kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дала думан

Нажмите, чтобы узнать подробности

Көктем мерекесіне орай өткен дала думан қойылымы 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дала думан»


- Армысыздар ағайын,

Арлан: -Өнерпаз болса маңайым.

Ат арытып келгенде,

Қалмайын деп шерменде,

Көсіле сөйлеп қалайын.


Дана: -Дала-думан десе-ақ , санаңа осынау қымбат, қадірлі қазақ елінің сан бояуы шұғыла төгеді.

Арлан:-Дала болсақ кеңдік, дала десе-ақ жомарттық, дала ырыс, дала дастархан, дала тарих, дала-думан өнер жәрмеңкесі.

Дана: Қаратауға сәлем береиік,қарамай кетті демесін,

Үлкенге сәлем берейік, иілмей кетті демесін.

-Дархандығы даладай,көңілдері баладай,

-Өнерімен өмірі өрілген өнерпаз ел

-бармысыздар!

Жансая : Сыбызғы сазды сырнай үнді,

Қамысы әнші ,құрағы биші,

Изені иіліп, жусаны жығылып,

Бетегесі бүлкілдеп,

Қараған ,бұтасы қол қусырып сәлем берген киелі Өкпетілік өнерпаздар бас қосқан өнер жәрмеңкесіне менің де тартуым бар.

Әлішер:-Әй , Шөми, бергеші жүр ана үлкендердің қасына барып отырайық.

Шөми:-Үлкендердің қасында не бар, жүр жастардың қасына отырайық.

Әлішер:-Әй жастардың қасында не бар мына үлкендермен отырмаймызба?

Шөми: :-Үлкендердің қасында не бар, жүр жастардың қасына отырайық.

Әлішер:Әй айналайын бұл жерде бастық мен ба , сен бе?

Шөми:-не кім ие Мен бастық, ал мен албастық, не болды.

Әлішер: -Жай әншейін біле салайын дегенім ғой.

Шөми: - Бұдан былай біліп жүр мен саған анау мынау емеспін.

Арлан :-Ақ жаулықты аналар, кермаралдай керілген әпкелер,қарлығаш қанатты қарындастар сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтаймыз.


Дана:-«Күнім !» дейсің мені,

Күн мейірі сенде.

Күннің ыстық лебі,

Құшағыңа тең бе?

Айналайын АНА!

Сәкен:-Әсет ақын айтқан екен, «Бозбала осы әнімді үйренерсің

Ырғаққа келтіре алмай күйзелерсің.

Асау ән жетегіңе жүрмеген соң,

Біріңнен бірің көріп сүйрелерсің.

Бүгінгі ән жәрмеңкесінде халық әні «Елім-айды» тарту етпекпін.

Шөми:-Әй,әй,әй адам жатыр ғой, түйедей боп таптап кете жаздадың ғой.

Әлішер:- Айналайын кереңсің бе? Мен келе жатқанымды естімейсің бе?Ештеме жоқ түйе болмасақта түйенің жарты етіндей боп келе жатырмыз ғой. Былай жылжып кішкене орын бермейсің бе?

Шөми:-Арлан, мәгәзіннен мына Әлішерге арналған ерінге жағатын

Крем әкеп берші?

Арлан:-Ол қандай крем?

Шөми:-Сыртында «Момент» деген жазуы бар.

Дана:-Қоңыр үн күмбірлеген қос ішектен,

Сиқырлы әуен еді бұл бір неткен.

Келеді көз алдыма өркеш-өркеш,

Белесі бабалардың жүріп өткен.

Малика:-Домбыра киелі бір аспабымсың,

Бабамнан қалған мұра дастанымсың.

Аялап кие тұтқан ұрпағыма,

Жеткізер қасиетті дәстүрімсің.

Арлан:-Алтынның сынығындай өзіне үлгі тұтатынқарт ұстаз Балташ ағадай өнерлі жандарды үлгі тұтатын болашақта күйші болуды армандайтын Ерсін балаларыңызға кезек берсек.Өнер кезегі өзіңде Ерсін.

Ерсін:-Бүгінгі өнер жәрмеңкесіне мен де құр қол келгенім жоқ.Ата бабамыздан келе жатқан, серілік өнерді жалғастырғанЕңсеповтың

«Балалық» күйін орындап берейін.


Балнұр: - «Сан ғасыр санамызда сақталады,

Күйлері бабалардың жатталады

Қазағым осындай бір бопты деген,

Сахнада домбыра үні мақталады»,-деп ақын ағаларымыз жырға қосқандай құрбыларымыздың мерекесіне арнап Тоқтар Серіковтің «Үкілі қыз» әнін орындап берейін.

Арлан:-Бегімай әнші қызың бар деуші еді,

Бұл сөзді терең ойлап байқасында.

Өнерін бізге неге көрсетпейді,

Думанды мерекеде топ ортада.

Бегімай:-Тойшыл ел көңілің шат денің сау ма?

Бұлбұл құсың сайраған бұл думанда.

Өлеңмен Бегімай деп шақырғанда,

Жеткендей болды төбем асқар тауға.

Арлан:-Беке, Дәке біз сіздерді іздеп тұрсақ мында отыр екенсіздер ғой .Дауыстарыңды қашан естиміз деп бағанадан елегізіп отыр едік.

Дастан:-Қандай ортада отырсақ та барша халыққа дауысымды жеткізіп ән шырқап жүрген достарыңның бірі емеспедік Арлан

Дауысымызды сағынсаңдар Бекнұр екеуіміз қосылыпбір ән шырқап берейік.

Арлан:-Біз негізінен Бекнұр ,Дастан талғаммен тыңдайтындардың қатарына жатамыз. Сондықтан қалауымызға жағар бір әнді біз таңдайық. Ал Дана құрбыларыңның мерекесі нде ән таңдау өз үлесіңе тиіп тұр.

Дана:-Таңдауды маған берсеңіздер мұқағали ақынның сөзіне жазылған «Қарасаз» әнін сұрар едім.

Бекнұр:-Қолаңшашты аруға қолда барды жайып сал деп мереке қарсаңында қалағанын орындайық..

Аяулым:-Ұшады таудан бүркіт сілкініп-ай,

Ашықса алып жейді түлкіні де-ай.

Той бастап үлкен-кіші өтінгенде

Жасайық ойын-күлкіні ұдай.

Көктемде сең жүреді астан- кестең,

Бауырын ақ түйенің арқан тескен

Өнерлі өрендерім бас қосқанда

Еркежан ,өлеңіңді айт қатар өскен.

Еркежан:-Иә құрбым әніме салмас бұрын Ана жайындағы мынадай аңызға тоқталып өткенді жөн көріп тұрмын. Оны қазақтың дарынды ақын қызы Ақұштап Бақтыгереева әдемі де әсерлі жырға айналдырған.

Ертеде сұлу қызға болған ғашық

Ананың әлпештеген жалғыз ұлы.

Мынадай мазмұнда ғашық болған жігітке қыз мынадай шарт қойған. Анаңның жүрегін ап келген күні мен сған жар боламын деген екен.Сол қызға есі ауған жігіт ұйқыда бейқам жатқан анасының түнде жүрегін жұлып алған екен.Қыздың шартын орындап анасының жүрегін қызға әкеле жатып шалынып қолындағы жүрек жерге түсіп кеткен екен.

Ананың кезі барма кекті болған,

Оқыста жүрек түсіп кетті қолдан,

Ұмтылса топырақта жатқан жүрек

Құлыным байқасаңшы депті оған.

Бұл-Ананың баласын қаншалықты шексіз сүйетінін білдіретін терең мәнді көңілсіз мысал.

Бала,бала,бала деп,

Түнде шошып оянған,

Түн ұйқысын төрт бөліп

Мұздай бесік таянған.

Ана сүтін Анаңды меккеге үш реет арқалап апарсаңда өтей алмайсың.Сіздерге «Ана өсиеті» термесін тарту етпекпін қабыл алыңыздар.

Арлан:-Атыңнан айналайын қара өлеңім,

Төрдегі төресі өзің бар өнердің.

Өзіңді есте сақтап айтқан адам

Алғысын әрқашанда алар елдің.

Дана:-Өлеңді мен айтпаймын желіккеннен.

Өлеңді ел тыңдамас еріккеннен.

Қазағым «Өнер алды қызыл тіл» деп,

Ежелден өнерге жол беріп келген.

Жаннұр:-Қара өлеңге келгенде қасармаймын.

Өлең десе үйімде жата алмаймын.

Зеңбіректің оғындай қара өлеңді,

Ал төтеп көр сіз жаққа қатарлаймын.

Арлан :-Дана байқаймысың жұрттың көңілі елітіп,арқасы қоза бастаған сияқты.

Дана:-Иә, Арлан, қайда көз тастасаңда көңілді жастар көрік пен сән.

Арлан:-Қайда құлақ тастасаңда кеу-кеу әңгіме,асқақ ән шат күлкі қарашы.

Дана:-Бұл маңнан жәрмеңке тарағасында айлар бойы қымыздың исі аңқып ду-ду әңгіме естіліп тұратындай.Дәл осы дала думанда Арлан ,дауысыңды естісек деп келген жұртқа жырдан шапан жаппайсың ба?

Мәлика:-Күй қазақ өмірінің бүгінгі күнге дейін жеткізіп,ұстанған сырын,ізгілік арманын асқақтайды.

Уа әлисса,әлқисса,

Алатаудың бар асу.

Қарлы шыңы әлқисса

Көкшетаудың жарасым.

Сәнмүсіні- әлқисса

Қаратаудың қарайған.

Қия тасы- әлқисса

Бар әулие, абыздың.

Қорқыт тартқан Қобыздың,

Сияпаты-әлқисса.

«Әлқиса» күйі орындалып, сахна шымылдығы жабылады.



Шығыс Қазақстан облысы

Тарбағатай ауданы

«Өкпеті» орта мектебі

«Өнер» үйірмесінің жетекшісі

Құнафин Бекболат Ағзанұлы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Дала думан

Автор: Кунафин Бекболат Агзамович

Дата: 19.11.2016

Номер свидетельства: 360493

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) ""Наурыз думан" кеш"
    ["seo_title"] => string(16) "nauryzdumankiesh"
    ["file_id"] => string(6) "286048"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454267204"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Ж?р , «Думан?а» барамыз"
    ["seo_title"] => string(18) "zhurdumangabaramyz"
    ["file_id"] => string(6) "327548"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1463461529"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(116) "Сценарий утренника  "Наурыз - думан" в младшей группе "Смешарики""
    ["seo_title"] => string(67) "stsienarii-utriennika-nauryz-duman-v-mladshiei-ghruppie-smieshariki"
    ["file_id"] => string(6) "312167"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459315113"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) ""Наурыз - думан" тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(28) "nauryz_duman_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "401708"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1489984349"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(25) ""Наурыз" думан"
    ["seo_title"] => string(14) "nauryz_duman_2"
    ["file_id"] => string(6) "415494"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1494840486"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства