«Өнер таусылмас азық, сарқылмас байлық» аттыон күндік аясында
« Дара туған таланттар» байқауына қош келдіңіздер!
Сайыс үш кезең бойынша өткізіледі.
«Ән-көңілдің ажары»
«Төгіл, төгіл тәтті күй!»
«Мың бұралған бишілер»
Сайыстың шарттары:
«Дара туған таланттар» байқауының сайыстарына қатысушылардан алдын ала сұраныс қабылданады.
1-11 сынып оқушылыры қатыса алады
«Ән-көңілдің ажары» сайысына қатысушылар еркін тақырыпта бір әнді (эстрадалық вокал, халық әні т.б) жанды дауыста (минуспен) орындауға тиіс
«Төгіл, төгіл тәтті күй!» сайысында ұлттық аспапта бір күй орындалады.
«Мың бұралған бишілер» сайысында (ұлттық сахналық би, спорттық би, қазіргі замандық би, модерн т.б) бір би орындалады.
(Әр сайысқа сай киім үлгілерін киюі керек)
Бағалау критерийлері:
Номинациялар
Жасына сәйкес репертуар
Орындау шеберлігі
Сахна мәдениеті
Сахналық киім сәйкестігі
балл
«Ән-көңілдің ажары»
«Төгіл, төгіл тәтті күй!»
«Мың бұралған бишілер»
Бағалау критерийі 1-6 балл аралығында бағаланады.
жүргізуші:
Әр адамның өзінің бойында ерекше біткен таланты болады. Соның бірі - өнер. Әсем әуенмен ән айту, тал шыбықтай мың бұралып би билеу немесе нақышына келтіріп күй тарту кез-келген жанға бұйыра бермейді. Иә, бірақ осы апталықтың аясында біз мектебімізде бірнеше талант иелерінің бар екеніне көз жеткіздік. Сайыс түрлеріне қатысыуға, өз өнерлерін көрсетуг,е қаншама өнерпаз оқушыларымыз сұраныс берді. Сол сұраныстарды іріктей келе үлкен сайысқа жолдама алған оқушыларымыз ақтық сынаққа түсу үшін ортамызға келіп тұр. Олай болса, талантты, дара қасиеттері бар өнерлі өрендеріміздің өнерлерін бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстырайық.
Әділ қазылар алқасы: /таныстырасыздар/
2-жүргізуші:
Құрметті әділ қазыларға қошемет көрсетейік!
Ал, ендігі кезек «Ән-көңілдің ажары» сайысына келіп жетті.
(әр оқушы туралы ақпарат жинау , слайд жасату)
«Дара туған таланттар» байқауының екінші кезеңі «Төгіл, төгіл тәтті күй!» сайысына да кезек жетті. Қазақ халқы өзінің ұлттық музыкасымен ерекшеленеді. Қасиетті домбырамызда күй шертпейтін қазақ отбасы кемде кем. Домбыраны қадірлеп, көзінің қарашығындай сақтап, атадан балаға мұра етті.
«Домбыра, мұнша шешен болдың неге?
Күй толған көкіргің шежіре ме?
Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесің
Саусағым тиіп кетсе ішегіңе» деп, Қ. Аманжолов ағамыз жырлағандай, он саусағынан өнері тамған, домбырашыларымыздың құдіретті күйлерін тамашалайық.
«Дара туған таланттар» байқауының үшінші кезеңі
«Мың бұралған бишілер» сайысын бастайық.
Би – құдіретті өнер.Би әрбір халықтың мәдениеті мен дәстүрі арқылы жеткен халық мұрасы. Тал шыбықтай мың бұралған дене сұлулығы мен тән сымбаттылығы тәнті етіп, көзді арбауы өз алдына, әр қимылдың көп нәрсені аңғартып, терең мағына беретіні де бар емес пе! Ал, бір топ бишінің әр қимылы өзара үйлесім тауып, үндесіп жатуы үлкен шеберлік емес деп қалай айта аламыз? Бидің бар құдіреті де осында жатқандай, терең ойлы өлеңмен, әсерлі әнмен емес, үнсіз, тек қимылмен ғана жүректерге жол табуы да содан болар. Бидің қыр сырын меңгеріп, сахнаның сәнін кіргізіп, көрермендерге ерекше шаттық көңіл сыйлайтын бишілер тобымыз ортада. Біз ұлттық биімізден өзге билерді де тамашалаймыз.
«Өнер –ағып жатқан бұлақ,
Ғылым жанып тұрған шырақ» деп,
дана халқымыз айтандай кезекті бишілерге берелік: / бишілердің тізімін жібересіз/
Міне, «Дара туған таланттар» байқауымыз өз мәресіне жетті.
Тал шыбықтай бұралып,
Қоңырлатып ән салып,
Домбырадан күй төккен өнерпаз өрендерімізге мың алғыс.,
Сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз:....
Жүргізуші:
Құрметті көрермендер, ұстаздар, оқушылар!
«Өнер таусылмас азық, сарқылмасбайлық» аттыон күндігінің аясында өткен