kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«С?йікті анама «Бал б?ла?» кафесіндегі концерт»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Аналар к?ніне арнал?ан мерекелік сценарийі. Балалар аналар?а балаба?шада?ы кафесінде концертттік ба?дарламаны к?рсетеді. Балалар та?па?тарды айтып, ?ндер мен билерді орындайды.  ?лдар официанттар биін билеп, аналар?а ?стел жайып, алдарына к?мпит пен сусындарды ?ояды. Орта? биді билегенде балалар аналарына г?лдерді сыйлайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««С?йікті анама «Бал б?ла?» кафесіндегі концерт» »

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ "№10 "БАЛ БҰЛАҚ" МЕКТЕП-БАҚШАСЫ










Әйелдер күніне арналған мерекелік сценарийі

(ересек тобы)
















«Сүйікті анама «Бал бұлақ» кафесіндегі концерт»



Дайындаған: Айгазина А.Е.














Семей 2012 год.

Ересек тобындағы әйелдер күніне арналған мерекелік сценарийі

«Сүйікті анама «Бал бұлақ» кафесіндегі концерт»


Дайындаған: Айгазина А.Е.


Мақсаты:

-мерекелік көңіл-күйін құру

-анасына, әжесіне сыйластық тәрбиелеу, махаббат тарту

-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру

-балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру

-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.


Кейіпкерлер: жүргізуші, Сиқыршы,

Атрибуты: екі пісірілген картоп, екі пісірілген жұмыртқа, екі газет, екі шәлі, екі пульт, екі көзілдірік, екі шляпа, екі моншақ, екі жұп туфли, екі сөмке, екі помада, екі орамал, гүлдер, сусындар, кәмпиттер, орамалдар.

Безендірілуі: үлкен күн, гүлдер, кафе «Бал бұлақ» жазылуы, үлкен үстел, көкрермендер залында кішкентай үстелджер, орындықтар, сүлгілер.

Репертуар:

Әндер:

  • «Анашым»

  • «Көктем келді»

Билер:

  • Ортақ «Қыздар ай»

  • «Мексикандық» биі

  • «Официанттар» биі

Ойындар:

«Анамен тамақ пісір»

«Әжеге көмектес»

«Ктилисттер конкурсы»






Ертеңгілік барысы:


Музыкалық зал мерекеге байланысты безендірілген. Залдың шетінде бар тұрағыш орналасқан. Оның үстінде «Бал бұлақ» кафесі деп жазылған. Көрермендер залында кішкентай үстелдер және орындықтар орналасқан. Үстелдердің үстінде гүлмен құмыра, концерттік бағдарлама жатыр. Ата-аналар залға алдын ала кіріп орындықтарға отырады.

Музыка ойнайды залға әдемі киінген қыздар мен ұлдар кіреді бір айналып орындықтарға отырады. Осыдан кейін жүргізуші-тамада кіреді.


Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, қаладағы ең жақсы «Бал бұлақ» кафесінің құметті де қымбатты қонақтары. Бүгін біздің мейрамханамызда әдейі шақырылған қонақтар отыр. Оларға бүгінгі құттықау концертін арнаймыз!

1 бала:

Бүгінгі көктем күнінде,

Барлық адам қуанар,

Аналарды мейраммен

Құттықтайды балалар.

2 бала:

Сырнай тартып, би билер,

Тойларыңа балалар.

Бағалаймыз еңбегін

Аман болсын аналар.

3 бала:

Қандай бала болмайық,

Анамызға балдаймыз,

Көтерейікші көңілін

Ән салайық бәріміз.

Ән «Көктем келді»

Жүргізуші: Бүгінгі концерттік бағдарламада сіздер көп қызықты нәрсені көресіздер: әндер, билер, ойындар және көптеген қызықтарды көресіздер.

Бірақ біздің барменіміз бен официанттарымыз қайда? Біздің мейрамханамызда өте шебер официанттар жұмыс істейді. Қане ұлдар сендерді ортаға шақырамыз.

Би «Официанттар» бидін барысында ұлдар ата-аналардың үстелдеріне шырын, кәмпит пен стақандарды қояды. Фартуктарды шешіп отырады.

Жүргізуші: Ал енді мерекені жалғастыруға да болады.

2 бала:

«Жаным» дейсің мені,

Жаратушым – бір сен.

Жалғыз өзің, тегі,

Жанашырым білсең,

Айналайын ана!

3 бала:

Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып

Мәпелеген ақ мамамды

Жүрсем деймін шаттандырып.

4 бала:

Ананың біз гүліміз,

Ана біздің күніміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

5 бала:

Анамның түссе қабағы,

Шаттанып мен күлмеймін.

Өйткені мен анамнан

Жақын жанды білмеймін.

6 бала:

Гүл, гүл жайнап әріміз,

Кіреді біздің сәніміз.

Аналарды тойымен

Құттықтаймыз бәріміз.

Ән «Анашым» (отырады)

Жүргізуші: Балалар жарайсыңдар. Аналарыңа өлең ұнады деп ойлаймын. Солай ма, аналар?

Аналар: Иә.

Жүргізуші: Балалар, Сендер аналарыңа көмектесесіңдер ме? Үй жинайсыңдар ма? Ыдыс аяқты жуасыңдар ма?

Балалар: Иә.

Жүргізуші: Онда ұлдар аналарыңа қалай көмектескендеріңді шығып айтыңдар. Музыкалық нөмер «Анама көмектессем деп»

Ән «Анама көмектессем деп»

Жүргізуші: Егер осылай көмектессеңдер, аналарың қуанбайды ғой. Сондықтан анама көмектес деген ойнын ойнайық.

Ойын «Анаңа көмектес»

Ойын шарты: Екі бала шығады, олардың аналары шығады. Мақсаты: аналар тез пісірілген картопты тазарту керек, балалар пісілрілген жұмыртқаны тазартады.

Ойын «Орамалдарды іл»

Ойын шарты: Ойында екі бала, екі ана ойнайды. Аналар орамалдарды мен қысқыш алып баласына береді, ал бааласы оны жіпке іліп қояды.

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Ал қазір сіздердің алдарыңызда арнайы шақырылған қонағымыз Роза Рымбаева.

Осы кезде музыка ойнайды. Залға гитарамен, мурты бар, шляпа киген кісі кіреді. Гитарада өлең айта бастайды.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе! Сіз кімсіз? Біз Роза Рымбаеваны шақырдық қой.

Гитарашы: Сәлеметсіз бе. Мен оның орынбасарымын. Менің атым Берік Қорған. Роза Рымбаева келе алған жоқ. Ол концертпен Америкаға кетті. Ал бүгін мен сіздерді қызықтырамын.

Жүргізуші: Ал сіз не істей аласыз?

Гитарашы: Мен ән де айта аламын, би билей аламын, адамдарды күлдірте аламын. Міне, гитара да тарта аламын.

Жүргізуші: Онда бізге бір ән айтсаңыз!

Гитарашы: Әрине. Қазір. (гитараны қалай ұстауға да білмейді, қалай болса солай ойнайды, мексикандық әуеніне ұқсас бірдеме ойнайды)

Жүргізуші: Ой, ойнамай –ақ қойыңыз. Одан да біздің балаларымыздың өнерін көрші.

Би «Мексикандық»

Жүргізуші: Көрдің бе, Берік Қорған, біздің балаларымыз қалай жақсы билейді.

Гитарашы: Қандай әдемі би. Маған өте ұнады. Ал сендер бүгін қандай мерекені тойласыңдар.

Жүргізуші: Берік Қорған, сен білмейсің бе? Бүгін халықаралық әйелдер күні. Бүгін біздің балаларымыз аналарын, әжелерін құттықтайды.

1 бала:

Апам үшін күнде де

Отынға ағаш жарамын

Су құямын гүлге де

Дүкенге де барамын

2 бала:

Сыпырамын үй ішін

Жуам ыдыс-аяқты

Апам, бірақ мен үшін

Оқымайды сабақты

3 бала:

Бізді өсірген апатай,

Еңбегің де зор екен.

Құтты болсын апатай,

Құтты болсын мерекең!

4 бала:

Әжемді мейрамымен құттықтаймын,

Айтатын ән, беретін гүлім дайын.

«Әжетай сені жақсы көремін», деп

Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.

5 бала:

Әжем менің әлі де,

Ұқсамайды кәріге.

Шай қайнатып береді,

Қажет болса бәріне.

Гитарашы: Қандай жақсы тақпақтар. Қуанғаннан жылағым келіп қалды. Менің де апам бар. Мен оны өте жақсы көремін. Ал сендердің әжелерің осында ма?

Балалар: Иә.

Гитарашы: Қайда, көрмеймін. Мына залда жастар ғана отыр ғой.

Жүргізуші: Берік Қорған, біздің әжелеріміз өте жас болып көрінеді.

Гитарашы: Ал сіз қалай жастығыңызды сақтайсыз? Дене шынықтыру жаттығуларын жасайсыз ба?

Жүргізуші: Себебі біздің балаларымыз әжелеріне қөмектеседі. Оларды күтеді. Қазір саған да көрсетеміз.

Ойын «Әжеңе қөмектес»

Ойын шарты: екі бала шығады, екі әже шығады. Балалар әжелеріне кезек кезек орамал, көзілдірік, аяқ киім, шәлі, газет, пульт апарады. Кім бірінші сол жеңеді.

Гитарашы: Жарайсыңдар, балалар! Енді әжелерің неге жас болғанын мен ұқтым.

Жүргізуші: Сенің де әжең ешқашан ауырмау үшін, саған осы шәлді тарту етеміз.

Гитарашы: Рахмет сендерге, балалар. Сауболыңдар. (кетеді)

Жүргізуші: Ал біз де мерекені жалғастырамыз. Бүгін біз мерекемізге тағы да бір сыйлы қонақты шақырдық. Осы қоңақ сіздергі таң қалдыртады. Қарсы алыңыздар!

Музыка ойнайды залға сиқыршы кіреді.

Маг: Здравствуйте, дорогие ребята!

Ведущий: Здравствуйте!

Маг: Я Маг Коекак. Я волшебник. Я услышал ваши прекрасные стихи о девочках и тут же пришел к вам. Я поздравляю всех сидящих здесь дам и желаю вам только всего хорошего, чтобы в вашей жизни были чудеса, радость, улыбки.

Ведущий: Спасибо тебе маг Коекак. Сегодня наши мальчики поздравляют девочек с 8 марта.

Маг: Мальчики а вы девочкам подарки подарили?

Ведущий: А давайте сейчас наши мальчики проведут для девочек мастер класс по макияжу и имиджу.

Игра: «Мастер класс по макияжу и имиджу»

Правила игры: выходит две девочки и два мальчика. Задача мальчиков нарядить девочек модно. Для игры нужны по два предмета: шляпы, платки, бусы, туфли, браслеты, гигиенические помады, платки, тапочки, сумочки. Задача девочек продифелировать.

Маг: Какие молодцы мальчики. Настоящие стилисты.

Ведущий: Маг Коекак. А ты фокусы умеешь показывать?

Маг: Конечно умею. Я же Маг Коекак, фокус показать для меня пустяк.

Ведущий: А давай ты нашим детям подаришь свои фокусы.

Маг: Я только буду рад. Мне нужен красный платок. (Ведущий дает ему красный платок, а в кармане у ведущего изначально в кармане лежит точно такой же)

Маг: (Берет коробку) Сейчас я положу свой платочек в эту коробку. Говорим волшебные слова «Абра кадабра, раз, два, три» (говорят вместе с детьми) И теперь этот платочек уже в кармане ведущего.

Ведущий (удивленно достает из кармана платочек): Маг Коекак, вот он, платочек.

Маг: Теперь мне нужна коробка с карандашами.

Фокус №2: Ведущий несет коробку Магу. Маг открывает коробку детям. Там лежат карандаши. Потом он переварачивает коробку дном вверх и открывает ее, а карандами не падают. Ведущий проводит под коробкой руку и удивляется.

(Маг вносит стол в зал на кором стоит белый лист, стакан, платок, манетки и три карандаша.)

Фокус №4: (на столе из карандашей выводит треугольник) Ребята, вы знаете, что такое бермудский треугольник. В этом треугольнике все теряется и пропадает. Вот и наш треугольник умеет, чтобы вещи исчезали.

(в треугольник кладутся монеты потом накрываются стаканом и платком потом монеты исчезают)

Фокус №5 : Требуется коробка, 2 цветка. (Изначально в коробке лежат конфеты и один цветок)

Маг: Сейчас я изменю цвет этого цветка из красного он превратится в белый.

(в коробку кладет красный цветок, достает из него уже белый, потом вместо белого достает конфеты)

Ведущий: Спасибо тебе Маг Коекак, ты нас так удивил своими фокусами, что мы хотим подарить тебе танец!

Танец «Хуторянка»

Ребенок:

Пусть сгинут бури и ненастья,
Уйдут пускай навеки в тень.
Мы Вам желаем только счастья
В ваш самый добрый, светлый день!

Ребенок:

Мирного неба Вам, солнца лучистого,
Счастья заветного, самого чистого!
Много Вам ласки, тепла, доброты, -
Пусть исполняются Ваши мечты!

После танца дети садятся и получают подарки.

Ведущий: На этом наш праздник закончился. Еще раз поздравляем вас с международным женским днем и желаем всем счастья, здоровья и море улыбок!








Ойын «Орамалдарды іл»

Ойын шарты: Ойында екі бала, екі ана ойнайды. Аналар орамалдарды мен қысқыш алып баласына береді, ал бааласы оны жіпке іліп қояды. Мексикан мен Жапон қызы жіпті ұстайды.























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
«С?йікті анама «Бал б?ла?» кафесіндегі концерт»

Автор: Айгазина Альмира Ермекбаевна

Дата: 06.02.2015

Номер свидетельства: 168283


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства