kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ән-күй- халық қазынасы" сыныптан тыс жұмыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сыныптан тыс жұмыс: "Ән-күй- халық қазынасы". 3-сыынпта музыка пәнінен өткен сыныптан тыс жұмыс.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ән-күй- халық қазынасы" сыныптан тыс жұмыс»

Сабақтың тақырыбы: «Ән-күй – халық қазынасы»

Сабақтың мақсаты: Дәстүрлі өнер түрлерін оқытып, үйрету арқылы оқушылардың ұлттық психологиясын қалыптастыру. Ән-күй, бейнелеу өнері, еңбекке баулу пәндерінің байланысы арқылы өнерге баулу.

* Ән-күй тарихына тоқтала отырып, осы саладағы тарихи тұлғаларды үлгі тұтып, туған жерді сүюге тәрбиелеу.

* Оқушылардың әуенді түсініп, сезіне білуін, есте сақтау, қиялдау, ойлау қабілеттерін арттыру.

Көрнекілігі: әннің әуендерінен үзінділер, ән мазмұнын бейнелейтін суреттер

киіз үйдің макеттері, Құрманғазы, Динаның портреттері, суретшілердің портреттері, үнтаспа

Сабақтың түрі: сыныптан тыс ойын сабақ (топтық жарыс)

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

* Психологиялық дайындық

- Біздің топта бәріміз,

Тату-тәтті жүреміз.

Күнге созып қолды біз,

Тек жақсылық тілейміз.


ІІ. Сабақтың бағдарламасы: «Ән-күй- халық қазынасы»

  1. «Әуенді тап» ойыны

  2. Музыкалық терминдер

  3. Сырлы да сазды әуен

  4. Күй-күйші, ән мен әнші

  5. Ойнайық та, ойлайық

  6. Мадақтау, марапаттау.

  7. Кері байланыс: «Басбармақ»


ІІІ. Сынып іші күмбірлеген күйге толы: үнтаспадан күй ойнап тұрады


ІҮ. Топқа бөлу: аспаптар арқылы топқа бөлінеді ( 1- домбыра, 2-қобыз)

(әр топтың алдына сигналдық белгі беріледі)


Ү. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

- Балалар, «Ән –күй – халық қазынасы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Бүгін сіздер музыка пәні бойынша алған білімдеріңізді ортаға салып, сайысқа түскелі отырсыздар. Баршаңызға сәттілік тілеймін!

Сайыс болғандықтан әділ баға беретін әділ-қазылар алқасын сайлап алайық:

- Қырықбаева Б.О.; Асқарова М.Ж.; Секуова А.Т., тасболат Аяулым.


Ән барады айналып, гүл даланы

Таң самалы толқиды жылғадағы

Ағысынан тынбайтын тіршіліктің

Жайнатады даласын нұр жанары.

Ән әуенде төгіледі бүгін бір үн

Таратқандай әлемге ғұмыр нұрын

Сандуғаштай сайрайды сертіп тастап

ҮІ. Аспанның көк күмбезді шымылдығын- дей келе, сайысымыздың алғашқы 1-ші «Әуенін тап» кезеңін бастаймыз. Бұл кезеңнің шарты: сайыскерлер ән әуенін тыңдап, қай ән екенін табады. Әуенді қай топ бірінші болып тапса, сол топ 5 ұпай алады.

М: Ән әуенін табыңдар,

Бәрің бермен келіңдер.

Бұл қызықты сайысты

Тамашалап көріңдер.

Еш қиыны жоқ мұның

Сазын білсең өлеңнің

Түсінсеңіз болғаны

Құдіретін өнердің

Бұл сайыстан қашпайық

Әуенін тауып тастайық

Әзір болсақ бәріміз

Ал сайысты бастайық!

Ән әуендері тыңдалады. (үнтаспадан жіберіп отыру)

  1. «Жас дәуірдің түлегіміз» (Ж.Нүсіпбаев)

  2. «Ассалаумағалейкум» (Болат Батырбаев)

  3. Жаса, Қазақстан» (А.Жүнісбеков)

  4. «Көріктім» (Қ.Нұртас)

  5. «Іздеме» (Төреғали Төреали)

  6. «Бипыл» (Р.Рымбаева)

(сайыс соңында ұпай саны есептеледі)

ҮІІ. Сайысымыздың 2-ші кезеңі: «Музыкалық терминдер»

Бұл сайыстың шарты: Музыка пәні бойынша сұрақтар және жауабының үш нұсқасы беріледі. Қай топ дұрыс нұсқасын бірінші болып тапса, 10 ұпайға ие болады.

Сұрақтары:

  1. Қай ән тұрмыс салт әні?

А) Қараторғай Ә) Елім- ай Б) Бесік жыры

  1. Әнді шығарушы адам:

А) ақын Ә) жырау Б) композитор

3. «Қосалқа» күйінің авторы кім?

А) Құрманғазы Ә) Дәулеткерей + Б) Қорқыт

4. Қайсысы үрмелі аспап?

А) жетіген Ә) шаңқобыз Б) сазсырнай

5. Оркестрді басқарушы адам:

А) әнші Ә) дирижер Б) күйші

6. Сахналанып, ән айтылып, би биленетін ертегі:

А) пьеса Ә) вальс Б) опера

7. Көп адамның бірігіп ән айтуы:

А) концерт Ә) хор Б) дуэт

8. «Ақ сиса» әнінің авторы кім?

А) Кенен Әзірбаев Ә) Жаяу Мұса Б) Ибрагим Нүсіпбаев

9. Құрманғазының шәкірті болған күйші:

А) Сармалай Ә) Дина Б) Ықылас

10. «Балқадиша» кімнің әні?

А) Е.Хасанғалиев Ә) Ақан сері Б) Жаяу Мұса

(сайыс соңынан ұпай саны есептеледі)

ҮІІІ. Сайысымыздың 3-ші кезеңі: «Сырлы да сазды әуен»

Балалар, әрбір әннің, әуеннің өзіне тән мазмұны, мәні бар. Ән жайдан жай шықпайды. Оған белгілі бір тарихи оқиға, көңіл-күй әсер етеді. Соның салдарынан әншінің көкейінен ән туындап, сол оқиғаны бейнелейді.

Ал сіздер қалай ойлайсыздар, тағы қандай өнер иелері өз ойларын бейнелеп көрсете алады? (ақындар, суретшілер, мүсіншілер, сәулетшілер, т.б.)

Балалар, біздің ендігі кезеңіміз әнші мен суретші арасындағы байланыс туралы болмақ. Әнші өз ойын не арқылы жеткізсе (ән арқылы), суретші не арқылы жеткізеді (суретші бейнелеу арқылы, қылқалам арқылы жеткізеді)

Қандай атақты суретшілерді білесіздер? (Әбілхан Қастеев, Г.Исмайылова)

Бұл кезеңнің шарты: Берілген суреттердің өздеріңіз білетін қандай әнге қатысты бейнеленгенін тауып айтасыздар. Қай топ бірінші тапса, сол топ әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай алады.

Тақтаға әндерге сай бейнеленген суреттер ілінеді:

  1. «Қамажай»

  2. «Мектебім»

  3. «Ақсақ құлан»

  4. «Ортеке»

  5. «Алатау»

  6. «Шырша» әні

  7. «Ақ көгершін»

  8. «Бесік жыры»

(сайыс соңында ұпай саны есептеледі)

ІХ. 4-ші кезең: «Күй-күйші, ән мен әнші»

Балалар, сіздер музыка пәні арқылы көптеген күйшілерді, композиторларды, әуелете ән салған әншілермен таныс болдыңыздар. Қандай атақты композиторларды, күйші, әншілерді білесіздер?

композиторлар: Ақан сері, Біржан сал, Ыбырай Сандыбайұлы, Жаяу Мұса.

күйшілер: Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Дина т.б.

әншілер: Р.Рымбаева, М.Арынбаев, Б.Төлегенова, Р.Бағланова, К.Байсейітова

Дұрыс айтасыздар, ендеше сіздердің алдарыңызда осындай дарынды да, таланттылар шыққан қазақ даласы бейнеленген.

Осы 4-ші сайысымыздың шарты: Осы даланың көрінісін тойлы ауылға айналдыру. Ол үшін жайлауға ата-бабамыздан мұра болып қалған киіз үйлерді тігіп, ою-өрнектермен безендіреміз. Ол ою-өрнектердің бірінде күйшілердің, ал екіншісінде композиторлардың аттары жазылған, соларды

киіз үйлерге топтап орналастырасыздар. Қай топ бірінші орындаса, сол топ 30 ұпай алады

Х. 5-ші кезең: «Ойнайық та, ойлайық». Бұл кезеңде сіздер берілген шумақтар қандай әннен алынғанын айтып, әндердің атын тауып айтасыздар. Қай топ бірінші тауып дұрыс айтса, 10 ұпай алады.

Өлең шумақтары:

  1. Құлақ түре қалдың ба,

Қызығына қандың ба?

Мултьфильмдер мың түрлі,

Ертегілер - алдыңда (Кеш жарық)

  1. Аяғыма кигенім былғары етік сәулем-ай

табанымнан барады ызғар өтіп сәулем-ай (Сәулем-ай)

  1. Отанымыз әлпештеп анадайын,

Құшақтайды аялап сағат сайын

зәулім мектеп, кең сарай, түрлі алаң

Не керектің біз үшін бәрі дайын. (Бақытты балалық шақ)

  1. Жаныма батқандықтан ашынамын

Мен неге жаяумын деп басыламын

Малым жоқ Шорман айдап алатұғын

Қылығын Мұстафаның паш қыламын. (Ақ сиса)

  1. Әсем әуен дала кезіп барады,

Ару балқып, жігіт төмен қарады

Селт етерлік сезім кетті сел болып,

Домбыраның күй төккенде шанағы. (Әгугай, домбыра)

  1. Сенен көзін алмайды

Ақ ниетті бар адам

Ақ қанатың талмайды

Әділеттен жаралған. (Ақ көгершін)

(әр топтың ұпай сандары арнайы қалташыққа салынып отырады, сайыс соңында әділқазылар жалпы ұпай санын есептеп, жеңімпаз топты анықтайды).


ХІ. М: Мадақтау, марапаттау.

ХІІ. М: Әділқазылар алқасының шешімі.

ХІІІ. Кері байланыс: «Басбармақ»

(сайыс ұнаса- бармақ жоғары қарай, жартылай ұнаса- көлденең, мүлдем ұнамаса- төмен қарай көрсетіледі)


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Ән-күй- халық қазынасы" сыныптан тыс жұмыс

Автор: Сактаганова Рая Жандарбековна

Дата: 22.02.2017

Номер свидетельства: 394630


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства