kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М??ан Т?лебаев семинар саба?

Нажмите, чтобы узнать подробности

М??ан Т?лебаев семинар саба?ыны? жоспары. Балалар саз мектебіні? ?аза? музыка ?дебиеті п?ні бойынша М??ан Т?лебаевты? шы?армашы?ын еске алу, композиторды?  шы?армашылы?ын ?аза? музыкасында шо?ты?ы биік екенін насихаттау ма?сатында ?тілген семинар - саба?. Семинар барысында о?ушылар, ?атыс?ан ?стаздар композиторды? шы?армашылы?ымен танысып, ?ндерін орындап, "Біржан - Сара" операсынан ?зінділер ты?дады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М??ан Т?лебаев семинар саба? »

Семинар тақырыбы:



Мұқан Төлебаевтың туғанына 100 жыл.



Мақсаты: Мұқан Төлебаевтың шығармашығын еске алу, композитордың

шығармашылығын қазақ музыкасында шоқтығы биік екенін

насихаттау.





Пайдаланылған көрнекіліктер, техникалық құралдар: Композитордың

портреті, бүктемелер, ноталар, кітаптар, магнитола, СД диск,

фортепиано,қыл-қобыз. Қанатты сөз «Ұлт өнерінің мақтанышы».





Семинар жоспары:

  1. Кіріспе.

  2. М.Төлебаевтың өмірбаяны мен шығармашылығы.

  3. Вокалдық шығармашылығы.

  4. Композитор шығармашылығының шарықтау шегі.

  5. Музыка тыңдау.

  6. Қорытынды.

  7. Әдебиет.











КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұқан Төлебаевтың есімі ұлттық мәдениетіміздің тарихына алтын әріппен жазылған десек, қазақ жазба музыка өнерінің негізін қалаушы аса көрнекті композитордың шығармалары өзіне тән мазмұндылығымен, көркемдік құндылығымен, асқан шеберлік тілімен халқымыздың асыл мұрасына айналды. Оның асқақ туындылары азаматтық үнімен, әдемі лирикалық сарынымен, эпикалық серпінімен, айқын бояуымен күнделікті өміріміздің ажырамас серігіндей қабылданады. Жауһар музыкаларын қалдырып кеткен Мұқан Төлебаевтың туғанына биыл – 100 жыл.

Талдықорған облысының Бөрілтөбе ауданына қарасты Балқаш көлінің оңтүстік жағалауында түбек сияқтанып жатқан Қарашығын атты жер бар. Міне, осы арада 1913ж. наурыздың 13 күні Мұқан туды. Әкесі Төлебай-революцияға дейін мал бағу, егін салуды кәсіп еткен кедей адам. Бірақ, көп өмір сүрмей, 1923 ж. Төлебай өмірден өткен. Өзінен кіші екі інісі бар, Мұқан шешесінің қолында қалады. Бұл сияқты еңсені ерте басқан өмір жүгі Мұқанның еркін оқып, білім алуына қиындық туғызады. Мұқан 1923 жылдан бастап, не бары үш-төрт жыл бастауыш мектепте оқиды. Енді орта мектепке түсуге талап етіп жүргенде, жоғарыда айтылғандай, әкесі өліп, үй ішіндегі жалғыз бас көтерері Мұқан қызмет істеуге тура келеді. Сонымен ол он алты жасынан «Үлгі» колхозында есепшілік қызмет атқарған. Бұл жұмыста

1935 жылға дейін істейді. «Болат пышақ қын түбінде жатпайды» дегендей, Мұқанның бала жасынан өнерге деген қабілетінің мол үнін қаққан есеп шотының сартылы басып кете алмайды. Үйінде де, қызметте де, тамақ үстінде де, ұйқыда да Мұқан көкейінен музыканың сиқырлы үні кетпейді. Ақыры, қойшылық өмірдің қатал куәсіндей көрінген қызыл өгіздің үстінен ерін сыпырып тастап, байдың ақтылы жылқысынан бір жүйрікті ұстап мініп, домбыраның шебері ұзаққа қарай маңдайды бір-ақ түзеген Құрманғазыдай, Мұқан Бөрілтөбеден келіп бір-ақ шығады.Сахнаға икемі бар деген жастарды маңайына жинап алып, «Жұмысшы жастар» атты театр ұйымдастырады. Өзі сол театрдың көркемдік жағын басқарды. Бұл Мұқанның көркемөнерге деп басқан өнерпаздық алғашқы қадамы еді.

Отызыншы жылдардың орта кезінде Москваның, Ленинградтың жоғары көркемөнер оқу орындарының жанынан, бірінің артынан бірі, қазақ студиялары ашыла бастады. Міне, осылардың бірі- Москва консерваториясының жанындағы қазақ студиясына 1936ж. Мұқан барып түседі. Бұл Мұқанның профессионалдық музыканың жолына бел байлап шыққан сапарына айналды. Баста Мұқан студияға әнші ретінде түседі. Оның бір қатар себептері бар. Мұқанның әкесі Төлебай-шаруашылықтан басқа өнер жолын қумаған адам. Өмірі күн көрудің жорлында өткен. Бірақ Мұқанның шешесі Тәжбала бетіне ешкімді келтірмеген адуын, бірбеткей адам екен. Осындай өнер жолында аты шығып танымал болған қазақ қыздары Алтынай, Дина, Майра. Осы өнер жолындағы қыздарымыз «тентек» болып та аттары шықты. Бірақ, олардың «тентектігі» шариғаттың әйелді аяққа басу заңына қарсы шығу ғана. Тәжбала да сондай «құрметті атаққа» жету арқасында өнер қууға мүмкіндік алған. Ол бір жағынан, суырыпсалма ақын, екіншіден, аңыраған әнші. Міне, сондықтан Мұқан жастайынан анасының ән тәрбиесінде өскен. Бала жастан Тәжбаланың әнін тыңдап, қазақтың байән қазынасын бойына сіңіріп өскен Мұқан музыкаға деген алғашқы қадамын, әрине, әннен бастап, студияға да әншілікке түсуінің себебі де осы.Тек, Тәжбала ғана емес, музыкамен Төлебайдың балары да әуестенеді. Үлкен інісі Әлім де, кіші інісі Әбікен де өнерден құралақан қалмай, домбыра, мандолина, гармонь тартады. Бірақ бұлар музыканың соңына түспей, бірі- шаруашылыққа, екіншісі- педагогтік мамандыққа кетеді .Мұқаннан кейін әнмен қатар аспапты музыкадан да хабары бар екенін көрсетуіне, осының бәрі себепкерлік етеді. Москва консерваториясының студиясында Мұқан белгілі профессор, совет композиторларының ағасы Р.М.Глиэрден оқыды. Тәжірибелі педагог Мұқанның әуелден зор қабілет иесі екенін сезіп, оны қатты бағалады, баулыды. Ұстаз әдепкіде музыкалық тәрбиені Мұқанға қазақтың халық әндерін өңдетуден бастады. Бұл туған халқының төл музыкасынан қол үзбесін дегендік еді. Осындай жол арқылы кейіннен Мұқан өз жасынан әндер шығаруға ойысты. Бірақ, Мұқанның арманы үлкен симфониялық оркестрге техникалық жағынан ғасырлар бойы дамып келген скрипка мен сол сияқты күрделі музыкалық аспаптарға, көп дауысты хор коллективтеріне музыка жазудың меңгеру болатын. Сол арманның шет-пұшпағына енді жеттім-ау дей бергенде, Ұлы Отан соғысы басталып кетіп, Мұқан оқуды үзіп, 1941 жылдың күзінде Алматыға келді. Мұқан Алматыда да өзінің сүйікті ісін соза берді. Композитор Е.Г.Брусиловскийден үнемі сабақ алып, күн-түн демей, тыным көрмей оқып үйренеді.Соғыс жағдайы, түрлі қиыншылықтар кездессе де, Мұқан бір минут та композиторлық ізденісін тоқтатпады. Ол аз уақыт Құрманғазы атындағы оркестрінде кезекті дирижерлік қызмет істеді. Мұқан концерттерден не радиодан ғана еститін қазақтың небір көркем күйлері енді Мұқанның өз алдына келді. Ол үлкен ынтамен қазақ күйлерін зерттей бастады. Мұқанның бұл танысуы үлкен творчестволық нәтиже берді.

II. Мұқанның тағы бір жақсы көрген ақыны Асқар Лекеров. Ол Асқардың сөзіне 1942ж. «Бесік жыры» атты ән жазды. Бұл әнде Мұқанның өзіне тән жылы махаббат, адамшылық үлкен мейір, жас бүлдіршінге деген жүрек бар. Айта кететін нәрсе Мұқан баланы өте жақсы көретін. Сондықтан оның әні жай бір жанырлық байқау емес, шын көңілден шыққан болатын. Сол сияқты тағы да Асқардың сөзіне жазған «Кестелі орамалы» да халық аузында «Махаббат жырына» айналып кетті. Бұл ән махаббат. Беріктікті, адамшылықты, сенімділікті суреттейді. Қазақ дәстүрінде қыздардың өз қолымен кестелеп берген орамалындағы әрбір өрнекте махаббаттың лебі кетпестей ізі жататынын Мұқан музыка тілімен әдемі етіп суреттей білді.

«Кестелі орамал» - орындайтын Имамбаев Думан.

Отан соғысы кезінде бүкіл совет халқымен бірге көркемөнер өкілдері де өздерінің жауды жеңудің үлестерін қосты. Осы кезеңде патриоттық рухтағы әндер шығарды. Мұқан Төлебаев сол кезде «Соқ барабан», «Жорық» «Семсер», «Таня туралы ән» тағы басқа әндер жазды.

«Соқ барабан» - орындайтын 5 клас оқушысы Ералы Майра.

Талғампаз да талантты Мұқан көптеген лирикалық тамаша әндер, романстар жазды. Оның жазған әндер мен романстары ескен желдей, қанатты құстай, жазғы самалдай, жылы жаңбырдай қалың халықтың арасына лезде тарап, сіңіп кетеді. Мұқанның романстары мен әндерінің санаулы ғана.

«Тос, мені тос»- орындайтын Жамылшиева Л.Ж. Акмолдаева Р.Т.

Бірақ, «Сөз жақсылығы - қысқалығындай»,-деп француздар айтпақшы, бұл ән-романстар аздығына қарамастан, терең ойлы, зор мағыналы келеді. Оларды орындау ерекше әншілікпен асқан актерлік қабілетті керек қылады. Мұқан әндерінің көбін кезінде белгілі бір жеке әншілерге арнап жазды. Өйткені, әншілердің бәрі де өзіне таныс, көбінің творчестволық қабілетін жақсы білетін. Қай әншінің даусына қандай ән лайық екендігін және оның әнді орындау мәнерін еске алып отыратын. Мысалы: халық әртісі, әнші, актер, сырласы. Кәукен Кенжетаевқа арнап «Көп жүрдім», «Май кеші», «Келші саулем», «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» әндерін жазған.

«Ақмарал, сұлу еркем-ай »- орындайтын Жамылшиева Л.Ж, Ақмолдаева Р.Т.

Мұқан ән дүниесінде неше түрлі жайларға барды. Ол «Ақ мақта», «Қырманда», «Жастар вальсі» тағы басқа көптеген әндер шығарды. Әндерінің барлығын бір тыңғылықты шығарма деп қарап, үлкен мән берді. «Әмудария туралы баллада», «Ой», «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» сияқты шығармаларында ән мәдениетін жоғары сатыға көтеріп тастады. «Ақ мақта» әнінің мазмұны жастарды еңбекқорлыққа, бірлікке шақырады. Осы әнді алғаш орындап, халыққа жеткізген, Совет Одағының халық әртісі, Қазақ Халқының әйгілі әншә қызы Роза Бағланова.

«Ақ мақта» - тыңдау.

Сонымен бірге Мұқан Төлебаев өз заманындағы, Совет социализм кезінде Қазақстан әнұранының музыкасын композиторлар Е.Брусиловский, Л.Хамидимен бірлесіп жазды.

«Гимн» - орындайтын Колесникова Т.В.

Мұқанның бір шұғылданған ісі хор болатын. Ол бұл жөнінде кейінгі ұрпаққа үлгі боларлықтай нәтиже берді. «Москваға сәлем» - сөзі Ә.Тәжібаевтікі, «Отан даңқы»- сөзі С.Мәуленовтікі хорларын жазды. 1968ж. Москвада өткен әдебиетпен өнер онкүндігінің шымылдығын осы хормен жабылды. Хор саласында Мұқанның тағы бір көрнекті шығармасының бірі- «Жастық» атты сюита. Мұнда туған жердің табиғаты, жалынға толы жасампаз өмір, болашаққа деген талпынысты суреттейді.

«Лирикалық поэма» - тыңдау.

Соғыс кезінің соңғы жылдарында Мұқан скрпипкаға арнап поэма жазды. Кейін оны симфониялық оркестрдің сүйемеліне түсірді. Поэма негізінде лирикалық шығарма. Осы кезде көбіне фортепиано сүйемелімен қобызда орындалады. Мұнда адамның ой толқуы, алдағы үлкен арман бар. Ал, шығарманың ортаңғы бөлімінде сол арманға жетудің қарасы елес бергендей, қуаныш саздарын да ұшырасады. Шығарма үлкен адамшылық жүректен шыққан, тыңдаған адамды билет кетеді.

«Толғау»- орындайтын Төлегенова А.Б. концертмейстер Колесникова Т.В.

III. Мұқан творчествосының шыңы – опера. Ол оқып жүрген кезінің өзінде-ақ опера жазуды арман еткен. Сол мақсатта орыстың және Батыстың классикалық операларымен үнемі танысуда, зерттеуде болған. Өзінің шама-шарқынша фортепианода отырып талдап, ыңылдап айтып көріп, көптеген операны аударып-ақтарған.М.Төлебаевтың музыкасының ішінде құрметті орын алатын жанр-опера. Ол өзінің сүйікті перзенті «Біржан-Сара» операсы арқылы танылды. Бұл туынды қазақ музыкасында шабыт пен шеберліктің құймасындай көркемдік сапасымен ерекше терең ойдан шыққан, шоқтығы биік туынды ретінде рухани тарихымыздың төрінен орын алады.

Операның либреттосын көрнекті ғалым—ақын, әдебиет теоретигі Қажым Жұмалиев жазды. Ол операның мазмұны халқымыздың аяулы ұлы мен қызы, аттары ел сүйіспеншілігіне бөленген халық композиторы Біржан сал мен ақын Сара арасында болған тарихи айтысты арқау етті. Өткен замандағы өрескел әдет-ғұрыпты, әлеуметтік шиеленісті асқан шеберлікпен көрсетті. Мұнда халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған ой-арманы асқақ үнмен жырланды.Операдағы басты кейіпкерлер Біржан, Сара, Қожағұл, Жанбота, Жиенқұл – тарихта болған тұлғалар. Композитор операдағы тақырыптық материалға дарынды өнер иесі Біржан салдың әйгілі әндерін шебер қолданған.«Біржан-Сараның» шынайы құндылығы- оның музыкасы. Көркемдік әсері мен ұлттық нақыш бояуы тұрғысынан қазақ музыкасында өзіне ешбір туындыны тең келтірмейді. 1944ж. «Біржан-Сара» операсының дүниеге келуі туған мәдениетіміздің дамуындағы жаңа бір белес, елеуі оқиға болды. Сол уақыттан бері бұл күрделі туынды қазақтың Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера жәіне балет театрының сахна төрін нұрландырып келеді. 1949ж. «Біржан-Сара» операсын тұңғыш рет қойған шығармашылық ұжым М.Төлебаевпен бірге КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алды.

Тұңғыш тұсау кесерден бастап М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсы Мәскеу, Ташкенте, Уфада,Берлинде үлкен жетістіктермен қойылды. Бұл операдағы басты, негізгі рольдерді сомдаған К.Бейсейітова, Ә.Үмбетбаев, Б.Досымжанов, Ш.Байсековалар, режиссер Қ.Жандарбеков пен суретші А.Ненашев. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары болды. Ұлттық музыкалық мәдениетінің биік шыңдарының бірі саналатын бұл опера Біржан мен Сараға ғана емес, сонымен қатар композитор М.Төлебаевтың өз атына да лайықты ескеркішке айналды.Тырнақалды опера шығармасының сәтті шығуы композитордың басын айналдырмай, оған тағы басқа ой салды. Осыншалық көпшілік пен үкімет тарапынан көрсетілген құрмет композиторға олардың алдында өзіне үлкен жауаптылық артты. Мұқан әлі де мұндай нәтижелі шығарманы шынықтыра түсу керектігін мақсат етіп,Москва консерваториясына қайта түсіп оқуы қажеттілігін белгілі орындар алдына қойып, ол мәселені шешіп алды. Осы айтып отырған Мемлекеттік сыйлық алар алдында, 1947ж. ол Москваға қайта оқуға аттанды. Москва Мұқан басқа тиісті сабақтарының арасында «Біржан-Сараны» шынықтыру үстінде болды. Сөйтіп, «Біржан-Сараның» 1958 жылғы клавир түрінде басылып шыққаны және оның сол жылғы Москва онкүндігінде орындалған партитурасы ең соңғы шыңдалған, жетістірілген варианты. Опера да бұл халық көңілін аударатындай тамаша шығарма боп, аңсаған ойларынан дәл шықты. Мұқанның «Біржан-Сарасы» классикалық опера шығармаларынан бірде-бір кем емес екенін байқатты. Шын мәнінде де, опера қай жағынан да болсын-бас кейіпкерлер Біржан мен Сарадан кішкене роль Серікке дейін мінездемелері дәл, музыкалық образдары айқын, әдемі табылған, сәтті шығарма еді.

Біржанның төрт акті бойы шырқап салған әндерінен ақынның жүрек сырын, арманын, өнер үшін өмірін сарп еткені байқалады. Ақын өнер үшін күреседі, өнерге зорлық жүрмейтінін дәріптейді:

«Ер өлсе де ән өлмейді, Шырқа, Біржан ақын, сал, Шығаратын сен боласың, Шырқататын біздер бар», - деп Біржанның шәкірттері өз сөзін айтып қошеметтейді.

Халқы сүйген Біржан патшадан шен алып, арыстандай ақырып тұрған Жанботаның озбырлығына көнбей, өнер үшін, бас бостандығы үшін жанын қияды.

Операдан үзінді.

Мұқан операсының, шын мәнісінде халық операсы боп қалуы, Мұқанның халық творчествосын тамаша білуімен, халық әндері ана сүтімен бірге қанына сіңіп, өмір аздығы болғандықтан деп білеміз. «Біржанда» халық әндері аз емес. Бірақ, Мұқан сол әндерді ұлғайта, көркейте, арияға, дуэт, квартет, хорға айналдырып өңдеп, жаныңа жылы тиетін лебіз тауып кетеді.Мұқанның халық әндерін, өзі творчествосында пайдаланғанда сол қалпында қолданбайды. Әнді өңдеп, өз тарапынан сол әннің жігін бұзбайтындай, білінбейтіндей етіп өрістетіп жібереді. Міне, шын композитордың өнер осындай болмақ. Мұқан опера жазғанда, алдымен сол операға қатысатын кейіпкерлердің мінездемесін іздейді. Мысалы, Біржан мінездемесін, қандай музыкалық қасиеттермен көрсету керек. Ертең халық тыңдаған Біржан сахнаға шықпай жатып, музыкадан Біржанның келе жатқанын сезінуі қажет. Айталық, Біржан жағымды кейіпкер, алЖанбота жағымсыз кейіпкер. Сонда Жанботаның мінездемесі қандай болуы керек? Міне, Мұқан осыған қатты көңіл аударады.

«Біржан-Сара» - операсынан «Қыздар әні» орындайтын Музыка мектебінің ұстаздары.

Біржан творчествосы-Мұқан үшін Арқаның шалқып ескен қоңыр желіндей, кеудені кең ашып еркін дем алатындай, сол демнен рухани азық алатындай тұлға. Біржан лебізі-халық лебізі.Біржанның дауысы шөлден келіп, нәр алған бұлақ суындай елінің аңсағаны еді. Олай болса, операдағы музыканы да осыған сәйкес болуы хақ. Жанбота болыс осының бәріне қарсы. Жарық дүниені түнерген қара бұлттай жапқысы келеді. Жанботаны әнге, өнерге қарсы деуге болмайды. Ол сол өнердің әсерінен ығады. Біржан өнерін сүйген халық Жанботаны ұмытып, Біржанның соңынан еріп бара жатқандығынан қорқады. Біржан абыройының асқаны оған ұнамайды. Сондақтан халық ортасында тұрған Біржан секілді алтын қазықты жұлып тастамақ. Міне, осыны жақсы түсінген Мұқан тартыс сырын музыка тілімен әдемі жеткізе білген. «Біржан-Сара» операсында Біржанды ойнаған Әнуарбек Үмбетбаев, Байғали Досымжановтың, Сараны ойнаған Күләш Байсейітова мен Шабал Бейсекова, Жанботаны ойнаған Кәукен Кенжетаевтың әншілік және актерлік қабілетінің бір сатыға көтергеніне дау жоқ. Мұқанның операсының сәтті шығуына тағы бір себеп – оның либреттосы. Профессор Қажым Жұмашев жазған «Біржан-Сара» либреттосы Мұқанның ойынан шығып, тамаша опера музыкасын жазуға зор шабыт туғызды. Қажым либреттосы- ондағы тамаша образды сөздер. Мұқанның ойын дәл тауып, операның сәтті шығуына зор жәрдемі болады. Операның бірінші пердесі 22 минут жүреді. Осы аз уақыттың ішінде төгілген ән, құстай ұшқан би, ойын-сауық, думан қыза түскенде, айтушылар мен залда отырған тыңдаушылар бірге қосылып еткендей... Халыққа, шынында да, Қоянды жәрмеңкесінде отырғандай әсер ететін. Осылай басталған операға төрт акті бойы шалқыған музыка теңізі тыңдаушыларды балқытып алып кетеді. Сондай-ақ, көрермен сахнадағы кейіпкерлермен бірге күліп, берге жылап, осы төрт перденің қалай өтіп кеткенін сезбей де қалады. Операның аяғы қазамен бітеді. Біржан өледі. Солай болғанымен, Мұқанның музыкалық трактовкасында опера пессимистік жағдайда аяқталмайды. Біржан достарының ортасында көз жұмар алдында қолындағы домбыраны Сараға ұсынады. Бүкіл операға лейтмотив болған қанатты халық сөзі «ер өлсе де, ән өлмейді», «мен өлгенмен ән өлмес,Сара», «ендігі жол сенікі, мына домбыраны саған ұсынамын» деген еді. Сара домбыраны қолға алғанда, оркестрдегі ойналған соңғы мажорлық аккорд Сара тартқан домбыра даусымен үндесіп, опера аяғы көтеріңкі болып бітеді. Отырған тыңдаушылар Біржан өнерінің мәңгілік екеніне, оған зорлық жүрмейтіндігіне сенеді.

IV. «Біржан-Сара» операсынан кейін М.Төлебаев өз заманының тамаша туындысын «Коммунизм оттары» кантатасын жазды (алғаш рет 1951ж 50 адамдық біріккен хор орындады) Дарынды автордың бұл кантатасы Жамбыл атындағы сыйлыққа ие болды. Өмірінің соңғы жылдары әртүрлі тақырыпқа арналған туындылар жазуды арман етті. Болашақ образдарды халықтың аңыз, поэзиясынан және замандас жазушылардың прозаларын көрсеткісі келді. Соның бірі - халықтың лироэпосы «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» болса, енді біреулері «Достық», «Ыбырай Алтынсарин» атты операларын жоспарлаған еді. Өмірінің соңғы жылдарында композитор лирикалық-драмалық «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» операсын бастайды. Бірақ композитор кенеттен дүние салып, бұл шығарма аяқталмай қалады. Қазақстан музыка өнерінің мақтанышы болған М.Төлебаев туған елінің рухани байлығын ерекше терең түсініп, тебірене қабылдап, сүйіспеншілікпен қадірлей де, дамыта білді.

М.Төлебаевтың өзіне тән тамаша, ғажайып музыкалық дәстүрі республика композиторының жоғары кәсіби жағынан қалыптасуына зор әсер етті. Мұқанның мұрасындағы дәстүрін көрнекті ізбасарлары Е.Рахмадиев Ғ.Жубанова, С.Мұхамеджанов; Н.Тілендиев және басқа композиторлар жалғастырды. Өзінің қысқа шығармашылық өмірінде(ол 23 жасында ғана музыка әлеміне келіп,47 жасында дүние салды) Мұқан Төлебаев жарқ етіп жанған жұлдыздай, сөнбес із қалдырып, туған елінің мақтаныш ететін адал перзенті болды, сүйіспеншілігіне бөленді. Мұқан Төлебаев шығармашылығы қазақ музыкасының шоқтығы биік тұсы болып саналады. Оның мұрасы- ұлттық рухани байлығымыздың маңызды бөлігі. М.Төлебаев туралы айтуға сөз жетпейді. Өйткені біздің жерімізде сондай ұлы адамның туғанына, оның адамгершілік қасиеттері, музыка саласында қалдырған мұрасы ешқашан ұмытылмайды.

Қазақ ақыны, әнші, композитор, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері; Қазақ ССР-Халық ақыны Кенен Әзірбаев мынандай өлең жолдарымен жырлаған;

Ән мен күйді боратқан! Қайран менің; Мұқанам! Миуалы дарақтан Сынып түсті-ау бұтағым! Өнеріңді егіп ең. Еркесі едің көңілдің Алатаудың көгінен Ән болдың да төгілдің. Гүл өмірмен астасып; Қанат қақты арманың, Өзің кеттің қоштасып, Құлағымда қалды әнің.



Әдебиеттер: Мұқан Төлебаев - Н.С.Кетегенова.

«Нұрлы жүрек» - М.Төлебаев туралы естеліктер мен мақалалар.

Құрастырғандар: Л.Гончерова

С.Мұқтарұлы

Ж.Рсалдин

Хрестоматия по казахской музыке. Составители Б.Ғизатов. Л.Мамизерова.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
М??ан Т?лебаев семинар саба?

Автор: Толегенова Алия Баймухановна

Дата: 18.10.2015

Номер свидетельства: 240994


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства