?аза? хал?ыны? музыкалы? аспаптарымен таныстыру ма?сатында жасал?ан таныстырылым. ?аза?ты? музыка аспаптарын т?бегейлі зерттеген ?алым Б.Сарыбаев ж?не жалпы ?аза? ?лтты? музыка аспаптарыны? шы?у тарихы туралы баяндалады.
«Музыка» п?ні бойынша о?у ба?дарламасы ?аза?стан Республикасы ?кіметіні? 2012 жыл?ы 23 тамызда?ы № 1080 ?аулысымен бекітілген. Орта білім беруді? (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпы?а міндетті стандартына с?йкес ?зірленген.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?аза? хал?ыны? аспаптары »
Қазақ халқының
ұлттық аспаптары
Лекция-концерттің мақсаты:
Қазақ халқының ұлттық аспаптарымен таныстыру.
Музыканы тыңдай отырып, аспапты білу, үні арқылы, аспап түрлерін ажырата білуге дағдыландыру.
Ұлттық құндылығымызды, халық музыка мәдениетін құрметтейтін тұлға тәрбиелеу.
Болат Сарыбаев
( 1927 – 1984)
Сарыбаев Болат Шамғалиұлы — музыкатанушы, қазақтың ұлттық музыка аспаптарын жинаушы әрі сол аспаптарда орындаушы, педагог, өнертану ғылымдарының кандидаты.
Ықылас Дүкенұлыатындағы қазақ халық аспаптар мұражайы
Бабамыздың мұңы сенсің – Домбыра,
Анамыздың сыры сенсің – Домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үні сенсің – Домбыра.
Құрманғазы
Дәулеткерей
Тәттімбет
Дина
Жаяу Мұса
Біржан сал
Ақан сері
Шертер, жетіген
Жетіген
Жетіген— шертіп ойнайтын жеті ішегі бар музыкалық аспап. Тиектің орнына асықтарды пайдаланған. XX ғасырда белгілі фольклор зерттеушісі Болат Сарыбаев жетігенді көне көз қариялардың сипаттауы бойынша құрастырып, қайта қалпына келтірді. Ертеде жетіген аспабын жыраулар жиі қолданған — оның әуені аң аулуға шыққанда немесе алыс жорыққа аттанарда сәттілік әкеледі деп сенген.
С Ы Б Ы З Ғ Ы
Үрмелі аспаптар арасында сыбызғы - халық үшін ең сүйікті аспап болып табылады. Ол халықтық музыкалық өнердің ажырамас бөлігіне айналды. Сыбызғы шопандардың отар бағып жүрген кезде жалғыздығын жебейтін аспап ретінде, ал кешкі демалыс мезгілінде музыканттар ол арқылы ескі аңыздар-жырларды айтқан. Сыбызғышылар барлық тойлар мен мерекелердегі құрметті қонақтар болған. Сыбызғының кең таралуы, қолданылуы оның қарапайымдылығымен түсіндіріледі. Сыбызғыны қуыс талдан жасаған, одан үш саңылау ойған. Сыбызғының оңай және тез жасалатынына қарамастан, ойнау жеңіл болмаған. Сыбызғылық күйлер әдетте екідауысты болып келеді. Бір дауыс аспаптан шықса, екінші дыбыс орындаушы-музыканттың тамақты дыбысынан пайда болған.
Осы екі дыбысты қатар орындау техникасын меңгерген адам сыбызғыда ойнай алатын болған. Талдық сыбызғылардан басқа ағаш сыбызғылар да бар.
С а з с ы р н а й
Сазсырнай — саздан жасалған үрлемелі аспап. Үні ашық, нәзік болады. Сазсырнай Қазақстан аймағындағы Отырар қаласында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған. Ежелде бұл аспап балалар мен жасөспірімдер арасында кеңінен таралған.
Шаңқобыз— темірден немесе күмістен жасалған сүйір тілшесі бар көне музыкалық аспап. Шаңқобыз басқа атаулармен көптеген халықтарда кездеседі. Оның сирек кездесетін бір түрі — ағаш шаңқобыз — ағашқа бекітілген жіпті тербеу арқылы дыбыс шығарылады.
Шаңқобызтілдік аспаптар тобына жатады. Бұл аспап әртүрлі атпен (Варган, темір қомыз, шаңқобыз және басқалары) көптеген халықтарда, кездеседі. Ол якуттарда, тувалықтарда, хакастарда, қырғыздарда, түркмендерде, өзбектерде, қарақалпақтарда, дұнғанда, башқұрда, қалмақтарда, украиндықтарда, орыстарда және басқа халықтарда бар. Шаңқобыздың құрылымы қарапайым. Ол кішкентай доға түрінде бастары жіңішкеріп келетін темір аспап, бұл доғаға жұқа темір серіппе бекітіледі. Шаңқобызды ерінге қойып, ойнайды. Дыбыс серіппенің тербелісі арқылы шығады. Ауыз қуысы аспап резонаторын атқарады. Шаңқобызды осы жүзжылдықтың 40 жылдарына дейін Қазақстанда кездестіруге болады.
Ұрып ойналатын аспаптарАңға шыққанда, діни жоралғыларда, жауынгерлік жорықтарда пайдаланылған.