kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

8 наурыз к?ніне арнал?ан сценарий

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сценарий на 8 марта для старших групп детского сада. Этот сценарий очень интересный.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«8 наурыз к?ніне арнал?ан сценарий»

«8 наурыз»

Кейіпкерлер: Жүргізуші, ән күй жетекшісі, мыстан кемпір, Белладонна ханымы, Шапокляк, балалар.

Үнтаспадағы дауыс немесе сахна сыртындағы жанды дауыс(құпиялы):

-Бұл оқиға 7-ші наурыз күні кешкі уақытта болған еді. Қараңғы ну орманның қасына бір күдікті топ жинала қалады. Олар : мыстан кемпір, Шапокляк, Белладонна ханымы. Дәл осы кеште олар сұм жоспар ойластырады....

(осы кейіпкерлер ортаға алақтап, ақырын басып келеді.)

Мыстан кемпір (күдіктене): Сендерді біреулер көріп, арттарыңнан еріп келген жоқ па?

Белладонна ханымы: Жо-жоқ!..

Шапокляк: Бұл не деген асығыстық? Саған біз неге дереу керек болып қалдық?

Мыстан кемпір: Тыныш! Ақырын сөйлеңдер(жан-жағына қарайды). Бізді естіп қалулары мүмкін! Ертең қандай мереке болатыны естеріңде ме?

Белладонна ханымы: М-м-м, есімде бар сияқты!

Шапокляк: Әрине, ертең 8 –ші наурыз мерекесі!

Мыстан кемпір: Ендеше, бұл мерекенің шырқын бұзайық!

Белладонна ханымы мен Шапокляк (хормен): Оның керегі бар ма?

Мыстан кемпір: (маңдайын жұдырығымен соғып): И-е-х! Топастар!(Белладоннаға назарын аударады) Сені сол тойға тым болмаса бір тірі жан шақырды ма?

Белладонна: Жо-жоқ!

Мыстан кемпір(Шапоклякқа қарап): Ал, сені ше?

Шапокляк( кеңістікке жұдырығын түйіп, кіжініп): Ух! Жоқ!

Мыстан кемпір: Ендеше, мерекенің біз үшін керегі не? ..

Белладонна және Шапокляк(хормен): Керегі жоқ!

Мыстан кемпір: Жарайсыңдар! (Картаны жаяды) .Былай, мына тұстан бастаймыз!

Белладонна және Шапокляк: № _____________ балабақшасы(балабақшаның атауы)

Мыстан кемпір: Иә! Толығырақ үйшікте талқылаймыз! Бұл жерден бір-бірден кетеміз! ( музыка ойналады, кейіпкерлер бірінің соңынан бірі залдан шығып кетеді).

Дауыс: Ал, балабақша өмірі күнделіктей жалғасты, ешкім де ештеңені сезген емес...

(Музыка ойналып, залға ұлдар қыздардың қолдарын ұстап келеді.)

Тақпақтарын айтады. Орындарын барып жайғасып отырады.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар, әжелер, балабақша ұжымы! 8- ші наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүріңіздер!

Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтін,

Кең құшағын аясындай гүл бақтың.

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,- дей отыра

бүгінгі мерекені ашуға рұқсат етіңіздер!

(кілемнің үстіне әмиан түсіп қалады).

Жүргізуші: Ой! Кім әмианың жоғалтып алды? ( әмианды алмақшы болып төмен қарай еңкейе бергенде, әмиан жылжып кете береді, сөйтіп зат есік жаққа дейін жылжып кетеді. Жүргізуші де сол жаққа дейін артынан қуып барады. Осы кезде Мыстан кемпір мен Белладонна екеуі кіріп жүргізушінің сценариін ұрлап кетеді. Жүргізуші қайтадан келіп , үстелдің үстіне қарайды.)

  • Ой, менің сценариім қайда?(іздейді) ( ән күй жетекшісінің атын атайды) ..........., сценариім жоғалып кетті, көрмедіңіз бе?

Ән күй жетекшісі: Жаңа бір қызық әжей қан қысымын қай жерде өлшеуге болады деп сұрап еді.... сонда қалай , сол әжей алып кетті ме? Мүмкін емес ! Менде тағы бір сценарий бар! (жүргізушіге бір бума қағаз ұсынады).

Жүргізуші: Тамаша! Ендеше біздің мереке жалғасады!

(Әжелеріне арналған тақпақтарын айтады).

Би: «_________________________________________»

( Белладонна медбике киімін киіп шығады)


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
8 наурыз к?ніне арнал?ан сценарий

Автор: Садыкова Бахытгуль Дюсеналиевна

Дата: 04.05.2016

Номер свидетельства: 324209


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства