Просмотр содержимого документа
«Музыка п?нінен презентация. "Бесік жыры" »
Сабақ мақсаты: 1. Балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру, музыка арқылы рухани бай, адамгершілігі мол шығармашыл тұлғаны қалыптастыру.
2. Жаңа технологияны пайдалана отырып, баланың өз ойын, пікірін еркін айтуға, сөйлеу мәдениетін топпен жұмыс істеуін, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту.
Күтілетін нәтиже: Балалардың жалпы музыкалық сауатттылығымен ұлттық музыка жайлы білімдері артады.
Қазақ халқының салт-дәстүрін толық меңгереді.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал орнату.
Балалар, қолымызды жүрегімізге қоямыз, жүрек дүрсілі біздің бойымызға қан мен жылулық тарқатып жатыр. Сол жылулықты жан-жағымызға тарқатайық.
Қызығушылықты ояту:
Шарды жару, терезе ашу арқылы дыбыстарды ажырату.
Сұрақ - жауап: музыкада дыбыстар шулы және музыкалық дыбыстар болып екіге бөлінеді. Шулы дыбысқа нелер жатады? Ал, музыкалық дыбыстарға ше? Әуен неден құралады ? (дыбыстан) Дыбысты қайдан аламыз? (табиғаттан) Олар қандай дыбыстар? (құстардың қиқылы,ат шабысы, жаңбыр, жел, т.б.). Әдемі үйлескен дыбыстар әуен болып шығады.Әнді кім шығарады? (компазитор, ақын). Әнді кім орындайды ?(әншілер).Қандай әншілерді білесіңдер?
Мұғалім сөзі: Музыка қатты немесе ақырын орындалады.Ол адамның көңіл-күйіне, әннің сөзіне, музыкалық мазмұнына байланысты.Музыка тез, (жылдам) және жай екпінде орындалады. Мысалы: адам жүрісі сияқты. 1.Асықпай жүру. 2. Жылдам жүру.
Топқа бөлу: Қағаз қималары арқылы суреттерді құрастыру.Құрастырылған суреттерді әңгімелеу, тыйым сөздер және мақал-мәтелдер айту.
I. топқа. Бала суреті
II. топқа. Бесік суреті
III. топқа. Бесіктегі бала суреті.
Сабақтың тақырыбы:
Бесік жыры
Бесік жыры тұрмыс-салт жырларының көне түрінің бірі.М.Жұмабаев атамыз айтқандай бесік жырын айту әр ананың сәби алдындағы қасиетті парызы.Бесік жырын тыңдап өскен бала ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін алады.Бесік баланы тіл көзден сақтайды, бсіктегі сәбидің дене бітімі түзу,қол-аяғы түзу ширақ болады.Бесік жыры дәстүрлі және суырып салма бесік жыры деп екі топқа бөлінеді. Дәстүрлі бесік жыры – әуені мен сөзі сол қалпында айтылады.Суырып-салма бесік жыры әркімнің қалауынша шығарылады. Қандай бесік жырларын білесіңдер?
Музыка тыңдау: Бағила Асқарқызының «Бесік той» әні.
Слайд . «Бесік жабдықтары».
Бесік жабдықтары
Тартпа
Бесік жабуы
Төсеніш
Шүмек
Жөргек
Түбек
Балаға ат қою. (сахналау)
Бала дүниеге келген соң үш күннің ішінде азан шақырып ат қояды.
Бисмилляһир рахман ир рахим!
Көтерейік білекті.
Нұрға бөлеп жүректі,
Бөбекке бата берейік.
Ағынан айтып тілекті,
Сәбиіміз сүйкімді болсын!
Өнер,білімге икемді болсын
Сенің атың Ержігіт болсын!
Бесікті аластау.
Алас, алас баладан алас,
Иесі келді, пәлсі көш!
Алас,алас, бәледен алас.
Көзі жаманның көзінен алас,
Тілі жаманның тілінен алас,
Оттыз омыртқасынан алас!
Алас,алас,баладан алас,
Алас,алас,аласы,
Келді міне баласы,
Ұйықтап дем алсын,
Қуанып оянсын!
Алас,алас аласы,
Келді міне егесі-деп баланы бесікке бөлейік.Баланы бесікке елге сыйлы, көп жасаған,көпті көрген қадірлі ақ жаулықты анаға салғызады.
Жастықтың астына бала шошымасын деп нан қояды,әдемі сұлу болсын деп айна мен тарақ салады, тіл-көзден сақтасын деп тұмар байлайды,елін-жерін қорғайтын батыр болсын деп қамшы қояды.
Бесікке бөлеу.
Мойнымдағы тұмарым,
Тарқамайтын құмарым.
Тағдыр берген алсын деп,
Ақ бесікке салсын деп.
Бесігіңе жата ғой,
Тәтті ұйқыға бата ғой.
Балам жатсын бесікте,
Пәлесі қалсын есікте.
Баланы бесікке салған аналарға сый-құрмет көрсету.
-Ал,балалар енді бүкіл сынып болып бесіктегі баланы жұбату үшін бесік жырын жаттайық.