№ 192 орта мектеп
Дайындаған: Абибуллаева Кенже
Музыка 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Халық музыкасы және оның операға ұласуы.
Сабақтың мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыта отырып ойындар мен қызықты
тапсырмалар арқылы білімін тиянақтау, бекіту, пысықтау, тексеру арқылы ойын түрінде балалардың қызығушылығын арттыру.
Сабақтың дамуы: Баланың жан - жақты ойлауын, ізденуін дамыту.
Сабақтың тәрбиесі: Ата –бабамыздың нақыл сөздерін сүюге ұлтжандылыққа, өнерді сүюге,
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау, ойын сабақ.
Сабақ көрнекілігі: Таспа, барабан, плакаттар, композитор суреті.
Сабақтың барысы:
* Ұйымдастыру: оқушының назарын сабаққа аудару. Екі топқа бөлу.
*Үй тапсырмасын тексеру: 1-ші тоқсандағы тақрыптарды тиянақтау.
6 ұяшыққа сұрақтар жасыру.
*Жаңа сабақ:
- Алпамыс батыр мен “Жыл басы кім болады?” ертегісінің суреттері арқылы жаңа сабаққа көшу.
-Музыка тыңдау.
- Музыка сауаты.
- Жаңа ән.
*Қорытындылау.
- “Балық аулау”ойыны арқылы жаңа сабақты тиянақтау.
- Дәптермен жұмыс.
*Үйге тапсырма беру.
Үй тапсырмасын тексеру
1
2
3
5
6
4
Е.Г. Брусиловский (1905-1981) дондағы Ростов қаласында дүниеге келген. Композитор. “Қыз Жібек” жырының негізінде “Қыз Жібек” операсын жазған ал оның либреттосын Ғ. Мүсірепов жазған. Опера алғаш 1934 жылы қойылған.
Әсет Бейсеуов “ Туған жер”
Жұпар самал бұйраланған көп белең, Далам менің еңбегімен көктеген.
Қызғалдақтың алаулаған оттары,
Туған жерді жалғап жатыр көкпенен.
2. Сүйем сені қасиетті мекенім,
Мәңгі сені әнмен желпіп өтемін.
Сенде ғана көтерілсем биікке,
Сенде ғана арманыма жетемін.
3. Жұпар самал бұйраланған көп белең,
Далам менің еңбегімен көктеген.
Қызғалдақтың алаулаған оттары,
Туған жерді жалғап жатыр көкпенен.
Е.Г. Брусиловский (1905-1981)
Дондағы Ростов
қаласында дүниге
келген
Ұстазы
анасы
Күрделі Шығармалардың авторы
Ұлағатты ұстаз
Композитор
Либретто- опера, балет, ораторияның әдеби- поэтикалық мәні.
Ария- белгілі бір кейіпкердің бейнесін ашатын жеке ән.
Увертюра- операның кіріспесі.
“ Балық аулау”ойыны
Үйге тапсырма беру:
1) Жыр және опера .Е . Г .Брусиловскийдің өмірі.
2) Ә. Бейсеуов . «Туған жер»
3) Музыкалық терминдерді жаттау.
4) Оқушыларды бағалау.
Назарлары ңызға
рахмет!!!
Танысқан Композиторларды ата.?
Симфониялық музыка дегеніміз не ?
Симфониялық оркестр қандай
аспаптардан тұрады ?
Әншілердің қосылып ән салатын үлкен тобы.
Хорда қолданылатын дауыстарды ата .
Оратория дегеніміз не ?
Ғасырлар үні ораториясын кім жазды ?
Ән жасыру
Е. Г. Брусиловский кім ?
Жан – жақты сипатта .
«Қыз Жібек» операсы қай
жылы қойылды , оның либреттосын
жазған кім ?
Либретто дегеніміз не ?
Операның басталар алдындағы
орындалатын музыкасын немесе
кіріспесін не деп атаймыз ?
Ария дегеніміз не ?
Операдағы Жібектің бейнесін
ашатын ән қандай ән ?
Бүгінгі сабақта өтілген әннің
тақырыбы және авторын ата ?
1 шумағын орындап бер .
«Қыз Жібек» операсы
музыканың қай тобына жатады ?