kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: "?АРА ?А?АЗ"

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                                 1-к?рініс

Сахна тастай ?ара??ы. К?н к?ркірейді, найза?ай ойнайды. Сахнаны? бір б?рышында Базарбай тізерлеп т?мен ?арап отырады. О?ан алыстан жары? т?седі, сол кезде зарлы домбыраны? тартыл?ан ?ні естіледі.

БАЗАРБАЙ: (Тере? тебіреніспен) Мен осы со?ыстан неге тірі оралдым екен?! Бір ?олымды жау?а тастап ?айт?анымда мына хал?ымнан, ел ж?ртымнан ?ар?ыс естиін деп пе едім? ?ар?ыс емей немене, к?нара бір ?йді ?ара ?а?аз ?келіп жылатып ?оямын. Сонда мен осыны тарату ?шін келгенім ?ой. Мені? міндетім, біреуді? жал?ызын, біреуді? ?мітін ?здіріп, ?зегін ?ртеп, к?зінен ?ара ?ан а?ызу ма еді?!. Жо?, б?йтіп жер басып ж?ргенім ??рысын! (Т?регелді. Домбыра ?ні де тынды. Жары? жанады. Екінші жа?тан А?сындар киіз папкасынан бірде?е іздегендей болып, ?арсы шы?ады).

А?СЫНДАР: (Иіліп с?лем етеді). А?ке-ау, сізге б?гін не бол?ан-ай? Тым салбырап кетіпсіз ?ой, ??і?із де б?зылып т?р. Аманшыл? па ?зі?

БАЗАРБАЙ: (Сылбыр с?йлеп) К?п жаса, шыра?ым. ?й, мені? ?айбір о?ып т?р?ан к?йім бар? Бір к?ні біреуге ?уаныш ?келсем, енді бір к?ні жазылмас жара ?келемін. ?уаныш сыйласам ??ім кіреді, дерт ?келсем бетіме ?ара к?йе жа?ылады. Шыра?ым, д?ниеде адам?а суы? хабар ?келгеннен арты? жаман зат жо? екен. Сен жа?ын келінімсі? ?ой, колхоз председателі бол?анда сенен не к?ремін? ??т?ар мені осы ?ара ?а?аз тасудан, ауыстыр бас?а ж?мыс?а. Осыны тілек етіп с?раймын.

А?СЫНДАР: ?й, а?ке-ай, со?ыс?а барма?ан адамша с?йлейтіні? не. Ж?р, мына жерге тізе б?гейікші. (Екеуі отырады). Уфф! Осыны ма?ан айта бересіз ?ой. Сіз шабуыл алдында командирге ол жа??а бармаймын деп сылтау айтпа?ан боларсыз, ?? Со?ыс тек ол жа?та емес, б?л жа?та да ж?ріп жат?анын абайламайсыз ба? Мені? ?ай адамым жетіп т?р? ?айта сізге ж?ктелген ж?мыс д?рыс деп санаймын. Себебі, к?пті к?рді?із. Ауырлы? пен ?иыншылы?ты бастан кешті?із. Сіз ?р?айсысымыз?а басу айтып, ке?ес беріп, с?рінгенді с?йеп, жыла?анды демеп жіберуі?із керек. Жа?сылы? хабар жа?сылы? ?ой, ал жаманды? хабар к?ні сіз олар?а ж?баныш бола білі?із.(Кемсе?дейді) Б?ріміз де с?йекше м?жіліп, таусылып тары??аннан не пайда!.

БАЗАРБАЙ: А?сындаржан-ау, ол айт?андары?а т?сінемін ?ой. ?ызыл ?анны? арасынан келсем де, к?нара мына ауыл жандарыны? даусы ?йы?татпайды, т?німен т?сіме еніп т?белеп шы?ады.

А?СЫНДАР: ?айтейік. Заманымыз осындай?а тап бол?ан шы?ар. О?ан мен де, сен де кін?лі емеспіз ?ой. ?алай бол?анда да, халы??а бекем бол, белі?ді бу деп айту екеумізді? міндетіміз. (Екеуі т?регеліп ж?ре с?йлеседі). Кеше ?аладан келдім. ?лгі бізді? ауылды? жіберген ж?н ?ол?аптарына аудан басшылары рахмет айтып жатыр.

БАЗАРБАЙ: (Мойнына сал?ан с?мкесін к?рсетіп). Мынаны? ішіндегі б?гін келген жа?сылы? деген хатты тартып біттім. Енді бір хат ?алды, ол бай??с кемпір Кенжег?лге келіпті. Курск ма?ында?ы дала почтасынан астында со?ыс б?лімшесі командиріні? ?олы бар. Ашу?а батылым барар емес. (?олына алып, жерге т?сіріп алады). Ж?регім бір н?рсені сезгендей, ?арасам болды, дір-дір етеді. ?ол итті? мына ?алтырауын ?арашы.

А?СЫНДАР: ?ойшы, а?ке! Жаманшылы??а жорымайы?шы, «Жа?сы с?з – жарым ырыс» демей ме хал?ымыз. К?не, онда мен ?арайыншы? (Хатты ?олына алып біраз ?арап т?рады). Мен де ашпайын, ?зі?із жал?ыз ашып к?рі?із (?айтып береді). Тіпті баласы бір ?лкен ерлік жасап, соны ма?таныш етіп жаз?ан болар, кім білсін?! Айтпа?шы, а?ке-ау, бізді? ?йді? жігітінен де хат ?келуді ?ойды?ыз, онысы несі? Б?гін де еште?е жо? па? (Басында?ы орамалын шешіп, ??ла?ына т?скен шашын т?зейді, іштей толы?сиды).

БАЗАРБАЙ: (Ы??айсызданып абыржиды, ?сті-басын с?рткілеп, шыр айналады. Т?мен ?арап мі?гірлеп с?йлейді). ?ара?ым-ай шамасы келіп ж?р дейсі? бе? М?мкін, аласапыран?а ?ласып, ?зап кетіп ?ал?ан шы?ар. Осы ерте?гі почтадан к?тейінші та?ы бір.

А?СЫНДАР: (Тере? к?рсініп) И?, келсе, келіп ?алатын шы?ар. (Осы кезде сахнаны? тасасынан ай?ай шы?ады).

«А?сындар! А?сындар апа! Ауданнан ?кіл келіп ша?рып жатыр» (А?сындар дауыс шы??ан жа??а б?рылып). ?азір барамын. (Базарбай?а) Мені ша?ырып жатыр ?ой, т?лді? жа?дайына байланысты келуі керек еді. Бір айналып хабарласарсыз-да?ы.

(Екеуі екі айырылып кетеді. А?сындар ж?ре т?сіп, сахнаны? бір б?рышында сілейіп т?рып ?алады. ?стіндегі к?нетоз бешпетіні? ілгегін а?ытады. ?ос ?олдап басын ?стайды. Жай, зарлы дауыспен ?з-?зінен с?йлеп кетеді).

Жар?ыным-ау, айлап ай?а асып, жылдан жыл?а ?ласты ?ой, бір хабары?ды к?тіп, ?абырт?амны? ?айрылмай ?ал?аны жо?. Е? болмаса, бір ауыз с?з бен бір жапыра? ?а?аз салма?аны? ?алай?! ?асымнан жанай ?арыл?аш ?шса да жалт етіп ?араймын. ?анатын сабалап ?и?ула?ан ?аздардан да д?метемін. Ызылда?ан жел екеш жел де сені? ?ні?ді ?келгендей болады. Біра?, соны? б?рі сенен хабар бермейді. Мені алдайды. Неге? Айтса?шы, неге с?йтеді? Хабарсыз кетіп ?айда ж?рсі?, ?ай а?ашты? т?біндесі?, ?ай т?бені? басындасы?? ?андай жерді? топыра?ын басып ж?рсі?? Тіршілікті? тізімінде ж?рсе? мына мендей бейба?ы?а бір с?лемі?ді неге білдірмейсі?? Сен кеткен жа??а ?арай - ?арай к?зім талды, жылай - жылай а?арды. Берсейші бір хабары?ды, сездірсейші б?л жал?анда барлы?ы?ды. Хабары?ды мына кере? бол?ыр ?ос ??ла? бір естісе, а?ып т?скір мына к?з бір к?рсе, мен б?ларды жо?тамай-а? ?ояйын. Ба?ытты жан екеу болса бірімін деп санайын. (Сахнада жары? с?ніп ?алады. Зал да с?неді. Екінші жа?тан ?скери киінген жас жігітті? ?оз?алмай мелшиіп т?р?ан кейпі к?рінеді. О?ан б?лы??ыр жары? т?седі. Ай?ын жары? А?сындарды? ?зіне т?седі). То?та!. Кім анау?.Мені? асылым емес пе? Аттан?ан кезде б?йірімді тепкілеп ?ал?ан баласын к?рейін деген болар,??. (Кенет дауысын басып). Неге с?йлемейсі?, к?те - к?те сар?айдым ?ой! Келші!. (Солдат сол бойда кетіп ?алады. Жары? сахнада ?айта жанады. А?сындар біраз т?рып, те?селіп есе?гіреп шы?ып кетеді. Сахнаны? екінші басынан тая??а с?йеніп т?р?ан Базарбай к?рінеді. ?зіп-?зіп с?йлейді).

БАЗАРБАЙ: Е-е-е, ?айран А?сындар, А?сындар!. Сені? асылы?ны? Ленинград т?біндегі ?лы шай?аста ?аза тап?анын ?айдан білейін деп еді?! Са?ан деген ?ара?а?аз мені? кебежемні? т?бінде ораулы жатыр ?ой. Адам?а алыста?ы асылын к?ткен де демеу болар, с?йеніш болар дедім. Б?л ?ылы?ым ?шін кешір мені! Сазарып к?ткен де ?асіретті? бір т?рі, біра? та??ы Шолпанша жан?ан бір ?міт ?зілмейді емес пе? ?міттенгенні? ?зі бір д?ние. А?сындар, сен м??гі к?т асылы?ды. С?йт!

                   

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: "?АРА ?А?АЗ" »

Қанат Аманиязов

ҚАРА ҚАҒАЗ


1 актілі, 5 көріністі пьеса.


БАЗАРБАЙ – орта жаста, соғыстан оралған, бір қолы жоқ.

КЕНЖЕГҮЛ – қарт әйел.

НАУРЫЗБАЙ – ауыл ақсақалы, үлкен кісі.

АҚСЫНДАР – жас келіншек, колхоз председателі.

ОРЫНБАСАР – 10-12 жастағы бала. Кенжегүлдің немересі.


Бір топ ауыл адамдары, белгісіз солдат бейнесі (елес).

(Оқиға соғыс күндерінде бір селода өтеді).


































1-көрініс

Сахна тастай қараңғы. Күн күркірейді, найзағай ойнайды. Сахнаның бір бұрышында Базарбай тізерлеп төмен қарап отырады. Оған алыстан жарық түседі, сол кезде зарлы домбыраның тартылған үні естіледі.

БАЗАРБАЙ: (Терең тебіреніспен) Мен осы соғыстан неге тірі оралдым екен?! Бір қолымды жауға тастап қайтқанымда мына халқымнан, ел жұртымнан қарғыс естиін деп пе едім? Қарғыс емей немене, күнара бір үйді қара қағаз әкеліп жылатып қоямын. Сонда мен осыны тарату үшін келгенім ғой. Менің міндетім, біреудің жалғызын, біреудің үмітін үздіріп, өзегін өртеп, көзінен қара қан ағызу ма еді?!... Жоқ, бүйтіп жер басып жүргенім құрысын! (Түрегелді. Домбыра үні де тынды. Жарық жанады. Екінші жақтан Ақсындар киіз папкасынан бірдеңе іздегендей болып, қарсы шығады).

АҚСЫНДАР: (Иіліп сәлем етеді). Ақке-ау, сізге бүгін не болған-ай? Тым салбырап кетіпсіз ғой, өңіңіз де бұзылып тұр. Аманшылқ па өзі?

БАЗАРБАЙ: (Сылбыр сөйлеп) Көп жаса, шырағым. Әй, менің қайбір оңып тұрған күйім бар? Бір күні біреуге қуаныш әкелсем, енді бір күні жазылмас жара әкелемін. Қуаныш сыйласам өңім кіреді, дерт әкелсем бетіме қара күйе жағылады. Шырағым, дүниеде адамға суық хабар әкелгеннен артық жаман зат жоқ екен. Сен жақын келінімсің ғой, колхоз председателі болғанда сенен не көремін? Құтқар мені осы қара қағаз тасудан, ауыстыр басқа жүмысқа. Осыны тілек етіп сұраймын.

АҚСЫНДАР: Әй, ақке-ай, соғысқа бармаған адамша сөйлейтінің не. Жүр, мына жерге тізе бүгейікші. (Екеуі отырады). Уфф! Осыны маған айта бересіз ғой. Сіз шабуыл алдында командирге ол жаққа бармаймын деп сылтау айтпаған боларсыз, ә? Соғыс тек ол жақта емес, бұл жақта да жүріп жатқанын абайламайсыз ба? Менің қай адамым жетіп тұр? Қайта сізге жүктелген жұмыс дұрыс деп санаймын. Себебі, көпті көрдіңіз. Ауырлық пен қиыншылықты бастан кештіңіз. Сіз әрқайсысымызға басу айтып, кеңес беріп, сүрінгенді сүйеп, жылағанды демеп жіберуіңіз керек. Жақсылық хабар жақсылық қой, ал жамандық хабар күні сіз оларға жұбаныш бола біліңіз.(Кемсеңдейді) Бәріміз де сүйекше мүжіліп, таусылып тарыққаннан не пайда!...

БАЗАРБАЙ: Ақсындаржан-ау, ол айтқандарыңа түсінемін ғой. Қызыл қанның арасынан келсем де, күнара мына ауыл жандарының даусы ұйықтатпайды, түнімен түсіме еніп төбелеп шығады.

АҚСЫНДАР: Қайтейік. Заманымыз осындайға тап болған шығар. Оған мен де, сен де кінәлі емеспіз ғой. Қалай болғанда да, халыққа бекем бол, беліңді бу деп айту екеуміздің міндетіміз. (Екеуі түрегеліп жүре сөйлеседі). Кеше қаладан келдім. Әлгі біздің ауылдың жіберген жүн қолғаптарына аудан басшылары рахмет айтып жатыр.

БАЗАРБАЙ: (Мойнына салған сөмкесін көрсетіп). Мынаның ішіндегі бүгін келген жақсылық деген хатты тартып біттім. Енді бір хат қалды, ол байғұс кемпір Кенжегүлге келіпті. Курск маңындағы дала почтасынан астында соғыс бөлімшесі командирінің қолы бар. Ашуға батылым барар емес. (Қолына алып, жерге түсіріп алады). Жүрегім бір нәрсені сезгендей, қарасам болды, дір-дір етеді. Қол иттің мына қалтырауын қарашы.

АҚСЫНДАР: Қойшы, ақке! Жаманшылыққа жорымайықшы, «Жақсы сөз – жарым ырыс» демей ме халқымыз. Кәне, онда мен қарайыншы? (Хатты қолына алып біраз қарап тұрады). Мен де ашпайын, өзіңіз жалғыз ашып көріңіз (Қайтып береді). Тіпті баласы бір үлкен ерлік жасап, соны мақтаныш етіп жазған болар, кім білсін?! Айтпақшы, ақке-ау, біздің үйдің жігітінен де хат әкелуді қойдыңыз, онысы несі? Бүгін де ештеңе жоқ па? (Басындағы орамалын шешіп, құлағына түскен шашын түзейді, іштей толықсиды).

БАЗАРБАЙ: (Ыңғайсызданып абыржиды, үсті-басын сүрткілеп, шыр айналады. Төмен қарап міңгірлеп сөйлейді). Қарағым-ай шамасы келіп жүр дейсің бе? Мүмкін, аласапыранға ұласып, ұзап кетіп қалған шығар. Осы ертеңгі почтадан күтейінші тағы бір.

АҚСЫНДАР: (Терең күрсініп) Иә, келсе, келіп қалатын шығар. (Осы кезде сахнаның тасасынан айқай шығады).

«Ақсындар! Ақсындар апа! Ауданнан өкіл келіп шақрып жатыр» (Ақсындар дауыс шыққан жаққа бұрылып). Қазір барамын. (Базарбайға) Мені шақырып жатыр ғой, төлдің жағдайына байланысты келуі керек еді. Бір айналып хабарласарсыз-дағы.

(Екеуі екі айырылып кетеді. Ақсындар жүре түсіп, сахнаның бір бұрышында сілейіп тұрып қалады. Үстіндегі көнетоз бешпетінің ілгегін ағытады. Қос қолдап басын ұстайды. Жай, зарлы дауыспен өз-өзінен сөйлеп кетеді).

Жарқыным-ау, айлап айға асып, жылдан жылға ұласты ғой, бір хабарыңды күтіп, қабыртқамның қайрылмай қалғаны жоқ. Ең болмаса, бір ауыз сөз бен бір жапырақ қағаз салмағаның қалай?! Қасымнан жанай қарылғаш ұшса да жалт етіп қараймын. Қанатын сабалап қиқулаған қаздардан да дәметемін. Ызылдаған жел екеш жел де сенің үніңді әкелгендей болады. Бірақ, соның бәрі сенен хабар бермейді. Мені алдайды. Неге? Айтсаңшы, неге сүйтеді? Хабарсыз кетіп қайда жүрсің, қай ағаштың түбіндесің, қай төбенің басындасың? Қандай жердің топырағын басып жүрсің? Тіршіліктің тізімінде жүрсең мына мендей бейбағыңа бір сәлеміңді неге білдірмейсің? Сен кеткен жаққа қарай - қарай көзім талды, жылай - жылай ағарды. Берсейші бір хабарыңды, сездірсейші бұл жалғанда барлығыңды. Хабарыңды мына керең болғыр қос құлақ бір естісе, ағып түскір мына көз бір көрсе, мен бұларды жоқтамай-ақ қояйын. Бақытты жан екеу болса бірімін деп санайын. (Сахнада жарық сөніп қалады. Зал да сөнеді. Екінші жақтан әскери киінген жас жігіттің қозғалмай мелшиіп тұрған кейпі көрінеді. Оған бұлыңғыр жарық түседі. Айқын жарық Ақсындардың өзіне түседі). Тоқта!... Кім анау?...Менің асылым емес пе? Аттанған кезде бүйірімді тепкілеп қалған баласын көрейін деген болар,ә?.. (Кенет дауысын басып). Неге сөйлемейсің, күте - күте сарғайдым ғой! Келші!... (Солдат сол бойда кетіп қалады. Жарық сахнада қайта жанады. Ақсындар біраз түрып, теңселіп есеңгіреп шығып кетеді. Сахнаның екінші басынан таяққа сүйеніп тұрған Базарбай көрінеді. Ұзіп-үзіп сөйлейді).

БАЗАРБАЙ: Е-е-е, қайран Ақсындар, Ақсындар!... Сенің асылыңның Ленинград түбіндегі ұлы шайқаста қаза тапқанын қайдан білейін деп едің! Саған деген қарақағаз менің кебежемнің түбінде ораулы жатыр ғой. Адамға алыстағы асылын күткен де демеу болар, сүйеніш болар дедім. Бұл қылығым үшін кешір мені! Сазарып күткен де қасіреттің бір түрі, бірақ таңғы Шолпанша жанған бір үміт үзілмейді емес пе? Үміттенгеннің өзі бір дүние. Ақсындар, сен мәңгі күт асылыңды. Сөйт!

Шымылдық.

2-көрініс

Сахнаның екінші басынан Орынбасар бір қап ауыр затты тілерсегі майысып арқалап шығады. Ол Базарбайға қарсы жолығады.

ОРЫНБАСАР: Ассалаумағалейкум, аға!

БАЗАРБАЙ: Уағалейкумассалам (Көзін оның үстіне жүгіртіп, басынан сипап). Орынбасаржан-ау, өзің жігіт болып қалыпсың ғой.

ОРЫНБАСАР: Базарбай аға, бізге хат жоқ па? Түнде Кенжегүл әжем түс көріпті, бүгін бір хабар келер деп күтіп отыр. Бар болса үйге алып кетейін.

БАЗАРБАЙ: (Сасып қалады, қипақтап сөйлейді). Е-е-е хат па? Қайдан білейін...Сөмкеде ештеңе жоқ. Келіп жатса өзім де апарып беремін ғой. Әлгі әжеңнің дені сау ма, шырағым?

ОРЫНБАСАР: (Қабын арқалап тұрған күйде). Әнеугіден кейін маған көрсетпей жылайды да отырады. Тамақты да ішіп жарытпайды. Базарбай аға, иығымды қиып барады. Демеп жіберіңізші, жоғарырақ көтеріп алайын. (Базарбай көмектеседі). Рахмет, сізге. Базарбай аға! (Кетіп бара жатып, бұрылып). Көкемнен хат келсе, бірінші әкелесіз ғой,ә

БАЗАРБАЙ: Иә,иә,балам! (Күрсініп). Балапаным-ай. Балапаным-ай...



Шымылдық




























3-көрініс

Ақсындар сахнаның бір бұрышында әрненені бір шұқып бейхабар жұреді. Екінші шеттен басын төмен салбыратып Базарбай шығады. Базарбайдың қаралы кейіпін көріп Ақсындар шошып кетеді.

АҚСЫНДАР: А-а-а! Айтпа деймін, айтпа!...Естімеймін, естімеймін! А-а, қарғыс атқан соғыс ендігі құрықты маған салдың ба? Не жазып ем саған?!

БАЗАРБАЙ: (Кейін шегінген Ақсындарға ұмтылады). Тоқта деймін, тоқта! Сен туралы емес.

АҚСЫНДАР: (Сол баяғы қорыққан күйде). Түсіңнен танып тұрмын ғой, маған қарақағаз әкеле жатырсың.

БАЗАРБАЙ: (Жалынып) Жоқ, саған емес.

АҚСЫНДАР: (Сол үрейлі үнмен) Енді кімге?

БАЗАРБАЙ: (Бөліп сөйлеп) Кен-же-гүлге!

АҚСЫНДАР: Кенжегүлге?!.. (Бөлек ілгері шығып) О,сорлы жан!... (Екеуі қалтиып екі жерде тұрып қалады).

БАЗАРБАЙ: (Біраздан кейін) Менің айтып жүргенім осы ғой...Енді оған қалай апарамын? Мен оны қалай жылатамын? Ай ғана өтті шалының қағазын апарып бергеніме...Енді мынау...Не деп барамын, не деп бетімді көрсетем?!...Шіркіннің жеті қыздың ішіндегі жалғыз ұлы еді, рулы елге теңейтін еді. Жер жастанатын болды ғой...

АҚСЫНДАР: (Орамалының ұшымен көзінің жасын сүртеді). Тағдыр бұл үйге тырнағын аямай-ақ салған екен...Өткен қыста қарлы боранда келіні қоймен ығып, үсіп өліп еді. Бір үйден үш жанның қазасы қандай ауыр еді...Ұмытылар ма, бұл оқиға?!..Тек, Орынбасары сау болсын...Жүр, бұл не тұрыс? Елді жинайық (Екеуі бірінің артынан бірі үнсіз басып шығып кетеді.)



Шымылдық.




















4-көрініс

Сахнаның екінші шетінде Кенжегүл кемпір отырады. Қасындағы немересі Орынбасарға баласынан келген соңғы бір хатты оқытып отыр, өзі ауызын орамалымен басып іштей жылайды.

ОРЫНБАСАР: (Хатты оқиды) Қадірлі мама! Әкемнен айырылысқаныма 2-3 айдай болып қалды. Біздің бөлімшемізді таратып, басқаларға қосып жібереді. (Орынбасар артынан шыққан тықырға қарайды).

КЕНЖЕГҮЛ: Оқи бер құлынымның хатын...

ОРЫНБАСАР: (Жалғастырып)...Әке мен баланың соғыста бір жүруі де қарғыстың бір түрі екен. Әр ұрыс сайын екеуміз бір-бірімізге жылап көрісетін едік. Енді міне, әкем қасымда жоқ. Бірде кезекті шабуыл алдында «Құдай бір тілегім бар, ол сенің қансырап өліп жатқаныңды көргізбе деген тілек еді» - деп еді... (Орынбасар тағы да артына қарайды). Сонысы қабыл болды. Мама, сен жылама, ертең Орынбасарың Отанды әкем де, атам да қорғады деп мақтаныш етіп жүреді... (Үстіне ауыл ақсақалы Наурызбай, Базарбай, Ақсындарлар бар адамдар кіріп келеді. Кенжегүл әрқайсысына бір-бір жаутаңдай қарайды. Орнынан тұрайын деп еді, тұра алмады, етегін басып қайта-қайта жығылады. Орынбасар қолындағы хатты кеудесіне басып бір шетте сексиіп тұрып қалады).

НАУРЫЗБАЙ: (Терең тебірене сөйлейді) О, Кенжегүл, бір әңгіме айтқалы келдік. Бұл күндері ел басына еріксіз сәттің туған күні ғой. Елге ортақ түскен жүк бұл. Бірақ, оны ел болып көтеріп жатырмыз. Осы елдіктің, ерліктің нәтижесінде жау енді ілгері баспай, кейін шегінуде. Бір сәт сен айналаңа қарашы. Осы қасіреттен алақандай ауылда шаңырағы шайқалмаған түтін бар ма? Сексенге аяқ басқан шағымда мен де бір боздақтан айырылып отырмын.

КЕНЖЕГҮЛ: (Алақтап) Не деп барасың, не деп барасың? Тағы да маған ба?... (Талықсып кетеді. Қасындағылар сүйейді)

НАУРЫЗБАЙ: Сабыр ет, Кенжегүл, бойыңа қуат жина. Сен осы ауылдың Кенжегүлі десе Кенжегүлі едің ғой. Сенің тұлымшағың желбіреп, үй арасында жүгіргенің, қос етекті ақ көйлек киіп, келін болып түскенің менің көз алдымда. Сенің сүйткен асқақ тұлғаң әрқашан да биік еді. Сол биік күйінде қалу керек. Қазірде құр-алақан емессің ғой, босағаңды тіреп тұрған немерең бар. Енді соның тілегін тіле. Қан ішкен жау балаңды келмес сапарға жіберіпті.

КЕНЖЕГҮЛ: (Жанталасып)Жұртым-ау, не дейді?!...Естисіңдер ме, не дейді? Не жазып ем?!..

НАУРЫЗБАЙ: Жай кетпепті, жалғыз өзі жаудың екі танкісін жойып, батырларша кетіпті. Мынау соның қағазы (Хатты ұсынады).

КЕНЖЕГҮЛ: (Үстін жұлмалайды, шашын жаяды). А, Құдай бұрын да көрсеткен қорлығың аз ба еді?!..Мынау не еткенің, шұнақ құдай. Қу, тағдыр, аясаң етті! Бүйтіп мені бар дүниеден тұл еткеннен неге алмайсың, неге алмайсың?!..Естисің бе?.. (Жұрттың бәрі басу айта отырып жылайды. Ақсындар бұрын барып ұстайды)

АҚСЫНДАР: Кенжегүл апа, қайғыңа ортақпыз. Міне, ауылдың бар адамы сіз үшін аза тұтып келіп отыр. Саған түскен ауырлық бізге де түскен ауырлық (Кенжегүл қайта күшейіп кетеді). Қоя, қойшы, апа?!.. Сол жігіттер мына біздердің, мына Орынбасарлардың болашақ өмірі үшін кетіп жатыр емес пе? Сіздің балаңыз үшін ауыл екі күн, екі түн қатарынан жұмыс жасауға ұйғарып отыр.

БАЗАРБАЙ: (Жан-жағына қарап) Осы Орынбасар қайда? Е-е-е мында екен ғой...Келші, маңдайыңнан сүйейін (Орынбасар сол күйінде жылжып қасына келеді. Базарбай маңдайынан сүйеді).

КЕНЖЕГҮЛ: Орын-ба-сар!...

ОРЫНБАСАР: (Әжесіне жабыса кетеді) Әже!...

КЕНЖЕГҮЛ: Біз екеумізді қайтіп қиды екен, жарығым?!..

ОРЫНБАСАР: Ах, көкем, көкетайым-ай (Көңілі босап жылап айтады).

АҚСЫНДАР: (Орнынан түрегеліп, көтеріңкі сөйлеп). Ел, жұртым неге мұнша бастарыңды салбыраттыңдар? Көтеріңдер кеуделеріңді (Бәрі орындарынан тұрады. Бәрі шығып кетеді.)


Шымылдық

5-көрініс


Сахнада шам сөніп қалады. Ортасында Кенжегүл бүктетіліп жатады, оған жарық түседі. Шыр етіп жылаған өмірге жаңа келген баланың дауысы шығады. Кенжегүл басын көтеріп алады. Екі қолын залға жайып, сыбырлайды.

КЕНЖЕГҮЛ: О, Құдірет! Мынау бала дауысы ма? Иә, дәл сол, бала дауысы, бала дауысы (Кенжегүлге түсіп тұрған жіңішке жарық сөніп қалады. Кенжегүл шығып үлгереді. Сахна бірте-бірте жарық бола бастайды).



Шымылдық.





























































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































Бекітемін: Келісемін:

Мектеп басшысы м.а : А.Ізбасарова Ауыл әкімі: А.Есенов


2014 оқу жылында жазғы сауықтыру лагеріне қамтылатын аз қамтылған,толық емес,

жартылай жетім отбасы балаларының тізімі:

Р/с

Оқушылардың

аты-жөні

Туған жылы,айы,

күні

Сыны

бы

Отбасы

жағдайы

Ата-анасы туралы мәлімет

1

Абаев Нұрсұлтан

22.04.02ж

6

ж/жетім

Бердіғулова Гүлшат

2

Абаев Ерсұлтан

22.04.02ж

6

ж/жетім

Бердіғулова Гүлшат

3

Аллаярова Умида

05.10.01ж

6

Аз қамтылған

Қонашев С. Аллаярова Н

4

Бишеев Самалбек

04.08.03ж

5

ж/жетім

Аманқосова Маржан

5

Бүркітбаева Анаргүл

08.11.02ж

5

Аз қамтылған

Бүркітбаев О. Бүркітбаева

6

Бүркітбаев Расул

18.01.06ж

1

Аз қамтылған

Бүркітбаева А

7

Берікқалиқызы Арайлым

13.11.06ж

2

Аз қамтылған

Бүркітбаев Б. Ізбасарова А

8

Дүзелбаева Шолпан

11.07.01ж

6

Аз қамтылған

Дарибаев Б. Байториева Ж

9

Дүзелбаева Айман

15.01.03ж

5

Аз қамтылған

Дарибаев Б. Байториева Ж

10

Ескендіров Роман

26.08.05ж

3

Толық емес

Дауылбаева А

11

Ерғалиев Расул

12.11.04ж

4

Аз қамтылған

Айтуғанова К. Нұрбосынов

12

Ерғалиева Динара

12.10.05ж

2

Аз қамтылған

Айтуғанова К. Нұрбосынов

13

Ердалы Диас

23.06.07ж

1

Аз қамтылған

Дауомов О. Сүлейменова

14

Есболған Айжанар

24.04.07ж

1

Аз қамтылған

Бекенов И. Жарылғасова А

15

Жаулиева Інжу

10.04.04ж

4

Аз қамтылған

Аленов Д. Нұрбосинова Д

16

Жаулы Ақмаржан

10.09.07ж

1

Аз қамтылған

Аленов Д. Нұрбосинова Д

17

Жөнейтова Оразгүл

20.11.02ж

6

ж/жетім

Жөнейтов М

18

Қобылан Асхат

24.02.05ж

3

Аз қамтылған

Қызылғулов Б. Алибаева Б

19

Қамарханова Албина

25.09.01ж

6

Аз қамтылған

Сүйеуов Н. Базарбаева А

20

Қамарханов Арман

03.11.03ж

4

Аз қамтылған

Сүйеуов Н. Базарбаева А

21

Қуанышұлы Нұрбол

17.10.02ж

6

ж/жетім

Амитова Б

22

Қуанышұлы М

06.11.06ж

1

ж/жетім

Амитова Б

23

Көшкін Нұрдолла

06.02.04ж

4

Аз қамтылған

Қуанышов Е. Сүйінбекова

24

Көшкін Асылай

24.08.07ж

1

Аз қамтылған

Қуанышов Е. Сүйінбекова

25

Қайыпқызы Құндыз

10.02.07ж

1

Аз қамтылған

Оразбеков К. Утеулиева Н

26

Қоңыров Нұрхат

27.07.05ж

3

Аз қамтылған

Қонашов С. Аллаярова Н

27

Меңдібаева Лаура

22.07.05ж

3

Аз қамтылған

Бүркітбаев К. Нұрманова К

28

Меңдібаев Қарақат

07.08.06ж

2

Аз қамтылған

Бүркітбаев К. Нұрманова К

29

Мединаев Саябек

03.01.03ж

5

ж/жетім

Дүйсенбаева А

30

Меңдібаев Нұргелді

11.03.04ж

4

Аз қамтылған

Бүркітбаев К. Нұрманова К

31

Мұханбетқалиева А

10.01.03ж

5

Аз қамтылған

Бесімбаев М. Орынгалиева

32

Оразбекова Ә

16.01.02ж

6

Аз қамтылған

Оразбеков К. Утеулиева Н

33

Өтебаев Райымбек

30.12.01ж

6

Аз қамтылған

Тұрсыналиев. Жолдыбаева

34

Өтебаев Данияр

15.06.07ж

1

Аз қамтылған

Тұрсыналиев. Жолдыбаева

35

Өмірзақова Айдана

21.03.02ж

6

ж/жетім

Берекетова Р

36

Өтешова Жансая

05.03.07ж

1

ж/жетім

Бүркітбаев Ө

37

Утешов Бекзада

16.11.02ж

6

ж/жетім

Бүркітбаев Ө

38

Парахат Ақмарал

01.02.06ж

2

Аз қамтылған

Чалабаев А. Чалабаева Д

39

Парахат Қонысбек

07.12.06ж

1

Аз қамтылған

Чалабаев А. Чалабаева Д

40

Руслан Назерке

01.04.07ж

1

Аз қамтылған

Жұмалиев Р. Есболаева

41

Сәуірбай Ақниет

26.11.06ж

2

ж/жетім

Құдайбергенова Ж

42

Сәнтөре Орынбек

17.10.04ж

4

ж/жетім

Байғанаева Г

43

Сезімбай Айдана

05.01.06ж

2

Аз қамтылған

Қызылов Ә. Әуелбаева Д

44

Табанбаев Әсет

05.08.05ж

2

Аз қамтылған

Оңайбаева А. Қауынбаева

45

Табанбаев Нұрғиса

07.08.03ж

6

Аз қамтылған

Оңайбаева А. Қауынбаева

46

Тұрлыманов Темірбек

02.11.02ж

5

Аз қамтылған

Тұрлыманов С. Аманқосова

47

Түзелбаев Ерасыл

09.05.02ж

6

Аз қамтылған

Дәрібаев А. Атарова Г

48

Түзелбаева Назерке

18.11.05ж

2

Аз қамтылған

Дәрібаев А. Атарова Г

49

Түзелбаева Майра

12.05.04ж

4

Аз қамтылған

Дәрібаев А. Атарова Г

50

Ғабитқызы Гулзада

16.04.06ж

2

Аз қамтылған

Өтеулиев Ғ. Назарова А



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: "?АРА ?А?АЗ"

Автор: Тенна?имова Раушан ?обылан?ызы

Дата: 15.05.2015

Номер свидетельства: 211769


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства