаппастың орындауындағы өзіндік дара стилі, жоғары көркемділігі ерекше көзге түсетін. Күйшінің орындаушылық шеберлігін жоғары бағалап, көптеген музыкатанушылар да өз пікірлерін жазып қалдырған. Соның ішінде белгілі жазушы И. Жақанов та «Қобыз Атасы - Ықылас» деген кітапта Жаппас туралы өз ойын білдіріп жазған: - «Аққу» күйін алғаш жеткізіп, қайталанбас шеберлікпен тартқан адам Қаламбаев Жаппас еді.
Әрі құс қанатының желпи қаққан суретін, әрі жанға жайлы есті сарынын тыңдаушының көңілі мен көкірегіне қатар ұялатар құдіретті Жаппастың орындаушы суреткерлері десе лайық. Қобыз ішегіне жанасқан саусағы біресе дірілдеп, біресе тербеліп, енді бірде көз ілеспес жылдамдықпен жорғалап жөнелгенде адам өмірінің шытырман тағдырын айтуға келгенде, әуен – саздың тілінің мейлінше жүйрік екеніне күмәнсіз сенесіз. Бірте – бірте Қаламбаев алғашқы қадамын басқан тұңғыш Құрманғазы атындағы кәсіби оркестр ұжымының жеке орындаушысы, сахнаның санаулы шеберлерінің біріне айналды. Оркестрдің жарқын жеке орындаушысы бола жүре, ол осы оркестрдің болашағын ойлап ұстаздық қызметінде де қажырлы еңбек етті. Тәрбиелеп шығарған шәкірттердің ішінде еліміздің мәдениетінде өзіндік биік орын алған көптеген белгілі қайраткерлер бар мысалы: Ф. Балғаева, А. Исмаилов, А. Жаманшалова, Ж. Қасымов, Д. Тезекбаев, . Өзінің кәсіби шеберлігі құпиясын шәкірттеріне үйрете жүріп, жаңа сым қобыз мектебіндегі орындаушының (3-4 ішекті) қобыздың жаңа толқынын қалыптастырды.
Ж. Қаламбаев халық музыкасын жинастыруға да елеулі еңбек етті деген болжам бар. Көптеген күйлерді қайта жаңғыртып, өз қолтаңбасын қалдырған дарынды иесі. Кең ауқымды білімімен аспапшы, ұлтымыздың аспаптарын да терең меңгерген. Жаппас Қаламбаев – феномен, сирек дарын, аспаптың ішкі дүниесін жетік білген ол, жеке орындаушы ретінде сахнаға жиі – жиі шығып тұратын. ХХ ғасырдың орындаушылық саласында, Жаппастың алатын орны биік. Ол оркестр тәрбиесін көріп өскен, қобызда ойнағанда шығарманың құрылымын дәл сақтауды принцип ретінде ұстаған. Оның өнері жан – жақты синкреттік түрде қалыптасқан. Ол - әрі күйші, әрі сазгер. Сондықтан Жаппастың ойнау тәсілі, дәстүрлі өнер мектебіне жатады. Қобыз репертуарын байытып, асқан шеберлікті қажет ететін күйлер мен көптеген халық әндерді қылқобызға арнап өңдеген және фортепианомен нота бетіне түсірген.Жаппасты біз тек қана шебер домбырашы, майталман қобызшы деп білеміз. Ал Жаппастың қыздарының – Дина (1937.22.04) мен Құндыздың (1962.21.09) айтуы бойынша: - «Әкеміз өмірде өте мәдениетті, қарапайым жуас адам болатын және керемет ән салатын. Жас кезінен әнші болғым келеді деп армандайтын. Қазақтың халық әндерін нақышына келтіріп, өте сазды ән шырқайтын. Дауысы жұмсақ, камералық тенорға ұқсас болатын. Үлкен жиындарда, той – томалақтарда әкем бірінші болып шақырылатын, ол кісі болмаса, тойдың сәні болмайтын. Дина апайдың айтуы бойынша, ол Ахмет Жұбановпен бірінші кездескенде ән айтып, қобыз және домбыра тартып өз өнерін көрсетіпті. Сонда Жұбанов: «....Сен әніңді қоя тұр, әншілер баршылық, бізге сенің қобыз өнерің қажеттірек болып тұр деп» - айтып қалыпты. «Өкінішке орай, мен бала кезімде анам Гүлжәмилядан еститінмін, әкем 1934 жылы дауысынан айырылып, ән айталмай қалған. Себебі қатты ауырып, тамағына суық тигізіп алған көрінеді. Әкем бір жолы үлкен концертте ән айтып, қобызын ойнап шыққан кезде қатты ауырып, қызуы көтеріліп, төсек тартып қалған екен. Көңіл сұрап келген академик Рахманқұл Бердыбаевтың туысы әкемді емшіге апарып емдетті. Осы жағдайдан кейін, әкем ән салмайтын болды» - дейді қызы Құндыз. Шыныменен, Жаппастың ән салу құштарлығы оның қобызда орындаған әндерінде де байқалады. Ол әнді қобыздың жұмсақ сазды шалқыған әсем әуенімен ұлттық сипатта келістіре орындайтын. «Әннің өмірлі болуы, оның орындаушысына байланысты», - деген орыстың музыка зерттеушісі А. Серовтың тұжырымым әбден сенуге болады. Жаппастың орындауында қайсы әні болмасын, жүрек қылын шертетін әуезділігімен, әсерлі үнімен тыңдаушысын бірден баурап алатын. Оның орындауында қазақтың 24 әндері үн таспаға жазылып алынған. Әндердің орындалуы өте таза, әсем, құлаққа жағымды болып естіледі де, шынайы жүректен шығатыны байқалып, тыңдаушыға қатты әсер береді.
Демек, Жаппас Қаламбаев тек қана домбыра күйлерін қобызға түсіріп қоймай, ол халық әндерін, замандас кәсіпқой халық сазгерлерінің әуендерін қылқобызға арнайы түсіріп, көркемдеп орындаған. Мысалы: Жаяу Мұсаның әні «Жаяу Мұса», Ыбырайдың «Гәккуін», Біржанның, Естайдың Ғазиздің, Ақан серінің, М. Ержановтың әндерін және т. б. Себебі, оның өскен ортасы, еңбек жолындағы араласқан өнер адамдары, халық әнін, халық композиторларының әндерін жеткізуші, насихаттаушы әншілер болатын. Атап айтсақ, олар: Қазақстанның халық әртістері М. Ержанов, Ж. Елебеков, Қ. Байжанов, К.Бәйсейітова, Ж. Омарова ж/е т. б.
Осы ұлы әншілердің ықпалы Ж. Қаламбаевтың шығармашылығына үлкен әсер қалдырған болар. Ол халық әндерін қылқобызда орындағанда, әр әннің әуені, ырғақ ерешеліктерін төл нұсқасын дағыдай әрі сақтап, әрі әсерлей білген. «Ж. Қаламбаевтың орындауындағы үн таспадағы әндерден оның тек қылқобызда шебер орындаушы ғана емес, әншілік өнердің қыр – сырын аса меңгергендігі де байқалады» - дейді белгілі Астана филармониясының әншісі Айтбек Нығызбаев. Өкінішке орай, қазақтың көптеген халық әндері, Жаппастың орындауында әлі де нотаға түсірілмеген. Қаламбаевтың орындауындағы Манарбек Ержановтың «Паравоз» әніне жеке тоқталсақ. М. Ержанов әнші – композитор ретінде, республика өмірінде болып жатқан елеулі оқиғаларға өз үнін қоса білген дарын иесі. Оның «Паравоз» әні Қазақстандағы Турксиб темір жолының жүргізілуіне орай шығарылған. Бұл - ән оның композиторлық шығармашылығында сәтті шыққан туындыларының бірі. Ән Турксіб темір жолы арқылы қазақ жеріне келген үлкен жаңалық лебін бейнелейді.
Жаппас қобыздың орындауында әннің қуаныш пен шаттыққа толы ашық, жарқын әуенін тыңдаушыларға жеткізе білді. Бұл әнде Қазақстанда жүзеге асып жатқан ұлы өзгерістердің куәсі болған композитордың, көңіл сүйінішін анық сезуге болады. Төрт айлық жолды алты күнде жүріп өтетін темір тұлпар туралы ән жұртшылыққа тез тарап кетті.
Жаппастың қобызда орындаған «Паравоз» әні. Әннің музыкалық құрылымындағы айрықша атап өтетін ерекшелігі – композитор екі түрлі сипаттағы әуенді, қоңыржай лирика мен термені бір – бірімен шебер қабыстырып, жаңа көркемдік шешім таба білген. Терме ырғағы әннің екпініне екпін қосып, әуенін жаңа бояу – реңмен ажарландырып, құлпырта түседі. Жаппас осы әнге неше түрлі қобызға тән иірімдер қосып, өте әсерлі орындаған. Өз аспабына лайықты, дыбыс мүмкіншілігіне сай келетін әндер мен шығармаларды таңдай білу, әр әнге тән орындаушылық қалыпты қадағалау –аспапшының орындаушылық шеберлігінің бір қыры еді. Шебер өнер иесі өмірдің соңғы күніне дейін өзінің аспабында «күмістей» сыңғырлаған әсем – қоңыр дыбысын сақтап қалған.
Қазақ радиосы қорына Жаппастың бірнеше әндері мен күйлері жаздырылып алынған. Сонымен шебер күйшінің есімі композитор ретінде де, жұртшылыққа танымал. Ол өз жанынан қобызға арнап бірнеше күйлер шығарды. Композиторлық шығармашылығында, Жаппас ұлт аспаптар музыкасының жаңа дәстүрлерін жетілдіріп, өзінің туындыларында да, қобыз мүмкіндігінің жаңа қырларын аша білді. Өз жанынан шығарған туындыларының көбі өкінішке орай, нотаға түсірілмей, ұмытылып кеткен.
Бізге жеткен күйлері: «Жаппас», «Шәркен», «Кең өлке», «Қазақ маршы, «Жұман», «Еңбек маршы», «Күй толғау» романсы. Халықымыздың әуен-сазы негізінде туған бұл шығармалар, музыка мәдениетінде оның ең бір озық үлгісі болып саналуына лайық. Аталмыш күйлердің ішінде терең толғанысқа толы, саз-сарынымен, өзінің күрделі бітімімен «Жұман» атты күйі ерекше назар аударады. Бұл күй өзінің мезгілсіз кеткен баласына арналған.
Қыздарының айтуы бойынша Ж. Қаламбаев оркестрге де бірнеше күйлерді өңдеп түсірген. «Үйде фортепиано болмаса да, үстел бетіне фортепианоның клавишаларын суреттеп, соған қарап, құйма- құлақ сезімімен, оркестрге бірнеше күйлерді түсіріп жазған. Мен әкеме көмек беріп, қарындашының ұшын ұштап беретінмін. Сол кезде жазып түсірілген партитуралар, өкінішке орай, осы уақытқа дейін табылмай жатыр» - дейді бір әңгімеде үлкен қызы Дина апай.
1968 жылдары Құрманғазы атындағы консерваторияда қылқобыз сыныбы ашылып, белгілі сазгер, ғалым, академик А. Жұбановтың шақыруы бойынша, Ж. Қаламбаев дарынды жас қобызшыларды дәстүрлі күй өнерімен таныстырып, оларға тәлім-тәрбие беруді жалғастырды. Олар: Б. Қосбасаров-Құрманғазы атындағы консерваторияның білікті маманы, профессор, Қ. Әжімұратов-ҚР Еңбегі сіңірген әртіс, керемет қобызшы, ол өзінің ұстазы сияқты домбыраны да жетік меңгерген, ән де салған. Көп жылдары Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің бас тобының концертмейстері болып еңбек атқарған.
Ә. Жұмабекұлы- қобызшы, ұлағатты ұстаз, Қазақстанның мәдениет қайраткері және т.б. Жаппас ұлт мәдениетіміздің дәстүрлі көрнекті өкілі, қылқобыз өнерін дамытуда оның еңбегі айырықша. Ол орындаушы ретінде қалың жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Оның шығармашылық мұрасы мен орындаушылық шеберлігі, өзінің қайталанбас сипаты және көркемдік құндылығы рухани байлығымыздың биік саласына айналды. Халқымыз бен үкіметіміз Ж.Қаламбаевтың еңбегін жоғары бағалап, оған Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері деген құрметті атақ берді. «Жұман» атты күйі Жұман деген баласының ерте қайтқан қайғылы оқиғаға байланысты. Қаратау мектебінің қобыз бен домбыраның сәйкестігімен шығарылған. Күй өзіндік орындау ерекшелігіне толы болып келеді. Оны орындаған күйші аспапты шебер меңгеру керек. Күйдің музыкалық құрылымына қайғылы үніне баласының қайғылы оқиғасы қатты әсер етті. Аспаптық жоқтау негізінде жазылған. Оның құрылымы зармен әндік-речитативтік (интонациялық) қобыз арқылы өте әсерлі көрсетілген.
Қорытынды.
Қорыта айтқанда, Ахмет Жубанов қазақтың халық аспабы қобызға арнап көптеген музыкалар жазған тұңғыш композиторы болса, ал Жаппас Қаламбаев қобыз аспабының қыр-сырын жетік меңгеріп аса шеберлікпен тамылжыта орындаған күйші композитор. Бұл екі композитордың шығармалары тек қобызшыларға ғанғ емес, басқа европалық аспаптардың, мысалы: скрипка, виоленчель, альт және үрмелі аспаптардың суйікті репертуарларының біріне айналды.
Шығарманың қайсысы болса да тек республика театры мен концерт залдарында ғана емес, бүкіл одақтың, тіпті шет елдер театы мен концерт залдарында зор табыспен орындалады. Әсіресе Ахмет Жубановтың бүкіл дүниежүзілік жастар мен студенттердің III-фестивалына арнап жазған «Көктемі» мен «Ариясының» Берлинде, Москвада балған фестивалдарында орындалуы бұл шығармалардың баға жетпес, көркем туындылар екендігін көрсетеді.
Ахмет Жубанов пен Жаппас Қаламбаевтардың қобыз үшін жазған шығармаларының қайсысы болса да заманмен бірге жасайды. Олар тек қана профессионал орындаушылардың ғана емес, тыңдаушы қалың жұртшылығымыздың ең сүйікті музыкасы болып қала бермек.
Мазмұны
1. Кіріспе
2. А.Қ.Жубановиың өмірі мен творчествосы
3. Композитодың қобызға арналған пьесаларындағы кейбір ерекшеліктер
4. Жаппас Қаламбаев өмірі мен творчествосы
5. Күйші композитор мектебінің қобызда ойнау әдіс-тәсілдері.
Автор жайлы.
Омарова Бақытгүл Елемесқызы Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясын 1981 жылы ойдағыдай аяқтағаннан кейін Семейдің Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінде қобыз класының оқытушысы мамандығы бойынша қызмет істейді. Училищеде жұмыс істеген кезеңінді Омарова Б.Е. 90 астам жоғарғы дәрежелі мамандар дайындап шығарды. Олардың әр түрлі салада еңбек етіп жүр. Музыкалық мектептерде, училищеде, оркестрлерде, орта мектептерде жұмыс істейді: Дүйсенбаева Әсем-халықаралық «Шабыт» конкурсының леуреаты, М.Төлебаев атындағы музыкалық училищеде оқытушы. Бақытханова Динара-қалалық, республикалық конкурстардың лауреаты, Алматыда Құрманғазы атындағы оркестрдің артисі, Майшыбаева Бақыт-Астана қаласы Ұлттық Академияда ұстаз, Байшолақова Аяулым қалалық конкурстардың лауреаты-Семей қалалық филармониясының оркестрінде қызмет атқарады. Ргелова Айгүл- М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде, музыка мектебінде оқытушы. Ақайқызы Тынышкүл Моңғолия Республикасында өнер саласында еңбек етеді.Оспанғалиева Жансая- халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаты, Астана қаласында Ұлттық Академияда білім алуда.
Омаровап Б.Е. педагогикалық жұмысымен қатар концерттік қызметті белсене атқаруда. 35 жылдан бері училищенің қазақ ұлт аспаптар оркестрінде, 14 жыл қалалық филармониясының оркестрінде ойнап, әрі концертмейстерлік қызмет атқарды. Қалалық филармониядағы Бибігүл Төлегенова атындағы Қазақ ұлт аспаптар оркестрінің құрамында гастрольдік сапармен Россияда, Түркияда және Қазақстанның барлық қалаларында өнер көрсетті. Қалада құрылған «Қазына» атты ансамбльде 30 жылдан бері ойнап 2014 жылы мақтау грамотасымен марапатталады.
2014 жылы Республикалық «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер!» фестивалінің облыстық байқауында III орын алып лауреат атанды.
Қоғамдық жұмыстаға да белсене араласып, қалалық халықаралық деңгейде конкурстарға жюри мүшесі болып сертификаттар алды. Спорт көлемінде, шахмат әлеміне қатысып, бірнеше мәрте жүлделі орындарға ие болып грамоталармен марапатталды. Қалалық ақпарат құралдарында өнер салсының жетістіктері жөнінде мақалалары үнемі жарияланып тұрады.
Қалалық семинарға үнемі қатысып жас жеткіншектерді тәрбиелеуде өз үлесін қосып келеді.
Бірнеше әдістемелік бағдарламалар және оқулық құралдар жасады. «Қобыз ойнауға оқыту методикасы» 1999 жыл, Ж.Дастенов «Қаңбақ шал» операсынан «Би» 1998 жыл (партитура). «Аспапта оқыту әдістемесі» 2013 жыл.