kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Желто?сан -Т?уелсіздікті? ?лы рухы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: білімділік -  еліміздін  т?уелсіздігі  ?шін  к?рескен  ж?не  сол  ма?сат?а  жету  барысында   ?здеріні?  елі,  хал?ы  ?шін  жасты?  ?мірін  ?и?ан  а?а  ?рпа?ты?  ерлік  істерімен  таныстыру;

Дамытушылы? – о?ушылардын  тіл  байлы?ын  дамыту,  есте  са?тау  ?абілетін  шындау, мінерлеп  о?у?а  баулу,  ой – ?рісі?  кенейту;

Т?рбиелік  -  Отан  Ананы  ??рметтеуге,  т?уелсіздікті  ба?алай  білуге, ?лтжанда,  елжанды  болу?а т?рбиелеу.

1 – Ж?ргізуші: Ассалаума?алик?м,  хал?ым  мені?, 

                           Арда?та д?стірі?ді,  салты?ды  елім.

                           Мереке  басы  болсын  берекені?, 

                            Игі  е?бек  жемісіні?  б?рін  жегін.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Желто?сан -Т?уелсіздікті? ?лы рухы »

Желтоқсан -Тәуелсіздіктің ұлы рухы

Мақсаты: білімділік - еліміздін тәуелсіздігі үшін күрескен және сол мақсатқа жету барысында өздерінің елі, халқы үшін жастық өмірін қиған аға ұрпақтың ерлік істерімен таныстыру;

Дамытушылық – оқушылардын тіл байлығын дамыту, есте сақтау қабілетін шындау, мінерлеп оқуға баулу, ой – өрісің кенейту;

Тәрбиелік - Отан Ананы құрметтеуге, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанда, елжанды болуға тәрбиелеу.




1 – Жүргізуші: Ассалаумағаликүм, халқым менің,

Ардақта дәстіріңді, салтыңды елім.

Мереке басы болсын берекенің,

Игі еңбек жемісінің бәрін жегін.


2 - Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата – аналар және Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпағы. Тәуелсіздік күніне арналған « Желтоқсан - Тәуелсіздіктің ұлы рухы» атты мерекелік концертімізді бастауға рұқсат етіңіздер.


1- Жүргізуші: Қандай бақыт, қуанышты күн бүгін,

Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.

Арман еткен, қыршын кеткен ағалар,

Елін алды егеменді теңдігін.

Бұл күнді Қазақстан өзінің ең басты мейрамы – Тәуелсіздік күні деп атап өтуде.

1991 жылғы 16- желтоқсанда әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет - Қазақстан Республикасы пайда болды


2- Жүргізуші: Иә, бұл мереке - ұлық мереке, шын мәніндегі ұлы мереке. Ежелден қазақтың ең асыл мұраты еңселі ел болу еді. Елім деп еніреген ақындарымыз « Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» деп жырлайтын еді. Арғы замандарды айтпағанның өзінде, тек кейінгі екі ғасырдын ішінде халқымыздың өз бостандығы жолында екі жүзден астам ұлт азаттық көтерілістерге шыққаны - осының дәлелі. Мұны 21 жыл бұрын қазақ жерінде атқан тәуелсіздік таңы - Алтай мен Атырудың арасын алып жатқан даланың мына дархан төсін қанымен, терімен суарған ата - бабаларымыздын қасиетті күресінің заңды жемісі , нақты нәтижесі дейміз.

1-Жүргізуші: Егемендік ел болудын белгісі,

Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.

Егемендіе деген сөзден естілер

Ата жұрттын арғысымен бергісі.

Ән:


2-Жүргізуші: Желтоқсан бастауы - ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір елесі.

1-жүргізуші: Дауылға Желтоқсанның желі айналды,

Ашуға мінді Алатау кәрі айбарлы.

«Күтпеген іс , ақыры не болар?» деп .

Күллі әлем Алматыға қарай қалды.


2-Жүргізуші: 1986 жылы 16 – желтоқсан -Үлкен өзгеріс күні. Алматыда Қазақстан компартиясы орталық комитетінін өте қысқа пленумы болды. 18 минут қана өткен плинум қазақ халқының тағдырын тас - талқан етті.

1-Жүргізуші: Жетпіс жыл бойы құлдырауға маталған Қазақ халқы 1986 жылдың желтоқсанында ұлтаннан сұлтан болып, тар жол тайғақ кешуден өтті.

2 – жүргізуші:Аппақ қала , Аппақ ғалам , О, тоба,

Найзағалар қар жалап тұр жотада!

Бұлтты иітіп боздайды боз шынарлар,

Бұдаланған ұқсап жетім ботаға.

Ән:

1 - жүргізуші:Кім көріпті о заман да бұ заман,

Найзағайды көк аязда құлаған.

Кеуделерде үрей бөрі ұлиды,

Болсайшы аман , мыны ғалам, дін аман!


2 - жүгізуші: 1986 жылы қазақ жастары өз Отанын, жерін, ар - намысын қорғай алатындығын көрсетіп, «Ел намысын аяқ асты етпейтмін» деп бейбіт шерудің алдыңғы сапында болды. Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова сияқты біртуар ұл – қыздар өздерінің жас ғұмырларын сарп етті. Олардын есімдері халық жүрегінде мәнгі сақталады. Ерлігі үзілмеген қазақ халқының перзенттері ретінде желтоқсан оқиғасына қатысушыларға бас иіп, Желтоқсан құрбандарын еске алу үшін 1 мин үнсіздік жариялауға рұқсат етіңіздер....

1 – жүргізуші: Әр дәуірдің еркіне сай

Нарқы өзгерген алтынның.

Айналайын, алтын әнім,

Жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын

Шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді

Ел болсақ деп талпындың.

Ән:

(Ән айтылып жатқанда, оқушылар сахнаны қойылымға әзірлейді. Ортаға үстел, орындық қойылады. Үстел үстінде қағаз, кітап, шам тұрады. Қайрат жазу жазып

отырады. Жүргізуші сахнаның сыртынан микрофонмен.....)

-Қан, қан, тағыда қан төгілген,

Отаршылдық жендеті, қанға әлі тоймап па ең ?!

Бұрымдыны кекпен тепкен ішінен.

Айбарлыны аттап өткен үстінен,

Қан ішкізіп, асфальтпенен сүйреген.

Отаршылдық жендеті, қанға әлі тоймап па ең, тоймап па ең, тоймап па ең?! ( Соңғы тіркестер сыбырлап аяқталады.)

(Осы кезде Қайрат өз -өзінен дауыстап сөйлеп отырады.)


Қайрат: -Мен дүниеге келгенде азан шақырып қойған атым Қайран екен. «Қайран» сөзінің мен

білетін екі мағынасы бар. Алғашқысы дүниенің кереметіне қайран қайлу болуса, кейінгісі «қайран боздық, қайран дүние» деген ұғымдар екен. «Кісі есімі қаңдай болса, оның тағдыры да сонымен байланысты болады» дейді. Менікіде солай болатын тәрізді. Сезем, сеземде күрсінем. Ой, қайран дүние –ай!

(сахнаға Ербол шығып тез –тез басып Қайратқа келеді.)

Ербол: Қайрат досым кәне тұршы орныңнан!

Қайрат: Не боп қалды?

Ербол: Бір сұмдықты көріп келдім алаңнан,

Дәл мұндайды көрмеп едім ешқашан.

Қаруланған шоқпарменен солдаттар

Жас қыздарды сүйретіп жүр бұрымнан.

Қайрат: Не? Не дейсін? Жоқ! Мүмкін емес! Қазағым , қайран жұртым, тағы да басыңа қайғының қара орманың жамылғаның ба?

Ербол: Аямайды қара көзді жастарды,

Аямайды қиғаш қара қастарды.

Шоқпарменен төпелеп жүр ұялмай

Қарсылықсыз басын бұққан қыздарды.

Қайрат: Ой, сұмдық -ай, мынау неткен зобалаң,

Жеткені ме ел басына «Ақтабан».

Ербол: Ия, Ия, емес одан өзгеше,

Қан сасиды қазір шықсан бар көше.

Қайрат: Неге тұрсың, неге тұрсың ендеше,

Жүр шығайық біз де қазір көшеге.

Ербол: Есіңді жи, Қайрат досым, тоқташы,

Маңайыңа зер салып бір қарашы.

Толып жүрғой, толып жүрғой солдаттар,

Біз не істейміз екеуіміз айтсаңшы?

Қайрат:Әне қара, көше толы жастармен,

Оның бәрі – қара көзді қандастар.

Біздердің де артық па екен жанымыз,

Қосыламыз қазір шықсақ соларға.


Ербол: Бұл неткенің, ойласаңшы өзіңді,

Ата – ана, бауырың мен ініңді,

Қайтшы райдан, тұра тұршы Қайратжан.........

Қайрат: Доғар енді, қысқарт енді сөзіңді,

Көрсетпе енді маған сасқан жүзіңді....

Ата- анам, туған - туыс, бауырлар

Қате демес менің осы ісімді.

(Қайрат қолын бір сілтеп, ашумен сахнадан шығып кетеді.Артынан Ербол қолын созып)

Ербол: Қайратжан, досым Қайратым....

Сорлы басым неге айттым мен бәрін,

Жо – жоқ, мен де алаңға барамын,

Керек болса соңда қаза табамын.

Ақ қарда қызыл қанға боялған

Қарындастарыма жәрдем беріп құлармын.

( Сахнадан жүгіре басып шығып кетеді)

1-жүргізуші.(сахна сыртынан) Қазақ халқының Тәуелсіздігі үшін арпалысқан ұрпақ 1986 жылдың қаралы да жаралы желтоқсаныныда желбіреген қазақтын өрімдей қыздары мен жігіттері еді.(Ұл – қыздар сапқа тұрып қолдарына «Қазақстан жасасын!»,»Тәуелсіздік жасасын!» т.б . жазуларын көтеріп сахнаға шығады.Ортаға келіп тұрып:

Менің елім, менің елім,

Гүлім болып егілемің.

Жырын болып төгілемін, елім,

Туған жерім менің, Қазақстаным.

Хормен қайраттана, жігерлене орындайды.Сол кезде солдаттар сахнаға қарумен шығады. Екі - үш –қызды қолдарынан тартып, итеріп – итеріп ортаға құлатады. Қалғаны сахнадан шығып кетеді. Қыздардын бұрымдары тарқатылған, киімдерінің кей жері дал – дұл.)


1-солдат: Мә сендерге, мә сендерге ендеше,

Ей, солдаттар, аямандар тепкіле.

Жас қыз деп аяушылық білдірме,

Осы жерде құлағанын желкеле.

2-солдат: Өліп қалса өзім жауап беремін,

Дәл бұлардан келген істі көрермін.

Жығып алып шаштарынан сүйреле,

Қарсыласса қайта жығып тепкіле.

3-солат: Алаңға келдің қаңға баттың,

Өлім бе саған керегі,

Итке талат, танкке таптат,

Жой бұлардын көздерін.

(Сахнадағы қыздарды солдаттар әрі – бері сүйреп ұрып жүреді. Сол кезде сахнаға жылдам басып Ербол шығады.)

Ербол: Қайратжан –ау, Қайратжан –ау, қайдасың?

Қайда кеттің,қайран досым, арысым?

1-солдат: Мынаныда ұстап ішке айдандар,

Сонда апарып жөнін біліп жайғандар! (Сахнаның екінші жағынан тез – тез басып Қайрат шығады.)

Қайрат: Ербол.....(Қатты айқай салып Ерболға ұмтылады, солдаттар ұстауға ұмтылады....)

Ербол: Қайрат..... ( Ол да Қайратқа ұмтылады. )

Қайрат: Кәне, тоқта! (Алға ұмтылады, солдаттар ұстап тұрады.)

2-солдат: Мә, саған , тоқтат! (Қайратты ұрады.)

Ербол: Тоқтат, залым, оңбаған!

3-солдат: Оңбағанды көрсетейін, хайуан! (Ерболды жұлқылап жатады.)

(Сахна ортасына қарай жас қызды шашынан сүйреп әкеледі. Қыз солдаттын аяғын құшақтап жылап айтады.)

Жас қыз: Ағатай – ау , не кінәм бар, қоя берші,

Ағалар, құтқарындар, қолыңды берші.

Ұрмашы, ұрмашы жас тәнімді,

Ағатай, ұрып жатыр көмектесші!

(Сол кезде сахна ортасында жатқан екі қыз жерде жатып « Менің елім» деп айта береді...)

Қайрат: (Ортаға әзер сүйретіліп шығып, қаһарланып, жұдырығын түйіп алып....)

Көтерсеңші, қарындасың құлапты,

Тоқтатсаңшы зәрін шашқан солдатты.

Ей, адамдар, сыйың ба, әлде сының ба,

Жас –желеңді не себептен зарлатты?

Тоқтатыңдар елге төнген зардапты,

Тоқтатыңдар мынау зұлым апатты.

Шамаң келсе тоқтатыңдар, туғаным,

Сел боп аққан қан мен бірге көз жасты.

Тоқтатындар көтерілген шоқпарды,

Тоқтатындар шаштан алған қолдарды.

Жас қыздардын ар – ұятын таптаған

Тоқтатындар мынау жүрген сұмдарды!

Тоқтатындар! Тоқтатындар!

(Сол кезде артынан бір салдат келіп желкесінен таяғымен қойып жібереді.Қайрат етбетінен құлайды. )

1-солдат: Сүйретіңдер мынау итті түрмеге,

Талатайық жас денені бүргеге.

Көрсетейік асып тасқан бұларға,

Қалай қарау керектігін біздерге.

Тездет! Сүйрет! Қабырғасын теуіп күйрет!

(Сахнада жатқан қыз- жігіттердің бәрін сүйреп әкетеді.)

(Стол. Стол басында тергеуші отырады. Сол кезде сахна сыртынан....)


2-жүргізуші: Алаңға 50 мың әскер, 20 мың милиция адамдары, 16 мыңдай жасақсылар шығарылады. Ал шеруге 10 мыңдай қара көздеріміз шығып еді. Оларды аяусыз жазалады. Ақ қарды қызыл қанға бояды. Оларды машина – машинаға тиеп қала сыртына апарып төгіп жатты....

1-жүргізуші:19- желтоқсан күні ауруханаға бас сүйегі мен миынан жараланған энергетика институтының 2-курс студенті Ербол Сыпатаев әкелінді.Ол 3 күннен кейін ауыр жарақаттан есін жимастан көз жұмды. Ал Ербол біреудін жар дегенде жалғыз баласы еді. Артынан жоқтау айтып аңырап әке - шешесі қалды....(Сол кезде тергеуші сөзін бастайды.)


Тергеуші: Бір милиция кешегісін өліпті,

Қане қайсың кім ұрғаның көріпсің?

Милиция: Көрген едім қияқ мұртты жігітті,

Дәл қасынан көрген едім өліктің.

Тергеуші: Қияқ мұтты бір тұтқынды мұнда алып келіндер!

Кәне ,кәне, тез! Жылдамдат!

Милиция: Құп болады.

(Милиция сахнадан шығып кетеді. Тергеуші әрлі – берлі жүреді.)

Тергеуші: Мойынына бұл кінәні кімді әкелсең тағармын,

Қаның ішіп кез –келгеннің, бұл бүлікті тиярмын.

Қолға түссін қияқ мұртты бір жігіт,

Айттым бітті, не атқызып, не түрмеге тығармын!

(Екі милиция Қайраттын қолын кісендеп,сүйреп ортаға алып келеді.)

Тергеуші: Мынау ма, батыр, ха-ха-ха ( қарқылдап күледі)

Кәне отыр былай қарай желкеле.

Өлімі үшін адал жанды адамның

Тура келет саған жауап беруге.

Қайрат:Ой, залымдар, арым таза, кәінәм жоқ.

Мойындамаймын мейлі ұр мейлі соқ!

Тергеуші: Эй, ты нацист, кого ты хочешь обмануть?

Кто ты такой, просто патцан, хулиган. Ты что хочешь перевернуть Советскую власть?

Напиши, что ты видел, что делал! Подробно пиши.Ты ответишь за все. Понял, дурак!

Қайрат: Жоқ! Жазбаймын. Арым да, жаным да таза. Елім үшін жанымды аямаймын мен! Өздерің қанішер залымсыңдар. Жоқ! Жоқ! Жазбаймын!

Тергеуші: Мойындатамын көргендер бар, біледі. Жасақшы Сергей Савицкиді өлтірген сен. Апар қама! Мойындатамын бәрін де!

(Екі милиция Қайратты жұлқылап алып кетеді. Одан кейін сахнадан тергеуші)

-Мойындатамын! Бәрінде мойындатамын мен әлі!( Сөйлеп шығып кетеді.)

(Сахнаны қойылымға әзірлейді. Стол. Екі орындық.Орындықтын бірінде Қайрат отырады.Екі милиция екі жағында. Басқа төмендеу тұрған орындықта анас мен ауыл адамдары отырады.)

( сахна сыртынан жүргізуші)

- Қайрат Рұсқұлбеков Жамбыл облысы Мойықұм ауданындағы Бірлік аулында дүниеге келген. Алаңсыз балалық шағы әжесі мен атасының қолында өтті. Оқуға барды. Орта мектепті аяқтаған сон, 1984 жылы әскер қатарына алынды.Одан кейін алғысқа толы хаттар, мадақтауларға бүкіл ауыл қуанды. Ауылға сержант болып оралды. 1982 жылы, ол Алматы Сәулет , құрылыс институтына түсті.

Хабарлаушы: Тұрындар тез, сот келеді! ( Сот келіп орнына отырады, қағаз

аударыстырады.)

Хабарлаушы: Қорғаушыдан кім сөйлейді,

Ешкім жоқ па мейлі.

Өлімі үшін милициялардің қазір жауап береді

Рысқұлбеков Қайрат деген Мойынқұм - Бірлік жігіті.

Сот: Шешімі үлкен қиын еді бұл істін,

Кінәлісін тауып алдық бүліктің.

Қашса дағы құтылмады қанішер,

Енді жаза бұған әділ кесілер.

Дәлелім бар, көргендер бар милицияны ұрғанды,

Тыныш елге тастап жүрген «көтеріл» деп ұранды,

Ауыр жаза кесіледі Рысқұлбеков Қайратқа.

Ұлтшыл, нашақор, бұзақы Қайрат Рысқұлбеков 1987 жылдың 16- маусымындағы Жоғарғы сот үкімімен қылмыс кодексінің 60, 65 және 173 баптарымен айыпталып ату жазасына кесілсін. ( сол кезде анасы орнынан ұшып тұрып айқайлайды.)

Анасы: Жоқ! Менің ұлым қанішер емес! Жоқ менің ұлым бұзақы емес! Жоқ! Жоқ! Қайрат ұлым...... Жоқ! Жоқ! (Сылқ етіп етіп отыра кетеді)

Сот: Атыңдар да істі болды жабындар,

Сот шешімі бітті енді тараңдар.

Бірақ, бірақ бұл шешімді мәңгілік

Естеріңде, жиылған жұрт, сақтаңдар.

Бұл бүлікшілер енді мүмкін ойланар!

Анасы: (орнында отырып жылап айтады.)

Қайрат ұлым , мені кімге тапсырдың?

Жолыңды тосқан әкең менен не айтамын бауырға?!

Жоқ, жоқ, ұлым.... не дейді мына жауыздар....

Ұлым,ұлым!

( Сыбырлап жылай береді.)

Қайрат:( Орнынан жұлқынып тұрып, жігерленіп.....)

Күнәдан таз басым бар,

21- де жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар.

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең алындар.

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты – құрбандық»,

Атам десең атыңдар.

Қош, аман бол артымда

Ағайын – туыс азамат.

Артымда қалған ата – анам,

Ел жұртым саған аманат.

(Екі милиционер екі жағынан ұстап сахнадан шығып кетеді.Қайрат қатты жұлқынып барады.)

Анасы: ( Залға қарап сүйретіле басып бара жатып айтады.)

Қайтейін енді... Қайтейін... Құлыным -ау... Қыршыннан қиылып кетесің бе? Құлыным - ау...Қайтейін, елім – ау.... Жаратқан ием.... Менің шырқыраған құлыныма өзің жар бола көр.... Құлыным –ау.... Құлыным....

«Түрмеде отырған Қайраттың анасымен соңғы кездесуі»

Анасы: Амансын ба, құлыным?

Қайрат:Ана, анашым, анашым...

Анасы: Қарағым –ау... Қарағым-ау.....

Қайрат:Жыламашы , болды енді, анажан,

Сенің балаң кінәлі емес маған нан.

Жауыздардын жапқан бұл жаласын

Еш уақытта мойныма мен алман.

Анасы: Құлыным ау бетін ісіп кетіпті,

Не болғансың, не болғансын, балам – ау...

Қайрат: Анажаным, үйдін іші аман ба?

Әкем менен бауырларым аман ба?

Анасы: Аман, аман бәрі де аман....

Құлыным – ау, өзін жайлы айтсаншы.

Қайрат:Еш кінәм жоқ, бұл жаладан аманмын,

Басшыларға тергеу жайлы жазармын.

Ақталармын елім аман тұрғанда,

Саулық болса тексерген соң шығармын.

Анасы: Балам – ау, қайтейін, шындықты жеткізем деп шырылдаған бір бозторғайым болдынғой. Өзін аман болшы, ұлым. Маған басқаның керегі жоқ.

Қайрат: Болды, анажан, көз жасынды тыйсаншы,

Күштеп мені көндірмекші бұл іске,

Бар сөзімді шығарады теріске.

Ине тығып тырнағының астына,

Денемді де қақтайды ыстық алауға.

Сүйегімнің аманы жоқ қазір де,

Бұл қорлықты көрмеп едім түсімде.

Мұздай сумен ес жиғызат талғанда

Не бір сөзім кетіп барад көнілде.

Бәрібірде ақталамын түбінде,

Тарих куә осы менің сөзіме.

Жыламашы, анажаным, жан анам.....

Анасы: Ұлым, менің..... Ұлым.....шырылдаған ботам -ау..... аман болшы, ұлым - ау....

Қайрат: Сау бол, ана. Менің арым таза таза. Ақталып қайтамын елге. Туға жерге, әке мен бауырларға сәлем дерсің Қайраттан. Мен жаламен кетіп барам ана........ ( Екі милиционер Қайратты алып кетеді.Анасы сахнаның ортасына қарай келіп жоқтау айтады.)

(«Бозторғай» әуеніне салу)

Анасы:Жүрегім менің сезеді –ау....

Көрмеймін енді ұлымды...

«Ана» деген сөзіңмен

Тілін шыққан құлыным – ау,

Қанаттыға қақтырмай ,

Тұмсықтыға жоқтырмай

Ер жеткіздім мен сені...

Әскеріне бардын сен,

Борысынды атқардың,

Арманына жетіп сен

Студентте атандың....

Келін түсіріп немере сүйем деп отырған кез еді....

Өмірімді тас – талқанқылған заман не заман.....

Айналайын аналар, бәрінніңде балан бар....

Сормандай болған мен сорлы,

Қайтіп өмір сүремін?!

Құлынымның дидарын бір көруге зар болып,

Сағына - сағына өтермін....

Ботасынаң айрылған боз інген енді мен болдым,

Құлынынаң айрылған құлан енді мен болам.

Айналайын адамдар жауыздықтан аулақ бол....

Қайратымның есімі мәнгілікке кетер -ау.

Қайратым енді келмес – ау... Қайтейін...Халқым.... қайтейін....

Тағдырыма не шара......

(Анасы орамалын басынан шешіп,тізерлеп отыра кетеді.Сол кезде сахнаға әнші қыз шығып өленнің бір шумағын айтады: «Ана жүрек»).

(Өлең біткеннен кейін бәрі сахнадан шығып кетеді.)


2-жүргізуші: (Жайлап сахнаға шығып келе жатып)

Анасы ұлын жоқтап зарлап жатқанда Қайраттың сағынышқа толы «Мен жазықсызбын..... асыл анашым, ардақты әке, жан бауырларым, бәріңді де сағындым» деген соңғы хаттары жазылып еді.

1-жүргізуші: Айналайын, қарындасым, қарағым,

Суық түрме іші мұздай, қарағым.

Қайғы шегіп, азап тартқан ағаңды

Айтшы, жаным, қандай жанға, баладың?

Айналайын інішегім құлыным,

Сені ойласам үзіледі жұлыным.

Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай

Тас құрсауға қамалдым ғой мен бүгін, - деп Қайрат «Өкініш» атты өлеңде толғап еді. Лүп- лүп соққан балаң жүректің, өмірге құштар ыстық жүректің соңғы лүпілі еді. Жан сыры.....соңғы үміті......

2-жүргізуші:Қош болындар ағайын –туыс бәріңде,

Қош болыңдар жасңызда кәріңде.

Қаранғылық баста тұрмас қашанда,

Бостандықта кездесеміз әлі де.....

1-жүргізуші:Тағдыр мені аямады, қорлады,

Жалынсам да, жыласамда болмады.

Қараңғы өмір, бақытым жоқ, жоқ менің,

Армандаған ақ сәулеге жетпедім,- деп шер төкке Қайрат Ресейдің Ивдель қаласындағы түрмеге әкетіп бара жатқан жолда 1988 жылы 13 мамырда семей түрмесіне әкелінеді.

2-жүргізуші: Асыл сөздердің, асыл істің иесі Қайрат 21 жасқа қараған шағында, тас түрменің 21 комерасында, 21 мамыр күні жолдамалы қарақшының құрбаны болып кете барды.

1-жүргізуші: Жалғыз шырылдағанда жан даусы шыққан тек Қайрат қана емес. Жаланың құрбандары боп қаншама қыршын жастар кетті емес пе? Шаңырақтан үміт күткен жалғыз ұлдан, арман етіп мәпелеген жалғыз қыздан айрылып қара жамылып қалғаны қаншама?

2-жүргізуші: Жылдар өтті.... Ел еңсесін көтерді. Тәуелсіздікке қол жетті. Аяулы азаматтарымыз Ләззат, Ербол, Қайрат, Қайыргелділер толық ақталды.

Ән:


1-жүршізуші: Еркіндік пен азаттыққа қол жеткізген Тәуелсіз елдің ұл істерінің бірі – Еуразияның жүрегінде еліміздің байтағы Астанамыз салынып, Ақордамыздың тігілуі.

2 – жүргізуші: Астананың рәмізіне айналған Бәйтеректен бастап айтатын болсақ, мұндағы көк тіреген сұлу ғимараттар қаншама. Бүкіл қазақ мемлекеттігінің шежіресімен қуатын бойына жинаған көк тіреген « Қазақ елі» манументті өнер үлгісі.

1 – жүргізуші: Қазақстан сан ғасырлық тарихы бар,

Қазақстан - бұл азат ел танысыңдар.

Көк байрағы, елтанба, ән ұраны,

Қазақ елі егеменді, жан жұрты бар.

Ән:

2 – жүргізуші: 2003 жылы қазанда Астанада әлемдік діндер өкілдері бас қосты.

1 – жүргізуші: Еліміздің ЕҚЫҰ – ға төрағалық етуі, тарихи оқиға. 2010 жылдың желтоқсанында Қазақстан құрамына 56 мемлекет кіретін Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитіне төрағалық етті.

2 - жүргізуші. 2011 жылдың 30 қаңтары мен 6 ақпаны аралығында Астана мен Алматы қалаларында VII Азия ойындары өтті.

1 – жүргізуші: Төбем көкке жетпей қалды бір елі,

Енді міне, бүкіл әлем біледі.

Қазақ деген жомарт халық едік қой,

Ауызын ашса көрінетін жүрегі.

2 – жүргізуші: Ынтымақ бар ел бірлігі жарасқан,

Бізге қарап жол түзейді адасқан.

Барлық ұлтты туыс - бауыр көреміз,

Ешқайсысын бөліп жатырқамастан.

Ән:

1-жүргізуші: Арман орындалды. Еліміздің көк байрағы Астанамызда желбіреп тұр. Өз әнұранымыз бар. Енді Қазақстан ешкімнің бодауында бола алмайды. Тәуелсіздігіміз ұзағынан болсын!

2 - Жүргізуші: Мен –Қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім!

Мен мың да бір тірілдім мәнгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім!

1 – Жүргізуші: Ғасырлардан жаһұттай жиған қылық,

Жасасын адамшылық, имандылық.

Ел болып көтерілген шаңыраққа

Тілеймін бақыттылық, баяндылық!

Ән:


2- жүргізуші: Біз қазақпыз ел үшін атқа мінген,

Жанып жатқан лапылдап отқа түскен.

Бойтұмар ғып ар – ождан қазынасын ,

Ерлеріміз ел намысын сақтап жүрген.

Біз қазақпыз қастерлер баба салтын,

Аман бол, айналайын дана халқым!

Күн туса атқа қонам бір сен үшін,

Міне жаным, міне қаным, міне анттым!

1-жүргізуші: Құрметті көрермен қауым, еліміз тыныш, жұртымыз аман, көңілдеріңіз көтеріңкі болсын деген игі тілектер жолдай отырып біз өздерінізбен қоштасамыз. Әрқашан да Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы болып ,егемен елдің ұрпағының енсесі биік болсын! Қазақстанға онай келмеген Тәуелсіздікті қастерлей, қадірлей білейік.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Желто?сан -Т?уелсіздікті? ?лы рухы

Автор: Тлебалиева Лайла Орынгалиевна

Дата: 27.08.2015

Номер свидетельства: 227245


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства