Просмотр содержимого документа
«жана деген ж?рекке от берейік»
«Жанам деген жүрекке от берейік!» қайырымдылық концерті
Жүргізуші:
Қайырлы күн, қадірлі қауым! Армысыздар, жаны жайсаң, жүрегі жомарт ел ағалары! Болашақта еліміздің өркендеуіне білімді жастар ғана биік асулардан аса алатынын ескерсек, балаларға жасаған қамқорлық елімізге еселеп қайтатыны анық. Ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болған жас ұрпақ!
Қазіргі уақытта қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған, көңілдерін шер, қабақтарын мұң басқан, әр адамнан қайырымдылық, алақандарынан жылулық сезімін күтетін жандарға қолдау көрсетуге арналған «Жанам деген жүрекке от берейік!» атты қайырымдылық концертіне қош келдіңіздер!
Шыдамдыны мына өмір ұнатады,
Бірде қуантып, бірде жылатады,
Сүріндіріп кейде сені құлатады.
Жылатып тұрып жұбатады.
Дұшпандарға кейде сені сынатады,
Қатал тағдыр бірақ та шыдатады,
Мына өмір бірақ та қымбат әлі.
Жүргізуші: Сөз мектеп директорына Ишанова Г.Қ. беріледі
Жүргізуші: Ханымдар мен мырзалар! Бүгінгі концертімізді жанарларында қашанда мұң тұратын, аяушылықпен қараған адамға осы кісіден бір жақсылық болып қалар ма екен деген оймен, сана сезімінде жалынның ұшқыны лаулап үмітпен қараған, қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған жандарға ұсынамыз.
Жүргізуші: Бар байлығымыз һәм бақытымыз – бала. Өмірдің гүлі де солар. Ұрпақ өсір, мәпеле, аяла. Өйткені бақытымыздың баяндылығы да балалармен өлшенбек.
Номер: «Көңілді күн»
Жүргізуші: «Бала - өмірдің гүлі, біздің болашағымыз» деген ұстанымды алға қойған біздің қоғамыздың жанашыр адамдары көптеген игілікті істер атқаруда. Аялы алақанында әлпештеп, жүрек жылуымен әр балаға сенім мен адалдықтың нұрын ұялата білген бүгінгі кешіміздің құрметті қонағы ---------------- сөз береміз.
Номер: «Әсемсаз» үйірмесінің домбыраны серік еткен ұл- қыздарының орындауында халық әні «Еркемай»
Жүргізуші: Мейірімді ізде таза - аңғал жүректен,
Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.
Мейірімділікті сіңірген адам бойына,
Өмірге мына, жылылықпен гүл еккен.
Номер: Айсиев Армат «өмірге құштар жандар»
Жүргізуші:
Мейірімділік - ғажайып өмір есігі,
Мейіріммен тербетілер бесігің.
Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.
Қол ұшын бер мұқтаж жанға жылаған,
Қайтарма қолын ананың көмек сұраған.
Номер: «Әсемсаз» хорының орындауында «Желсіз түнде жарық ай»
Жүргізуші: Әр бала бақытты болуға лайықты. Олардың бақытты болуына қызмет жасайтын ересектер осындай игі іске қолдау көрсетіп жатса, құба - құп емес пе.
Номер: «Ертегілер»
Жүргізуші: Пейілділік көл - көсір,
Жомарттық ерге сын.
Кеңдігін көрсеткен.
Қайырымдылық қорында,
Ізгілік жолында.
Мың алғыс, ағалар,
Рухы елдің жебесін.
Номер: Серік Ақниет Қобыз
Жүргізуші: Абайдың он төртінші қара сөзіне жүгінетін болсақ, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді» дегендей бүгінгі қайырымдылық кешіне кең пейілділік танытып келіп отырған әр адамға алғысымыз шексіз.
Номер: Сағындық Алина
Жүргізуші: Ақыл адам көрігі, ақылдың сабыр серігі. Ал бейтаныс адамға жылы шырай білдіру, көңілін көтеру, кемшілігін кешіріп, демеу болу – жомарттық.
Номер: «Бала тілегі»
Өмір дәмі, екі дәм: Ащы – Тәтті,
Таңдайыңа тиеді: Жұмсақ – Қатты.
Жолында жолығатын екі тағдыр,
Күтеді Адам үшін сын сағатты.
Өмір деген тұрмайды: Қап - қарадан.
Өмір деген тұрады: Ақ – Қарадан,
Ақ – Қара, екі арасын ашып өтіп,
Арымен өз бақытын тапқан Адам!
Номер: Би:
Жүргізуші: Өмір деген тәтті екен әрқашан да,
Қуаныш пен мұңменен қарсы алсаң да.
Мен өмірді сүйемін пәк жүрекпен,
Күресуге үйренем шаршасам да.
Бала жүрек риза жаратқанға,
Жарқыраймын әр күні таң атқанда.
Қиындыққа мойымай қарсы тұрып,
Мен өмірді сүйемін әрқашан да.
Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созған жандарға, қолымыздан келген көмегімізді аямайық. Бала сенімінің нық болуына қадам жасайық!
Номер: Кел, кел, достарым!
Шерменде болған жүрекке, жылулық сәулесін шашқан, балаларға қол ұшын береміз деген ыстық ықыластарыңыздан бақ, ойларыңыздан саналы сезім, мұқтаж жандарға қамқорлығын аямаған сіздердей азаматтарға алланың нұры жаусын демекпіз!