-Біз осы ?сем безендірілген зал?а ?андай мерекені тойлау?а келдік?
-Жа?а жыл тойлау?а келдік.
-Б?рекелді балалар,ендеше мерекемізді бастайы?.
Осы кезде Зал?а т?лкі кіреді:-?ой ?йімде жата алмадым. С?ламатсы?дарма балалар! Мерекелері? ??тты болсын!М?нда сондай к??ілді.Мені? кішкентай балаларым мерекеге ?атысып сендерге арнап би билеп берсек деген со? менде мерекені тойлау?а келдім.
Ж?рг:-Рахмет,т?лкіжан біз жа?а жылды тойлап жатырмыз.Кел сенде бізбен бірге бол.??рметті ?она?ымыз бол.
Т?лкі:Би билейік барлы?ымыз,
Т?рма?ыздар келі?дер
К??ілімізді к?терейік
Бізбен биге ері?дер.
Би: «Т?лкілер»
Ж?рг:-Оо,?андай тамаша би,біра? біз мерекемізде шырша шамын жа?уды ?мытып бара жатырмыз,балалар.К?не бірге айтайы?,
Бір,екі,?ш,шырша шамы жар?ырай т?с.
Один,два,три,елочка гори.
Уан,ту,фри,лайт энд лайд.-Ой,балалар шыршамыз жар?ырай т?сті.К?не шыршамыз?а арнап ?н айтайы?.
Просмотр содержимого документа
«"Ж?лдызды? бастан кешкен о?и?алары"»
«Бөбек» балабақшасы МКҚК
Дайындаған музыка жетекшісі: Жаньярова.Г.Е
2014-2015 оқу жылы
«Кел,жаңа жыл,жаңа жыл!»
(Жұлдызбен саяхатқа)
Кейіпкерлер:
Жүргізуші:Лайла(тәрбиеші)
Түлкі:Анар(тәрбиеші)
Жұлдыз:Лариса(тәрбиеші)
Ескі жыл:Бақытқан(тәрбиеленуші)
Жаңа жыл:Мадина(тәрбиеленуші)
Аязата:Сания апа(тәрбиеші)
Ақшақар:Асемгуль(тәрбиеші)
Мақсаты:Жаңа жылдық мерекеге балаларды қатыстырып, оларға мерекелік көңіл күй сыйлап жаңа жыл туралы ұғымын кеңейту,қызығушылықтарын арттыру.Қыс мезгіліндегі ерекшеліктерді айтып,балалардың білімін жетілдіру.
Зал әдемі безендірілген.Ортада шырша тұр.Сахнаға музыка әуенімен құйрығын бұлаңдатып,майысып,жан-жаққа қарап түлкі шығады.
Түлкі:-Мына жер адамға толып қалыптығой,Саламатсыңдарма,Қонақтар!Келе жатқан жаңа жыл мерекесі құтты болсын!
Мен қу екеш түлкімін
Құйрығыммен бұлаңдап
Күліп жүрем қашанда
Амал тауып сылаңдап
Шыршаға қарап:-Неткен әдемі шырша! Бұл жерде мереке болатын шығар.Онда аңдар көп болады.Аяз атаның сыйлығына таласып,біреу құйрығымды басып кетіп жүрер.Оданда үйіме барып тып-тынышг жатайын.
Түлкі шығып кетеді.Музыкамен жүргізуші және балалар кіреді.
Жүргізуші:Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа орап алды маңайды..
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн
Шуақтана әр тарапқа тарайды.
-Қайырлы күн қадірменді қонақтар,ата-аналар,әріптестер!Келе жатқан жаңа жыл мерекесі құтты болсын! «Тұлпар» ортаңғы тобының әзірлеген « Кел,жаңа жыл,жаңа жыл!»атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!Ендеше мерекемізді бастайық!
Қош келдіңдер балалар,
Бүгін бізде таңқалар.
Жаңа жылдың тойында,
Би билеп ән салыңдар!
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі
-Біз осы әсем безендірілген залға қандай мерекені тойлауға келдік?
-Жаңа жыл тойлауға келдік.
-Бәрекелді балалар,ендеше мерекемізді бастайық.
Осы кезде Залға түлкі кіреді:-Қой үйімде жата алмадым. Сәламатсыңдарма балалар! Мерекелерің құтты болсын!Мұнда сондай көңілді.Менің кішкентай балаларым мерекеге қатысып сендерге арнап би билеп берсек деген соң менде мерекені тойлауға келдім.
Жүрг:-Рахмет,түлкіжан біз жаңа жылды тойлап жатырмыз.Кел сенде бізбен бірге бол.Құрметті қонағымыз бол.
Түлкі:Би билейік барлығымыз,
Тұрмаңыздар келіңдер
Көңілімізді көтерейік
Бізбен биге еріңдер.
Би: «Түлкілер»
Жүрг:-Оо,қандай тамаша би,бірақ біз мерекемізде шырша шамын жағуды ұмытып бара жатырмыз,балалар.Кәне бірге айтайық,
Бір,екі,үш,шырша шамы жарқырай түс.
Один,два,три,елочка гори.
Уан,ту,фри,лайт энд лайд.-Ой,балалар шыршамыз жарқырай түсті.Кәне шыршамызға арнап ән айтайық.
Жұлдыз:Мен жарқыраған,әп-әдемі,сүп-сүйкімді жұлдызшылырымды жоғалтып алдым,олар жер әлеміне қыдырып барып келеміз деген,әлі жоқ,мен оларды бүкіл жерден іздедім.Орманнанда іздедім жоқ,балабақшалардың бәріне бардым жоқ,енді қайдан іздеймін?
Түлкі:Олай болса біз саған іздеп табуға көмектесейік.Мен ана жақтан іздейін,ал жұлдызжан саған жылқы көмектессін.
Жылқы:Иә,мен саған көмектесейін.
Жұлдыз:Сендер шынымен маған көмектесесіңдерме?Менің жұлдыызшаларымды тауып бересіңдерме?
Түлкі:Әрине жұлдызжан,тауып береміз.
(Түлкі шығып кетеді,жұлдызбен жылқы қол ұстасып іздеуге шығады,музыка әуенімен залды бір айналып келіп шыршаның қасында отырған атаманша мен қарақшыларды көреді)
Жұлдыз:Мына жерде көп адамдар отыр екен,мүмкін олар көрген шығар,жүр сұрайық.
Би: «Қарақшылар»
Жұлдыз:ОО,тамаша билейді екенсіңдер,сендер менің жұлдызшаларымды көрмедіңдерме?
Атаманша Аделя:Жоқ,көрмедік,біз бұл жерге жаңа келдік.Ана жерде көп шыршалар бар,мүмкін олар көрген шығар,солардан сұраңыз.
Жұлдыз:Жарайды,әрі қарай іздейік.
(Жұлдызбен жылқы залды тағы бір айналып көп шыршаларды көріп жақындайды,бір жанға келіп тұрады)
Жұлдыз:Мына жерде көп шыршалар көріп тұрмын,жүр сұрайық.
(Пингвиндар биіне киінугеТамерлан,Аят,Мирас шығып кетеді)
Би: «Шыршалар»
Жұлдыз:Қысы жазы бір түсті шыршаларым,сендер тамаша билейді екенсіңдер,бірақ мен жұлдызшаларымды табалмай жүрмін,сендер көрмедіңдерме?
Шыршалар:Жооооқ,бұл жаққа олар келмеді,мұнда тек көп аңдар ғана жүреді.
Жүргізуші:Бұл жақта көп аңдар ғана бар,кәне балалар «Жаңа жыл орманында» әнін айтайық.