kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ойлан тап" ж?мба?шылар жарысы - сыныптан тыс шара

Нажмите, чтобы узнать подробности

 «Ойлан тап» ж?мба?шылар жарысын 1-4 сынып о?ушылары арасында ?ткіздім. П?наралы? байланыс: тарих, ?аза? тілі, ?дебиет ж?не музыка ?нері. О?ушыларды? тілге деген ?ызы?ушылы?ын арттыру, Отанын, ту?ан жерін, елін с?юге, халы? д?ст?рін сыйлау?а т?рбиелеу ма?сатында. Сайыс 8 кезе?нен т?рады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ойлан тап" ж?мба?шылар жарысы - сыныптан тыс шара»

«Ойлан тап!»жұмбақшылар жарысы

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

-Құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі «Ойлан тап» жұмбақшылар жарысын 1-4 сынып оқушылары арасында өткіземіз.

Сабақтың мақсаты:Білімділік: оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой-өрісін, білім деңгейін кеңейту.

Дамытушылық: түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, тілге деген шеберліктерін жетілдіру.

Тәрбиелік: оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру, Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, әдебиет және музыка өнері.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта,слайды, кеспе қағаздар.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру. «Ойлан тап!» әні ойнап тұрады.

Шаттық шеңбері:Бір-біріне қарап күлімсіреп,жақсы тілек айту.

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп, төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл, дұрысы-

Мемлекеттік тілді білген жөн болар.

Бүгінгі сайыс сабағымыз мынадай кезеңдерден тұрады:

1.Таныстыру.

2.Дода

3.Сөз мәйегі – мақал.

4.Кім жылдам?

5.Әріптер сайысы.

6.Сен білесің бе?

7.Ойлан, тап.

8.Өнерпаз болсаң...

І кезең. «ТАНЫСТЫРУ»

І топ: «Қыран» ІІ топ: «Ұлан»

Қалықтап көкте жас қыран,

Шығарар намыс топты алдан,

Халықпыз сөзге тоқтаған.

Дуалы ауыз тілге арман.

Тілімен топты жаратын

Сайысқа келдік біліммен,

Тобымыз біздің - «Қыран » Тобымыз біздің – «Ұлан»

ІІ кезең. «ДОДА»

Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақ қойылады. Берілген сұрақтарға тоқтаусыз, дұрыс әрі жылдам жауап берулері керек.

І топқа:

1.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне қанша жыл толды?

2.22 – наурыз қандай мейрам?

3.7- атаны ата.

4.Ең сұлу құс.

5.Күздің бірінші айын ата.

6.Жылқы иесі кім?

7.Ана - кім?

8.Сөз неден құүралады?

9.Апта күндерін ата.

10 Адамда неше мүше бар?

ІІ топқа:

1.Қазақстанның рәміздерін ата.

2.Абай Құнанбаев кім?

3.Қыс айларын ата.

4.Қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды ата.

5.Бір жылда неше ай бар?

6.Зат есім қандай сұраққа жауап береді?

7.Бес арыс деген кімдер?

8.Сиыр иесі кім?

9.Етістіктің сөйлемдегі орны.

10.Су неден пайда болады?

ІІІ кезең. «СӨЗ МӘЙЕГІ – МАҚАЛ»

Сайыскерлер Отан, өнер – білім, еңбек, жақсылық пен жамандық туралы мақалдардың жалғасын айту.

1.Отансыз адам – ....(Ормансыз бұлбұл )

2. Елінен безген ...(ер оңбас). Көлінен безген...( қаз оңбас.)

3.Білім таппай...( мақтанба) Өнер таппай ...(баптанба).

4. Оқу- білім ...(бұлағы),Білім – өмір...( шырағы).

5.Еңбек етсең...(ерінбей), Тояды қарның...(тіленбей).

6. Көз...(қорқақ),Қол ...(батыр).

7.Ашу –...(дұшпан),Ақыл – ...(дос).

8. Әдепті бала –...(арлы) бала,Әдепсіз бала...(сорлы) бала.

ІV кезең. «КІМ ЖЫЛДАМ?»

Берілген сөздерді орын тәртібі бойынша қойып жазыңдар.

V кезең. «ӘРІПТЕР САЙЫСЫ»

Топтың әр мүшесі әріп таңдап алып, сол әріптен басталатын 3 мақал айту.

VІ кезең. «СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?»

Тақтада берілген тоғыз ұяшықта сұрақтар мен бейне суреттер бар. Берілген тапсырмаларға ойланып, дұрыс жауап берейік.

1.Бұл кім? (10 ұпай)

2.Әңгімеден үзінді. (15 ұпай)

“Әкесі баласына айтты:- Анау тағаны, балам, ала жүр, - деп.”

3. Үш биді ата.(10 ұпай)

4. Наурыз көжеге қандай тағамдар қосылады? (15ұпай)

5. Ұлттық ойын түрлерін ата. (5 ұпай)

6. Ертегіден үзінді.

7. Ата Заңға неше жыл?(5 ұпай)

8 Олимпиада толағайларын ата?ата (5 ұпай)

9. Тіл туралы тақпақтар (10 ұпай)

VІІ кезең. «ОЙЛАН, ТАП!»

1-топ «Тәуелсіздік». 2-топ «Қазақстан» сөзінен сөздер құрап жазу.

YIIІ кезең. «Өнерпаз болсаң ...»

Бұл кезеңде екі топ өз өнерлерін көрсетеді

Қорытынды. Жеңімпаздарды анықтап,марапаттау.




































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
"Ойлан тап" ж?мба?шылар жарысы - сыныптан тыс шара

Автор: Асанова Г?лназ Сарсембай?ызы

Дата: 15.04.2016

Номер свидетельства: 318962


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства