kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сценарий "Әнші балапан" байқау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сценарий мектеп жасындағы оқушыларға арналған жұмыс.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сценарий "Әнші балапан" байқау»

№ 52 негізгі мектеп «Өнермен көкке жетеміз» атты эстетика пәндері апталығының аясында өтіп жатқан мектепішілік «Әнші балапан» байқауының сценарийі Қосымша білім педагогы: Д.М.Тажбаева 20.04.2016 жыл







Ақтөбе-2016

Бекітемін: Мектеп директоры:

А.С.Джамбулова

« » 2016 жыл. «Өнермен көкке жетеміз» атты эстетика пәндері апталығының аясында өтіп жатқан мектепішілік «Әнші балапан» байқауының сценарийі Мақсаты: еліміздің жарқын болашағы мен келешегі үшін оқушылардың дарыны мен қабілетінің артуына жол ашып, білімді де өнерлі ұл-қыздарын тәрбиелеу. Дамытушылық: өнерпаздарды жан-жақты зерттеп, әнді көпшілік алдында қысылмай еркін орындауға бейімдеу, кәсіптік шеберлігін шыңдау. Көрнекілігі: зал ішін мерекеге сай безендіру, гүлдер, шарлар, музыка техникасы. І-жүргізуші: - Армысың мектебімнің қауымдары, Жайнасын көңілдердің жасыл бағы. Ән-шашу, әсем әуен, түрлі өнер. Бүгінгі күн сіздерге арналады. ІІ-жүргізуші: -Ұрпақпен өмір жолы жалғанады, Көңілді күндер тусын алдан әлі Сіздер үшін осы кеш ашылады, Сіздер үшін әншілер сайысады (музыка ойнап тұрады) І-жүргізуші: -Бүгінгі әуендік кеште байқауға қатысушыларды ортаға шақырамыз. ІІ-жүргізуші: -Арайланып әрбір таңымыз, Арайланып ән мен сәніміз. Туған жердің төсінде тұрып, Шырқатайық, қане бәріміз. ІІ-жүргізуші: Қымбатты өнер сүйер қауым, ардақты ұстаздар, қадірлі қөрермендер! Назарларыңызға «Өнермен көкке жетеміз» атты эстетика пәндері апталығы аясында өтіп жатқан «Әнші балапан» байқауын көруге шақырамын! І-жүргізуші: Ән байқауы басталмас бұрын сіздерді әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
  • Джамбулова Айжан Сматовна мектебіміздің директоры
  • Бозшина Райхан Тентекқызы мектебіміздің оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары
  • Жұбатова Жазира Жайлаубайқызы мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары
ІІ-жүргізуші: Сайысты бағалайтын қазылар алқасы тағайындалды, бағалану баллдық жүйесі он баллдық жүйе.Сонымен нені бағалау керек екенін де айтып өтейін. 1.Ән орындау мәдениеті (эмоция, сезімдері) 2.Сахнада өзін-өзі ұстауы (жүріс-тұрысы, қимылы) 3.Киімнің үйлесімділігі, эстетикалық талапқа сай болуы. 4.Өнер деңгейі І-жүргізуші: Біздің халық өнерге мол, бай тегі, Әнші деп те, күйші деп те айт оны. Әнге сенің қанша икемің бар екен, Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді?!- деп алғашқы ән кезегіне жол береміз Еңсеповтің әні «Алғашқы қоңырау» орындайтын 2 "А" класс оқушылары Қорықпас Шапағат, Махаббат, Фархад Ясмин қабыл алыңыздар!. ІІ-жүргізуші: - «Әннің де естісі бар, есері бар, тыңдаушының құлағын тесері бар» дегендей, меніңше, бұл ән жақсы орындалды. І-жүргізуші: Келісемін. Ертең-ақ мен ержетіп,
Әншілердей боламын.
Үлгі тұтып жақсыны,
Менде әнге саламын, Келесі тыңдайтын әндеріңіз 4 А класс оқушысы Ермекова Махаббаттың орындауында «Әнші болғым келеді» қабыл алыңыздар! ІІ-жүргізуші: Домбырам тағы жырлашы, Сұңқардай көкке самғашы Әсем әнім шырқалса Туған жердің арқасы,- деген жас талапкерге талабың әрқашан тасқындап ең үздік әнші деген атқа лайық өнер иесі бол дегіміз келеді. І-жүргізуші: Қадірменді өнер сүйер халайық! Қазіргі орындалатын әннің бірнеше жолын оқымақпын. Сіздерден сұралатын әннің атын табу. Есейіп кетсем де, Мен саған сәбимін. Көңіліңді көктемдей, Көзіңнен танимын. Бұл қандай ән? -«Ана туралы жыр»әні -Рақмет. Залда отырғандардың ішінен әннің атын тауып, бір шумағы мен қайырмасын орындаған көрерменімізге сыйымыз бар! (сыйлық ұсыну керек) Ән әлеміне мәңгілік таза да пәк махаббат сыйлаған «Вальс королі» Шәмші Қалдаяқов пен поэзия патшалығының дарынды ақыны Мұхтар Шахановтың өлеңіне жазылған «Ана туралы жыр» әнін 3 Б класс оқушысы Есқожин Тимурдың орындауында қабыл алыңыздар! ІІ-жүргізуші: Ана жүрегі елжірер бала десе,- деген сөз бар, нәзік те құлаққа жағымды Ш. Қалдаяқовтың әнін орындаған Есқожин Тимурдың үлкен жетістіктерге жетіп, жеңімпаз болуына тілектеспіз! «Бап шаппайды, бақ шабады»-деп бағын сынауға келген 3 А класс оқушысы Шитанова Ританың орындауында «Қазақ осы біліп қой» әні. І-жүргізуші: Даусың қандай сырлы еді Осы әнді тыңдатқан Көркің қандай нұрлы еді Таң шолпанмен астасқан Деп, тамаша өнер көрсеткен әншімізге қошеметтеп, қол соғып қояйық. ІІ-жүргізуші: Әндер-әндер! Ұш әуемде, Ұш көгімде, күллі әлем. Көктем келсе гүл боп елге Мен де бүгін түрленем Тілек айтып бүкіл елге!!! деп, 1 А класс оқушысы орындауында «Ақ тілек» әні қарсы алыңыздар! І-жүргізуші: -Бойында от бар екен байқадым, Жүрегіңде шоқ бар екен байқадым. Әрқашан осы шоқты өшірмей, Жалындатып шарықтағын әрдайым. Ал, оқушы, ұстаздар, Ортаға назар салыңдар. Аружан қыз шығып келеді, Қол соғып қарсы алыңдар. Аружанның орындауында «Ертегілер»әні. Қабыл алыңыздар! ІІ-жүргізуші: Жез таңдай, күміс көмей Аружан қыз, Сайысқа баптап қосқан дүлділіміз. Балалықтың балдәуренін өткізіп, Бақыт,шаттық, қуаныш біз тілейміз! Жақсы әнші өнеге «Сегіз қырлы, бір сырлы» Өнерді үйрен бір-бірлеп, Әнде шырқа, би билеп. Халық айтса,біледі. Талаптыға нұр жауар, Өнерлі өрге жүзеді Таланттылар құр қалма!- деп кезекті келесі әншіміздің өнеріне береміз. 4 А класс оқушысы Мақатаев Мади «Әжеме» әнімен қабыл алыңыздар! І-жүргізуші: Әдептілік сақтаймын, Әнші ұлымызды мақтаймын. «Қамқор сыншы болайық!» Деген сөзін жақтаймын. Мади, біз сені өнердің биік шыңдарынан көрейік. Өнерде жолың ақ болсын! Баға жетпес аспаптардың бірі- домбыра. Сіз оған жақын келіп, шектерін шертіп құлақ түрсеңіз, әсемдік дүниенің есігі ашылғандай болады. Күмбірлі әуен сізді сансыз қиял соңынан жетелейді.Олай болса қазір «Домбырасыз сән қайда» әнін 2 А класс оқушысы орындауында тыңдайық. Қабыл алыңыздар!

ІІ-жүргізуші: Алтын ұя мектебім аялаған,

Бар балаға білім беріп сая болған.

Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін,

Жаманға да жақсыға пана болған.

 Еркелігін көтеріп әр баланың,

Сусындатып білімнің тұнығынан.

Саған қарыз бар пенде ғаламдағы,

Нәр алып ұшып шыққан қойыныңнан.

І-жүргізуші: келесі тыңдайтын әндеріңіз 6 А класс оқушысы

орындауында «Мектебім білім ордасы» қабыл алыңыздар! ІІ-жүргізуші: Осымен ән байқауымыз өз мәресіне жетті. Кім өнерлі бұл кеште, үміт алда, Қобалжу бар жүректе күдік бар да Әділқазы алқасы атыңды ақта, Әншілерге арманмен бақыт жолда. Байқаудың нәтижелерін таныстыру үшін қорытындылау сөзі қазылар алқасына беріледі. Өнерді бағалауларыңызда өтінеміз. Сын-шын, бағалау әділетті болсын! (Әділқазылар бағасын шығарып болғанша музыка ойналады) І-жүргізуші: Күнде жиын бола бермес дәл осындай, Күн сайын өркендейміз, өзгереміз Ұл-қыздың бақыты үшін ғұмыр кешкен Алдымызда отырған әділқазы қонаққа сөз береміз. ІІ-жүргізуші: Көпшілік құрметіне бөленген өнерпаздың алдағы уақытта көптеген байқаудың лауреаттар атанып, талғампаздығымен, орындаушылық шеберлігімен үлкен табыстарға жетуіне сенім мол. І-жүргізуші: Көңілдің ақ тілегін қол етеміз, Тілектермен нығайсын мерекеміз. Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс, Осымен аяқталды байқауымыз. Байқауды аяқтай отырып, «Өнер талантты өсіреді» деген ақын сөзінен қуат алып, асыл мұраны сақтап, өркендете берейік дегім келеді. Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп-көп рақмет. Жолыққанша күн жақсы, ел аман болсын!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Сценарий "Әнші балапан" байқау

Автор: Тажбаева Дания Манасовна

Дата: 05.04.2017

Номер свидетельства: 406915

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Мектеп ішілік іс - шара : "Жайна, жайна жаңа жыл!""
    ["seo_title"] => string(51) "miektiep_ishilik_is_shara_zhaina_zhaina_zhan_a_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "389774"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1486631567"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) ""?ош бол, балаба?ша" атты ерте?гілікті? сценариі"
    ["seo_title"] => string(47) "koshbolbalabakshaattyiertienghiliktinstsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "283367"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453822246"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) ""?ош бол, балаба?ша" атты ерте?гілікті? сценариі"
    ["seo_title"] => string(48) "koshbolbalabakshaattyiertienghiliktinstsienarii1"
    ["file_id"] => string(6) "283368"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453822258"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Сценарий детского праздника "Қош бол, Балабақшам!""
    ["seo_title"] => string(49) "stsenarii_detskogo_prazdnika_kosh_bol_balabaksham"
    ["file_id"] => string(6) "482875"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1540963968"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(123) ""Жа?а жыл - жа?а ба?ыт" ерте?гілігіне арнал?ан сценарий ересектер тобы"
    ["seo_title"] => string(72) "zhanazhylzhanabakytiertienghilighiniearnalganstsienariiieriesiektiertoby"
    ["file_id"] => string(6) "289773"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454858615"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
2110 руб.
2640 руб.
2000 руб.
2500 руб.
1690 руб.
2110 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства