1-Ба?дат: Ке? байта?, к?з жетпейтін жерім мені?,
Таулы орман, жасыл жайлау к?лім мені?.
Б?гінде бар ?лемге да??ы? жетті,
Т?уелсіз ?аза?стан – елім мені?.
2- Лаззат: ??ттысы? т?уелсіздік- киелі к?н!
??т к?шім егемендік иелігім,
Уа?ытты? биігінен шуа? т?гіп,
Ба?ытым еркіндік боп ?йілер к?н.
1-Ба?дат : Армысыздар, к?к байра?ы желбіреген, абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтыма?ы мен бірлігі жарас?ан текті халы?ты? ?лы?ты ?рпа?тары!
Просмотр содержимого документа
«"Т?уелсіздік - т??ырым" »
Сценарий
«Тәуелсіздік- тұғырым»
Жүргізушілер: 1. Терекбаева Л.С.
2.Абишев Б.М.
Өтетін орны: РБОО, конференция залы
Күні: 14.12.2012. ж.
Уақыты: 12.00
Басталуы . Фанфары
1-Бағдат: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің, Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің. Бүгінде бар әлемге даңқың жетті, Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.
2- Лаззат: Құттысың тәуелсіздік- киелі күн!
Құт күшім егемендік иелігім,
Уақыттың биігінен шуақ төгіп,
Бақытым еркіндік боп үйілер күн.
1-Бағдат : Армысыздар, көк байрағы желбіреген, абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан текті халықтың ұлықты ұрпақтары!
2- Лаззат: Есенсіздер ме, еліміздің дәулеті, жеріміздің сәулеті жолында игілікті істе жүрген, әріптестер!
1-Бағдат: Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылығымызды оятқан...
2- Лаззат: Әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған ...
1-Бағдат: Алдымызда келе жатқан 17-желтоқсан - ҚР-ныңТәуелсіздік күні құтты болсын!
1-Бағдат: Салтанатты жиынымызға ҰМХ-тен арнайы қонақтар келіп отыр
– Ақтаева Ләззат Мейрашқызы - ҰМХ АҚ-ы Басқарма төрағасының орынбасары;
-Утебаева Мариям Мұхтарқызы - ҰМХ жанындағы «Нұр -Отан»ХДПтөрағасының бірінші орынбасары
2- Лаззат: Тәуелсіздікке қол жеткіздірген ең ұлы күн, ол – 16-желтоқсан. ҚР-сы Үкіметінің жарлығы бойынша 16-желтоқсан – Қайта жаңару күні деп жарияланған. Тәуелсіздік десек, алдымен Желтоқсан еске түседі.
1-Бағдат: Ендеше, ұлы мерекеге арналған салтанатты жиынды ашуға рұқсат етіңіздер.
ҚР-ның Гимні
2-бөлім
1-Бағдат: Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Оның тарихтағы тағы бір дәлелі – Желтоқсан оқиғасы. Бұл Тәуелсіздік жолында талай жас, талай арман қар кешіп, мұз жалады. Бұл жолда талай боздақтың айтылмаған әні, сөнген арманы, солған гүлдей тағдырлары қалды... Тарихта бұл күнді – ызғарлы желтоқсан революциясы деп атайды. Ендеше, бір сәт экранға қарап, сол сәтке назар аударайық.
Видео-ролик
2- Лаззат: Қадірлі әріптестер! Біз 1986 жылғы 16-желтоқсанға мәңгі қарыздармыз. Азаттықтың алауын мұзға жаққан желтоқсан – Тәуелсіздігіміздің кепілі болды. Сондықтан желтоқсан құрбандарын орнымыздан тұрып еске алайық, рухына тағзым етейік.
Бір минут үнсіздік
Желтоқсан туралы ән Бағдат
2- Лаззат: Осынау айтулы мерекеге өзінің жүрекжарды лебізін білдіру үшін «Республикалық балалар оңалту орталығы» Акционерлік Қоғамының Басқарма төрайымы Бөлекбаева Шолпан Әділжанқызын ортаға шақырамыз!
Құттықтау сөз
1-Бағдат : Құттықтау сөз кезегін қонақтарға береміз .Құрметті Ләззат Мейрашқызы,Мариям Мұхтарқызы, сіздерді ортаға шақырамыз.
СӨЗ
1 - Бағдат: Қазақпын, еңселі елмін егеменді Кеңейттім кең әлемге керегемді. Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар Таныды тепе-тең деп тереземді. Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан, Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Гүлмира Базарбаевна, ән
1-Бағдат : Ұзақ жылдар бойы жолында қан да, жас та, тер де төгілген тәуелсіздік- біздің халқымыз үшін аса қымбат.
2- Лаззат: Айбынды желтоқсан оқиғасына қатысқан талай жас бүгінде аға буынға айналған. «Тәуелсіздіктің тәтті ұғым» екенін ұрпаққа, ызғарлы желтоқсанның ащы запыранын көзімен көрген куагер ретінде насихаттап жүрген желтоқсандықтар ортамызда бар. Сондай азаматтардың бірі – Абдрасулова Оразкүл Абдрасылқызы.
1-Бағдат: Сөз кезегі – өзіңізде, Оразкүл Абдрасылқызы
Сөз сөйлейді
1-Бағдат: Кешегі ұрпақ - бүгінгіге, бүгінгі ұрпақ – келешекке үміт артады. Елдің болашағы - тәуелсіздік тұғырының беріктігіне, өміріміздің көріктілігіне байланысты болмақ. Бұған әсіресе жастардың сенімі зор.
2- Лаззат: Құттықтау сөз кезегін жастардың атынан «Ақжол» бөлімінің медбикесі Жәнібекқызы Аягөзге береміз.
Сөз
1-Бағдат: -Астанам аспан көгінен, Орнап дәурен сүреді. Соғады бірге сенімен, Қазақтың әрбір жүрегі.
1-Бағдат:Отан! – деген сөзім қандай әдемі! Көзге елестер бүкіл қазақ әлемі. Таңдандырды жан-жағымды - бай өлке, Қарапайым, кең дастархан, әдебі.
2- Лаззат: Атам қазақ аңсағаны -еркіндік, Сақтау үшін азаттықты бекіндік, «Қастығы жоқ - қазақ», деген аңыз бар, Татулықтың символымыз - сертім нық!
1-Бағдат: Келе жатқан ұлы мерекеміз құтты болсын, тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын, деп жиынымызды « Атамекен» әніменаяқтасақ деген тілектеміз. Бәріміз бірге !