-?лы к?йші, дарынды сазгер – ??рман?азы Атырау облысы, Те?із ауданы, Жиделі деген жерде 1823 жылы туды. ?кесі Са?ырбай – б?кіл ?мірін байларды? малын ба?умен ?ткізген адам. ??рман?азыны? анасы Ал?а елге сыйлы, еті тірі адам бол?ан. Ал?аны? а?алары шетінен а?ын, домбырашы екен. Ол на?ашыларына тартып домбырашылы? ?нермен айналысады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
1.Оқушылардың алған білімдерін тексере отырып, Құрманғазы Сағырбаев және Дина Нүрпейісова туралы толық мәлімет алу, өлеңдер оқу, күйді тыңдау арқылы қандай күй екенін ажырата білу, шығу тарихын әңгімелеу.
2.Екі топқа сұрақ-жауап сайысын жүргізу арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,
еркін сөйлеуге дағдыландыру, тест жүргізу арқылы алған білімдерін қорыту.
3.Қазақтың мәдени мұрасы – күй өнеріне қызығушылықпен арттыру.
4. Ата-аналарды ұлы күйшілердің шығармашылықтарымен таныстыру.
Сахнадағы көрнектіліктер:
Күй жазылған таспалар (магнитофон, компьютер,интерактивті тақта).
Құрманғазы, Дина туралы кітаптар.
Күйшілер туралы буклеттер.
Домбыра.
Бағдарламаның барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, Әнұранды айту.
Кіріспе әңгіме.
- Бүгінгі дәріс-концертіміздің қорытындысы – сайыс болғандықтан, атамыз Құрманғазы Сағырбаев және апамыз Дина Нұрпейісованың өмірлерін, күйшілік өнерлерін әңгімелейміз және күйлерін тыңдап, шығу тарихын әңгімелейміз, алған білімімізді ортаға саламыз. (Оқушыла екі топқа бөлінеді)
1-топ – «Құрманғазы» тобы
2-топ – «Дина» тобы.
I-ші жүргізуші:
Домбыра, жүрегіммен үндес едің,
Сенімен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мұрам сен болмасаң,
Өнердің не екенін білмес едім.
«Құрманғазы» тобы – Қ.Сағырбаев туралы әңгімелейді:
2-ші жүргізуші: -Ұлы күйші, дарынды сазгер – Құрманғазы Атырау облысы, Теңіз ауданы, Жиделі деген жерде 1823 жылы туды. Әкесі Сағырбай – бүкіл өмірін байлардың малын бағумен өткізген адам . Құрманғазының анасы Алқа елге сыйлы, еті тірі адам болған. Алқаның ағалары шетінен ақын, домбырашы екен. Ол нағашыларына тартып домбырашылық өнермен айналысады.
I-ші жүргізуші: - Бөкей хандығына атағы жайылған Ұзақ деген күйші ауыл-ауылды аралап, «кішкентай күйші бала бар» дегенді естіп, Сағырбайдың үйіне келеді. Күйші Құрманғазының домбыра тартқанына сүйсініп, болашақ талантын аңғарып, ақ батасын береді. (Осы кезде «Кішкентай» күйі тартылады орындайтын домбыра сыныбының оқытушысы Бабагужиева Н.К.).
2-ші жүргізуші: «Кішкентай» күйі туралы айтады:
- Отызыншы жылдардың аяғында Құрманғазының алғашқы шығармашылық дәуіріне жататын күй – «Кішкентай». Патша өкіметіне қарсы көтеріліске Исатай Құрманғазыны «сен әлі кішкентайсың» деп, қасына ертпейді. Сол кезде бұл күй «кішкене інісінің үлкен ағасы Исатайға арнауы» деп аталған. Күйдің «Кішкентай» деп аталу себебі осы. Құрманғазы өзінің күй шығарудағы қадамын осылай бастаған.
I-ші жүргізуші:
-Күй атасы Құрманғазының біздің өмірімізден алатын орны ерекше. Құрманғазы күйлерінен қазақ жерінің тіршілік-тынысын, халқымыздың күш-қуатының сырын ұғынамыз. Оның «Сарыарқа», «Балбырауын», «Серпер», «Адай» күйлері музыкалық мәдениетініміздің символына айналып, қазақ халқының Отан деген ұғымын білдіреді.(Күй "Балбырауын"орындайтын Апиев Адлет).
2-ші жүргізуші:
Жасынан адам екен өнері өскен,
Жүлде алған талай жолда ерегістен.
Ойлаған, бастан кешкен өмір кебін,
Халыққа домбырамен, күймен кешкен.
Қарсы боп бай-төреге бала жастан,
Тайынбай дұшпанымен қарсыласқан.
Сыры бар небір терең күйлерінде,
«Сарыарқа», «Қызыл қайың», «Кісен ашқан»
(«Сарыарқа» күйі тындалады)
I-ші жүргізуші: «Сарыарқа» күйі туралы айтады.
- «Сарыарқа» күйін Құманғазы атамыз өзінің туып- қскен жері, Жайық бойындағы Сарыарқаның табиғатына арнайды. Ұлы сазгер қазақтың дарқан даласында жақсы- жаңа заманды аңсайды. Біз күйден «дарқандық,еркіндікке ұмтылғандық» сарынды көзге елестетеміз.
2-ші жүргізуші:
- Әлеуметті тездікке қарсы күресу Құрманғазы шығармашылығының негізгі өзегі болып табылады. Ол айналада болып жатқан өзекті оқиғаларды өз күйлерінде шынайы бейнелейді.Ұлы күйші 1889 жылы қайтыс болады. («Адай» күйі орындайтын Хабдихамитов Ахат)
I-ші жүргізуші:
«Адай» күйі туралы айтады:
-1868-1869 жылдары патша реформасына қарсы Маңғыстау аймағында ол мыңдай адайлар бірігіп , қарсы көтеріліске шығады. Осы көтеріліс халықтың рухын көтеріп, жарқын болашақты елестетеді. «Адай» -күй күйпіндегі ерлік, күрес, атшабыс, еркіндік ұраны болып табылады.
«Дина» тобы Д.Нұрпейісова туралы әңгімелейді.
2-ші жүргізуші:
- Қазақтың ән-күйлерін ғасырдан-ғасырға жеткізіп келе жатқан халық арасынан шыққан өнер адамдары – орындаушылар.»Ел іші -өнер кеніші» дегендей, халқымыз өнерлі жандарға кенде болған емес. Құрманғазы мұрасын жеткізушілердің бірі – Дина Нұрпейісова.
I-ші жүргізуші:
- Д.Нұрпейісова – халықтың күйші сазгері, қазақ мәдениетін көрнекті қайраткері, Қазақстанның халық артисі. Ол 1861 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданында дүниеге келіп,1955 жылы 31 қаңтарда Алматыда қайтыс болды.Әкесі белгілі домбырашы болған.
2-ші жүргізуші:
- Дина 8-9 жасында домбырашылық өнерді жақсы игерді. Оның ұстазы Құрманғазы болды. Құрманғазы Динаның болашағынан үлкен үміт күтеді, ақыл-кеңес беріп, күйлер үйретеді. Дина ұстазының күйлерін үйреніп қана қоймай, оның күйшілік-орындаушылық дәстүрін жалғастырды. Құрманғазы мектебінен өту Динаның домбырашылық өнерін шыңдай түсті ол өз жағынан да күй шығара бастады. Оның «Бұлбұл», «Байжұма», «Жеңіс», «Әсемқоңыр», «1916 жыл», «8 наурыз», т.б. көптеген күйлері бар. («Әсемқоңыр» күйі орындайтын Байқожа Сағынғалиев)
I-ші жүргізуші:
«Әсемқоңыр» күйі туралы айтылады:
-1937 жылдың күзінде Дина Алматыға келеді. Қалада алаңсыз оқып жүрген қазақ қыздарын көріп, немересі Қоңыр есіне түседі. Сағыныштан көңілі босап, көзіне жас келеді. Осындай бақытты балаларға арнап «Әсемқоңыр» деген күй шығарады.
2-ші жүргізуші:
- Динаның отыздай күйлері бар. 1937 жылы ол халық өнерпаздарының Республикалық байқауына қатысып, 1-ші жүлдеге ие болды. Ал 1939 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық байқауда 1-ші орын алып, «Домбыраның Жамбылы» атанды. 1944 жылы Дина 87 жасында Ташкенттегі сазгерлер сайысының онкүндігіне қатысады. Ол екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен және медалдармен марапатталды. («Науаи» күйі орындайтын домбыра сыныбының оқытушысы Есмагамбетова Д.Е. ).
I-ші жүргізуші: «Науаи» күйі туралы айтады:
- «Науан» күйі 1944 жылы ақпан-наурыз айларында Ташкентте өткен онкүндік кезінде сол жерді құрметтеу сезімінен туған.
2-ші жүргізуші:
- Дина өзінің бір әңгімесінде: -«Тұтқыннан босанған Құрманғазы менің ұзату тойыма келді. Құдалар отырған үйге шақыртып алып: «Мынау Дина - кенженің қызы, әйел затынан шыққан асқан домбырашы. Мен Динаның өз тойында өзіне домбыра тартқызайын деп отырмын. Құдалар, сіздер өкпеңіздер. Сіздерге айтатын бір тілегім Динаның домбыра тартуына тыйым салмаңыздар. Халқымыздың ежелден келе жатқан мәдени мұрасы – домбыра мен күйлері. Ол мұраны ұрпақтарымызға таратуды, Дина, саған тапсырдым, өз домбырамды саған ұсынамын, - деп, домбырасын маған берді. Мен иіліп рахмет айтып, домбыраны алдым. Тарт деген күйлерін тарта бердім», - дейді.
I-ші жүргізуші: «Қарақасқа » күйі туралы айтады:
- Динаның әкесі кенже сүйікті қызы Динаны ұзатқанда қызының жасауларымен бірге үш болысқа аты шыққан Қарақасқа деген атты береді. Дина аттан айырылғанына қайғырып, оған арнап «Қарақасқа» деген кеш шығарады.
2-ші жүргізуші:
Сен де бір баласы шырын жұтқан, Динасы анаң еді шыныңды ұққан.
Ақ нұр мен гүлге бөлеп оны тағдыр атты.
Әкетті кеше ғана шымылдықтан.
3. Екі топтың сұрақ-жауап сайысы.
а) «Құрманғазы» тобы «Дина» тобына Құрманғазы туралы сұрақтар қояды.
4.Оқытушы екі топқа сұрақтар қояды.
а) Қазақтың ұлт-аспаптар оркестрі қашан құрылды және оған қай жылы Құрманғазы есімі берілді?
ә) Құрманғазы күйлерін кімдер зерттеді?
б) Құрманғазы өмірінің соңғы кездерінде қандай күйлер шығарды?
в) «Құрманғазы» қоры қашан құрылды және оның президенті кім?
г) Динаның шығармашылық өмірі туралы жазушы С.Бақбергенов қай жылы, қандай роман жазды?
д) XVII – XIX ғасырдағы күйшілерді кім біледі?
е) Қазіргі замандағы күйшілерді кім біледі?
«Кім көп күй біледі?» Екі топты жарыстыра отырып Құрманғазының, Динаның күйлерін орындату (тыңдату)
5. Оқушылардың жауабын бағалау және марапаттау.
6.М.Мақатаевтың «Балаларым, рахмет сендерге» өлеңін оқып, Концертті аяқтау.