Саба? ??рман?азы Са?ырбаев к?йіні? ?уенімен басталады. М?галім ал?аш?ы музыка саба?ын к?й атасы ??рман?азыны? ас?а?, шабытты, шат к??ілді к?йімен бастап, жа?сы тілектер айтып, балалармен жа?сы байла- ныс орнатып, психологиялык дайынды? жаса?аны ж?н.
Музыка ты?дау: ?н саба?ы. Музыкасын жаз?ан К. ?уатбаев.
Мектепті? ?демі ?ой ?р саба?ы,
?ызы?-ау ?сіресе ?н саба?ы.
Ш?рипа Шара болып би билесе,
К?липа К?л?ш болып ?н салады.
Б?ріміз б?л сабакта тамашамыз,
?кілі б?рік киіп жарасамыз.
Апай?а ?н ?йреткен ырза болып,
?йді-?йге ?ле? айтып тарасамыз.
- Біз б?гінгі музыка саба?ында та??ажайып музыка ?леміне саяхатымызды бастаймыз, - деп, о?улы?та?ы шартты белгілермен таныстыру, оларды? міндетін т?сіндіру.
Окулы?ты? ал?аш?ы беттеріндегі ?н айтып, би билеп, домбыра тартып т?р?ан, музыка саба?ында отыр?ан балалар сурегтеріні? ?зі-ак о?ушылар- ды музыка ?леміне жетелейді. Сонды?тан ?демі ?стетикалы? тал?аммен жасал?ан к?рнекі к?ралдарды, м?мкіндік болса, аспапты? ?зін к?рсетсе ?тымды болар еді ж?не сол аспап орындауында музыкалы? шы?арма гы?датылса, баланы? музыка тындау?а ?ызы?ушылы?ы оянады. Ал?аш?ы саба?тан бастап-а? музыканы зейін ?ойып ты?дай білуге ?йреткен ж?н.
Музыка ты?да?анды, ?н айт?анды ?натасы? ба?
Музыка деген не? - деген ой ?оз?ау, ізденіс тудыратын ?діспен, орыидал?ан к?й мен о?улыкта?ы т?рлі т?сті суреттерге с?йене отырып, балаларды? пікірлері ты?далады.
?н айту бала организміне жайлы тиіп, с?йлеу ?абілетін жетілдіруіне, гыпысын тере?детуіне, дауыс аппаратын шыны?тыруына к?мектеседі. v )іі айту кезінде баланы? негізгі музыкалык ?абілеттері - ?моциялы? лсерленгіштігі, есту, есте са?тау ?абілеті, ыр?акты сезінуі дамиды.
Ал?ашкы саба?тан бастап, о?ушылар?а ?н айту ережелері т?сіндіріледі. ?нді м?нерлі, ?уенді, же?іл дауыспен айта білуге, ?н айтуды? алдында ж?не музыкалы? с?здерді? аралы?ында иы?ты к?термей, демді ішке ала білу ж?не оны с?здерді айтып бол?анша ?стау?а, дауысты ж?не дауыссыз дыбыстарды д?рыс, с?здерді анык айту?а да?дыландыру керек.
Дауыс жаттыгуын ?нні? «Отан - мені? ата-анам, Отан - досым, бауырым» дейтін 1-фразасына жасату ар?ылы, ?нні? с?зін жаттату коса ж?ргізіледі. Секірмелі дыбыстарды таза орындау?а, дикцияны? аны? ай- тылуы мен дауысты дыбыстарды д??гелете айту?а жатты?тыру.
Просмотр содержимого документа
«" ?нер ар?ылы балаларды адамгершілікке т?рбиелеу "»
Күні: 13апта Пәні:Музыка Сынып:6
Сабақтың тақырыбы: Ой толғау. Сабақтың мақсаты: Өнердегі жанр түрлерімен таныстыру. Білімділік: Музыка мен бейнелеу өнеріндегі жанрлар жайлы әңгімелеу. Суретшілер мен композиторлар туралы мәлімет бере отырып, шығармаларының мазмұнын ашу. Дамытушылық: Әр оқушының өзіндік ой – қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, шығармашылық жұмыс жасауға жұмылдыру, танымдық белсенділігін арттыру, тіл байлығын, музыка сауаттын дамыту. Тәрбиелік: Композитор мен суретшілердің шығармалары арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу, өнер адамдары көтерген тағылымды дүниелерден үлгі – өнеге алуға шақыру. Сабақ түрі: Аралас сабақ Әдісі: сын тұрғысынан ойлау технологиясы, Венн диаграммасы, шығармашылық ізденіс жұмыстары, топтастыру. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, суретшілер шығармашылығына арналған слайдтар, ақ қағаздар Пәнаралық байланыс: Әдебиет, бейнелеу Сабақ барысы:
І. Қызығушылығын ояту. 1. Әндетіп амандасу. 2. Психологиялық тренинг 3. Ой қозғау. Үй тапсырмасын сұрау - Табиғатты бейнелейтін күйлер мен әндерді ата? - Қастеев кім, қандай шығармалары бар? - Ә. Қастеевтің «Қарлы Алатау» суретінің мазмұнын қалай түсіндіресің? - Суретші жазғы жайлауды қалай бейнелейді? - Пейзаж дегеніміз не?
ІІ. Мағынаны тану. Ой толғау. 1. Музыка мен бейнелеу өнеріндегі жанрлар жайлы әңгімелеу. Композиторлар мен суретшілер әр түрлі музыка шығарып, көптеген суреттер салады. Кейбір суреттер белгілі бір адамдарға арналса, келесі бірі табиғатты кескіндейді. Үшіншісі адамдардың күнделікті өмір тіршілігін бейнелейді. Музыкалық шығармалар мен көркемдік суреттердің үлкен жиынтығы мазмұны жағынан түрлі жанрларға бөлінеді.
Өнердегі жанр – шығармалар жиынтығы. Олар образдық мазмұны мен көңіл - күйіне және көркемдеуші құралы мен орындау техникасына байланысты ерекшеленеді. Түрлі жанрлар әр түрлі тарихи кезеңдерде қалыптасып, дамып отырған. Кейде олар өзгеріске ұшырап, жаңа жанрларға ауысып тіпті ұмытылып та кетеді. Әрбір халықта өздеріне тән жанрлық ерекшелігі бар. Қазақ мәдениетінде сондай ерекше жанрлардың бірі – күй. Күй – адамның терең сезімі мен ой толғауын жеткізе алатын музыкалық шығарма. «Той бастар» атауымен аталған күйлер мен әндер мерекелік көңіл - күйді көрсетсе, «Ақжелең» жанрындағы күйлер тобы әйел образындағы лириканы бейнелейді. Ал, «Қосбасар» атты күйлер мұң мен шерді толғайды. «Қайран, өттің дүние!» - адамның өмірмен қоштасуы немесе өткінші дүниеге арналған күйлер. «Толғау» күйлер - ежелгі аспаптық музыкамыздағы өмір жайлы фәлсафалы ой қозғайтын жанрлардың бірі. Қобыз аспабында орындалатын Ықластың «Кертолғау» атты күйі қас - қағым өмірдің ағымын бейнелейді. Қазақ халқы «Қамшының сабындай қысқа ғұмыр» немесе «Бес күндік өмір» деп теңеу айтқан. Бұл күйде көзді ашып жұмғандай өте шығатын өмірді елестеткендей әсер қалдырады. Созылмалы мұңды әуен, салмақты да сабырлы ырғақ, қарт қобыздың қоңыр дыбысы адамның қайғы - шерінен тіл қатқандай. Күйдегі «Толғау» жанры көптеген күйші - композиторлардың шығармашылығынан орын алған. Себебі, кез - келген адам өмірді сүре келе ой толғауы заңды құбылыс. Адам өз өміріндегі жақсы мен жаманын, дұрысы мен бұрысын сараптайтын кезеңге жетеді. Сондықтан болар, «Толғау» жанры бүгінгі күндегі композиторлар мен суретшілердің шығармашылығында да өз жалғасын тапты. Қазақ мәдениетінде сурет өнері ХХ ғасырдың басында пайда болды. Сол себепті, дәстүрлі музыка көптеген суретшілердің шығармашылығына арқау болды.
2. Әлібай және С. Бапановтардың «Ойға шому», «Тылсым дүние» гобелені туралы мағлұмат беру Әлібай және С. Бапановтардың «Ойға шому» гобеленінде табиғаттың тынысын бейнелегендей: аспанға керіле ұмтылған ағаштар, аспан мен суға шағылысқан қызыл - сары, жасыл түсті жапырақтар арасынан елес болып көрінген сәукелелі қыз бейнесі. Бұл суреттен адамның ішкі әлемін, оның ой - арманын, көңіл толқынысы мен ой - толғауын көруге болады. Бұл суретке зейін салып қарасаң, сурет әуендетіп тұрғандай әсер қалдырады.
3. Музыка тыңдау. Ғазиза Жұбанованың «Прелюдия» атты шағырмасын тыңдайық. Ғазиза Жұбанованың «Прелюдия» атты шығармасын «Толғау» жанрына жатқызуға болады. Прелюдияда дыбыстар тылсым тыныштықтан туындап жатқандай: әуелі – бір дыбыс, онан соң екінші, үшінші. Бірте - бірте әуен пайда болып, өте жәй екпінде, минорлы ладта дыбыстала бастайды. Ғ. Жұбанованың «Прелюдиясы» өмірге қайта келген күй іспетті. Ғасырлар керуені көшіп өтті. Ал, фортепианоға арналған бұл «Толғау» қазіргі заманның тыныс - тіршілігін толғап жатқандай! Қазақ мәдениетінің терең тамырына бойлай білген композиторлар мен суретшілер қарт заманнан үлгі алып, ғасырлар бойы жалғасқан арман мен қиялдың шексіздігін танытқандай!
4. Шығармашылық жұмыс. Ғазиза Жұбанованың «Прелюдия» атты шағырмасын тыңдай отырып өз ойларын сурет арқылы бейнелеу.
5. Біліп ал! Топтастыру стратегиясы Ғазиза Жұбанова (1927 - 1993) – қазақтың әйгілі композиторы. Қазақстан халық әртісі. Ақтөбе облысы, Темір ауданында дүниеге келген. Ғазиза Жұбанованың шығармашылығына әкесі Ахмет Жұбанов ықпал еткен. Ол «Еңлік Кебек», «Жиырма сегіз» және «Құрманғазы» опералары, «Аққұс туралы аңыз», «Хиросима», «Қарагөз» атты балеттері, «Жігер», «Ақсақ құлан» атты симфониялық поэмаларын жазды. Көптеген фортепиано мен скрипкаға арналған шығармалар, поэмалар мен квартеттер, фантазиялар мен әндер т. б. музыкалық туындылардың авторы.
6. Түсініп ал! Жанр – музыка, әдебиет және сурет өнеріндегі шығарма. Мазмұны мен көркемдеуші құралдары жағынан ортақ туынды. Күйдегі жанрлар: Той бастар, Ақжелең, Қосбасар, Толғау. Пейзаж – сурет өнеріндегі жанр, табиғатты бейнелеу. Прелюдия – фортепиано музыкасындағы жанр. Бір көңіл - күйдегі қысқа шығарма.
7. Дауыс жаттығулары Ма, мэ, ми, мо, му Бра, брэ, бри, бро, бру 8. Ән айту. - Т. Базарбаев «Ауылым» әнін жатқа орындау - С. Сейфуллин «Тау ішінде» әнін қайталау.
ІІІ. Ой толғаныс. Сұрақтар: 1. «Өнердегі жанр» деген ұғымды қалай түсінесің? 2. Күй өнеріндегі жанрларды ата? 3. «Толғау» жанрындағы күйлер нені баяндайды? 4. «Толғау» жанрындағы суретшілер мен композиторлар нені толғайды?
ІҮ. Бағалау. Оқушылар өз - өздерін бағалайды. Ү. Үйге тапсырма: 1. «Ой толғау» тақырыбын оқып келу.
Күні: 14апта Пәні: Музыка Сынып: 6 Сабақтың тақырыбы: Қазақ вальсі Сабақтың мақсаты: Қазақстандағы вальс жанрының қалыптасуы жайлы әңгімелеу. Білімділік: Композитор Латиф Хамидидің шығармашылығы туралы мағлұмат толықтырып, «Қазақ вальсі» әнін үйрету. Дамытушылығы: Вальс жанрымен таныстыра отырып, оқушылардың танымдық - іс әрекетін дамыту, ән иірімдерін дұрыс ести білу, мелодиялық ерекшеліктерін сезіну қабілеттерін дамыту, әнді дұрыс орындауға машықтандыру. Тәрбиелілігі: Әнді тыңдату арқылы Отанын сүюге, рухани адамгершілікке, өз ісіне сенімі мол, еңбекқор, мейірімді, өнерлі, заманына сай тұлғаны тәрбиелеу. Түрі: Жаңа сабақ Әдіс – тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, СТО технологиясының «Алты телпек», топтастыру әдістері, өзін өзі бағалау, топтық жұмыс, сергіту сәті, шығармашылық жұмыс. Көрнекілігі: Интерактивті тақта, тақырыптық слайдтар, видео бейнетаспа, стикерлер. Пәнаралық байланыс: Әдебиет, өнер, тарих, бейнелеу, хореография
Сабақтың барысы: І. Қызығушылығын ояту. Класқа оқушылар вальс әуенімен кіреді. 1. әндетіп амандасу. 2. Психологиялық тренинг. - Мен мықтымын, - Мен әдемімін, - Мен өнерлімін, - Мен білімдімін, - Мен қиындықтың бәрін былай жеңемін! 3. Интерактивті тақтадан вальстің бірнеше түрлерінен үзінді көрсетіледі. - Балалар, қалай ойлайсыздар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болады? Оқушылар 6 топқа бөлініп отырады. Әр топтың алдында телпек (шляпа) тұрады. Әр топқа мынадай тапсырмалар беріледі.
ІІ. Мағынаны тану. - Ия, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақ вальсі» деп аталады. (Дәптермен жұмыс) - Бүгін біз топтық жұмыс жасаймыз, яғни сабағымызды «Алты телпек» әдісі арқылы өткіземіз. 1. Бейнетаспаға назар аударайық. Бибігүл Төлегенованың орындауындағы «Қазақ вальсі» әні тыңдалады. «Ақ телпек» Статистикалық. (Вальс қалай пайда болған?, әннің өмірге келген тарихы, тағдыры туралы не білесіңдер?) «Сары телпек» - Сәттілік («Қазақ вальсі» әні несімен сәтті шықты. Немесе алғашқы орындаушысы кім? т. б.) «Қара телпек» - Сәтсіздік (әннің сәтсіз тұстарын айтасыздар. Қазіргі таңда бұл әннің ырғағына жастар билей ма?, т. б.). «Көк телпек» - Аналитикалық (Не үшін?, Неге байланысты? деген сұрақтарға жауап іздейді) «Жасыл телпек» - Шығармашылық (Әннің ырғағына вальс билеп көрсетуге болады, немесе өлең шығару.) «Қызыл телпек» - Сезімтал (Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыздар. Билеген бимен әннің ырғағы үйлесе алды ма?) Оқушылардың жауаптары тыңдалады. ІІІ. Музыка сауаты. Ырғақ, өлшем - Вальс неше өлшемде? ¾ өлшемінің схемасын көрсету. - Балалар, вальсті қай кезде, қай жерлерде билейді? - Вальс ырғағында біз қандай әндермен таныспыз? - Ендеше «Ана туралы жыр» әнін орындайық. - Дауыс жаттығуларын жасау. Ән орындау. Ш. Қалдаяқов «Ана туралы жыр» Ән үйрету. Л. Хамиди «Қазақ вальсі» әні
Білесің бе? Жиенқұлова Шара (1912 - 1991) - алғашқы қазақ халық билерін жасап, сахнаға шығарған қазаққа әйгілі биші. Қазақстанның халық әртісі. Өзінің алғашқы шығармашылық жұмысын Қазақ драма театрының актерлігінен бастайды. Ол М. Әуезовтің «Еңлік Кебек» және «Қарагөз» спектакльдерінде Еңлік пен Қарагөздің рөлін сомдаған. 1934 жылы Қазақтың опера және балет театрында жұмысын жалғастырады. Ол М. Әуезовтің «Айман Шолпан» және Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Жалбыр», «Ер Тарғын» сынды операларына би қояды. Шара Жиенқұлова 1938 жылы алғашқы «Қалқаман Мамыр» атты қазақ ұлттық балетінде Мамырдың биінің партиясын орындайды. Сонымен қатар, «Амангелді» кинофильмінде Балымның рөлінде ойнаған.
Бейнелеу өнерімен байланыстыру. Белгілі қыл қалам шебері Гүлфайрус Ысмайылованың туындысымен таныстыру. Шараның бұл биі халықтың ыстық ықыласына бөленіп, айдында қалқып жүзген аққудай әсер қалдырған еді. Белгілі қыл қалам шебері Гүлфайрус Ысмайылова Шараның өнеріне тәнті болып, оған арнап «Қазақ вальсі» деген суретін арнайды. Күннің сәулесімен шағылысқан, алтын түспен көмкерген суретте Шара мың бұрала билейді. Суретші бір сәтке биді тоқтатқандай. Бірақ, бишінің қолы, үстіндегі жарасымды көйлегі би қимылын жалғастырып жатқандай әсер қалдырады. Сөйтіп Л. Хамидидің әні «Қазақ вальсіне» айналып, ал сурет өнерінде ғажайып қайталанбас жаңа туынды дүниеге келген екен.
ІҮ. Бағалау. Оқушылар өз - өздерін бағалайды. Ү. Үйге тапсырма:
Күні: 15апта Пәні:Музыка Сынып: 6 Сабақтың тақырыбы: Музыка және сурет өнеріндегі өнерпаз бейнесі. Сабақтың мақсаты: Өнердегі көркемдік бейне жайлы әңгімелеу. Білімділік: Қазақстанда бейнелеу өнерінің басқа өнер түрі портрет жанрымен таныстырып, суретші Г. Ысмайылованың шығармаларымен, жетістіктерімен танысу. Дамытушылығы: Музыкалық бейнелеудің өнер түрлерімен байланысы арқылы музыкалық сауаттылығын дамыту. Тәрбиелілігі: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, өз бетінше ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру, эстетикалық тәрбие беру. Түрі: Аралас сабақ Әдіс – тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, СТО технологиясы, топтастыру әдістері, өзін өзі бағалау, топтық жұмыс, сергіту сәті, шығармашылық жұмыс. Көрнекілігі: Интерактивті тақта, тақырыптық слайдтар, видео бейнетаспа.. Пәнаралық байланыс: Әдебиет, информатика, бейнелеу,
Сабақтың барысы: І. Қызығушылығын ояту. 1. Әндетіп амандасу. 2. Психологиялық тренинг 3. Ой қозғау «Әуенді тап» ойыны Үнтаспадан вальс темпінде бірнеше әндер тыңдатылады. Соңында «Қазақ вальсі» әнін орындау. - «Қазақ вальсі» әнінің авторлары кімдер? - Вальс қандай сөзден шыққан? - Вальс королі кім? - Вальсті қай жерлерде билейді? - Музыка мен бейнелеу несімен байланысты?
ІІ. Мағынаны тану. 1 Музыка және сурет өнеріндегі өнерпаз бейнесі жайлы әңгімелеу. Қазіргі заман қыл қалам шеберлері өз заманындағы мемлекеттік қайраткерлер мен халықтың ұлы тұлғаларын портрет жанрында бейнелеуді дәстүрге айналдырған. Бірақ адамның суретін салып жатқанша фотосуретке түсіріп алмай ма деп те ойлайтын боларсың. Әрине, бірде - бір суретші фотосуреттегідей адам бейнесін сала алмайды. Дегенмен фото сурет пен көркемдік суреттің үлкен айырмашылығы бар: фото сурет адам бейнесін дәлме - дәл қайталаса, ал суретші өзінің портреті арқылы адамның жеке тұлғасын, оның ішкі жан дүниесін барынша ашуға тырысады. Портрет адамның өмір сүрген кезеңі мен жеке тағдыры жайлы әңгіме іспетті.
2. Суретші Г. Ысмаилованың Б. Төлегенова туындысына тоқталу. КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенованың портретіне назар салайық! Суретші Гүлфайрус Ысмайылова әншінің тек сырт келбетін ғана емес оның рухани болмысын көрсетуге талпынған. Бибігүл Төлегенова әнін аяқтап, әннің сезімінен шыға алмай көз жанарын алысқа тігіп, біріне - бірі айқасқан сұлу да сүйріктей саусақтары мен күлімсіреген ай жүзі сол бойы тынып қалғандай. Әншінің сәнді ұлттық киімімен театр сахнасында тұрған қалпы бейнеленген. Суретшінің қызыл да алтын түсті таңдап алуы тектен - тек емес, яғни суреттің бояуы арқылы әннің көтеріңкі көңіл - күйін көрсеткендей әсер қалдырады. Гүлфайрус Ысмайылова әншінің дауысы мен оның әсем әніне тәнті болғандай! Бұл портретте екі бірдей талант иелерінің басы тоғысқандай – бірі белгілі суретші болса, енді бірі - ұлы әнші. Әрбір әншіде өзінің өмірлік бойтұмарындай болып кеткен сүйіп орындайтын шығармасы болады. Бибігүл Төлегенованың ең сүйікті шығармасына айналған «Гаухар тас» әні. Бибігүл бұл әнді алғаш сахнада орындағанда тыңдаушы халықтың әнге деген ықыласы мен әншіге еткен қошеметі аса зор болды. Бибігүл шырқаған әндегі сұлу қыздың бейнесі мыңдаған көрерменнің көз алдында тұрғандай ғажайып әсер қалдырды. Содан бастап, «Гаухар тас» әні бұлбұл дауыс әнші Бибігүл Төлегенованың өміріндегі музыкалық бейнесін жасаған басты әнге айналады. ІІІ. Ән тыңдайық: Бибігүл Төлегенованың орындауында халық әні «Гауһар тас». Әнге талдау жасау. ІҮ. Бағалау. Оқушылар өз - өздерін бағалайды. Ү. Үйге тапсырма:
Күні: 16апта Пәні : Музыка Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы:Тоғысқан екі өнер
Құзыретілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері: А) Ақпараттық Жаңа тақырыпты игеруге қажетті білім даңғы деңгейін анықтау.
Б)Коммуникативтік Музыканың сипатын ажырату, мазмұнын өмірмен байланысын түсіндіру, ән легінің бағытын айыру. Көркем бейне туралы ұғымдарын қалыптастыру
В) Проблеманы шешу құзыреттілігі Оқушыларды білімділікке үйрете отырып, ой – өрісін, ойлау қабілетін, ақыл – ойын, тіл байлығын, сөздік қоры мен өнерсүйгіштігін дамыту.
Түрі: жаңа материалды түсіндіру
Қолданылатын педагогикалық технологиялар: Әңгіме, баяндау, ойын, демонстрация, талдау, сұрақ-жауап, алдын-ала тапсырма беру
Әдістер: Ұжымдық, жеке даралап оқыту
Пәнаралық байланыс: Музыка тарихы
Пайдаланылған көрнекілігі: үнтаспа, композитор портреті
І. Ұйымдастыру кезеңі 1.Оқушылармен амандасу;
«Сәлеметсіңдерме ?-балалар .
Ұстаз еңбегін бағалар »
2.Оқушыларды түгелдеу:
Сабақта жоқ оқушыларды анықтау;
3.Дауыс жаттықтыру:
C-dur» гаммасы .Стакатто,лигатто .
Аспаппен жетектейді. 1.Оқытушымен амандасу;
«Сәлеметсізбе? – ұстазымыз,
Өнер – білімге құштармыз.»
2.Кезекші оқушының есеп беруі;
3. Қосылып орындайды.: Оқушы бар зейінімен сабаққа көңіл аударуы.
Оқушылар сабақ бастауға дайын
ІІ. Үй тапсырмасы. Реферат талданады. Сазды ребустар бір-біріне жасыру. Оқушы үй тапсырмасын жеткізе білуге бағытталады
ІІ. Жаңа материалды игеру кезеңі . Қай халықтың болсын музыкасы мен әдебиеті - бір – бірімен қанаттаса , қатар өрілетін егіз өнер .
Халқымыздың шілдехана , тұсаукесер , тілашар , сүндет , наурыз тойларында шырқалатын әндер мен өлең – жырлар- осы пікірдің дәлелі. Сондай – ақ тұрмыс – салт , әдет – ғұрыптарға байланысты айтылатын бесік жыры , жар – жар , беташар , сыңсу , жарапазан , жоқтау , жұбату сияқты дәстүрлі дүниелерде де музыка мен поэзия қабаттаса бірігіп келеді.
Музыка мен өлең - егіз .Әуен арқылы сөз қалықтап естіледі.
Тыңдаушы талғамына сөзді әуен арқылы жеткізсе , ерекше әсер етеді.
Өзіндік орны бөлек жанр үлгілеріне : ән , жыр , терме , өлең , толғау , айтыс , күй , дастан , желдірме , өсиет домбыра аспабы арқылы туындап келген.
Біздің ата – бабаларымыз сөзге жүйрік , тілге шешен , ойға терең болған . Екі адамның бірі өлең шығарып , домбыраға қосып , әндетіп айта берген . Сондай айтулы өнерпаздықтың арқасында.ұлттық өнеріміздің жанрлық түрлері жан- жақты дамып , жетілген .
Музыка - ата – бабамыздың ауыздан ауызға тарап кеткен дана сөздерің жеткізуші .
Музыка таза шындықтың айнасы
Қазақ халқының музыкасы мен әдебиеті – бір – бірінен ажырамайтың , құстың қос қанатындай біртұтас өнер. Оқушылар жаңа сабақты қабылдайды, қабылдаған ақпаратты талқылап, талдайды, ақпарат негізінде білімін жүиелейді, жинақтайды, одан қорытынды шығара алады.
Ән орындау:
Прелюдия, кантата Прелюдия, кантата дегеніміз не?
Прелюдия - әрбір хор айтар алдында ойналатын оркестрлік шығарма. Кейіннен жеке аспаптық туындыға айналған.
Кантата – жеке дауыс, хор және оркестрге арналған бірнеше бөлімді күрделі музыкалық шығарма.
Оқушылар қайталайды,жаттайды, мәнін түсінеді.
Жаңа музыкалық терминмен ой- өрістері толығады.
Ән жаттау: Тәуелсіз Қазақстан әні
Мұғалім домбырамен айтып көрсетеді .
Арайлы азаттықтың нұрын құшқан,
Шолпандай жарқыраған күн шығыстан.
Тәуелсіз Қазақстан туған елім,
Досы көп бата алмайды , бірде дұшпан.
Бүкіл халық,
Жатыр танып,
Батыста да шығыста.
Жарқын елміз ,
Өркендейміз,
Алға өрлейміз,
Қанды қырғын соғысқа.
Жол бермейміз ! Оқушылар қайталайды,
Самғаған көкте қыран,күн байрағы.
Бүгінгі Қазақстан гүл жайнады,
Атағы әлемге аян, айбары зор,
Даңқы асқан , бағы тасқан , нұрлы аймағы.
Музыка тыңдау: Сүгір «Бозінгеннің бүлкілі»
Күй мазмұнын түсіндіреді. Музыка жібереді.Композитор туралы мағлұмат. Тыңдайды, талдайды,қабылдайды. Жаңа музыка әуенімен сауаттанады.
Жаңа сабақты бекіту
* Ақын деп қандай адамды айтамыз?
* Өлең , ән , күйлерді кім шығарады?
* Батыр , жырау, күйші дегеніміз кімдер?
* Музыкамен әдебиеттің байланысы туралы әңгімеле .
Түсіндірілген тақырып бойынша жауабын ойша іздейді , жауап береді . Қойылған сұраққа жауап беру арқылы оқушы бойында проблеманы шешу құзыреттілігі шыңдалады, жаңа материалды қорытындылайды
Бағалау Оқушылар жұмысына жалпы сипаттама беру; Тақырыпты қорғаудағы жетістіктеріне баға беру; Кемшіліктерді ашу, олардың алдын алу жолдарын көрсету Сабақты ойша зерделейді; Жетістіктер мен кемшіліктерді қабылдайды. Баға алған оқушы күнделіктеріне бағаларын қойғызады.
Үй тапсырмасы Тәуелсіз Қазақстан әні
* Әндерді қайталау .
* Музыкалық сауаттылық ашуда ережелерді жаттау .
* Музыкалық терминдерді жатқа білу.
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады, оны орындауды түсінеді. Оқытушымен қоштасады
Оқушылар өздігінен үйге берілген тапсырманы орындай алады.