kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Музыка сабағында дидактикалық ойындарды қолданудың тиімді әдіс-тәсілдері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Музыка сабақтарында дидактикалық ойындарды көркем әдебиеттермен ұштастыру жұмыстары да оқушыларды тәрбиелеуде маңызы зор. Көркем әдебиеттерді оқу арқылы оқушылардың эстетикалық адамгершілік қасиеттері дамиды.

Шығармадағы кейіпкерлерді тану барысында жақсы істерге ұмытылады.

С.Рахметова музыка сабақтарында көркем шығармалардың оқушыларды тәрбиелеудегі маңызын жан-жақты талдап көрсетеді:

1.Идеялық-саяси, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру;

2.Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру;

3.Балаларды, жас өспірімдер мен үлкендердің үлгілі, ерлік істерімен, еңбектерімен таныстыру арқылы қоғам игілігіне адал ниетпен еңбек етуге, адамгершілікке, бір-бірін сыйлаушылыққа, адалдық пен шыншылдыққа, 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Музыка сабағында дидактикалық ойындарды қолданудың тиімді әдіс-тәсілдері»

МУЗЫКА САБАҒЫНДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ



Қазақ халқының ұлт ретінде өмір сүруіне оның тілімен қатар салт-дәстүрлерінің,әдет-ғұрыптарының маңызы айрықша.Қазақтың мақал-мәтелдері жас ұрпақты ибалы болуға, әдептілікке, мінезінжақсы қасиеттер арқылы имандылық пен инабаттылыққа тәрбиелесе, ақын-жазушылардың көркем шығармалы эстетикалық, этикалық қасиеттерге тәрбиелейді.Баланың құлағына жас кезінен бастап халықтың тәрбиелік асыл-маржандарын құйып отыру –тек мектептегі мұғалімнің ғана жұмысы емес, сонымен қатар үйдегі ата-аналардың негізгі міндеттерінің бірі болуға тиіс. Абай Құнанбаев он тоғызыншы қара сөзінде жас кезінен жақсы сөз естіп өскен бала кейін есті адам болады дейді «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап,татып ескерсе. Дүниедегі жақсы, жаманды танидыдағы,сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады». Сондықтан балаға жас кезінен бастап тәрбиелік маңызы жоғары халық ойларының кәусар бұлақтарымен сусындату қажет. Себебі, «халықтың даналық ойлары халық педагогикасының шамшырағы болған. Халық даналығы- мақал-мәтел, ертегі, өлең-жыр түрінде, ақын-жыраулардың, шешендердің сөздері толғау, өсиет сөздері арқылы баяндалып отырады. Осы тұрғыдан халық педагогикасының кең өрісі, қайнар көзі ауыз әдебиетінің тәрбиелік мәні зор». Сондықтан қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы меңгертуде халық педагогикасының тәрбиелік мәні басым элементтерін кеңінен қолдану қажет. Осы арқылы оқушылардың рухани дүниесі парасаттылық пен бауырмалдыққа, адалдық пен кішіпейілдікке, ибалылық пен үлкенді сыйлауға тәрбиеленеді.

Музыка сабақтарында дидактикалық ойындарды көркем әдебиеттермен ұштастыру жұмыстары да оқушыларды тәрбиелеуде маңызы зор. Көркем әдебиеттерді оқу арқылы оқушылардың эстетикалық адамгершілік қасиеттері дамиды.

Шығармадағы кейіпкерлерді тану барысында жақсы істерге ұмытылады.

С.Рахметова музыка сабақтарында көркем шығармалардың оқушыларды тәрбиелеудегі маңызын жан-жақты талдап көрсетеді:

1.Идеялық-саяси, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру;

2.Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру;

3.Балаларды, жас өспірімдер мен үлкендердің үлгілі, ерлік істерімен, еңбектерімен таныстыру арқылы қоғам игілігіне адал ниетпен еңбек етуге, адамгершілікке, бір-бірін сыйлаушылыққа, адалдық пен шыншылдыққа, кішіпейіл болуға тәрбиелеу;

4.Отанымыздың мейлінше бай, көркем де сұлу табиғаты жайлы материалдармен танысу арқылы табиғатта кездесетін өзгерістер мен құбылыстарды байқай біліп, теңдесі жоқ сұлулық пен көркемдікті бағалай білуге, елін, жерін қадір тұтып, сүюге тәрбиелеу;

5.Балалардың алған білімдері мен оқу дағдыларын, шеберліктерін жетілдіру, тілін онан әрі дамыта түсу;

6. Халықтардың бостандық, бейбітшілік үшін жүргізген қаһармандық күрестерімен таныстыра отырып, Отанды сүю, бейбітшілік пен халықтар достығы рухында қалыптастыру;

7.Саналы тәртіпке, дұрыс мінез-құлық нормаларына үйрету;

8. Еңбекке қызығу, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Демек, музыка сабақтарында дидактикалық ойындарды оқушыларды жан-жақты тәрбиелеуге негіздеу қажет. Осыған орай музыка сабағында дидактикалық ойындар арқылы меңгерту жұмыстарының мынадай мақсаттары болуы керек:

  1. Оқушыларды ұлттық болмысқа тәрбиелеу. Бұл төмендегі жұмыстар бойынша жүргізіледі:

а) дидактикалық ойындарды ұлттық тәлім-тәрбие көздерімен ұштастыруда жұмбақтарды, мақал-мәтелдерді, халықтың даналық, өсиет сөздерінен оқыту барысында ойындар арқылы кеңінен қолдану;

ә) көркем шығармаларды дидактикалык ойын түрінде беру арқылы оқушылардың ұлттық мәдениет пен әдебиетке дұрыс көзқарасын қалыптастыру;

2. Оқушыларды дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға әлемдік ізгілік пен әдептілік негіздерімен тәрбиелеу. Бұл үшін әлемдік тәрбиенің озық үлгілерін музыкаға оқыту барысында тиімді қолдану қажет. Қазақ тілі сабақтарында діни нақылдар мен өнегелік өсиеттерді үйрету арқылы оқушыларды адамгершілік құндылықтарды түсініп, оны келешек өмірінде дұрыс қолдана білуге дағдыландырылады.

Жоғарыда аталған мақсаттарды орындау үшін музыка сабағында дидактикалық ойындар арқылы оқушыларды тәрбиелеу жұмыстарын төрт жақты жүргізген дұрыс:

Бірінші бағыт – дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін, логикалық ойлауын тәрбиелеу;

Екінші бағыт – оқушыларға ізгілік - оқыту үрдісінде халық педагогикасының мол мұрағаттарын пайданалана отырып, оқушыларға ізгілік, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіру;

Үшінші бағыт-түрлі музыкалық шығармаларды пайдалана отырып, оқушыларға эстетикалық тәрбие беру арқылы олардың жеке тұлғалық қабілеттерін, жат нәрседен бойын аулақ салуға тәрбиелеу;

Төртінші бағыт-оқушылардың сөздерді орынды қолдану дағдыларын жетілдіре отырып, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.

«Мақалды дұрыс оқы» ойынын лексикадан өтілген материалдарды бекітуде қолданған абзал. Оқушылардың жасырылған нақыл сөздің мағынасы сұрыпталып, лексика туралы түсініктері нығайтылады. Бұл ойынның ережесі бойынша оқушылар қазақ халқының нақыл сөздерін, өлең шумақтарын өз бетінше іздену арқылы табады. Мұғалім ойын ойнамас бұрын оқушылырға ойын ережесін таныстырып, осы мақалға тақырыптас тағы қандай мақал білетінін айтып беруді талап етеді. Мұғалім кіріспе бөлімінен кейін тақтаға өлең шумағы жазылған тор көзді іліп қояды.

Бұл ойын оқушылардың сөздік қорын молайтып, ізденімпаздық қабілеттерінжетілдіреді, оларды логикалық ойлауға тәрбиелейді.Оқушылар жасырылғанАсан Қайғының өлең шумағының мағынасын, оның тәрбиелік мәнін жете түсінеді. Сол арқылы қазақ халқының нақыл сөздерін оқуға дағдыланады және осындай сөздерге жеңіл әуендерді қосып,ән шығарулары әбден мүмкін.«Мақал-мәтелдер айтудан жарысайық» ойыны арқылы оқушыларға тәрбиелік мәні жоғары, адамгершілік, ізгілік қасиеттерді үйрететін мақал-мәтелдердің мағынасын өздеріне тапқызып, тәрбиелік мәнін өз пікірлерімен айтып беру қабілеттері тәрбиеленеді. Бұл ойында мұғалім әрбір топтың алдына келіп, бір сөз мағынасына қарай мақал-мәтелдерді көптеп табуға жарысады

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. Алекторов Е.А. «Праздничные игры и забавы Киргизов» «Оренбургский листок» 1888. №42

  2. Атаев А.К. «Исследование эффективности применения элементов национальных видов спорта, народных игр и специальных упражнений для развития физических качеств школьников Узбекистана» Дис.канд.пед.наук Ленинград 1969.

  3. Ахметов М.Ш. «Адыгей халықтарының ұлттық ойындары» дис.пед.ғыл.канд Майкоп 1970.

  4. Ахундова С.М. «Использование азербайжанских народных игр в детских дошкольных учреждениях» дис.канд.пед.наук Баку 1975.

  5. Әлімбаева «Халық – қапысыз тәрбиеші» Алматы Қазақ ССР «Білім» 1977. 3-4 б.

  6. «Дидактикалық ойындар»Т.Т.Сарыбаева,Г.А.Абдрахманова Алматыкітап баспасы 2013 жыл







































Мазмұны

1.Кіріспе

2.Ойын сипаттамалары мен қолданудың әдіс-тәсілдері

3. «Жалғасын тап» ойыны

4. «Күн мен жаңбыр» ойыны

5. «Төмен және жоғары дыбыстар» ойыны

6. «Ноталарды үйренейік» ойыны

7. «Әуенді сағат» ойыны

8. «Үш гүл-үш түрлі көңіл күй» ойыны

9. «Әуеннің дауысын ажырат» ойыны

10. «Теңіз» ойыны

11. «Бұл қай кезде болады?» ойыны

12. «Үш би» ойыны

13. «Қанша дыбыс?» ойыны

14. «Көңілді күлдіргіштер» ойыны

15. «Айналмалы дөңгелек» ойыны

16. «Ғажайып үйшік» ойыны

17. «Сиқырлы ағаш» ойыны

18. «Анасын тап» ойыны

19. «Аспаптың дауысын ажырат» ойыны

20. «Қай аспапта ойнаймын?» ойыны

21. «Музыкалық аспаптар дүкені» ойыны

22. «Музыка бояулары» ойыны





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Музыка сабағында дидактикалық ойындарды қолданудың тиімді әдіс-тәсілдері

Автор: Айменова Назым Узакбаевна

Дата: 21.02.2017

Номер свидетельства: 394152

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(126) "Педагогтарға арналған консультация. Тақырыбы: "Қазақ тілі-ғажап тіл!""
    ["seo_title"] => string(75) "piedaghoghtarg_a_arnalg_an_konsul_tatsiia_tak_yryby_k_azak_tili_g_azhap_til"
    ["file_id"] => string(6) "389399"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486554383"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства