Қобыз аспабын сатылай үурену. Қасиетті қобыз аспабын үйренуге келген әрбір оқушы өзінің жас ерекшелігіне сай дами бастайды. Оның есте сақтау, есту қабілеттері де өз жасына сай дамиды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Қобыз аспабын сатылай үйрену"»
Қобызға арналған А.Жұбановтың кейбір шығармаларының орындалу ерекшеліктері.
Қазіргі кезең домбыра мен қобыз бұрынғыдай тек жалаң ән-күй ойнайтын аспаптар емес, өздеріне икемделген классикалық шығармаларды, профессионалдық шығармаларды фортепианоның сүйемелдеуімен еркін ойнайтын дәрежеге жетті. Мысалға қазіргі төрт ішекті қобыз-прима аспабын алып қарасақ, қаншалықты дәрежеге көтерілгендігін байқау қиын емес. Қобыздың тынысы кең, дыбыс шығару мүмкіншілігі де ұшан- теңіз.
Қобыздың әуелдегі түрі қос ішекті, үш ішекті болып келетін. Қазір оларды жетілдіре түсінудің арқасында төрт ішекті бас-қобыз, альт-қобыз, қобыз-прима сияқты бірнеше түрлері пайда болды.
Сонау VIII-ғасырдағы өмір сүрген /халық арасындағы аңыз бойынша/ күй атасы Қорқыт есімімен байланысты күйлер, XIX-ғасырда өмір сүрген Ықылас Дүкенұлының күйлері қыл-қобызда орындалып, ғасырлар бойы дала қазығының қуанышы мен мұңын шертті.
Әсіресе Ықылас қобыздың ұнамды да жағымды дыбыс көлемін тегіс пайдаланып метро-ритміне өзгерістер еңгізді, мелодиялық үнін құбылтты. «Қоңыр», «Ықылас», «Кер толғау», «Аққу», «Қазан» тағы да басқа күйлері арқылы техникалық және мелодиялық шығармалар ойнады.
Ықылас шығарған күйлердің қайсысы болмасын өз заманындағы әр алуан жағдайға байланысты сыр шертсе, біздің заманымыз қобыздың қайта жасарып өңделуіне байланысты қобыз үшін еңбекші халықтың ой-арманын салтанатты жеңісімен еңбектегі табысын жырлайтын музыкалық щығармалар керек етті.
Төрт іішекті қобызға арнап Қазақстан композиторлары көптеген шығармалар жазды. Олардың ішінде әсіресе, алғашқы жылдары өте көп еңбек сіңірген А.Жубанов, М.Төлебаевтар т.б. болды. А.Жубановтың қобызға арналған пьесаларының қайсысын алсақ та шығармадан бүгінгі заманның бейнесін жаңа адамдардың жарқын образдарын жасайды.
Ахмет Қуанұлы Жубановтың өмірі мен творчествосы.
Қазақ совет музыка мәдениетінің көрнекті қайраткері, белгілі музыка зерттеушісі, Қазақстан Республикасының академигі, өнер ғылымдарының докторы, композитор Ахмет Қуанұлы Жубанов 1906- жылы бұрынғы Орынбор губерниясы /қазіргі Ақтөбе облысы/ Темір уезі-Темірорқаш болысының сегізінші ауылына қарасты Ақжар деген жерде дүниеге келді. Ахметтің әкесі өзі тұрғылас ауылдастарының ішінде кезінді көзі ашық сауатты адам болған. Балаларына білім беруді, оқытуды арман еткен әкесі Қуан Ахметті 1913-жылы сол ауылдан ашылған «Бір класстық орыс-қазақ» мектебіне береді. Оқу мерзімі үш жыл болады да, сабақ орыс тілінде жүреді. Осы мектептің меңгерушісі Құсайын Ашғалиев өз сабағына мықты, оның үстіне домбыра тартып, орыстың халық аспаптары скрипкада, мандолинада ойнайтын музыканттық өнері бар адам еді. Қашан да болса сабаққа зейінді Ахмет ән-күйге де әуес болып шығады. Ашғалиев Ахметке мандолинада, скрипакада ойнауды үйретеді. Талапкер бала бұнымен тынбайды, сол маңдағы атақты домбырашы, өзінің ауылдасы Талым қарттан күй үйренеді. Талымнан тұңғыш рет «Штат» атты күйді үйренгенде Ахмет 5 жаста болатын.
1916-жылы Орқаштағы «Бір класстық орыс-қазақ мектебін» ойдағыдай бітірген Ахмет сол жылы Жұрын станциясындағы екі класстық мектепке түседі. Сонда оқи жүріп, мектептегі ойын-сауық үйірмелеріне қатысып, скрипка, домбыра, мандолинаны кезек тартып, жас өнерпаздың алдын бермейді.
1925-жылы Ақтөбедегі халық мұғалімдерін даярлайтын курсты да бітіріп алады.
1928-жылдың жазында ВКП/б/ Ақтөбе губерниялық комитетінің жанынан ашылған партия активінің бір айлық курысына келген Ахмет, скрипкашы /Варшава консерваториясын бітірген/ Чернюкпен кездеседі. Осы жылы Ахмет Ақтөбеге ауысып келеді де Чернюктен музыка теориясынан, сольфеджиодан сабақ алады. Скрипкада ойнаудың техникасын үйренеді. Ұғымтал шәкіртінің дарын, талабына, оның алдындағы зор болашағына кәміл сенген Чернюк Ахметтің Ленинградқа барып оқуын талап етеді.
Қазақстанның бір түкпірінен білім іздеп келген А. Жубанов 1930-жылы Ленинградтың Римский-Корсаков атындағы консерваториясына гобой классына қабылданады.
А. Жубанов мәдениет майданына осы отызыншы жылдары арласады. 1932-жылы Ленинград консерваториясын бітіреді. 1933-жылы Казрайком мен Қазақ Халық Ағарту комиссриаты оны шақырып алып, жаңадан ашылған музыка техникумына оқу білімінің басқарушысы етіп тағайындайды. Осы жылы ол техникум студенттерінің күшімен он бір кісілік домбырышылар ансамбілін ұйымдастырады. Бұл қазақ музыкасының тарихында бұрын- соңды болып көрмеген тұңғыш домбыра ансамблі еді.
Ансамбль алғашқыда халықтың ән-күйлерін ешбір инструментовкасыз, гармониясыз, нотасыз бір дауыста жатқа ойнап жүрді.
Олар өздерінің шағын репертуарымен жоғарғы оқу орындарда, радиода концерттерін беріп, жұртшылық назарын аударды.
1936-жылдың май айында қазақ совет көркем өнерінің Москвада онкүндігі болды. Осы онкүндіктің Москваның үлен театрында болатын қортынды концертіне А. Жубановтың басқаруындағы қазақтың халық аспаптар оркестрі де қатысады. Қазақ өнерінің Москвада өткен онкүндігі осы заманда өрен жайған ұлттық музыка мәдениетіміздің тарихында ұмытылмас елеулі кезең болды. Қазақстандықтар Москвадан үлкен абыроймен оралды. Кремльде болған қабылдауда Михаил Иванович Калинин А. Жубановқа «Құрмет белгісі» орденін өз қолынан тапсырды.
Ахмет Жубановтың басқаруындағы халық аспаптар оркестрі республикамыздың қалаларын аралап концерттер берді. Қазақтың музыкалық мәдениетін дамытудағы елеулі еңбегі ескеріліп, Казаткомның 1936-жылғы 3-ноябрьдегі қаулысы бойынша А.Жубановқа республиканың еңбегі сіңірген артисі деген құрмет атақ берілді. 1937-38-жылдары А.Жубанов Қазақтың Абай атындағы Мемлекеттік академиясының опера және балет театрында дирижерлік қызмет атқарады. «Ертарғын», «Қыз Жібек» операларында дирижерлік етеді.
1940-жылдың күзінде А.Жубанов Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармониясының көркемдік жағын басқарушы, әрі халық аспаптар оркестрінің бас дирижері болып қайтып барады.
А.Жубанов творчестволық өмірінің жалын атқан жас шағын осы коллективке арнаған және Қазақстан музыка мәдениетіне сіңірген еңбегі мұнымен шектелмейді:
А.Жубанов профессиональдық қазақ музыкасына үлен үлес қосқан аға буын композиторымыздың бірі. Ол қазақ музыкасын түбегейлі зерттеп, ата-бабаның кейінгі ұрпаққа мирас етіп қалдырған асыл мұрасын халық арасында кеңінен уағыздаған халық музыкасының жалынды насихатшысы.
Ол-республикамыздың музыка зерттеу ғылымының негізін салушы. А.Жубанов композиторлық творчествосымен 1938-жылдардан бастап айналыса бастады. Алғашқы жылдардағы композиторлық еңбегі екі салада қоса дамиды.
Біріншіден халықтың ән-күйлерін оркестрге лайықтап әндетсе, екіншіден сол халық музыкасының рухында өзінің тырнақалды төл шығармаларын жазды. 1938-жылы Ахмет Ғ.Мүсіреповтың «Қозы көрпеш-Баян сұлу» пьесасына музыка жазды. Сол жылы ол совет музыкасының көрнекті қайраткері М.Ф.Гнесинмен бірлесіп «Аманкелді» фильміне музыка жазады.
Тәрбиелі музыкант үлкен эрудицияның адамы М.Ф.Гнесинмен творчестволық қарым-қатынаста болу, оның ақыл кеңесін есту А.Жубановқа өзгеше әсер етеді. Ол композиторлық іспен шұғылдануғы тугелдей бет бұрады. «Қозы көрпеш-Баян сұлудан» кейін М.Ақынжановтың «Исатай-Махамбет», М.Әуезовтың «Абай» пьесаларына музыка жазады. Бұдан кейін А.Жубановтың фортепианомен жеке дауысқа арналған әндері, төрт дауысты хорлары дүниеге келеді. Композитордың «Отаным», «Ақшолпан», «Жылқышы» сияқты әндері мен хорлары сол жылдардың жемісі еді.
1938-40-жылдарда «Сары» атты музыкалық пьеса жазады. Мұнда автор Сарының төл әндерін қолдана отырып, пьесадағы оқиға өрісіне байланысты басты кеіпкердің характерін, арман-мақсатын жарқырата түсетін оригиналдық музыка тілін таба білді.
1941-жылдан бастап А.Жубанов музыкалық шығарманың басқа да түрлерімен жанрын барлап, әр салада музыка жазады. Ол өзінің алғашқа аспаптық және ірі формадағы симфониялық шығармаларын «Тәжік билерін», симфония мен оркестрі мен халық аспаптар үшін «Абай» атты поэмасын жазады. Кейінірек Бірінші және Екінші «Вокальдық сюиталарын» симфония оркестрімен қазақтың халық аспаптар оркестрі үшін де екі вариантта «Увертюра фантазиясы» шығармаларын дүниеге әкелді.
Өзі алғаш ұйымдастырып, оған бес жылдай дирижерлік етен қазақтың Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінің репертуарын байытып «Абай» атты симфониялық поэма, «Құрманғазы маршы», «Қазақ маршы» Абай әндерінің тақырыбына жазған фантазиясы, «Би күйі» т.б. толып жатқан шығармаларын жазды.
Оның Ұлы Отан соғысы жылдары дүниеге келген «Серт», «Қалғанша қасық қан», «Москва», «Қарлығаш» атты вокалдық туындылары музыкалық әдебиетімізге жаңа бір әуен, соңы мелодиялық өрнек әкелді.
А.Жубанов аспаптық, музыкамызды дамытуда осы саладағы шығармалары арқылы елеулі әсер етті. Композитордың фортепианоға, қобызға арнап жазған пьесалары, ариялары, романстары, күйлері, би музыкаларының аспаптық музыкадағы соны көрініс болды.
Қобыз бен скрипка үшін «Ария»,қобызға арнап «Көктем» атты вальс, «Романс», «Вальс», Ықыластың «Жез киігінің» тақырыбына арнап «Күй» жазды.
Ахмет Жұбановтың опера жанрындағы туындылары Латиф Хамидимен творчестволық бірлікте жазған /1944/ «Абай» және «Төлеген Тоқтаров» опералары болды.
1942-жылы А.Жубановтың «Қазақтың халық композиторларының өмірі мен творчствосы» деген көлемді зерттеу еңбегі жарыққа шықты. Бұл еңбекте автор халықтың Құрманғазы, Тәттімбет, Біржан сал, Мұхит, Сары, Майра сынды майталман әнші- күйшілердің өнерпаздығын, олардың творчествосындағы өзіндік ерекшеліктерін, XIX- ғасырдағы қазақтың музыкалық мәдениетімен тығыз байланыста қарайды. Әр әнші- күйшінің өскен, өнген ортасын, үлгі- өнеге алған дәстүрін сөз етеді.
1958-жылы баспадан «Ғасырлар пернесі», 1960-жылы «Құрманғазы», 1963-жылы «Жазушы» баспасынан «Замана бұлбұлдары» атты қалың-қалың зерттеу еңбектері жарық көрді.
А.Жубановтың сан-салалы еңбегінің, қайраткерлік ісінің негізгі бір саласы- оның ұстаздығы.
Алматының Құрманғазы атындағы консерваториясы ашылғанда А.Жубанов осы музыкалық оқу орнынан Қазақтың халық аспаптар факультетін ұйымдастырып, көп жылдар бойы осы кафедраны басқарды, консерваторияда қазақтың музыкасының тарихынан лекция оқып, дирижерлықтан, инструментовкадан сабақ берді.
Республикамыздың өнер салаларында қызмет етіп жүрген, консерваторияда ұстаздық етіп жүрген, Ахмет Жубановтан сабақ алған, тәрбиелі ұстаздың алдын көрген шәкірттері көп.
Солардың ішінде Қазақстан Республикасының өнерге еңбегі сінген қайтаркері Нұрғиса Тілендиев, Қазақстан Республикасының халық артистері профессор Шамғон Қажығалиев, Фуат Мансуров сияқты есімі көпке белгілі талантты дирижерлар, ал Қазақстан халық артисткасы , профессор Ф.Д.Балғаева, өнертану ғылымының докторы Б.Ш.Сарыбаев, профессор міндетін атқарушы Құбыш Мұхитов, Алматы Мемлекеттік консерватоиясында ұстаздық етеді. Міне, осылардың бәрі де Ахмет Қуанұлы Жубановтың шәкіртттері.
Композитордың қобызға арналған пьесаларындағы кейбір ерекшеліктер.
Әр композитордың өз қолтаңбасы, суреткерлік тәсілі басқадан дараландырып тұрартын шығармаларының өзіндік үні болдуымен қатар, музыкалық тілі болмақ.
Ахмет Қуанұлының творчествосына тән ерекшелік- шығармаларының мелодиялық жан дүниесін толқытып шаттық тсезімге бөлейтін лирикалылығы. Тыңдаушы сезімін тебіренткен әсерлі лирикалық әуен оның ән-романстарында да аспаптық шығармаларына ортақ қасиет. Композитордың сыршылдығын біз оның аспаптық музыкасынан да естиміз.
А.Жубановтың қобыз үшін жазған шығармаларын өзі тек бұрыңғы қобызды қайта өңдеп жаңа қобызға айналдырып сол аспаптың талап-тұрғысынан туған шығармалары болып табылады.
Композитордың шығармаларының қайсысы болса да бүгінгі қобыздың дыбыс бояуының әдемілігін, орындаушылық техникалық бар мүмкіншілігін, оның негізінде саз әдемі аспап екенін танытады. А.Жубановтың қобыз үшін шығармаларының музыкалық ерекшелігі, міне осыда.
Олар қобызда тек ойнап орындау үшін өте ыңғайлы және сонымен қатар олар қобыздың дыбыс көлемін, барлық регистрін орындау тәсілдерін /штрихтарын/ барынша толық пайдаланумен бірге қобыздың әдемі үнін паш етеді.
Сөзіміз дәлелді болу үшін «Көктем» алып көрелік. Бұл шығарма А.Жубановтың қобыз үшін арнап жазған шығармаларының ішіндегі ең көрнектіісі. «Көктем» өзінің мелодиялық сазымен ерекшеленеді.
Композитордың «Көктемі» көлемі шағын болғанмен шынайы жан тебіренісін, табиғат сулулығына, өмірге деген құштарлықтан туған жастық жыры.
Мұнда орындаушы шабыттана ойнайтын музыка образы әртүрлі характерде мазмұнға бай. Музыкасы әрі шабытты, әрі салтанатты. Бұл заңды да өйткені «Көктем» шығармасына бейбітшілік үшін күресуші дүниежүзілік демонстрациялық жастардың асқақ ойын, күш жігерін бейнелейтін шығарма. Автор осы шығармасы арқылы жастар образын, олардың шаттық көңілін әсем сазды мелодия тілімен сөйлетеді. Жігерлі, шабытты алғашқы сегіз такт фортепиано кіріспесінің өзі тыңдаушыны осыған меңзейді.
«Көктем» шығармасының вальс ырғағында жазылуының өзі жастардың көңіл-күйін суреттейді.. Кіріспеден кейін басталатын қобыз соласы өзінің кең тынысты, ширақы, жүреке жылы тиетін мелодиялық әсерлілігімнг тыңдаушысын салғанынан еліктіреді.
«Көктемде» жоғарыдай айтқанымыздай әр қилы орындаушылық әдіс-тәсілдер кеңінен пайдаланылған.
Әсіресе, бұрын қобызда кездеспейтін трель сияқты ойнау әдісі кеңінен қолданылған. Мысалы:
Музыкалық образ характеріне орай «Көктем» екпіні өзгеріп отырады. Әсіресе, салтанатты екпіннен кейін орындалатын ортаңғы бөлімі тәтті сезімге толы.
Бір сөзбен айтқанда «Көктем» мелодиясы қобыз үніне, оның дыбыс бояуына тән лирикаға мол шығарма болып табылады.
Егер қобызда орындау техникалық тұрғысынан қарай алатын болсақ автор негізінде қобыздың құлаққа аса жағымды бояулы дыбыс регистрын пайдаланады. Осының бәрі орындаушыдан шығарманы өз дәрежесінде асқан шеберлікпен, оның лирикалық сезімге толы музыкалық характерін молынан сырын ашып, көркемдік жоғары дәрежеде орындауды талап етеді.
Композитордың халық сапаптарына арнап жазған шығармаларын сөз еткенде ерекше атап өтетін бір жай бар. Ол- халық аспаптарының дыбыс күшін, спецификасын, бір нәрсені бейнелеудегі мәнерлеушілік мүмкіншіліктерін композитордың жете білетіндігі, және сол мәнерлеушілік мүмкіндікті творчествосында пайдаланатындығы.
Ахмет Жубаовтың осындай музыка зергерлігінің сәтті көрінісі- оның қобызға арналған «Романсы». Композитордың бұл шығармасы көңіл-күйді, сыршылдықпен нәзік сезімде сөйлеткен ойшыл лирика.
«Романсты» тыңдаған Камиль Сен-Санстың «Аққу» атты пьесасындағы сұлулық суреті көз алдыға келеді. Бырақ сол сұлулық «Аққу» кейпіндегі сұлулық емес, адамның арманшыл көрікті көңіл-күйі / ностроение/ ретінде баяндалады. «Романста» әлде бір қасиетті биікке құлаш ұрған арманшыл ойды, ізгі ниетті білдіретін лирикалық әуендегі көңіл-күй / бұл - негізгі мелодия арқала беріледі/. Тамылжыған табиғат көрінісінің / яғни фортепианалық аккомпаноменттін/ фонында шалқиды.
А.Жубановтың «Романсын» тыңдағанымызда К. Сен-Санстың«Аққуында» суреттелетін көрініс көз алдыңызға келгендей болады. Бірақ бұл «Аққудың» көшірмесі емес, немесе оған еліктеу емес, бар болғаны тыңдаушының ассоциялық түйсінуі ғана.
Шығарма бастан аяғаны дейін өте жай екпінде жүреді. Ортаңғы бөлімі өзінің динамикалық құбылмалы, бірте жай, бірде үдете дамитын екпіні арқылы әртүрлі шабытты көңіл- күйін білдіреді.
Триольмен ойналатиын фортепианоның сүйемелдеуі, үзілместен шырқай түсетін шығарманың мелодия байлығы бейбіт өмірдің, тыныштықтың образын алдыңызға елестетеді.
Мұнда мелодия шалқы , ілгері дами түседі. Автор бұл шығармасынадыа қобыздың ең жоғарға регистрін өте орынды пайдаланады. Осының арқасында басқа шығармалары сияқты Ахмет Жубановтың бұл «Романсын» да қобыздың кантиленалық аспап екендігін танытады.
Көпке белгілі «Арияны» осы «Романспен» салыстырсақ формасы тұрғысынан ол А. Жубановтың басқа шығармаларына ұқсас болғанымен, мұның музыкалық тілі ерекшелігі, характері мүлде өзгеше. Егер «Көктемде» салтанатты, шабытты жастар образы болса, «Романсқа» нәзік, лирикалық сезімі тән болса, «Арияда» негізінде айтары мол, сыры көп баллада тектес болып жазылған.
«Ария» жай екпінде басталып, аспай-саспай біртіндеп жоғары шарықтай мелодиясы бейне бір ұзақ хиссаның жырын толғағандай.
Шығарманың бастан аяғына дейін мелодия жемісі бір үзілмейді, қайта бірдіен-бір өрістеп отырады. Қобыздың жаңға жайлы қоңыр үні тілмен айтып жеткізуге болмайтын тамаша бір сұлу сезімді ұзақ жырлайды. Композитор «Ария» мелодиясының желісін бастан-аяқ сызылтады, оның ырғағын айтарлықтай өзгеріске салмайды. Мұның өзі шығармаға ерекше лирикалық үн бояуын сыршылдықтың музыка тіліндегі әңгімешілдік қасиетін береді.
Басқа шығармаларына тән сияқты А.Жубановтың «Ариясына» да мелодия әуенділігі, саздылығы, тіл өткірлігі айқын көрініп тұрады. Мұнда фортепиано акконпаноменті әдеттегідей тек қана негізгі мелодияны суемелдемейді, қайта оны толықтыра түсуімен бірге өз алдына белгілі бір роль атқарып отырады.
Қобызшылардың аса құйқылжыта ойнайтын Ахмет Жубановтың қобыз үшін жазған шығармаларының бірі «Жез киік». Бұл шығарма негізінде Ықыластың осы аттас күй тақырыбына жазылған Ахмет Жубанов Ыыластың «Жез киігін» өзінше талдап, өзінше өңдеп фортепиано суйемелдеуімен қобызға арнап жазған. Композитор ең алдымен Ықылас күйінің мелодиялық өрісін, диапазонын оригиналды түрінен әлде қайда кеңіте, дамыта түседі. Мелодия өтісін дамытқанда композитор осы замандағы жетілдірілген төрт ішекті қобыздың диапазонын, регистрлік ерекшеліктерін негізге ала отырып дамытады. Ықыластың «Жез киік» күйінің мәнерлеушілік тәсілін ширықтыра түседі: бұрын қобызда кездеспейтін фложалет секілді ойнау штрихын өте әдемі пайдаланалды. Мұның өзі күйдің характеріне, оның музыкалық образына сай келеді. «Жез киік» екпіні тұрғысынан аса жүрдек орындалады. Шығарманың аккомпаноментіне келетін болсақ, бұл жай қара дүрсіл сүйемел емес, «Жез киік» күйінің мелодиялық негізінде туған жігерлі рухтағы белсенді /активный/ аккомпаномент. Мысалы,
Басқа шығармаларына қарағанда А. Жубановтың «Жез киігі» техникалық орындаушылық жағынан шеберлікті аса қажет етеді. Күйдің салған жылдам екпінінде басталуының өзі , орындаушы -қобызшыдан техникасының жетік, саусақтарының жүрдек, әрбәр ноталарды «тайға таңба басқандай» етіп орындауды талап етеді. А.Жубановтың «Жез киігінің» ерекшеліктері: соның белгілі бір музыкалық формасына келтірілуі күй характеріне лайықтандырылып жаңа мелодия сазына, тіліне түсіндірілуінде. Профессионалдық тұрғыдан музыкалық-динамикалық әртүрлі нюанстармен толықтырылуда. Сайып келгенде «Жез киік» бейнесін суреттейтіндей фортепиано суйемелдеуінде қажетті гармониялық бояу табуында.
Ахмет Жубанов бұл шығармасын «Жез киік» тақырыбына арнап жазған тың, оригиналдық шығарма деп айтуға болады.
Жалпы алғанда А. Жубановтың қобызға арнап жазған шығармаларын тыңдағанда жаңа қобыз үнін ажыратуда, оған арнап жазылған музыка шығармаларының жаңа заман интонациясына, мелодиялық құрылысына, ырғаққа, гармониялық фактураға толы екенін айыру қиын емес. Композитордың қобызға арнап жазған музыкасының қайсысы болса да негізінде бүгінгі өмірдің жарқын образын замана шабытын, бақытты адамдар бейнесін суреттейді.
Шығармалар лирикалық сезімге толы болса да, мұнда «жасықтық», писсимистік уайым-қайғы жоқ. Қайта оған керісінше мейлі «Көктемін», мейлі «Ариясын» мен «Романсын» алайық, бұлардың қайсысы болма да тыңдаушылардың жүрек қылын шертетін, күш- жігер беретін шыйқары, шабытты мелодия сазына толы. Бұл заңды да. Өйткені жаңа заманда қайта туған қазақтың бұрынғы қыл ішекті қобызы жаңаша тыңдаушыларменен «тілдесуге», сырласуға борышты еді. Қобызға арнап музыка жазғанда А.Жубановтың алдына қойған творчестволық- композиторлық идеясы осы мақсатта болатын сияқты. Оның шығармаларының тек қобызшылар емес, басқа европалық аспаптарда орындалуы, осы шығармалардың музыкалық мазмұнынын тереңділігін, көркемдік дәрежесініңи озықтығын мелодия құрылысының шабыттылығын дәлелдейді. Мысалы, А. Жубановтың қобызға арнап жазған соңғы «Вальсін» алсақ та осы пікірге келеді.
Өзінің қобызға арнап жазған тұңғыш «Көктемі» сияқты композитордың «Вальсі» де бүгінгі Совет заманының шырақы мелодиялық көңілді интонациясына асқақты, ойнақы, шаттық ырғағына толы. «Вальстің» мелодиялық тілі басқа шығармалар сияқты өткір, көңілге қонымды, жүрекке жылы тиеді, және жеңіл ойналады. «Вальстің» музыкалық бір ерекшелігі оның қобыз дыбыс диапазонын айтарлықтай, мейлінше кеңінен және молынан пайдаланады.
Бір сөзбен айтқанда «Вальс» басынан -аяғына дейін кіші октавадан бастап үшінші октаваның «соль» дыбысына дейін қамтиды.
«Вальс» автордың қобыз үшін арнап жазған туындыларының сәтті шыққан шыңармалар қатарына жатады. Ал, композитордың «Вальсі» болсын, жоғарыла айтылған басқа шығармалары болсын бүгін жас музыкант қобызшылардың аса сүйсіне орындайтын шығармалары болып табылады.