«Музыка аспаптарыны? ?лтты? сананы ?алыптастыруда?ы ?ызметі» кіші жоба
«Музыка аспаптарыны? ?лтты? сананы ?алыптастыруда?ы ?ызметі» кіші жоба
Елімізде білім беру, жас ?рпа?ты т?рбиелеу м?селелер саласында т?бегейлі, ш??ыл бетб?рыстар жасалып жат?аны белгілі. Т?уелсіздік туын тіккен жас мемлекетімізді? болаша?ына т?т?а болар білімді де білгір, білікті азаматтар даярлау – б?гінгі к?нні? келелі ма?саттарыны? бірі. Осындай ма?сатта?ы ке? к?лемді ба?дарламалы? жоспарлар ?з кезегінде о?у-т?рбие ж?мыстарын ж?ргізуге де ?лкен ?згерістер енгізіп, мектеп м??алімдері ?ызметіні? ау?ымын арттырып, оларды? ?стазды? шеберлік де?гейіні? аса жо?ары болуын талап етеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Музыка аспаптарыны? ?лтты? сананы ?алыптастыруда?ы ?ызметі» кіші жоба »
Түсінік хат
Елімізде білім беру, жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелер саласында түбегейлі, шұғыл бетбұрыстар жасалып жатқаны белгілі. Тәуелсіздік туын тіккен жас мемлекетіміздің болашағына тұтқа болар білімді де білгір, білікті азаматтар даярлау – бүгінгі күннің келелі мақсаттарының бірі.
Осындай мақсаттағы кең көлемді бағдарламалық жоспарлар өз кезегінде оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізуге де үлкен өзгерістер енгізіп, мектеп мұғалімдері қызметінің ауқымын арттырып, олардың ұстаздық шеберлік деңгейінің аса жоғары болуын талап етеді. Жалпы білім беретін орта мектептерде музыкалық педагогика саласы бойынша жаңа бағдарламалар жасалып, оқулықтар жазылды.Сондай-ақ адам өмірі мен бүкіл тіршілігінің музыка әлемімен тығыз байланыстылығы жайында да философиялық ой түйінделеді.
Жаңа оқулық бағдарламасы бойынша музыкаға тәрбиелеуде музыкалық шығармаларды тыңдату арқылы балалардың еркін қиялына қанат бітіріп қарапайым әуендік фразаларды инпровизациялау мүмкіндігіне, өзіндік шығармашылық әрекет жасауына ықпал етіп, оның қызығушылық ынта-жігерін арттыруына жағдай тудырып, жетелеп отыру. Осы ұстамға сүйене отырып, халқымыздың музыкалық ұлт аспаптарының қызметін жобама арқау еттім.
Жобаның өзектілігі
Әлем халықтарының музыкасы мен аспаптары тақырбы кең көлемде қамтылған. Жалпы әлем халықтарының музыкасы мен музыкалық аспаптары, мәдениеті жайында танысу – біріншіден, оқушылардың түсінік ауқымын кеңейтсе, екіншіден, әр халықтың музыкалық мәдениетіне зер салу арқылы барлығына ортақ ұқсастығы мен айырмашылығына барлай ой жүгіртіп әлемдік ауқымда жан-жақты тұжырым жасап өсуіне көмектеседі. Дәстүрлі ән айту өнерімен дәстүрлі аспаптық музыка және күйшілік өнер қазақтың халықтық музыка мәдениетінің қос қанаты іспеттес.
Қазақ халқы музыка аспаптарын жетілдіру 60-70 жылдарда ерекше қарқын ала бастады. Бұл жолда өнер зерттеуші ғылым кандидаты Болат Сарыбаев еселі еңбек етті. Ол бұрын халықтың музыкалық өнерінде болып, кейіннен жоғалған жиырмадан астам ұлттық музыка аспаптарында ойнау ерекшеліктерін табу істерімен де аналысты. Сөйтіп белгісіз болып келген аспаптар: «Шертер», «Сазсырнай», «Асатаяқ», «Жетіген», «Нарқобыз», «Шаңқобыз», «Қоссырнай» секілді аспаптарды қайта өңдеп, халық музыкасы санынан берік орын алды. Осының нәтижесінде фольклорлық – этнографиялық «Ғасырлар үні», «Шертер», «Жетіген» ансамбльдері, «Отырар сазы» оркестрі өмірге келді.
Тақырыбы:«Музыка аспаптарының ұлттық сананы қалыптастырудағы қызметі».
Мақсаты:Оқушыларға музыкалық аспаптарды дәрістей отырып және эстетикалық тәрбие беру арқылы ұлттық сананы қалыптастыру.
Міндеттері:
Қазақ халқының саз аспаптары туралы білім беріп, оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорын жетілдіру, әдеп-ғұрыптарымызды қастерлеуге тәрбиелеу, еліне және мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Халық музыкасының ұлт аспапарына құрметпен қарау, ұлттық салт‑дәстүрімізбен әдет‑ғұрпымызды қастерлеуге тәрбиелеу, қазақ музыкасы мен ұлт аспаптар өнерінің өзара байланысын түсінуін қамтамасыз ету;
Туысқан халықтар ұлттық аспаптар музыкасына құрметпен қарау оның қазақ халқының музыкасымен өзара байланысын бақылауға баулу;
Дүниежүзіндегі атақты өнер туындыларымен, қайраткерлерімен дарынды орындаушылармен таныстыру, солардың өнерін үлгі етіп тәрбиелеу;
Жобаның мазмұны
Өнер таным ғылымының кандидаты Болат Сарыбаев «Қазақтың музыкалық аспаптары»
деген еңбегінде қазақ музыка аспаптарын былай жіктейді.
Ішекті аспаптар: Домбыра,
Адырна, Жетіген,Шертер.
Ыспалы аспаптар: үскірік,
сыбызғы,
сазсырнай, шаңқобыз.
Үрмелі-ұрмалы аспаптар:
Асатаяқ, Дабыл, Тұяқтас.
Домбыра – қазақ халқының арасына кең тараған және көне заманнан келе жатқан қос ішекті, шертіп ойнайтын музыкалық өрнектелген аспап.
Домбыраның екі түрі бар. Екі ішекті және үш ішіекті.
Қылқобыз – көнеден келе жатқан екі қылды шекті, ысқысы бар киелі аспап .
Аспап үш бөліктен тұрады: бас, кеуде, аяқ, негізгі бөлігі ашық кесе түрінде болады.
Аспаптың төменгі бөлігі терімен тартылады. Оған тиек қойылады. Қобызға арналған
ішектер әлі күнге ат қылынан жасалады.
Жетіген – қазақ халқының саз аспабы. Жетіген – жеті ішекті шертіп ойнайтын музыкалық көне аспаптардың бірі. Бұрауы жоқ, сондықтан оның құлақкүйі жеті асықты ілгілерілі – кейінді орыналастыру арқылы келтіріледі. Дыбыс ішектерді саусақтармен іліп-қағу арқылы шығады. Шанағы тұтас ағаштан ойылып жасалады. Ішектері аттың қылынан тағылады.
Сазсырнай. Сазсырнай саздан жасалған үрмелі аспап. Сырнай деп музыкалық аспаптардың бірнеше түрін атаған. «Сырнай» - « сыр » және « най » деген екі сөзден тұрады. «Сыр» деген сөздің мағынасы бәрімізге белгілі: « сырласу », « сыр шерту », «най» деп түтік заттарды атаған. Үрлеп тартылатын аспаптар жасалу материалына қарай бөлінеді.
Үскірік аспабы 1974 жылы Маңғышлақ облысы, Маңғыстау ауданы, Емір совхозынан табылды. Халық шебері Балташ Әнесов бұл аспапты оның қызы Хадиша арқылы алдырып, ғалым Болат Сарыбаев біршама зерттейді. Оның құрлыс-бітімін, дыбыс шығару мүмкіндігін, жасау жолдарын, ойнау тәсілдерін анықтады. Ішкі мүмкіндігін анықтап, жетілдіруге күш салды. Осындай ыждаһатты еңбектің нәтижесінде аспап өмірге келді. Үскіріктің үні майда, құлаққа жағымды. Ойнай білген адам одан құйқылжыған сан алуан дыбыс шығаруға болады. Құстың сайрағанын, асау бораң уіін, сәбидің жылаған дауысын, қасқыр, ит, ұлығанын келтіру өте оңай, халық әндерін орындап, күй, би сүйемелдеуге де ыңғайлы. Басқа көне аспаптар сапасында тұрып, ансамбльге өзіндік үн қоса алатын бұл аспап сазсырнай сияқты сазбалшықты иленеді. Қалып арқылы да жасайды.
Мүйізсырнай – қарамал мүйізінен жасалады. Үрмелі аспап. Мүйізді суға салып қайнатып, ішкі қабатын алып тастайды. Содан кейін ішін, сыртын тазартып, өңдейді. Мүйіздің ашық жағын ағашпен немесе сүйекпен қаптап жабады. Ұшын кесіп сазсырнай үрмелеріне ұқсатып тесіп, әуен, дыбыс шығарады. Қазақ аспаптар оркестрлерінде пайдаланады.
Сыбызғы – бұрынғы кезде қамыс, қурайдан жасалған. Қазіргі кезде ағаш немесе тағы да басқа қатты материалдан жасалады. Түтікше тәріздес, ойықтары бар. Сыбызғыда ойнау кез-келген адамның қолынан келе қоймайды, дегенмен оқушыларға қысқа фразалар ойнап беріп үнімен таныстыруға болады.
Шаңқобыз – үрмелі аспаптың бірі. Шаңқобызға тоқтала кетсек. Аспаптық музыкада Шаңқобыздың алатын орны ерекше. Оның көлемі екі жақ ұшы
сүйірленіп, ортасында жіңішке тілі бар, лираға ұқсайды. Тілінің ұшы иілген оны саусақпен ортаңғы саусақ аспапты ұстап тұрады, қалған екі саусақ жартылай бүгіліп ортадағы саусаққа тақалып, алақанмен қуыс жасалады.
Асатаяқ – көне заманнан келе жатқан сілкілемелі аспап. Бақсылар қарапайым халықты өзіне қарату үшін даңғыра қыл қобыздармен қатар асатаяқты да пайдаланған. Бақсылық жойылғаннан кейін асатаяқ ұмыт бола бастады. Бірақ ел арасындағы сауықшыл өнерпаздар оның музыкалық сипатын дұрыс танып қайта жаңғыртып өнерлеріне пайдаланды. Соңғы жылдары, музейлерде сақталған көне нұсқалар бойынша бірнеше асатаяқ жасалып, музыкалық аспаптар қатарына енгізілді.
Қоңырау , қазақ тұрмысында ерекше орын алған аспап. Қоңырауды бесікке байлап сүйкімді дыбысына қосылып, анасы ыңылдап, бөбегін жұбатқан. Қойшы серкені мойнына тағып, сыңғырлаған үніне қой ергізген. Боз бала құлынтайдың мойнына, жүгеннің сағалдырығына іліп, сылдырлатып-сыңғырлатып серуенге шыққан.
Ж ұ м ы с ж о с п а р ы
№
Ендіру кезеңдері
1
Міндеттері
Музыка сауаты
2
3
Іс - әрекеттер
Балаларға жан‑жақты тәрбие беру. Музыка әуенімен әсемдікке, сезімталдыққа,
Адамгершілікке тәрбиелеу. Музыка құдіретін, күй құдіретін түсіне білуге және алған әсерін, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Ұлт аспаптары домбыра, сырнай, қобыз
Уақыты
Музыкалық шығармашылық топ құру үшін дарынды балаларды іріктеп аспаптарды таныстыру және аспаптар туралы мағлұмат беру. Ұлттық аспаптардың түр түсін сипаттап, бір-бірнен ажырата білуге үйрету.
Музыкалық шолу
Музыкалық аспаптар туралы мағлұмат беріп, үніне қарай ажырата білуге тәрбиелеу. Әр аспап туралы мәлімет беру, аспаптар туралы аңыз‑әңгімелермен таныстыру.
Жыл бойы өтілген әндерден, тыңдаған музыкалардан музыкалық викториналар ұйымдастырып, сұрақ‑жауап алу, қорытындылау.
2014
Шығармашылық топтағы балаларға көмек көрсету, шығармашылықтарын бақылау және
шығармашылық дамуының әрі қарай өсуіне, қалыптасуына жағдай жасау.
Күтілетін нәтиже
Шығармашылық топтың жыл бойы алған білімдерін қорытындылай отырып, концерт ұйымдастыру.
Адамгершілік сапалары қалыптасқан,
өнерге деген сезімдері жан - жақты жетілген, шығармашылық топтың өз еліміздің болашағына деген салт - дәстүріне, әдеп - ғұрпына мирас етіп қалдырған бай мұраларымызды жеткіншектердің әрі қарай дамып шыңдауы.
Глоссарий
Оранжировка – музыкалық шығарманы өңдеу.
Импровизация – сөзі латынша “кенеттен” деген мағынаны білдіреді
Оркестр – музыкалық аспаптардың бірігіп шығарманы ойнауы.
Дирижер – музыкалық шығармашылық топты (хор, оркестр) басқару.
Рипертуар – музыкалық шығармашылық топтың орындайтын шығармаларының реті.
Партитура – музыкалық шығармашылық топтың орындайтын шығармасының нота үлгісі.
Мониторинг ‑ өнердегі күтілетін нәтиже немесе шығармашылық топты ұйымдастыруға сәйкестік табу мақсатында кез келген үрдісті толассыз бақылау, қадағалау, байқау.
Толерантты ‑ қарым‑қатынастағы шыдамдылық, адамдарға деген түсінік.
САЗСЫРНАЙ
СЫБЫЗҒЫ
ҮСКІРІК
ДОМБЫРА
ШЕРТЕР
АДЫРНА
ЖЕТІГЕН
ҚЫЛҚОБЫЗ
М У З Ы К А Л Ы Қ А С П А П Т А Р
АСАТАЯҚ
ТҰЯҚТАС
ДАУЫЛПАЗ
М У З Ы К А Л Ы Қ
А С П А П Т А Р
ҚОҢЫРАУ
ДАҢҒЫРА
ШАҢҚОБЫЗ
Қ о р ы т ы н д ы
Осы жобамды қорыта келе музыкалық ұлттық аспаптардың ұлттық сананы қалыптастырудағы қызметі мен таныстыра отырып, жүйелі түрде мағлұмат бердім. Қазақтың музыкалық ұлттық аспаптарының, яғни әр аспаптың өзіндік тамаша бір қасиетімен ұлт сананы оята отырып, тәрбиелеу.
Оқушыларға үнемі түсіністікпен қарасып және жағдай туғыза отырып, шығармашылық өнерлерін үнемі қадағалап демеу беріп, осы бір ұмытылып бара жатқан киелі аспаптарымыздың бар екенін ұрпағымыздың ұмытпағаны жөн.
Әрбір мемлекеттің болашағы мектепте қалыптасады, шындалады. Ертең елімізге ие болып, тізгінін ұстар азаматтар бүгін біздің алдымызда отырған білімгер. Осы орайда Ел басымыз «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, ұстаздар оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады, сондықтан, ұстазға жүктелетін міндет ауыр» екенін баса айтқан.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» - демекші – жас жеткіншектердің өнерлі де, дарынды өркендеп өсуіне, қанат жайуына қолайлы жағдай тудыру.
П а й д а л а н ы л ғ а н ә д е б и е т:
Пернебек Момышұлы. Музыкалы - эстетикалық тәрбие.
Болат Сарыбаев. Қазақстың музыкалық аспаптары.
О.Бейсенбекұлы. сазды аспаптар сыры.
Домбыра үйрену мектебі.
Жақсыбеков С.Ж. Жақсыбекова С.С Әннің бала тәрбиесіндегі алар орны.
Күй қайнары. А.Райымбергенов.
Х.Тастанов. Домбыра оркестрін қалай ұйымдастыру керек.