kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сценарий утренника "Наурыз-той Думан"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сценарий утренника для детей второй младшей группы. Прививаем любовь к Родине, развиваем у воспитанников интерес к национальным традициям и обычаям народов Республики Казахстан.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сценарий утренника "Наурыз-той Думан"»



«Қуаныш» балалар бақшасы мектеп білім беру комлексі» мекемесі


«Балауса» ІІ кіші тобының Наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің, Әз-Наурыз» атты танымдық – тағылымдық іс –шара бағдарламасы.

Тәрбиеші: Берсебаев Г.О.

Саз жетекшісі:Беркутбаева Р.С





Семей қаласы

2016 -2017 оқу жылы



Беркутбаева Руза Сейсенбекқызы

«Қуаныш» балалар бақшасы мектеп

білім беру комплексі» мекемесінің

ІІ санатты мызыка жетекшісі,

Семей қаласы.



«Балауса» ІІ кіші тобының Наурыз мерекесіне арналған

«Қош келдің Әз-Наурыз» атты танымдық – тағылымдық

іс –шара бағдарламасы.

Мақсаты: Балаларға халқымыздың мейрамдарының бірі Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Балаларды ұлтжандыққа, ана тілін құрметтеуге, халқымыздың ұлттық мерекелерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Цель: Развивать у воспитанников интерес к национальным традициям и обычаям народов Казахстана, прививать любовь к Родине.

Мерекеге сай безендірілген зал. Дастархан басында ата мен апа, тағыда басқа қонақтар.

1-жүргізуші: Айнұр Әшкенқызы: Шалқытып мерекені ән салайық
Би билеп ән өнерге тамсанайық
Аңызбен, ертегімен бізге жеткен
Наурыздың қонақтарын қарсы алайық.

Құрметті қонақтар! Сіздерді Наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Аспанымыз ашық болсын, шанырағымыз биік, дастарханымыз мол болсын, барлықтарынызға бақыт тілейміз!

2-жүргізуші: Динара Сериковна: Дорогие гости! Поздравляем Вас с праздником Наурыз! Желаем всем чистого, голубого неба, достатка в доме и благополучия! Счастья всем и удачи!

Ты цвети, Казахстан, расцветай,
Наш любимый, солнечный край!
От детей ты привет принимай!



Балалар екіге бөлініп, залға кіреді. Ән: «Наурыз» Балалар орындарына отырады.

1-жүргізуші: Айнұр Әшкенқызы: Кең болсын қазағымның керегесі, Кетпесін Алла берген берекесі

Алаштың баласына нәсіп болған,

Құтты болсын Наурыз мерекесі!

Наурыз – барша  Қазақстандықтардың ортақ той думаны.

Наурыз – достық пен еркіндіктің мерекесі.

Наурыз – қаңқылдап қаздар келетін, қырларда қызғалдақ бүршік атып, Табиғат ана гүл көрпеге оранатын көктем айы.

Наурыз  бұл тек көктемнің ғана емес, ең әуелгі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Ұлыстың осы бір ұлы күні адамдар бір- біріне деген өкпе – реніштерін ұмытып, кешірімге келіп татуласып, табысқан

2-жүргізуші: Динара Сериковна:

Сегодня замечательный день- праздник пробуждения новой жизни, праздник мира и весны.

Наурыз – один из величайших праздников древности. Весеннее пробуждение природы от зимнего сна рассматривалось как воскрешение умершей природы, порождало благовейное отношение к этому столь значительному явлению.

Наурыз- это праздник нового года у народа Центральной Азии- отмечается в день весеннего равноденствия 22 марта. Наурыз – это начало весны, начало года, время пробуждения всего окружающего мира, начало земледельческих работ.

1-жүргізуші: Айнұр Әшкенқызы:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар!

Наурыз тойы басталды

Көргендер де арманда,

Көрмегендер де арманда,

Қызықтан тыс қалмаңыздар!

2-жүргізуші: Динара Сериковна:

Растаял снег, звенят ручьи
Запели песни соловьи.
Земля проснулась и цветет,
И гости к нам Весна идет.

Әсем әуен ойнап, Көктем кіреді.

Я –Весна – красна, Бужу землю ото сна. Наполняю соком почки, На лугах ращу цветочки Прогоняю с речки лед, Светлым делаю восход. Всюду в поле и в лесу. Здравствуйте, дорогие ребята, здравствуйте, гости дорогие!

2-жүргізуші: Динара Сериковна:

Здравствуй, Весна—Красна, мы рады твоему приходу, будь нашей гостьей дорогой. А ребята порадуют тебя своими талантам.

1-жүргізуші: Айнұр Әшкенқызы:

Балалардың Наурызға арнап жаттаған тақпақтарын тамашалайық!Гулжанат Орынбасаровна, кезекті сізге береміз.

Тақпақтар.





Би. «Қамажай» Нұрай, Дианна, Настя, Диана, Малика, Даяна.

Гулжанат Орынбасаровна балаларды тақпаққа шығарады.

1-жүргізуші: Айнұр Әшкенқызы:

Біздің мерекеге балабақшамыздың «Балдырған» мектеп алды тобының дайындаған ән шашуын тамашалайық.

Ән:«Наурыз»

1-жүргізуші: Айнұр Әшкенқызы:

-1-жүргізуші: Айнұр Әшкенқызы:

Құрметті қонақтар, Наурыз мерекесі туралы видеоролик көріп өтейік:

Тойымыз өте көңілді өтіп жатыр. Наурызда тек қана өлең айтып, би билеп қана қоймай, ұлттық ойындар ойнаған ғой. Ендеше, қазір «Арқан тартыс» ойыны.

Тәрбиеші:

Бірақ, бұл ойын шартын кішкене өзгертпекпін. Мен қазір Наурыз мерекесіне байланысты бірнеше салт – дәстүрлерді атаймын. Ал сіздер соның мағынасын түсіндіріп бересіздер. Бірақ ойын «Арқан тартыс»болғандықтан, қай қонақ бірінші болып қолын көтерсе, сол ауыл қонақтарына ұпай қосылады. Соңында қай ауылдың дұрыс жауабы көп болса, сол ауыл жеңген болып саналады. Дайынбыз ба? Ендеше бастайық.
Тәрбиеші салт - дәстүрлерді атайды, ал қонақтар оны түсіндіруге тырысады.

Тәрбиеші:

-Жарайсыңдар. Өте тамаша ойын болды. Кішкене сергіп қалдық.

1-жүргізуші: Айнұр Әшкенқызы:

Салт — дәстүрін сыйлайық.
Наурыз келсе, құт келгені халайық,
Шашу шашып, ел боп қарсы алайық!

2-жүргізуші: Динара Сериковна:

-У казахского народа очень много обычаев и традиции. Сегодня в гости к нам пришла апай со своим внуком . Она покажет нам обряд «Тұсау кесер»

Тұсау кесу рәсімі.

1-жүргізуші: Айнұр Әшкенқызы:

Әнім де саған биім де,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлап еліме,
Күлімде Наурыз, күлімде!

Кезекті әнге берейік.

Курмашев Ерлан Амангелдіұлының орындауында ән.

Тәрбиеші ата-аналармен ойын өткізеді.

Қырықаяқ — Басқарушының талап етуіне орай ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Екі топтағы ойнаушылар да бірінің белінен бірі құшақтап қатар тұрысады. Олар тұрған жерден 25—30 метр қашықтықта көмбе белгіленеді. Басқарушының командасы бойынша екі топ та сол қалыптарымен аяқтарын тепе-тең алып жүгіре жөнеледі. Қай тап көмбеге бұрын жетсе, сол жеңіске ие болады. Басқарушы ойын тәртібінің бұзылмауын қадағалап тұрады. Ойын қайталанып отырады. Ойынды әбден игергеннен кейін басқарушыны жаңадан сайлап алады. Ойын жастарды қимыл бірлестігіне, коллектившілдікке, жауапкершілікке, ұйымшылдықка тәрбиелейді.

1-жүргізуші: Айнұр Әшкенқызы:

Бүгінгі наурыз тойымыз да аяқталуға жақын. Ән айтып, би билеп көңіл көтерген барлықтарыңызға рахметімізді айтамыз. Енді кезекті батаға берейік. Ата, сізден бата сұраймыз.

2-жүргізуші: Динара Сериковна:

Дорогие, гости! По обычаю- самый уважаемый человек должен сказать слова доброго напутствия. Этот обряд называется  «Бата беру».

Ата: (Атаның батасы

1-жүргізуші: Айнұр Әшкенқызы:

Әнім де саған биім де,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлап еліме,
Күлімде Наурыз, күлімде!

2-жүргізуші: Динара Сериковна:

Мы вместе сегодня праздник встречали,
Пели, плясали, стихи читали.
Наурыз нам праздник подарил,
Наурыз нас всех объединил!

Би: «Қара жорга».

2-жүргізуші: Динара Сериковна:

На этом, наш праздник закончился, но мы желаем, чтобы он продолжился в каждом доме, счастья вам и благополучия! Поздравляем еще раз  всех с праздником наурыз! Желаем счастья и всех благ.

1-жүргізуші: Айнұр Әшкенқызы:

Дастарханы халқымның тола берсін,

Бақыт құсы қолыңа қона берсін.

Ұлы тойдың төресі –Наурыз тойы,

Жылдан –жылға ұт тойы бола берсін!

Деп,бүгінгі Наурыз мерекесіне арналған танымдық –тағылымдық іс-шара бағдарламасы аяқталды.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Сценарий утренника "Наурыз-той Думан"

Автор: Беркутбаева Руза Сейсенбекқызы

Дата: 23.11.2017

Номер свидетельства: 440406


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства