kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?ттімбет ?азан?ап?лына - 200 жыл

Нажмите, чтобы узнать подробности

1 ж?ргізуші: Т?ттімбет ?йгілі к?йші композитор, Орталы? ?аза?станда?ы шертпе к?йді? жар?ын ?кілі, ?зі?дік домбыра орындаушылы? мектебін ?ала?ан.

Т?ттімбет ?азан?ап?лы 1815 жылы ?ар?аралы ??іріні? Мыржы? тауыны? етегіндегі ?ызылжал ?ыстауында д?ниге келді. К?йшіні? ?кесі ?азан?ап орта д?улетті ел – ж?ртына сыйлы ?нерге шын ы?ыласпен берілген адам. Т?ттімбетті? домбыра?а ??штарлы?ы отбасынан басталады. ?кесіні? інісі ас?ан к?йші болма?анымен, ?з ??ірінде назарына іліккен домбырашы еді. Т?ттімбетке домбыраны бала кезінде осы кісі ?йретеді. Домбырашылы? ?нерден ?кесі ?азан?ап та ??рала?ан емес еді. Б?л ?йден ?н мен к?й ?зілмейтін. Осы ??ірге белігілі Бикен, Шикен деген с?зге шешен шебер к?йші домбырашылар ?азан?ап ?йіні? сыйлы ?она?тар болатын. Зерек бала ?йіне келіп ж?ретін к?йші-домбырашыларды? ?неріне ден ?ойып, оларды? домбыра шертісін перне басысын, к?кейіне т?йіп ?алу?а тырысатын. Баласыны? талабын шы?дау?а анасы А?б?пе де айры?ша назар аударады. Тіпті ?рі-бері ?ткен ?нерлі адамдарды ?йіне т?сіріп ?она? етеді. Солардан баласыны? ?лгі алып, ?нерін  ?йренуіне жол ашады. Баласыны? бетінен ?а?пай, а?айын - ту?андарды емін - еркін аралауына той -думаннан ?алмай, ?ала?ан ауылына барып т?руына ерік береді.Осылайша Т?ттімбетті? ?нері ?штала бастайды. Сол кезде атасы М?шекке ?асына ертеді. К?пті к?рген к?не к?з ?арияларды? ортасына енген Т?ттімбет ел ?міріні? ?ыр - сырына шешендерді? тіл ?неріне, с?з саптасына ден ?ояды. С?йтіп, зеректігімен ал?ырлы?ымен к?зге т?седі. Сол т?ста шаншар еліні? биі Алшынбайды? назарына ілігеді. Ол Т?ттімбетті? ел ісіне араласып ерте есеюіне ы?пал етеді. ?р алуан ?нер сайыстарына ?атыстырады. Зерделі бала тап?ыр с?зімен ал?ыр ойымен ?атарынан озады. ?сіресе к?й тарт?анда бас?аларынан озы? т?рады. Жасты??а ?арамай ол ?з бетімен сот т?жірбиесін бастайды. Ел ішіндегі дау шаралар?а ??ла? т?ріп с?зге де араласып ?з пайымын орта?а салады. Ойын ?ткір с?збен жеткізеді. ?р істі? ?діл шешімін айтады. Халы? м?ддесін ?ор?айды. Осындай талас-тартыстарда талай-талай тол?анысты бастан кешіреді. Домбырасын ?ол?а алып ?иялдана тебіренеді, с?йтіп бір к?йден со? бір к?й туады. Б?л к?йлер ?зіндік сарынымен, ?згеше ?німен елді еле? еткізеді. К?йші шы?армаларыны? та?ырыбы сан алуан.

     2 ж?ргізуші: 30 жасында Т?ттімбет болысты? бас?арушысы болады. Б??ан д?лел поляк саяхатшы этнограф Адольф Янушкиевичті? к?нделік жазбаларында ол 1845 жылы Т?ттімбетті? ауылына бар?ан. Біра? Т?ттімбет музыканы тастамайды, ?айта ата?ты к?йшілермен, ?ншілермен кездесіп жа?а шы?армаларын ?йреніп алу?а тырысып т?жірибе алысады. Осы туралы Біржан сал ?нінде осылай айт?ан.

Т?ттімбет, Ар?ын ас?ан ардагерім,

Шы?ар?ан ?ыры? к?йін ?рім-?рім.

Ар?ада одан ас?ан к?йші бар ма,

Сусынын ?а?дыратын ту?ан елді?.

Т?ттімбетті? «Бес т?ре» к?йі Омбы?а бар?ан сапарында ту?ан. Омбыда?ы бір жиналыста Шы??ыс Уалиханов, М?са Шорман?лы, Ыбырай Жайыкбаев сия?ты сол д?уірді? ірі ел билеушілері бас ?осады. Б?ларды? елді ?атты к?йзелтіп шы?ын?а ?шыратып ?ыспа??а сал?ан озбырлы?ына, зор ?рекеттеріне зы?ыры ?айнап іштен тынып ж?рген Т?ттімбетті бір ауылда демалып отыр?ан ?лді, азулы обырлар орта?а алып к?й тарт?ызады. Сонда Т?ттімбет бір к?й шертеді ты?даушылар та?ыр?ап ?алады. Оны? тарихын м?н-ма?ынасын с?райды. Т?ттімбет ?ле?мен былай жауап ?айтарады.

К?йді? аты «Бес т?ре»,

Бесеуі де мес т?ре,

Сана? болса кеуденде,

Ж?мба?ымды шеш т?ре.

?з елі?е ?ас?ырдай,

Неге м?нша ?ш т?ре?

К?й «Бес т?ре»

1 ж?ргізуші: 40-50 жылдары Т?ттімбетті? шы?армашылы?ыны? жетілу кезі ?рт?рлі та?ырып?а к?птеген к?йлер шы?арады. Осы жылдары композиторлы? ж?не орындаушылы? шеберлігіні? шы? биігіне жетеді. К?йлерінде ?зіндік ?айталанбас стилі ?алыптасады. Ерекше орындаушылы? мектепті? негізін ?алайды. 1855 жылы Т?ттімбетті? ?йлерінде та??аларлы? жа?дай болды. Т?ттімбет ІІ Александр та??а отыру салтанатына ?аза? делегациямен ?атыс?ан. Патшаны? алдында к?й ойнап к?міс медаль?а ие болады. Т?ттімбетті? шы?армашылы?ын зерттеуші У?ли Бекеновты? айтуы бойынша б?л медаль к?йшіні? ш?бересі ?збек ?абышевта ?лі к?нге дейін са?тал?ан. Т?ттімбет аз ?ана ??мыр кешкен. 1862 жылы 47 жасында ?айтыс болды.

     Т?ттімбетке ?атысты к?птеген а?ыздар бар. Мысалы «?осбасар» к?йіні? шы?у тарихы осындай. Бір ?адірлі байды? бірнеше ?лы бол?ан. Белгісіз аурудан олар б?рі ?айтыс болды. ?кесі ?ай?ыдан тамак ішпей ?зін ажал?а итермелеп жатты. Айналада?ы адамдар ?алай к?мектесуді білмеді. Сонда олар Т?ттімбетті ша?ыруды ?й?арды. Т?ттімбет келіп киіз ?йде ?ай?ырып жат?ан байды? ?асына отырып бірінен со? бірін  «?осбасар» к?йлерін орындады

 К?й «?осбасар»

2 ж?ргізуші:  «Сыл?ылда?» к?йіні? шы?у тарихы. Бір рет Т?ттімбет жол-ж?некей бір ?йге то?тайды. Жолдан дем алып керегедегі ілініп т?р?ан домбыраны ?ол?а алады. Домбыра жа?сы келтіргеніне ?ара?анда біреу ойнайтын сия?ты, ?й иесі оны? ?ызы ойнайтынын айтады. Т?ттімбет бірнеше к?й орындайды. ?й иесінен ?ыздарыны? ?нерін к?рсетуін с?райды. Сонымен екеуіні? арасында к?й тартыс басталады. Екеуі бір-біріне к?птеген к?йлер ойнап, біра? ата?ты к?йші ?ызды же?е алмайды.

Сонда ол ?улы??а барады. Етігін шешіп о? ая?ыны?  башпайымен к?й орындайды. Сонда ?ана ?ыз же?іледі. Себебі шарихат бойынша ?йел еркекке ая?ын к?рсетпеу керек. Аттанарда ?ызды? ?ол?алауымен Т?ттімбет бір к?й шертеді. К?й сол жерде туады. Оны Т?ттімбет «Сыл?ылда?» деп атайды.

К?й «Сыл?ылда?»

   1 ж?ргізуші:  Т?ттімбет ?мір с?рген ??ірде «Был?ылда?» деп аталатын  жайлау бар. К?йші б?л к?йін сол жерге байланысты шы?арса керек.

К?й «Был?ылда?»

     Т?ттімбетті? ?міріні? со??ы жылдары болу керек. Бірде к?йші ?атты нау?астанып ?алады. Сонда к?йші бастан кешкен ?мірін еске алып хал?ыны? алдында ?телген-?телмеген парызын ой тарзысына салады да, ?зімен - ?зі м???а батады. К?кейде ж?рген арманымды тол?ай алмай кететін болдым ау деп ширы?ады. Жа?арына ысты? жас ?йіріледі. М??дас-сырлас дос-жарандарыны? хал жа?дайын ойлайды. С?йтіп тол?анып жат?анда елді? бір азаматы келіп к??іл с?райды. К?йшіні? бойын бас?ан м??ы сейіледі. Келген кісілер к?йшіні? к??ілін аула?ысы  келеді. Т?ттімбет к?йлеріні? ел арасына ке? тарал?анын м?рагер ш?кірттеріні? к?бейіп келе жат?анын ??гімеге ар?ау етеді. Біра? Т?ттімбет ?з арманыны? ?лі орындалма?анын ойлап, іштей ?ынжылады. Осы т?ста к?й тол?а?ысы келіп домбырасына ?ол созады.Отыр?андар  ж?кке с?йеулі т?р?ан ?о?ыр домбырасын ?олына ?статады. Т?ттімбет жасты?ын биіктетіп домбыраны кеудесіне с?йеп шал?алап жатып сыры тере? тол?анысты бір к?й тартады. К??іренген к?й ?уені отыр?андарды? сай –с?йегін сыр?ыратады.

- Б?л к?йі?ізді жа?а естіп отырмыз. ?андай к?й болды екен –деп с?райды.

-б?л к?й «К?кейкесті» болсын деген екен, расында да к?й ?р адамды ?з к?кейіні?  т?пкіріне ??ілтеді.

К?й «К?кейкесті»

  2 ж?ргізуші: Т?ттімбетті? артына ?алдыр?ан мол м?расын б?гінгі ?рпа?ына жеткізуде оны? м?рагерлеріні?, ш?кірттеріні? е?бегі зор. ?азан?апты? Т?ттімбеттен бас?а ??ттымбет, Ырысбет, Жа?сымбет атты ?лдары бол?ан, соларды? ішінде Т?ттімбет к?йлеріне м?рагерлік етіп к?кейінде са?тап, елге таратушы бауыры  Жа?сымбет.Т?ттімбетті? ?лдарыны? ішіндегі е? дарындысы Исатай еді, ол жиырма жеті жыл ?мір с?рген. Ал Т?ттімбетті? ?лкен ?лы М?сатай да Т?ттімбетті? к?йлерін т?гел шерткен екен.

Т?ттімбет шы?армаларыны? ішінде ту?ан жерін, оны? с?лу таби?атын бейнелейтін к?йлеріні? бірі- ел ішінде ке? тара?ан с?лу ?уенді мы? буна? иірімді «Саржайлау» к?йі. К?й сарынына мезгіл сипаты ар?ау бол?ан. М?нда жаз?ы думан?а ынтызарлы? к??іл желпінісіні? сарыны басым

К?й «Саржайлау»

  1 ж?ргізуші:   Т?ттімбеті? к?й тарту ?дісін к?п к?йшілер мирас еткен. М?ны То?а, Баубек, ?ыздарбек, Дайрабай, ?бді, Ма?аш, А?молда, Итая? сия?ты ата?ты к?йші домбырашыларды? орындаушылы?ынан бай?аймыз.

Т?ттімбет талай-талай додалы к?й тартыстарына т?сіп, ?арсыласын тосылту ?шін, домбырада ?алыс, шалыс, теріс, ?оса? б?рауларын к?п ?олдан?ан.Б?л д?ст?рді? орны?уына м?рынды? бол?ан. Абайды? анасы ?лжан?а апа болып келетін Мал?ара ?ыз, Ш?бырпалыдан шы??ан Итая?, Найман ішіндегі Шаша? сия?ты д?улескер домбырашылармен Т?ттімбет к?й айтысына т?скенде домбыраны бірде башпайымен ?а?ып, келесіде ?старамен тартып, енді бірде пернелерін ?иып тастап тартып ?нер к?рсеткені туралы ?ызы?ты ??гімелер ел ішінде б?гінге дейін айтылады.

?азан?ап?лы Т?ттімбетті? «Саржайлау», «Был?ылда?», «Сыл?ылда?», «Бес т?ре», «К?кейкесті», «?осбасар» сия?ты онда?ан к?йлері ?аза?ты? музыкалы? м?дениетіні? асыл ай?а?тары болып табылады.    

 Т?ттімбет м?рагерлеріні? бірі- ?аза? ССР-іні? е?бек сі?ірген ?ртісі к?йші ?бікен Хасенов. Ол Т?ттімбетті? к?йшілік мектебіні? д?ст?рін жетік ме?герген шертпе к?йлеріні? те?десі жо? шебері.

Хал?ыны? ?нерпаз ?лына Т?ттімбетке ілтипат-??рметі мол. ?ара?анды ?аласында?ы музыка  училищесіне  Т?ттімбет есімі берілген.

К?йшіні? ту?ан жері ?азіргі  Егіндіб?ла? ауылында Т?ттімбет атында?ы к?ше бар. Егіндіб?ла? ауылында Т?ттімбетке ескерткіш орнатыл?ан.

Осымен лекция концертіміз ая?талды. Ты?да?андары?ыз?а к?п рахмет

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?ттімбет ?азан?ап?лына - 200 жыл»



Балапанова Жұлдыз Жарылғасынқызы.

Балалар музыка мектебі

Атасу кенті,

Жаңаарқа ауданы



Тәттімбет Қазанғапұлына - 200 жыл

(Лекция –концерт)


1 жүргізуші: Тәттімбет әйгілі күйші композитор, Орталық Қазақстандағы шертпе күйдің жарқын өкілі, өзіңдік домбыра орындаушылық мектебін қалаған.

Тәттімбет Қазанғапұлы 1815 жылы Қарқаралы өңірінің Мыржық тауының етегіндегі Қызылжал қыстауында дүниге келді. Күйшінің әкесі Қазанғап орта дәулетті ел – жұртына сыйлы өнерге шын ықыласпен берілген адам. Тәттімбеттің домбыраға құштарлығы отбасынан басталады. Әкесінің інісі асқан күйші болмағанымен, өз өңірінде назарына іліккен домбырашы еді. Тәттімбетке домбыраны бала кезінде осы кісі үйретеді. Домбырашылық өнерден әкесі Қазанғап та құралақан емес еді. Бұл үйден ән мен күй үзілмейтін. Осы өңірге белігілі Бикен, Шикен деген сөзге шешен шебер күйші домбырашылар Қазанғап үйінің сыйлы қонақтар болатын. Зерек бала үйіне келіп жүретін күйші-домбырашылардың өнеріне ден қойып, олардың домбыра шертісін перне басысын, көкейіне түйіп қалуға тырысатын. Баласының талабын шыңдауға анасы Ақбөпе де айрықша назар аударады. Тіпті әрі-бері өткен өнерлі адамдарды үйіне түсіріп қонақ етеді. Солардан баласының үлгі алып, өнерін үйренуіне жол ашады. Баласының бетінен қақпай, ағайын - туғандарды емін - еркін аралауына той -думаннан қалмай, қалаған ауылына барып тұруына ерік береді.Осылайша Тәттімбеттің өнері ұштала бастайды. Сол кезде атасы Мүшекке қасына ертеді. Көпті көрген көне көз қариялардың ортасына енген Тәттімбет ел өмірінің қыр - сырына шешендердің тіл өнеріне, сөз саптасына ден қояды. Сөйтіп, зеректігімен алғырлығымен көзге түседі. Сол тұста шаншар елінің биі Алшынбайдың назарына ілігеді. Ол Тәттімбеттің ел ісіне араласып ерте есеюіне ықпал етеді. Әр алуан өнер сайыстарына қатыстырады. Зерделі бала тапқыр сөзімен алғыр ойымен қатарынан озады. Әсіресе күй тартқанда басқаларынан озық тұрады. Жастыққа қарамай ол өз бетімен сот тәжірбиесін бастайды. Ел ішіндегі дау шараларға құлақ түріп сөзге де араласып өз пайымын ортаға салады. Ойын өткір сөзбен жеткізеді. Әр істің әділ шешімін айтады. Халық мүддесін қорғайды. Осындай талас-тартыстарда талай-талай толғанысты бастан кешіреді. Домбырасын қолға алып қиялдана тебіренеді, сөйтіп бір күйден соң бір күй туады. Бұл күйлер өзіндік сарынымен, өзгеше үнімен елді елең еткізеді. Күйші шығармаларының тақырыбы сан алуан.

2 жүргізуші: 30 жасында Тәттімбет болыстың басқарушысы болады. Бұған дәлел поляк саяхатшы этнограф Адольф Янушкиевичтің күнделік жазбаларында ол 1845 жылы Тәттімбеттің ауылына барған. Бірақ Тәттімбет музыканы тастамайды, қайта атақты күйшілермен, әншілермен кездесіп жаңа шығармаларын үйреніп алуға тырысып тәжірибе алысады. Осы туралы Біржан сал әнінде осылай айтқан.

Тәттімбет, Арғын асқан ардагерім,

Шығарған қырық күйін өрім-өрім.

Арқада одан асқан күйші бар ма,

Сусынын қаңдыратын туған елдің.


Тәттімбеттің «Бес төре» күйі Омбыға барған сапарында туған. Омбыдағы бір жиналыста Шыңғыс Уалиханов, Мұса Шорманұлы, Ыбырай Жайыкбаев сияқты сол дәуірдің ірі ел билеушілері бас қосады. Бұлардың елді қатты күйзелтіп шығынға ұшыратып қыспаққа салған озбырлығына, зор әрекеттеріне зығыры қайнап іштен тынып жүрген Тәттімбетті бір ауылда демалып отырған әлді, азулы обырлар ортаға алып күй тартқызады. Сонда Тәттімбет бір күй шертеді тыңдаушылар таңырқап қалады. Оның тарихын мән-мағынасын сұрайды. Тәттімбет өлеңмен былай жауап қайтарады.

Күйдің аты «Бес төре»,

Бесеуі де мес төре,

Санаң болса кеуденде,

Жұмбағымды шеш төре.

Өз еліңе қасқырдай,

Неге мұнша өш төре?

Күй «Бес төре»

1 жүргізуші: 40-50 жылдары Тәттімбеттің шығармашылығының жетілу кезі әртүрлі тақырыпқа көптеген күйлер шығарады. Осы жылдары композиторлық және орындаушылық шеберлігінің шың биігіне жетеді. Күйлерінде өзіндік қайталанбас стилі қалыптасады. Ерекше орындаушылық мектептің негізін қалайды. 1855 жылы Тәттімбеттің үйлерінде таңқаларлық жағдай болды. Тәттімбет ІІ Александр таққа отыру салтанатына Қазақ делегациямен қатысқан. Патшаның алдында күй ойнап күміс медальға ие болады. Тәттімбеттің шығармашылығын зерттеуші Уәли Бекеновтың айтуы бойынша бұл медаль күйшінің шөбересі Өзбек Қабышевта әлі күнге дейін сақталған. Тәттімбет аз ғана ғұмыр кешкен. 1862 жылы 47 жасында қайтыс болды.

Тәттімбетке қатысты көптеген аңыздар бар. Мысалы «Қосбасар» күйінің шығу тарихы осындай. Бір қадірлі байдың бірнеше ұлы болған. Белгісіз аурудан олар бәрі қайтыс болды. Әкесі қайғыдан тамак ішпей өзін ажалға итермелеп жатты. Айналадағы адамдар қалай көмектесуді білмеді. Сонда олар Тәттімбетті шақыруды ұйғарды. Тәттімбет келіп киіз үйде қайғырып жатқан байдың қасына отырып бірінен соң бірін «Қосбасар» күйлерін орындады

Күй «Қосбасар»

2 жүргізуші: «Сылқылдақ» күйінің шығу тарихы. Бір рет Тәттімбет жол-жөнекей бір үйге тоқтайды. Жолдан дем алып керегедегі ілініп тұрған домбыраны қолға алады. Домбыра жақсы келтіргеніне қарағанда біреу ойнайтын сияқты, үй иесі оның қызы ойнайтынын айтады. Тәттімбет бірнеше күй орындайды. Үй иесінен қыздарының өнерін көрсетуін сұрайды. Сонымен екеуінің арасында күй тартыс басталады. Екеуі бір-біріне көптеген күйлер ойнап, бірақ атақты күйші қызды жеңе алмайды.

Сонда ол қулыққа барады. Етігін шешіп оң аяғының башпайымен күй орындайды. Сонда ғана қыз жеңіледі. Себебі шарихат бойынша әйел еркекке аяғын көрсетпеу керек. Аттанарда қыздың қолқалауымен Тәттімбет бір күй шертеді. Күй сол жерде туады. Оны Тәттімбет «Сылқылдақ» деп атайды.

Күй «Сылқылдақ»

1 жүргізуші: Тәттімбет өмір сүрген өңірде «Былқылдақ» деп аталатын жайлау бар. Күйші бұл күйін сол жерге байланысты шығарса керек.

Күй «Былқылдақ»

Тәттімбеттің өмірінің соңғы жылдары болу керек. Бірде күйші қатты науқастанып қалады. Сонда күйші бастан кешкен өмірін еске алып халқының алдында өтелген-өтелмеген парызын ой тарзысына салады да , өзімен - өзі мұңға батады. Көкейде жүрген арманымды толғай алмай кететін болдым ау деп ширығады. Жаңарына ыстық жас үйіріледі. Мұңдас-сырлас дос-жарандарының хал жағдайын ойлайды. Сөйтіп толғанып жатқанда елдің бір азаматы келіп көңіл сұрайды. Күйшінің бойын басқан мұңы сейіледі. Келген кісілер күйшінің көңілін аулағысы келеді. Тәттімбет күйлерінің ел арасына кең таралғанын мұрагер шәкірттерінің көбейіп келе жатқанын әңгімеге арқау етеді. Бірақ Тәттімбет өз арманының әлі орындалмағанын ойлап, іштей қынжылады. Осы тұста күй толғағысы келіп домбырасына қол созады.Отырғандар жүкке сүйеулі тұрған қоңыр домбырасын қолына ұстатады. Тәттімбет жастығын биіктетіп домбыраны кеудесіне сүйеп шалқалап жатып сыры терең толғанысты бір күй тартады. Күңіренген күй әуені отырғандардың сай –сүйегін сырқыратады.

- Бұл күйіңізді жаңа естіп отырмыз. Қандай күй болды екен –деп сұрайды.

-бұл күй «Көкейкесті» болсын деген екен, расында да күй әр адамды өз көкейінің түпкіріне үңілтеді.

Күй «Көкейкесті»

2 жүргізуші: Тәттімбеттің артына қалдырған мол мұрасын бүгінгі ұрпағына жеткізуде оның мұрагерлерінің, шәкірттерінің еңбегі зор. Қазанғаптың Тәттімбеттен басқа Құттымбет, Ырысбет, Жақсымбет атты ұлдары болған, солардың ішінде Тәттімбет күйлеріне мұрагерлік етіп көкейінде сақтап, елге таратушы бауыры Жақсымбет.Тәттімбеттің ұлдарының ішіндегі ең дарындысы Исатай еді, ол жиырма жеті жыл өмір сүрген. Ал Тәттімбеттің үлкен ұлы Мұсатай да Тәттімбеттің күйлерін түгел шерткен екен.

Тәттімбет шығармаларының ішінде туған жерін, оның сұлу табиғатын бейнелейтін күйлерінің бірі- ел ішінде кең тараған сұлу әуенді мың бунақ иірімді «Саржайлау» күйі. Күй сарынына мезгіл сипаты арқау болған. Мұнда жазғы думанға ынтызарлық көңіл желпінісінің сарыны басым

Күй «Саржайлау»

1 жүргізуші: Тәттімбетің күй тарту әдісін көп күйшілер мирас еткен. Мұны Тоқа, Баубек, Қыздарбек, Дайрабай, Әбді, Мақаш, Ақмолда, Итаяқ сияқты атақты күйші домбырашылардың орындаушылығынан байқаймыз.

Тәттімбет талай-талай додалы күй тартыстарына түсіп, қарсыласын тосылту үшін, домбырада қалыс, шалыс, теріс, қосақ бұрауларын көп қолданған.Бұл дәстүрдің орнығуына мұрындық болған. Абайдың анасы Ұлжанға апа болып келетін Малқара қыз, Шұбырпалыдан шыққан Итаяқ, Найман ішіндегі Шашақ сияқты дәулескер домбырашылармен Тәттімбет күй айтысына түскенде домбыраны бірде башпайымен қағып, келесіде ұстарамен тартып, енді бірде пернелерін қиып тастап тартып өнер көрсеткені туралы қызықты әңгімелер ел ішінде бүгінге дейін айтылады.

Қазанғапұлы Тәттімбеттің «Саржайлау», «Былқылдақ», «Сылқылдақ», «Бес төре», «Көкейкесті», «Қосбасар» сияқты ондаған күйлері қазақтың музыкалық мәдениетінің асыл айғақтары болып табылады.

Тәттімбет мұрагерлерінің бірі- Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген әртісі күйші Әбікен Хасенов. Ол Тәттімбеттің күйшілік мектебінің дәстүрін жетік меңгерген шертпе күйлерінің теңдесі жоқ шебері.

Халқының өнерпаз ұлына Тәттімбетке ілтипат-құрметі мол. Қарағанды қаласындағы музыка училищесіне Тәттімбет есімі берілген.

Күйшінің туған жері қазіргі Егіндібұлақ ауылында Тәттімбет атындағы көше бар. Егіндібұлақ ауылында Тәттімбетке ескерткіш орнатылған.

Осымен лекция концертіміз аяқталды. Тыңдағандарыңызға көп рахмет


















































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Т?ттімбет ?азан?ап?лына - 200 жыл

Автор: Балапанова Ж?лдыз Жарыл?асын?ызы.

Дата: 02.06.2016

Номер свидетельства: 332218


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства