Сценарий праздника Нового года для воспитанников детского центра Балдаурен
Сценарий праздника Нового года для воспитанников детского центра Балдаурен
Данный сценарий предназначен на Новый год в детском центре с язяыком воспитания и развития на казахском языке. Данное сценарий является авторским. Если вы скопировали мою работу, пожалуйста укажите ссылкой, мое авторство. Постоянно буду делиться новыми сценариями. Желаю всем удачи и успехов в работе.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Сценарий праздника Нового года для воспитанников детского центра Балдаурен»
«Балдәурен» мектепке дейінгі дамыту және тәрбиелеу орталығы» КМҚК
Тақырыбы. «Жаңа жылда – Жаңа жыр»
Балалар орталығының мектепке даярлық «Гүлдер» тобына арналған Жаңа жылдық сценарий конспекті
Тобы. Даярлық «Гүлдер»
Құрастырған Гүлайым Бағытбайқызы Абуталипова
Рудный – 2015
« Жаңа жыл – Жаңа жыр»
Жаңа жылдық сценарий конспектісі.
Құрастырған: Гүлайым Бағытбайқызы Абуталипова
Мақсаты: балаларды жаңа жыл мерекесімен, кейіпкерлермен, түрлі ойындармен, әндер және билермен таныстыру.
Зал мерекеге сәйкес безендірілген.
Жүргізуші: армысыздар құрметті ата – ана, қымбатты қонаққтар, балалар жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын.
Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге
Жаңа табыс тілейік ісімізге
Келе жатқан жаңа жыл құт ікелсін
Мына отырған барша жан бәрімізге
Көңілді музыка әуенімен балалар залға билеп кіреді.Видео №1.
Жүргізуші:
Айнала қоршап шыршаны
Шашылар шашу жыр әні
Мынау әсем шыршаға
Қош келдіңдер балалар дегендей бүгінгі шыршамыз үнді елінде сияқты өтеді.
Видео №2
Жүргізуші:
Жаңа жылдық шырша мерекесіне қош келдіңдер балалар.
Төрлетіңдер, төрлетіңдер
Шырша сәнін көрңідер
Әсем әнмен би билеп
Күй жырларды төгіңдер.
Хор әні: «Жаңа жыл»
Жүргізуші:
Жаңа жыл туындаған жаңа армандар
Жаңа жыл шуылдаған жаңа ормандар
Ал мынау мәңгі бақи жаңа дүние
О сәлем жаңа жылда жаңарғандар
Балалардың қызық тіліндегі тақпақтары.
Олжас
Жасыл желек жамылған, Асыл моншақ тағылған, Miнe, сұлу шыршамыз. Көптен күтіт, сағынған, Кел, балалар, келіндер, Тамашаны көріңдер.
Ақтөре
Аппақ тонға оранып, Базарлықты мол алып. Келді алыс сапардан, Аяз ата оралып. Қалып едік сағынып, Kүтіп алдъқ жабылып. Жолын қойдық жарық қып, Шыршаларға шам іліп
Азат
Жаңа жылды қарсы алдың, Мініп алып күймеге. Мен де бүгін ән салдым, Араластым биге де. Оралдың өлкеме, Жаңа жыл армысың. Оранды ақ көрпеге, Асқартау, қарлы шың.
Іңкәр
Ақ қырауға малынған Сақалы да мұрты да. Аяз ата сағынған, Сәлем бepді жұртына. Безендіріп шыршаны Жыл қуантты баршаны. Той-маскарад басталды, Аяз оны басқарды.
Жансара
Аяз Ата ойды қырды Аралап жүр түгел шолып. Қарсы алғалы жаңа жылды, Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан, Аяз Ата сонда болды. Күндіз үйде ойнап бізбен, Балалармен бірге болды.
Томирис
Жаңа күнде ән қылып,
Тек жүреміз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай,
Шырша тұрар мәңгілік!
Жасыл шырша, қош келіпсің,
Сені күтіп жүрдік біз.
Көркейсін деп сенің жүзің,
Ойыншықтар ілдік біз.
Әділжан
Аспан жерге төгеді, Ақ күмісін уыстап. Жаңа жылда келеді, Бізге қарай жылыстап. Өлең де әзір, ән әзір, Ойын да әзір, бәрі әзір. Кел, жаңа жыл, біздерге, Кел, жаңа жыл, жаңа жыл.
Жүргізуші:
Ақ көңілім айналды аппақ қарға
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға
Қыс қызығы басылмай ұласады
Қуаныш көп болсын жаңа жылда
Бақшамыздың бишілеріні шақырайық
Қошеметпен құрметпен қарсы алайық
Бишілерімізді ырғалтып би билетіп
Қол соғып биік шыңға самғатайық
Би: «Аққу» қарсы алыңыздар.
Жүргізуші:
Ал халайық халайық
Ескі жылдай аға бар
Оны ортаға алайық
Қош айтысып қалайық
Музыка ойнап ескі қой жылы келеді.
Ескі қой жылы:
Ескі жылың есіркеп
Жаңа жылың жарылқап
Еліңде болсын тыныштық
Бейбіт күнің жарқырап
Қоштасамын бүгін мен
Сіздерді қимас көңілмен
Келер мешін жылында
Дәне көп болсын қоймада
Тыныштық пен бейбіт күн
Болсын тілеп әманда
Қоштасып қол бұлғаймын
Қош сау болыңдар
Би: «Қошақан биі» қарсы алыңыздар
Музыка әуенімен ескі қой шығып кетеді.
Жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн
Қанаттана кең алқапта тарайды
Жаңа жыл қайсарлық пен жүректілік
Баратын болашаққа білек түріп
Біз жаңа жылдарға қол соғамыз
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып
Көңілді музыка әуенімен Қоян және Будда келеді.
Екеуі бірге:
Алақай, алақай
Жыл келді шапқылап
Қанеки қарсы алайық жақсылап
Жүргізуші:
Сіз кімсіз? Біз жаңа жылды күтіп тұорған едік.
Қоян мен Будданың диалогы
Екеуі мен жаңа жылмын, мен жаңа жылмын деп таласады.
Жүргізуші: жаңа жыл қоян жылы емес мешін жылы ғой, біз ескі қой жылын шығарып салып, жаңа мешін жылын күтіп отырмыз, кетіңіздер сіздер өз жылдарыңыз келгенде келерсіз бізге.
Би: үнді биі. Буддамен бірге билейді.
Көңілді музыка әуенімен қоян балалармен қоштасып залдан шығып кетеді.
Жүргізуші:
Балалар жаңа жылсыз мерекенің сәні келеме?
Балалар: жоқ
Жүргізуші: қанеки онда жаңа жылды шақырайықшы:
Хормен: жаңа жыл.... 3 рет
Көңілді музыка әуенімен Жаңа мешін жылы келеді.
Мешіннің сөзі:
Армысыздар балалар Бармысыздар халайық Жаңа жылды жұп жазбай Келіңдер қарсы алайық
Жақсылыққа бағыт алған Мешінмін мен Жаңа жыл Жаңа жылда барлығыңыз Жаңа үміт таба біл Жаңа жылдың мерекесін Мерекеге жалғаймын Елде, жерде, табиғатта Бақыт жолды қолдаймын
Жүргізуші:
Келді міне жаңа жыл аппақ болып
Ән болып жұмбақ болып тақпақ болып
Ауламыздың тұсына қонып жатыр
Аяз болып мұз болып қатқақ болып
Хормен: қонысыңыз құтты болсын, қонарсыз бақшамызға ырыс болып
Мешін: рахмет балалар, мені бөтенсімей шын ықыласпен қарсы алғандарыңа рахмет.
Жақсылыққа бағыттаған
Мешінмін мен жаңа жыл
Жаңа жылда барлығыңыз
Жаңа үміт таба біл
Қой жылының мерекесін
Берекеге жалғаймын
Елде, жерде, табиғатта
Бейбіт жолды қолдаймын
Орыс тіліндегі хор әні: «В лесу родилась елочка»
Мешін: балалар, мен сендермен билегім келіп тұр.
Би: «Мешіндер» қарсы алыңыздар.
Орыс тіліндегі тақпақтар:
Маргарита
На веселых детских елках
Чудеса блестят в иголках
И под елкой в новый год
Каждый что нибудь найдет
Надо лишь заранеее
Загадать желание
Динара
На свете так бывает
Что только раз в году
На елке зажигают
Прекрасную звезду
Звезда горит не тает
Блестит прерасный лед
И сразу наступает
Счастливый новый год
Зарина
Снег идет, снег идет
Значит скоро новый год
Дед мороз к нам придет
Всем подарки принесет
Ақарыс
Пусть в окошко постучится
В полночь добрый новый нод
Всем мечтам поможет сбыться
Счастье радость принесет
Әділжан
Наша елка велика
Наша елка высока
Выше папы, выше мамы
Достает до потолка
Жансара
Как блестит ее наряд
Как фонарики горят
Наша елка с новым годом
Поздравляет всех ребят
Жансая
Будем весело плясать
Будем песни распевать
Чтобы елка захотела
В гости к нам прийти опять
Томирис
Висят на елке шарики
Красивые фонарики
И бусы и снежинки
И голубые льдинки
Жүргізуші:
Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келеді алыс сапардан
Аяз ата оралып
Келеді аяз атамыз
Қасында ақшақары бар
Қызыққа әбден батамыз
Қарсы аламыз баршамыз
Ал енді құрметті халайық бүгінгі кешіміздің қадірлі қонақтары әрі сәні аяз ата мен ақшақарды қарсы алайық.
Хормен: аяз ата... Ақшақар...3 рет
Көңілді музыка әуенімен Ақшақармен Аяз ата келеді.
Жүргізуші: аяз ата сіз алыс жолдан шаршап келген боларсыз отырып демалыңыз, біздің сізге арналған жаңа жылдық тартуларымызды қабыл алыңыз.
Жаңа жыл ауыфлдарды жарылқасын
Қиналып әр отбасы тарылмасын
Аяз ата бүгінгі келген күндей
Жүздеріңнен қуаныш арылмасын деп ниет білдіре келе кезекті орыс тіліндегі әнге береміз.
Орыс тіліндегі хор әні. «К нам приходит новый год»
Жүргізуші.
Жаңа жылды қарсы алып жасаймыз той жылда бір
Жарқын – жарқын ән салып
Жалғасады жырға жыр
Жаңа жыл мерекесі құтты болсын
Әрқашан мерекелік көңіл болсын
Кеудеміз күмбірлеген жырға толып
Қане достар күлкімен орта толсын
Баршаңызды ортаға аяз ата мсен ақшақармен бірге биге шақырамыз
Би: «Джингл бэллс» барлығы билейді.
Ағылшын тіліндегі тақпақтар:
Анель
О ню е, о ню е
Ю гив ас соу мач плэсэ
Ю ду нот фэд уиз винтэ сноу
Ю блум уиз лайтс вен колд вин блоу
О ню е, о ню е
Ю гив ас соу мач плэсэ
Хус гот зе биард затс лонг энд вайт
Сантас гот зе биард затс лонг энд вайт
Бағдат
Айм э литл сноуман вайт энд фат
Хи из май пип энд хие из май хат
Айв гот баттонс ван, ту, сри
Вил ю каунт зем ол виз ми
Бекзат
О ню е, о ню е
Ю гия ас соу мач плэсэ
Ю ду нот фэт виз винте сноу
Олжас
Хоу, хоу, хоу черри ноус
Кап он хиад суид оф ред
Спейшил найт беарт зэтс вайт
Ху камс эраунд он э спэйшил найт
Санта камс эраунд он э спэйшл найт
Серікбол
Спейшил найт, берат затс вайт
Маст би санта маст би санта
Маст би санта санта клаус
Әділжан
Кап он хеад суит оф ред
Спейшил найт биарт зэтс вайт
Маст би санта, маст би санрта
Маст би санта, санта клаус
Ғалым
Джингл бэллс, джингл бэллс
Джингл ол зе вай
О ван фан ит из ту райт
Ин э ван хорс опен слай
Итс геттинг ню е
Соу летс хелп санта пак
Энд ол зе тойс фо гелс энд бойс
Инто хиз грид биг сак
Ай эм э фэйри дол он зе ню е
Бойс энд гелс кам энд лук эт ми
Лук эт ми, си уат ай кэн ду
Зен ол оф ю кэн ду ит ту
Жүргізуші:
Шырша айналып әндетіп
И билеңіз сәнді етіп
Қандай жақсы жаңа жыл
Өткізейік мәнді етіп
Кел жаңа жыл жаңа жыл
Төрле төрле жеріме
Құт береке боп кенлгейсің еліме
Үміт артып армандарға аяулы
Шаттығыңа бөлегейсің бізді де дей отырып кезекті ойынға береміз
Ойын ата – аналармен ойналады. «Жез би» түрлі музыкаға сәйкес билеу.
Жүргізуші:
Кел төрлет жаңа жылым, құтты жылым
Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін
Қарсы алдық сені еселі еңбекпенен
Жарқырап әне алдымнан шықты күнім
Асыға күткен жаңа жыл
Кел жаңа жыл жаңа жыл
Жаңа заман жаңа айлар
Кел жаңа жыл, жаңа жыл
Келесі кезекті тамаша рэп әніне берейік.
Орыс тілінде рэп.
Жүргізуші:
Жаңа жылда жаңа белден асамыз
Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз
Бейбітшілік ұранымен жеңіспен
Жаңа жылда тағы да аңға басамыз
Аяз ата сіз бағана аата – аналарға ойын алып келдім деп едіңіз ғой
Ойын ата – аналарды безендіру. Аяз ата ойнатады.
Жүргізуші:
Ей жаңа жыл, жаңа бақыт ырысым
Жақсылықтың жаршысы да нұрысың
Адамдардың асқақтаған арманы
Ақындардың таусылмайтын жырысың
Жаңа жылда арналады жаңа жыр
Жаңа жылда шақырады бар өмір
Бақыт болып жаңа жылым келді ғой
Құтты болсын, құтты болсын жаңа жыл
Хор әні: «Қош келдің жаңа жылым қазағыма»
Аяз ата. Ой бәрекелді, балаларым, әсем ән шырқап, би билеп таларыңды бір қуантып тастадыңдар. Көп көп рахмет, өркендерің өссін. Енді Ақшақар екеуміз аттанайық, ьбаршаңызбен қоштасамыз, сау болыңыздар.
Жүргізуші: Аяз ата сіз қайда барасыз? Балаларға деген сыйлығыңыз қайда?
Аяз ата: ойбай, қызым ай біздің дорбамыз қайда?
(сырттан Аяз ата деген дауыс шығады)
Музыка әуенімен сиқырлы дорба жүгіріп келеді.
Аяз ата: сен қайда жүрсің? Бізбен біргеболуың керекқой.
Дорба: мен де қыдырып, көңіл көтерейін деп едім, ел аралап қыдырып келдім, мен жай дорба емеспін сиқырлы дорбамын.
Аяз ата:Сиқырлы болмақ түгіл қандай болсаңда .Менің балаларға деген сыйлықтарым қайда?
Дорба: Білмеймін,білмеймін деп залды айналып жүгіреді.Аяз ата оның соңынан қуады. Қапшық залдан шығып кетеді, ал Аяз ата соңынан қуып кетеді, де қапшықты көтеріп әкеледі.
Аяз ата: балалар, міне менің сыйлығым - Деп ата – аналарға бір бір бананнан үлестіреді.Әрине музыка әуенімен.
Аяз ата мен Ақшақар: Сау болыңдар, балалар, келесі жаңа жылда кездескенше!
Хормен: Сау болыңыздар, Аяз ата мен Ақшақар!
Жүргізуші: осымен жаңа жыл мерекесі аяқталды. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан тілейміз. Ал қазір балаларға би кеші болады.