kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ойын ар?ылы о?ушыларды? ?абілетін дамыту.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен Сариева Камшат Алашбаевна 1978 жылы д?ниеге келдім. 1998 жылы Жетісай гуманитарлы? колледжін дирижер маманды?ы бойынша бітіріп шы?тым. Ал?аш е?бк жолымды Жетісай ?аласында бастадым. Жалпы е?бек ?тілімім  он екі жыл. ?азіргі та?да Ма??ыстау облысы М?найлы ауданы Батыр селосында?ы № 10 орта мектепте музыка п?нінен саба? беремін.?з білімімді к?теру ма?сатында ?рт?рлі курстар?а барып  т?рамын. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ойын ар?ылы о?ушыларды? ?абілетін дамыту.»



Баяндама



Тақырыбы: Ойын арқылы оқушылардың музыкалық қабілетін дамыту

Орындаған:

Сариева К.А

Семинар тақырыбы: «Жеке тұлғаға бағытталған өздік, көркемдік даму-заманауи мектептегі музыкалық білім берудің басым міндеті»





Уақыты: 18.02.2016ж

Қабылдаған: С. Алланазарова





Мұнайлы ауданы 2016 жыл



Тақырыбы: Ойын арқылы оқушылардың музыкалық қабілеттін дамыту

Мұнайлы ауданы Батыр селосы

№10 орта мектептің

Музыка пәні мұғалімі


Сариева Камшат Алашбаевна



Халық өнерді әрқашан даналық пен ақыл-парасатты оятар тәңірдің ерекше сыйы деп білді. Өнерге тояттаған әр тіршілік иесінің бойынан азаматтық пен адамгершілік қасиеттері әркез табылды. Әр өлең мен ән-күй жолдарында адамзат тарихының ең таза үлгілері түзіліп, жинақталды. 1997 жылдан бастау алған төл оқулықтар ұлт болашағына апарар жаңа үрдісті, ұлттық нақышты бойына жия отырып, бала тәрбиесінің негізгі көзіне айналды. «Музыка» пәнінің жаңа оқулықтары қазақ жерінің өнерін тірілтті. Қазақтың бесік жырларынан бастап күмбірлеген халық күйлері, толғау мен термелер, айтыс пен күйтартыс тарау-тарауға еніп, өз орнын тапты. 
Қазіргі мектепте музыка пәні мұғалімінің қызметі екі үлкен саланы қамтиды:
1. ҚР Білім стандартының тұжырымдамасы негізінде құрастырылған жаңа буын оқулықтарын қолдана отырып сабақ жүргізу. 
2. Мектепішілік іс-шаралар мен түрлі музыкалық өнерге баулитын үйірмелер.
Жастардың жан-жақты терең білімді, саяси-экономикалық сауатты, яғни интеллектуалды деңгейі жоғары болуын жаңа заман талап етеді.
Бүгінгі қоғам талабына сай мектептегі мұғалім ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетану мәдениеті жоғары ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болатын өнерлі, рухани бай, шеберліктің шыңына шыққан ұстаз болуы керек. Сондықтан бүгінгі таңда әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған білімді азамат етіп тәрбиелеу- біздің парызымыз.
Бұл процесті игеру үшін мұғалімнің жан-жақты білімі мен дүниетанымы қажет. Мұғалім керекті материалдарды пайдаланса ғана баланың кітапқа құмарлығы, өз бетінше іздену дағдысы дамиды, музыкалық танымы кеңейеді.


Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сәйкес, Қазақстан Республикасының дамыған елдерімен иық тіресіп тұру үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс-әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздың міндеті.
Мектептегі оқушы өмірінің көп бөлігі 45 минуттық сабақ кезінде өтеді.Міне, осы кезде оқушы тек білім алып қана қоймай шығармашылықпен зерттей білуге үйренуі керек.Білімді алуда іс - әрекетке үйренген баланың бойында алған білімі ұзақ уақыт сақталады және ол жұмыс істеуге, ізденуге, таңдауға,т.б.үйренеді.Сол үшін ескі дәстүрлі сабақтан қашып, ең озық, тәжірибеден өткен технологиялардың бірінің тиімділігін сәйкес таңдау қажеттілігі туады. Біркелкі сабақ оқушыны зерігу мен жайбарақаттылыққа алып келеді. Ал зерігу болған жерде шығармашылыққа жол жоқ.
Әрбір ұстаздың мақсаты-сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру. Сондай - ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтарда озық технологияларды қолданудамыз. Сондай технологияның бір түрі - «Ойын арқылы оқыту» технологиясы.
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. А.С.Макаренко: «Ойын - балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады,»- деп балалар ойынын жоғары бағалаған.
Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады.
Сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылатын ойындарды төмендегідей топтастыруға болады. Әрбір ойынның бала үшін білімділік мақсаты ғана емес, тәрбиелік, танымдық мақсаты зор.
Ойын түрлері: ұлттық ойын, дидактикалық ойын, сюжеттік-ролдік ойын, әуенді-қимылды ойын
«Ақсүйек»,«Көкпар»,«Қанталапай»,«Арқан тарттым»,«Көксерек », «Мың бір мақал»,«Ғажайып алаң»,«Сөз құрау»,«Жұмбақ есеп», «Жанрды тап», «Әуенді тап», «Ноталарды орналастыр».т.б
Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:
- Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою.
- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.
- Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.
Ұлттық ойын ойнау баланың салт - дәстүріне, әдет - ғұрпына деген сүйіспеншілігін арттырады және адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады. Мәселен, ұнамды әдеттер - өзара қарым - қатынастар, адамгершілік сезімдері дамиды. Еңбек ету барысында ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздық сезімдер сияқты қасиеттер қалыптасады.
Музыка сабағында «Қанталапай», «Тақия тастамақ», «Арқан тартыс», «Ақсерек-көксерек» ойындарын сабақ барысында қолдануға болады.

«Қанталапай» ойынының мақсаты: оқушыларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелейді. Ойының жүрісі: ортаға 5-6 оқушы шығады, жүргізуші:

Талапай-ау, талапай,

Таптым ойын алақай.

Асықтарды шашайық,

Талапайға басалық-деп асықтарды ортаға шашып тастайды. Асықтардың әр қайсысына реттік номер жазылады. Сол реттік номерде жасырынған сұрақтарға оқушылар жауап береді.

Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. «Ән салған кім?», «Сөз құрау», «Ноталарды үйренейік» т.б

«Ән салған кім?» ойынының мақсаты:сыныптағы балалардың дауыс тембріне сай достарының дауыстарын дәл табуға тырысады. Барысы: балалар шеңберді айнала отырады. Бір бала шетте, балаларға арқасын беріп отырады.Балалардың жеке ән салғанын тыңдап,, кім екенін ажырату. Отырған бала ән салған баланың дауысын таныса, орын ауыстырады.

Рөлдік ойындар мектепке  дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақа та ,қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті- рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады.Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы сатып алушының әрекеттеріне еліктейді.  «Шаштараз», «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне  пайдалануға төселдендіруге болады.

     Қойылымдық ойындарда рольдер, ойын әрекеттері қандай шығарманың, ертегінің т.б. Сюжеті мен мазмұны шарттас болады. Ол сюжетті-рөльді ойынға ұқсас. Барлық балалар ертегіні жақсы көреді, ертек айтып берсең бар ынтасымен тындайды. Ертегі балалардың ой- қиялын, сөздік қорын дамытады.

Нәтижеде, ойындар - оқушылардың сабаққа белсенділігін, қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін ұштайды.
В. А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімін, өзін қоршаған дүние туралы ұштастырады. Білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты»,- деген екен. Ендеше, сыныпта және сыныптан тыс уақытта ойын технологиясын пайдаланудың нәтижесі қандай?
Ойын –технологиясын пайдалану арқасында:

-оқушы жан-жақты болып қалыптасады.

-Шығармашылық қабілеті дамиды.

-Жүйелі сауатты сөйледі

-Ізденімпаздық

-Қиындықты жеңеді

-Сабаққа деген қызығушылығы артады.

-Саналы ойланады

-Тапқырлық әрекет

-Өздерін еркін сезінеді

-Алға ұмтылады

Олай болса жас бүлдіршіндерді оқытуда:Оқы да біл,ойын - еңбек.ойна да күл, ойын – оқу.


Халқымыздың рухани қазынасы - ән мен күй бүгінгі таңда тамаша тәрбие көзі болумен қатар, кәсіби музыканың негізгі арқауы екенін естен шығармаған жөн. Міне, халықтың музыка өнеріндегі өте бай рухани қазынамен оқушыларды таныстырып, олардың озық үлгілерін үйрету музыка пәнінің негізгі мақсаты болып табылады. Музыка сабағы мектептегі тәрбие көзі . Тіл мен әдебиетті жоғары көтеретін күш те, күн нұры сияқты әр беретін, көрік беретін де - музыка. Қазақтың ұлттық мәдениетін де көтеретін - музыка. Музыка пәні басқа пәндермен терезесі тең. Қазіргі кезде кейбір ата-аналар «баламыз музыканы оқығанмен, оның ертеңі жоқ немесе одан керемет әнші, күйші, шыға қоймас» деп ойлайды. Әрине, мұның бәрі қате пікір. Түсінсе балаға имандылық, ізгілік, білімділік, парасаттылық сыйлайтын ерекше күш тек қана музыкада бар.
Өсіп келе жатқан жас ұрпақты толыққанды қазақ азаматы етіп тәрбие беруге өз халқымыздың ән-күйінің ауқымы өте кең. Ата-бабамыз бізге баға жетпес мол мұра-бесік жырынан бастап түрлі аңыз, әңгіме, жыр, терме, ән-жыр, күйлерін қалдырып кетті. Осы мол мүмкіндікті біздер барынша нығайтып, бүгінгі заманымыздың талабына сай кеңейтіп, өскелең ұрпақтың сана-сезіміне құйып отыруымыз керек. «Дүниенің мысалы баспа кезек, әркім де баспалдақтан басып өтер» - деп 19 ғасырда өмір сүрген Майлықожа ақын айтқандай, ұрпақты қазақ мәдениетіне тәрбиелеу - мектеп баспалдағынан басталады емес пе! Міне, сондықтан музыка пәні мұғалімдерінің міндеті шәкірттеріне музыка өнерінің сарқылмас қазынасының ең асылдарын ала отырып, эстетикалық тәрбие беру,-

деп сөзімді аяқтағым келеді.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ойын ар?ылы о?ушыларды? ?абілетін дамыту.

Автор: Сариева Камшат Алашбаевна

Дата: 22.02.2016

Номер свидетельства: 297267


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства