С?йлеп т?р?ан ?аза?станны? о?т?стік батысында орналас?ан ірі айма?тарыны? бірі, «?й?ыда?ы ару» атан?ан елімізді? м?найы мен газын беріп т?р?ан ?азыналы т?бегі – Ма??ыстау!
Ж?ргізуші: Ма??ыстау облысы 1973 жылды? 20-наурызында ??рылды. Б??ан дейін б?л айма? Атырау облысына ?арады. 1988 жылы ?айтадан Атырау облысы ?арама?ына берілді. 1990 жылы Ма??ыстау дербес облыс атанды.
Ма??ыстау облысы ?аза?станны? о?т?стік батысында орналас?ан. Жеріні? жалпы к?лемі 16,7млн га, оны? 12,7 млн-ы жайылымды? жер болып есептелінеді. А?тау порты ?аза? мемлекетіні?, оны? болаша? те?із флотыны? д?ниеж?зілік арена?а те?із су жолы ар?ылы шы?атын орталы?ына айналуда. Сондай-а? А?тау ?уе жолы ?атынасы да д?ниеж?зілік ма?ызы бар ?атынас жолына айналды.
Ма??ыстау облысы ежелгі кезе?нен бері мал шаруашылы?ымен айналысады. Топыра?ы сорта?, ?сімдігі б?талы, ?ара суы? ыз?ыры?ты, ыл?алы аз, к?ктемі созылмалы, ?ысы ?атты, на?ыз континентальды ш?лге жатады. Д?ниеж?зілік ма?ызы бар м?най мен газ ?оры, а? боры мен ?лі алынбай жат?ан таби?и асфальты бар айма?. Ма??ыстау ??ірінде а?ыз- ??гімелер мен батырлы? жырлар, халы? ?ндері мен домбыра к?йлері мол са?тал?ан. М?ндай рухани м?ра байлы?тары б?гінгі жа?ар?ан ел ?міріндегі елеулі о?и?алар?а тікелей байланысты.
Ма??ыстау ??ірінде к?йшілік ?нер ерекше дамып, ?зіндік ?рнегімен ерекшеленеді. ?рпа?тан-?рпа??а беріліп келе жат?ан к?й ?нері Абыл, Есбай, Есір, ??лшар, ?скенбай, ?артбай, Б?йша?ыр, М?рат сия?ты біртуар есімдер ар?ылы ?з жал?асын тауып, рухани ?азына ретінде са?талып келеді.
Ж?ргізуші: К?н айналып артынан к?н шы??алы,
Жер жаралып т?сіне г?л шы??алы,
Ма??ыстауды? киелі топыра?ынан
Неше дарын, неше жалын шы?пады.
Б?л Ма??ыстау – кіл тектілер жат?ан ма?,
К?мейінен ?азынаны а?тар?ан.
Жеті б?лб?л, жеті ?ай?ы ?н салып,
Ел жадында жеті нандай са?тал?ан.
?айталанбас с?зді? асыл зергері,
Еш адамнан кездеспеген ?рнегі
Абыл, А?тан, Н?рым, Аралбай, ?аша?ан,
Бес ж?йрігім – бес ?аруым белдегі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ма??ыстауды? ма??аздары!»
Тақырыбы: Менің туған өлкем.
Мақсаты: Ұлттық өнерімізді дәріптеу арқылы балалардың бойына туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанды сүюге, байлығын қорғауға, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: Домбыра және қазақ өнері туралы зерттеушілердің нақыл сөздері.
Сөйлеп тұрған Қазақстанның оңтүстік батысында орналасқан ірі аймақтарының бірі, «Ұйқыдағы ару» атанған еліміздің мұнайы мен газын беріп тұрған қазыналы түбегі – Маңғыстау!
Шөбі шүйгін, кең жайлау, асау теңіз, асқар тау, Кербез дала, көркем бел, лебі жұпар, ерке жел, жанға сая панамыз –Маңғыстау!
Жүргізуші:
Бүгіннің биігінен көз салып көр еліме,
Бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме.
Маңғыстау, бүгін міне салтанаты жарасқан,
Бір отбасы, бір туысқан – бір-біріне қарасқан.
Биікте тұрып қарасаң,
Бір шынардың бұтағындай, күн нұрына таласқан!
Маңғыстау, достықтың туын тіккен жер
Мәуелі бақтай жемісін шашқан халықтың
Бір кісідей маңдай терін төккен жер!
Жүргізуші: Маңғыстау облысы 1973 жылдың 20-наурызында құрылды. Бұған дейін бұл аймақ Атырау облысына қарады. 1988 жылы қайтадан Атырау облысы қарамағына берілді. 1990 жылы Маңғыстау дербес облыс атанды.
Маңғыстау облысы Қазақстанның оңтүстік батысында орналасқан. Жерінің жалпы көлемі 16,7млн га, оның 12,7 млн-ы жайылымдық жер болып есептелінеді. Ақтау порты қазақ мемлекетінің, оның болашақ теңіз флотының дүниежүзілік аренаға теңіз су жолы арқылы шығатын орталығына айналуда. Сондай-ақ Ақтау әуе жолы қатынасы да дүниежүзілік маңызы бар қатынас жолына айналды.
Маңғыстау облысы ежелгі кезеңнен бері мал шаруашылығымен айналысады. Топырағы сортаң, өсімдігі бұталы, қара суық ызғырықты, ылғалы аз, көктемі созылмалы, қысы қатты, нағыз континентальды шөлге жатады. Дүниежүзілік маңызы бар мұнай мен газ қоры, ақ боры мен әлі алынбай жатқан табиғи асфальты бар аймақ. Маңғыстау өңірінде аңыз- әңгімелер мен батырлық жырлар, халық әндері мен домбыра күйлері мол сақталған. Мұндай рухани мұра байлықтары бүгінгі жаңарған ел өміріндегі елеулі оқиғаларға тікелей байланысты.
Маңғыстау өңірінде күйшілік өнер ерекше дамып, өзіндік өрнегімен ерекшеленеді. Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан күй өнері Абыл, Есбай, Есір, Құлшар, Өскенбай, Қартбай, Бәйшағыр, Мұрат сияқты біртуар есімдер арқылы өз жалғасын тауып, рухани қазына ретінде сақталып келеді.
Жүргізуші: Күн айналып артынан күн шыққалы,
Жер жаралып төсіне гүл шыққалы,
Маңғыстаудың киелі топырағынан
Неше дарын, неше жалын шықпады.
Бұл Маңғыстау – кіл тектілер жатқан маң,
Көмейінен қазынаны ақтарған.
Жеті бұлбұл, жеті қайқы ән салып,
Ел жадында жеті нандай сақталған.
Қайталанбас сөздің асыл зергері,
Еш адамнан кездеспеген өрнегі
Абыл, Ақтан, Нұрым, Аралбай, Қашаған,
Бес жүйрігім – бес қаруым белдегі.
Жүргізуші: Ұлттық өнерімізді дәріптеу арқылы балалардың бойына туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру, елін, жерін, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін, адамгершілігі мол, өз туған жерін сүйетін ел азаматы етіп тәрбиелеу мақсатында бүгін «Өркен» аула клубында «Менің туған өлкем» атты домбырашылар сайысы ұйымдастырылып отыр. Сайысқа домбыра үйірмесінің білім алушылары қатысып, өз өнерлерін паш етпек. Өнерпаздарымызды қарсы алыңыздар. (Сахнаға сайысқа қатысушылар шығады)
Сайыс
Ахметова Манар Халық күйі «Кеңес»
Наурызова Жансая Халық күйі «Кеңес»
Наби Айман Раздық күйі «Сал күрең»
Абылханова Әйгерім Халық күйі «Кеңес»
Аманов Ердәулет Халық күйі «Тепең көк»
Мэлс Арайлым Халық күйі «Арынғазы»
Жүргізуші: Мені тербеп жүреді ылғи жалғыз үн.
Сенің үнің – менің үнім, туған жер.
Тек өзіңмен жаман, жақсы хал біздің.
Бірегей көп бағаланған сан мыңға,
Бор тауларың теңдік бермес шың, құзға
Шүкір – шүкір, кенде емессің туған жер,
Ғажайыпқа, тағы сондай ұл – қызға,
деп ақын Сайын Назарбекұлы жырлағандай еркіндікті, теңдікті, татулық мұраттарын ту ететін, туған елімізді, атамекенімізді сүйетін, мақтан тұтатын ұл-қыздарымен бүгінгі Маңғыстаудың еңсесі биік, мерейі үстем бола бермек.
Жүргізуші: Сайысқа қатысушыларға баға беру үшін ортаға домбыра үйірмесінің жетекшісін шақырамыз.
Марапаттарыңыз құтты болсын! Осымен бүгінгі «Менің туған өлкем» атты домбырашылар сайысы аяқталды. Қош сау болыңыздар!!!