Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы:"Отан – мені? ата - анам" »
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №24 мектеп-гимназиясы» ММ
Оқыту үрдісін сапалы түрлендірілуінқамтамасыз ететін заманауи сабақтың құрылымы
Кіріспе
Музыкалық білім берусаласы көп уақыт бойы консервативті тұрғыда қарастырылып келді және технологиялық жаңашылдықты тәжірибе жүзінде қолданбады. Ол, өнер педагогикасының нақты ғылымдарға қарағанда технологиялық сипаттауға келмейтін, қайталанбас, дамуы әрқашан жеке-дара адамның рухани әлеміне, сезіміне бағытталған оқытудың тұлғалық мінез-құлығымен байланыстырылады.
Мақсаты:
Музыка сабағын ұйымдастыру және өткізу үшін электрондық оқулық арқылы жетілдіру.
Музыка сабағындағы әр бөлімнің ерекшелігін түрлі мысал дәлелдермен толықтырып сабақ құрылымын ауқымдау.
Іс-жүзінде қолдана білуге жетелеу және меңгерту.
Топқа бөліп шығармашылық тапсырмалар арқылы музыка сабағының әр бөлімін практика жүзінде өз бетімен аша білуге мүмкіндік туғызу.
Музыкалық-теориялық цикл сабақтарында қолдануға болатын педагогикалық технологиялар келесілері:
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Ақпараттық техналогиялық оқыту ретінде ақпарат жаңғырту үрдісінің байланыс құрылымы компьютерлік бағдарламаны қолданумен жүзеге асырылуы түсіндіріледі. Бұл заманда білімді ақпараттандыру білім жүйесі ақпарат жүйесімен (компьютермен, аудио-бейне құралдармен), ақпараттық технология, ақпараттық өнімдермен біте қайнасқан іс-шаралар кешені іспетті.
Бірінші кезеңде түсіндіру болады, барлығы жеке жұмыс жасайды. Мұғалім – жеке.
Екінші кезеңде оқушылар бірін-бірі бақылайды.
Үшінші кезеңде түбегейлі жеке жұмыс, әркім өзін-өзі бақылайды.
*** Мұғалім әр оқушыға көңіл бөле алатындықтан, бұл жүйе музыкалық сауаттылықты және музыка теориясы сабақтарындағы музыкалық-теориялық ұғымдарды оқығанда өте ыңғайлы.
Жеке бағытталған технологиялар субъект-
субъекттік оқытудың,
тұлғалық өсу диагностикасының,
жағдаяттық жобалаудың,
ойындық үлгілеудің,
тұлғаның шынайы, әлеуметтік-мәдениеттік, білімдік кеңістікте дамуын қарастыратын оқыту тапсырмаларын
өмірлік жағдайлармен байланыстырудың басымдығын қарастырады.
Мектептегі музыка сабағы оқушыларды әсемдік әлемінің таңғажайып сырын терең түсініп, көркемдік атаулыны шынайы сезінуге, одан рухани ляззат, әсер алуға, өмір жайлы ой толғауға, ізгілікті мұрат мақсаттарға жетелеп, өнегелі істерге баулиды. Осы маңызды міндеттерді орындау үшін баланың бойындағы қабілетті дамыту керек.
Ал жалпы музыкалық қабілетті дамыту үшін музыка пәнінің мұғалімі «сегіз қырлы-бір сырлы» болуы қажет.Ол - әнші, музыкант, актер, әдебиетші, тарихшы – қысқасы, ғылымның әр саласынан хабардар болғанда ғана, бүгінгі күн талабына сай ұстаз бола алады. Міне, осындай ұстаз дайындау мақсатында педагогикалық оқу орындарындағы музыкалық білім мамандығының маңызы зор.
Музыка пәні мектептегі сабақ кестесімен дәстүрлі сабақ типі бойынша өтіп, сабақтың құрылымын, формасын сақтап отырады.
Музыка сабағының негізгі бөлімдері:
1.Ұйымдастыру
2.Өткенді қайталау
3.Жаңа тақырыппен жұмыс
4.Сабақты бекіту, пысықтау
5.Сабақты қорытындылау
6.Шығармашылық тапсырмалардан тұрады.
Д. Б. Кабалевскийдің тұжырымдамасына сәйкес, сабақ тұтастығына қол жеткізуді жорамалдайтын өзектің негізі - оның тақырыбы болып табылады.
Д.Б. Кабалевский атап көрсеткендей, музыкалық өнерді тұтастай түсінудегі музыканы жанды түрде қабылдаудың маңызы аса зор.
Л. В. Школярдың пікірінше, «Баланы шығармашылық үрдіске алдын ала дайындау бағдары да сабақтың тұтастығына қол жеткізу тәсілдерінің бірі болып саналады.
Музыка сабақтарында педагогика мен музыкалық өнердің одағын жүзеге асыру қажет.
Мұндай одақтың қажеттілігін педагог – музыканттардың барлығы бірдей мойындайды.
Сонымен бірге музыкалық білімнің заманауи тәжірибесі мен теориясында сабақты музыкалық – педагогикалық туынды ретінде жасауда режиссура маңызды міндет атқарады. Соңғы жылдары көркемдік жиынтықтағы оқу пәндерінде «педагогикалық режиссура», «сабақтың режиссерлік қызметі», «сабақ режиссурасы», «мұғалім мінез-құлқының режиссурасы» сынды ұғымдар айтылып жүр.
Жүзеге асыру – бейнесінде ой – бейнеге тән барлық ерекшеліктер сақталып қана қоймайды, олар төмендегі түрлерде нақтыланады:
нақты музыкалық материалда;
әдістемелік тәсілдер мен әдістерді іріктеуде;
іріктелген музыкалық материалды сол немесе басқа бір музыкалық туындымен қатынастағы балалардың мүмкін болатын әсерлерін көрсетумен сәйкестендіруде;
қатынас пен іс-әрекет түрлері мен формаларының арақатынасында;
сабақтың шарықтау шегі, мағыналық және сезімдік шарықтау шегін анықтау мен сезімдік жағдайлардың ауысуында;
мағыналық кезеңдердің реттілігінде;
оқушылардың музыкалық оқу іс-әрекеттері түрлерінің әрқайсысындағы белсенділік деңгейі мен оның белсенділігін пайдалану тетіктерінде;
мұғалімнің өзі мен оның оқушылармен өзара қатынасының стильдері мен сипатындағы әртістіктің нақты көріністерінде.