Бұл әдістемелік құрал мектепке дейіңгі балалармен жұмыс жасайтын тәрбиешілер мен музыка жетекшілеріне арналған.
Түсінік хат.
Мерекелік сәттерді әрбір сәби, әсіресе балабақша тәрбиеленушілері асыға күтеді, олар өз өнерін жолдастарына және ата-аналарына көрсетуге әуес.
Мерекелік ертеңгіліктер ән салу,әуен ырғағымен би билеу, музыка аспаптарында ойнау арқылы музыканы сүйе білуге баулиды. Қатар отырып қуанып, толғану балаларды татулыққа, жауапкершілікке тәрбиелейді.Мәнерлеп оқу,инсценировка, музыкалық шығармаларды орындау, залды, топтардың бөлмелерін безендіріп, көркемдеу балалардың көңілдерін көтереді, эстетикалық сезімдерін оятады. Балдырғандардың ортаға салар өнері, орындаушылық ерекшеліктері, көңілді де әнді оын түрлері, ата-аналардың, ересек адамдардың анда-санда өз өнерлерін көрсетуі, бүлдіршіндердісыйлықтармен марапаттауы балалар өмірінде аса қуанышты сәттерге айналады.
Ертеңгіліктердегі музыка ерекше рөл атқарады. Эмоциянальдық ықпал етудегі үлкен күшке ие болған ол, балалардың бойында тиісінше салтанатты-көтеріңкі, жайбарақат, көңіл- күйлерді қалыптастырады. Сөйтіп, ертеңгіліктердің тақырыбына сай пайдаланатын музыка репертуары да сан түрлі болады. Тақырыпқа байланысты әндер, билер, көріністер, ойындар да жоспарланады.
Ең алдымен ертеңгілік терең мазмұнды ойын ретінде ұйымдастырылғаны дұрыс. Балалар өнер көрсетіп жатырғанда, ойыншықтар тиелген машина шыға келсе, немесе қолында сиқырлы таяғы бар сиқыршы Мыстан кемпірді сиқырлап Ақ әжеге айналдырса, орманнан аңдар қонаққа келсе балалар таң қалып мәз мейрам болады.
Қазіргі таңда балабақшада түрліше мерекелер өтеді. Соның бірі Тәуелсіздік күні. Қоғамдық-саяси мәні бар салтанатты мереке. Қолдарына гүл алып, түрлі-түсті шарлар, жалаушалар ұстаған, әсем киінген балалар шеруге шыққандай көріністе болу керек. Ұрандар айтылып, Әнұран шырқалып мереке құрметіне Отанымыздың ұлылығына арналған құттықтаулар айтылса, бала есінде мәңгі қалары сөзсіз.
Жаңа жыл ертеңгілігін балалар ерекше күтеді, тіпті ұялшақ, жасқаншақ балаларға дейін көпшіліктен шет қалмайды. Аяз-ата –балалар сағына күткен ғажайып қонақ. Онда сиқырлы таяқ та, шам да, қолғап та табылады. Ол таратын сыйлықтар қызықты қылып таратылса, балалардың жадында ұзақ сақталады.
Мектепке шығарып салуға арналған ертеңгілік даярлық топтар үшін ұйымдастырылады.
Кез келген ертеңгілікке балалардың мейілінше көбірек қатысқаны жақсы. Әр баланың мейрамға қызыға қатысуы, әр балаға ойындардан орын тауып беру тәрбиешінің маңызды міндеті.
Ертеңгілік уақытында басталып, ұзаққа созылмай, мерзімінде аяқталуын қадағалау керек, негізінде мақсат балалардың жалықпай рахаттануында.
Төменде ұсынылып отырған ертеңгіліктер негізінен балабақшаның бүлдіршіндеріне арнайы дайындалған.
«Алтын күз» мерекесі
Безендіру:Зал «Алтын күз» мерекесіне байланысты безендірілген.
Мақсаты: «Алтын күз» мерекесінің кереметтерін- күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық, күз-шаттық, күз-қуаныш екеніні бала санасына жеткізу.
Кейіпкерлер: Бұлт, Күн, Алтын күз.
(Балалар ән ырғағымен залға кіріп, шеңбер бойынша тұрады).
Жүргізуші: Береке бақ дарыған, Жомарт көңіл, жарқын жүз. Сары алтынға малынған, Жетті міне, алтын күз! – Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздің зал қандай әдемі, қаншама түрлі – түсті жапырақтарға толы. Балалар, бүгін бізде қандай мейрам? Балалар: Күз мейрамы!
1 бала: Алтын, сары, қызы, көк, Алуан – алуан жапырақ. Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап.
2 бала: Көк майсалы көрікті, Алқаптағы көп егін. Бұл күндері киіпті Сары жібек көйлегін.
3 бала: Ой,балалар, балалар, Қонырқай күз болыпты Құлап жапырақ солыпты.
4 бала: Ой,балалар,балалар, Ел егінін орыпты Қамбалары толыпты.
Жүргізуші: Ой, балалар! Естіп тұрсыңдар ма? Жаңбыр жауайын деп тұр. (жаңбырдың даусымен залға бұлт кіреді)
Бұлт: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Бұлт: Күзгі көк бұлт мен болам Көтеріліп теңізден, Аспанға биік барамын Қаласам қазір сендерге Жаңбыр болып жауамын. (Балаларға жаңбыр шашады).
Жүргізуші: Жаңбыр, жаумай тоқтай тұр, Дабылыңды соқпай тұр. Саяғынды түгендеп, Үйіріңді соқпай тұр! – Біз сен жайлы ән білеміз және осы әнді саған сыйлаймыз.
Ән: «Жаңбыр»
Бұлт: Рахмет, балалар! Қандай әдемі ән! Сендер жаңбырдан қорықпайсыңдар ма?
Жүргізуші: Міне, біз қандай батылмыз! (қолшатырды жазып, балаларды астына тығылуғы шакырады)
Бұлт: Сеңдердің ойнағыларын келеді ғой, мен сендерді тез ұстап аламын.
Ойын: «Қолшатыр»
Жүргізуші балалармен: Жаңбыр, жаңбыр, жау, жаңбыр! Жаңбыр келіп жауады Тамшылары тамады.
(Әннің ырғағымен балалар жүгіріп ойнайды, Бұлт орындықта отырып ұйықтайды. Бұлт балалардың даусынан оянып, оларға су шашады, сол кезде балалар қолшатырдың астына тығылады. Екі – үш рет ойнағаннан кейін орыңдарына отырады).
Бұлт: Балалар, сендер барлығын жылдам және шапшаң екенсіңдер, мен сендерді ұстап алмадым.
Жүргізуші: Бұлт, сенімен өте көңілді. Балалар сенімен ойнады, күлді, бірақ бізге әлі де біреу жетіспейтін сияқты. Бізде күн жоқ екен. Қане, балалар, бәріміз мейрамызға күнді қонаққа шақырыйық (балалар орындарына отырып, қолдарың шапалақтап, аяқтарың тыпырлатып, күнді шақырады). Күн келеді.
Күн: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер мені шақырдыңдар ма, достарым?
Балалар: Иә!
Күн: Мен жарқырап төбеде Нұрын төгіп тұрамын. Шуақ шашып бәріне Бала жанын ұғамын.
Бұлт: Күн, күн, тоқтай тұр! Сөзімен менің құлақ тұр. Ішім толы суға, Сусыз өмір бола ма? – Ендеше мен бәріне керекпін, мен мықтымын!
Күн: Жоқ, мен мықтымын! (Бұлт пен Күн дауласып, аяқтарын топылдайды)
Жүргізуші: Тынышталыңдар, дауласпандар! Балалар, Күн мен Бұлтты татуластыру үшін Күзді қонаққа шақырайық. Күз келеді.
Мен жалғыз келген жоқпын, өзіммен кішкене жапырақтарымды ала келдім. Кәне ортаға шығып шыр айналып жапырақтарым би билейік.
Би: «Күзгі жапырақтар»
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Алтын Күз ! Сені шақырған біздің балалар. Алтын күз, сен бізге көмектесші. Бұлт пен Күн екеуі кім мықты, кім бірінші деп дауласып тұр.
Күз: Олар неге олай дауласады? Қане, балалар, Күн мен Бұлтты татуластырайық. Ол үшін ойын ойнайық.
Ойын: «Тамшылар мен жапырақтар» (Кілемге үстінде тамшылар мен жапырақтар шашылып жатады. 2 – 4 бала шығып, бірінші себетке тамшыларды, екінші себетке жапырақтарды жинайды.)
Күз: Жарайсыңдар, балалар! Күн мен Бұлт тату болса Бәрі де көңілді. Тақпақтар...
Жүргізуші: Күн менен су бар жерде Бау – бақшада гүлденер. Ортаға шық, балалар,
Ән: «Бақша әні»,
(Ән айтылып жатқанда Күн мен Бұлт себеттегі тамшылар мен жапырақтарды алмалар мен алмұрттарға айырбастап қояды).
Күз: Біздің достарымыз Күн мен Бұлт қайда кеткен?
Бұлт: Алтын күз, қарашы, біздің жапырақтарымыз бен тамшыларымыз сиқырлы екен!
Күн: Олар тәтті алмаларға айналып кетіпті.
(Бұлт пен Күн себеттегі алмаларды балаларға көрсетеді)
Күз: Ендеше ешқашанда дауласпаңдар, дос болыңдар!
Барлық кейіпкерлер (Күн, Бұлт, Күз): Ал, балалар, сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңыздар!
Жүрг: Балалар, міне біздің мейрамымыз да аяқталды. Бірақ күз бізбен әлі қоштаспайды. Біз далаға серуенге шыққанда онымен кездесеміз.
Жүрг: Балалар мынау кім болды. Бізді көріп ашуланып қалды ғой. Балалардың жауабы: Білмейміз, танымаймыз.
Батпақ қыз: (Көзін алайтып, таңдана) Мені танымайсыңдар ма, мен жаңбырдан кейін бүкіл жолда шалқайып жатамын ғой. Сендердің аяқ киімдеріңе жабысамын.
Жүрг: (Батпақ қызда айналып жүреді де) түсінбедім, жаңбырдан соң жолда не болушы еді. (Балаларға сауал қою, балалар батпақ екенін шешпесе, жүргізуші көмекке келеді.)
Батпақ қыз: (Екі қолын беліне таянып). Иә-иә, бұл мен Б А Т П А Қ ҚЫ З Б Ы Н. (кір қолымен балаларды ұстағысы келеді).
Күз ханшайымы: Мен өзіммен бірге жапырақтарымды ала келдім. Келіңдер ортаға шыр айналып би билейік.
Би Даярлық топ «Саңырауқұлақ»
Ересек топ «Жапырақтар»
Жүрг: Біз өнерімізді жалғастырамыз.
Тақпақтар:...
Ән: Ересек топ «Алтын күз»
Б/Қ. (Ханшайымның жанына келіп, құлағына сыбырлаған болып) Олар тіпті өте-өте ақылды, иә-иә.
Ханшайым: (Жан-жағына қарап) Қой рас па. Кәне, көрейін. (Балаларға) Балапандарым мына батпақ қаз сендерді мақтап болмайды. өздері ақылды, өздері күшті, өздері мықты, өздері сұлу, өздері тағыда тағы..
Жүрг: Батпақ қыз дұрыс айтады. Біздің балалар өнерлі де ақылды.
Ханшайым: Онда жұмбағымды шешіңдерші!
а)Бұл не деген көп киім,
Жетпіс қабат көк киім.
Жаңбыр одан өтеді,
Түймелеуге жетпейді.
(Қырыққабат)
ә)Бақшаның алып жемісі,
Қайнамай піспес келесі.
Қоңыр күзге сақтайды,
Сары майдай ел іші.
(Асқабақ)
Мақал-мәтел білесің бе?
а)Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
ә)Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
б)Еңбегің қатты болса,
Татқаның тәтті болар.
Ханшайым: Тамаша,керемет мен сендерге қатты риза болып отырмын. Сендердің байлықтарың- ол білімдерің, жақсы тәрбиелерің мен өнерлерің
Балалар енді сендердің ата-аналарыңызбен бір ойын ойнап жіберейік «Кім шапшаң» ойыны ойналады.
Ойын: «Кім шапшаң»
Шарты: Екі тарелкеге екі алманы салып, екі ата-ананы шақырып, кім тарелкедегі алманы тез жиді, анықтау алманы қолмен ұстауға болмайды.
Тақпақтар:...
Ән: «Күзгі кәрзеңке»
(Балаларға риза болып, өз сыйлығын тартады).Балалар бізге бақшаға қайтатын уақыт келді, сендерге көп рахмет. Рұқсат болса біз қайтайық. (Ханшайым мен Батпақ қыз шығып кетеді)
Жүрг: Осымен «Алтын күз ертеңгілігіміз аяқталды. Қош сау болыңыздар.
Күз мезгілінде күннің шуағы азаятынын бәріміз де білеміз, дегенмен де күннің ыстық жылуын қимай балаларымыз қазір ән орындап береді.
Ән «Күн»
Жүргізуші: - Ал, балалар, балалар, Енді бері қараңдар. Бізге қонақ келмекші Сендерді бір көрмекші. Әуелі жұмбақ жасырам, Қулығымды асырам. Таба алсаңдар шешімін, Қонағымды дәл ортаға шақырам. Жұмбақ: Жиып-теріп болатын, Қамбаға астық толатын. Қызыл қырман ойнайтын, Қай мезгілде ойлайсың? Дұрыс, күз мезгілі. Ал, күзде табиғатта қандай өзгерістер болады екен? (Балалардың жауабы). Өте жақсы. Ендеше, уәде еткенім дей ортаға қонағымыз - Алтын күзді шақырайық! (Музыка ойнап, ішке Алтын күз келіп кіреді). Алтын күз: Сәлеметсіздерме, балалар! Сәлеметсіздерме, қонақтар! Мен - Алтын күзбін! Жайдары, жарқын жүзбін. Қонаққа келдім сендерге. Сәбіз, картоп, тәтті алма! Оған достым таң қалма! Жапырақ та сиқырлы, Ойын ойнар түр-түрлі! («Балапандар» биін орындайды) Жүргізуші: Рахмет, саған Алтын күз! Қабыл алдық сыйды біз! Отырыңыз жайғасып! Ойыннан бұрын балаларымыздың сізге арнаған тақпақтары бар, тыңдап өтелік.
Тақпақтар:
Мадина: Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл, жарқын күз.
Сары алтынға малынған,
Жетті міне, алтын күз!
Назгүл: Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін.
Жомарт екен күз - деген.
Жазира: Қыстың жақын қалғанын ,
Жапырақтар білгендей ,
Желмен ұшып барады ,
Жерге қонып үлгермей .
Жансерік: Алақай, алақай
Шаттанды балақай
Күз түсті, дән пісті.
Айтамыз алғысты.
Жүргізуші: Ал, ендеше, балалар, бекер қарап тұрмаңдар. Жапырақ пен сиқырлы, ойынды тез ойнаңдар.
Ойын «Кім тез жапырақтарды жинайды?»
Ән «Ойыншықтар» ( Жігер, Назерке, Нұрзат, Альфия, Назгүл, Әмина, Мадина) Алтын күз: Жарайсыңдар, балалар! Тағы қандай өнер бар? Жүргізуші: Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп түсетін Мақтанбақшы сендерге, көкөністер мен жемістер сан түрлі! (Ортаға күзгі бақтан келген қонақтар шығып, өздері туралы тақпақтар оқиды).
Алма (Амина): Дәмі аузыңнан кетпейді.
Қызыл алма шырын бал.
Көктей тісің өтпейді
Піскен кезде үзіп ал.
Асқабақ (Айсұлтан): Қауыннан да басқарақ
Қарбыздан да басқарақ,
Семіріпті бақшада
Қандай болып асқабақ.
Шие (Сая): Мен маржандай шиемін
Күн сәулесін сүйемін.
Жемістерім піскенде
Жерге басымды иемін.
Қияр (Алихан Т.):Дәнін егіп қиярдың
Тыным таппай сұрадым
Түйнектерін көргенде,
Бес алғандай қуандым.
Пияз (Айтжан): Қос батырдай түйілген
Тоғыз сауыт киінген,
Аршимын деп пиязды
Жылап шықтым үйімнен.
Алмұрт (Қайсар): Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың
Жақсы өсіре алмайды.
Қараса егер салғырт кім.
Алтын күз: Бәрекелді, керемет! Жүргізуші: Алтын күз, біздің балалар көкөністерді жемістерден қалай жақсы көретінін білесіз бе?
Алтын күз: Білемін, білемін, сондықтан да сендермен ойын ойнағым келіп отыр.
Ойын «Кім тез жинайды?». Жүргізуші: Біздің балалар көкөністер мен жемістерді өте жақсы көреді.
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Көрдіңізбе, Алтын күз, біздің балалар қандай епті, жылдам. Олар сізге онымен қоса би билеп бермекші. Би «Көгершіндер» (Н.Торехан, Айтжан, Біржан, Алан, Бақыт, Құралай, Асылжан, Диана) Алтын күз: Өте жақсы биледіңдер, рахмет, балалар! Қандай ақылды балаларсыңдар! Мына көгершіндердей дос болыңдар! Керемет! Балақайлар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше! Жүргізуші: Балалар, Алтын күзге рахмет айтайық! Келесі кездескенше аманшылық болсын! (Балалар Алтын күзбен қоштасады.Музыка ойнап Алтын күз шығып кетеді). Жүргізуші: Алтын күздің сыйы-жемістерден де дәм тататын кез келген сияқты. Тобымызға баруға жиналайық. Соңы.
«Күз ханзадасы мен ханшайымы»
Мақсаты: Балаларға күз мезгілі туралы түсінік беру, білімдерін жетілдіріп, жемістер мен көкөністердің пайдасын түсіндіру, тақпақ, жұмбақ айтып байланыстырып сөйлеу әдістерін үйрету. Көрнекілігі: шарлар, тақырып жазылған плакаттар, балалардың басына киген атрибуттар. Жүргізуші: Құрметті қонақтар, бүгін біздің №31 «Күншуақ» балабақшасының «Күз ханзадасы мен күз ханшайымы» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Армысыздар, халайық, Бармысыздар халайық! Күзгі тойды жұп жазбай, Келіңдер қарсы алайық! – дей келе алдарыңызға бүгінгі сайысымызға қатысқалы отырған сайыскерлерімізді шақырайық: 1 — номерде:Ізтілеу Раушан-Қапқанов Дильнар «Шағала» ересек тобы 2 — номерде:Абдолла Жангүл-Ералдин Досхан «Балдәурен» ортаңғы тобы 3 - номерде: Орнова Зағипа- Сейтмағанбетов Абылай «Еркетай» ерсек тобы 4 - номерде: Садуақасова Еркеназ-Серік Даулет «Достық» ортаңғы тобы 5 - номерде: Мұхит Айым-Қуаныш Бекнұр «Нұршуақ» мектепалды даярлық тобы
Жүргізуші:
Күз мейрам құтты болсын баршаға,
Күздің сәні келіп қапты ортаға.
әділқазы алқалармен таныстырып,
кетейінші осы отырған баршаңа,-дей отырып құрметті көрермендер енді осы сайыскерлерімізді сараптайтын сарапшыларымызбен таныстырып өтейін: 1. Балабақша меңгерушісі: Тажиданова А.А 2. Балабақша әдіскері: Ямалетдинова Ж.Ю 3. Балабақша логопеды:Ғалия Утеуліқызы
4. Ата – аналар комитетінің төрайымы -------------- Сайыскерлерге шарттарымызбен таныстырып өтейін: 1шарт «Менің ата-тегім» Таныстыру 2шарт «Өнерлі өрге жүзер» Өз өнерлерін көрсету еркін тақырыпта 3 шарт «Күзгі натюрморт» Көкөніс пен жемістерден салат жасап әкелу, салаттын жасалу жолдарын түсіндіру. 4 шарт: «Сән үлгісі» Өз фантазиясы бойынша еркін тақырыпта сән үлгісін дайындау 5 шарт: «Көрме» Үй тапсырмасы ата-анамен бірлесе күз мезгіліне арналан көрме
Өнер қуып әрбірі өтер дейміз. Бір басына өнері жетер дейміз. Сайысқа келген сайыскерлер кезектесіп Өздерін таныстырып өтер дейміз. Сайысымыздың бірінші шарты бойынша сайысқа қатысушылар өздерін таныстырып өтеді. Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар біздің сұлу да сүйкімді ханшаларымыз бен салмақты да сымбатты ханзадаларымызды. 1-— номерде:Ізтілеу Раушан-Қапқанов Дильнар «Шағала» ересек тобы 2 — номерде:Абдолла Жангүл-Ералдин Досхан «Балдәурен» ортаңғы тобы 3 - номерде: Орнова Зағипа- Сейтмағанбетов Абылай «Еркетай» ерсек тобы 4 - номерде: Садуақасова Еркеназ-Серік Даулет «Достық» ортаңғы тобы 5 - номерде: Мұхит Айым-Қуаныш Бекнұр «Нұршуақ» мектепалды даярлық тобы
Ендігі кеэекте ортаңғы топтың қыздарын «Қолшатыр» биімен ортаға шақырайық
Өнер жаста жаныңдар Шақырған сайыстарға бірі - бірін Өнерпаздар дарындылар Көрейік, ән, биді көрермендер Көрсетсін сайыскерлер өнерлерін - деп сайысымыздың екінші шарты бойынша сайыскерлерімізді өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.
1— номерде:Ізтілеу Раушан-Қапқанов Дильнар «Шағала» ересек тобы 2 — номерде:Абдолла Жангүл-Ералдин Досхан «Балдәурен» ортаңғы тобы 3 - номерде: Орнова Зағипа- Сейтмағанбетов Абылай «Еркетай» ерсек тобы 4 - номерде: Садуақасова Еркеназ-Серік Даулет «Достық» ортаңғы тобы 5 - номерде: Мұхит Айым-Қуаныш Бекнұр «Нұршуақ» мектепалды даярлық тобы
Жүрг:Сайысымыздың үшінші шарты бойынша сайыскерлерімізді «Күзгі натюрморт» аттыжеміс -жидектен және көкөністерден жасалған салаттарын әділқазыларға ұсынады. Жасалу жолын түсіндіреді.
1— номерде:Ізтілеу Раушан-Қапқанов Дильнар «Шағала» ересек тобы 2 — номерде:Абдолла Жангүл-Ералдин Досхан «Балдәурен» ортаңғы тобы 3 - номерде: Орнова Зағипа- Сейтмағанбетов Абылай «Еркетай» ерсек тобы 4 - номерде: Садуақасова Еркеназ-Серік Даулет «Достық» ортаңғы тобы 5 - номерде: Мұхит Айым-Қуаныш Бекнұр «Нұршуақ» мектепалды даярлық тобы
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен Әр сұлу әсем болар өз сәнімен Күз сәні өнерімен ортаға шығып Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен– деп сайысымыздың төртінші шарты бойынша сайыскерлерімізді өз фантазиясы бойынша сән үлгісімен ортаға шақырамыз.
1— номерде:Ізтілеу Раушан-Қапқанов Дильнар «Шағала» ересек тобы 2 — номерде:Абдолла Жангүл-Ералдин Досхан «Балдәурен» ортаңғы тобы 3 - номерде: Орнова Зағипа- Сейтмағанбетов Абылай «Еркетай» ерсек тобы 4 - номерде: Садуақасова Еркеназ-Серік Даулет «Достық» ортаңғы тобы 5 - номерде: Мұхит Айым-Қуаныш Бекнұр «Нұршуақ» мектепалды даярлық тобы
Сайысымыздың келесі шарты бойынша «Күз мезгіліне арналған көрме»
1— номерде:Ізтілеу Раушан-Қапқанов Дильнар «Шағала» ересек тобы 2 — номерде:Абдолла Жангүл-Ералдин Досхан «Балдәурен» ортаңғы тобы 3 - номерде: Орнова Зағипа- Сейтмағанбетов Абылай «Еркетай» ерсек тобы 4 - номерде: Садуақасова Еркеназ-Серік Даулет «Достық» ортаңғы тобы 5 - номерде: Мұхит Айым-Қуаныш Бекнұр «Нұршуақ» мектепалды даярлық тобы
Осымен сайысымыздың шарттары аяқталды . Әділ-қазылар қорытынды шығарғанға дейін Нұршуақ тобының биші қыздарын «Күзгі жапырақтар» биімен қарсы алайық.
Сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз. Марапаттаулар
Құрметті қонақтар осымен «Күз ханшайымы, күз ханзадасы» атты сайысымыз аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет. Сау саламатта болыңыздар!
«Ұстаздар мерекесі»
Мақсаты: Балаларға ұстаздар, олардың тәрбиесін дәріптеу, білім мен біліктілікті ұстаз еңбегінен бастау алатының балалардың санасына жеткізуге, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу.
Өтілетін орны: Музыка залы
Қктысушылар: Қуыршақ, мысық
Көңілді музыка орындалып тұрады.
Жүргізуші: Білімнің кәусәр бұлағын, Жүресің құйып санама, Біз үшін сенсің - мұғалім, Ұстаз да, ғылым дана да
Армысыздар, бармысыздар, Қош келдіңіздер, Құрметті де аяулы ұстаздар! Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі!
Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ .
Ендеше алғы сөзді «Күншуақ» балабақшасының меңгерушісі А Тажидановаға береміз.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, тәрбиеші апайлар мерекелеріңіз құтты болсын!
Алдарынызда алғашқы рет ұйымдастырылған №31 «Күншуақ» балабақшасының ересек тобы мен даярлық тобынын өнерлі ұл-қыздарынан құралған хор ұжымының орындауында
Ән: «По малину в сад пойдем»
Ән: «Құтты болсын мереке»
Ән: «Тәрбиеші апай»
Тақпақтар:
Айша:
Армысыздар, жиналған қауым ұстаз.
Күні бүгін ұстаздардың мерекесі.
Құтты болсын мереке баршаңызға,
Жүріңіздер үнемі сіздер алда.
Нұраман:
Ұстаздар қауымы сіздерді 2 қазан «Ұстаздар күні» мерекесімен
(хормен) құттықтаймыз!
Раушан:
Ұстаз-ұлы тұлға.
Ұстазға ғалым да, шахтер де, дәрігерлер де, ұлы ақындар да табынып, бас иген.
Ән: «Күн дидарлы Қазақстан» орындайтын дуэт.
Қораптан Қуыршақ шығады.
Қуыршақ:
Амандасады.
Мен көңілді қуыршақ,
Қарақатпын әдемі,
Ойын ойнап, би билеп,
Көтерейік көңілді.
Алақанды соғайық,
Аяқты да қозғайық.
Барлық бала бірігіп,
Мерекемен құттықтап ,
Би билейік көңілді.
Ендеше «Қуыршақ биіне» кезек берейік.
Қуыршақ: Балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын ойналады.
Қуыршақ:Балалар менің аяғым шаршады, демалып алайын.
Жүргізуші:Қуыршақ демінді ал, біздің балалар мерекеге арнаптақпақтарын оқиды.
Тақпақтар: (Айым, Ерсаят,Самира)
Музыка әуенімен мысық келеді.
МысықМен әдемі мысықпын мияу, мияу, мияу. Тез жүгіре аламын.жылы жерде ұйықтағанды жақсы көремін.Менен тышқандар қорқады мяу,мяу, мяу.:
Жүрг:Мысық сен не істеп жүрсін бұл жерде?
Мысық:Мен ұстаздарды мерекемен құттықтауға келдім. Өз өнерімді ала келдім.Домбыра тартып, ән айтып берейін.
Жүрг:Балалар қуыршақ қатты ұйықтап қалыпты. Қолдарымызбен шапалақтап оятайық.
Қуыршақ: Ой мен қатты ұйықтап қалыппын, біраз дем алдым. Салеметсіз бе мысық!
Мысық: Сәлем қуыршақ.
Жүрг: Қуыршақ, мысық сендер отырып біздің балалардың өнерін әрі қарай тамашалаңдар!
Тақпақтар:(Мадина, Мөлдір, Назым, София,Раушан)
Ән: «Бүгін қай күн?»
Қуыршақ пен мысық: Біздер енді қайтайық сіздермен уақытымыз көңілді өтті, Балалар мектепке барғанда сабақты жақсы оқып, ұстаздарынды тыңдандар! Ал ұстаздар сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз! Сау болыңдар!
Ән: «Ұстаздарға мың алғыс!»
Жүрг: Осымен «ұстаздар күні»мерекесіне арналған ертенгіліміз аяқталды. Қош сау болыңдар!
Қарттарын қадірлеген - ел ардақты»
Мақсаты:Балалардың мерекелер туралы түсініктерін кеңейту Мерекелік шараларға деген қызығушылықтарын дамыту. Ата-әжелерін үлкендерді қадірлеуге тәрбиелеу
Жүргізуші:
Дүниеге келер бір рет,
Дария кеуде тау мүсін.
Құрыштан құйған құдірет,
Қарттарым аман-саумысың!
Құрметті қонақтар асыл қазына қарияларымыз бүгінгі өткізгелі отырған «Қарттарын қадірлеген - ел ардақты» атты шағын концертімізге хош келдіңіздер!
Жүргізуші:
Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кеңін арқалаған аталар.
Алдарында жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар-деп бүгінгі кешіміз «Шағала» мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілерінің «Әжемнің шәйі» әнімен ашамыз.
Ән:«Әжемнің шәйі»
Жүргізуші: Рахмет балалар!
«Достық» тобының бүлдіршіндерінің орындауында «Тамшылар» биі. Қабыл алыңыздар!
Би: «Тамшылар»
Жүргізуші:
Ата менен немере –аяқталмас бір дастан
Екеуіңе керегі- ашық болсын нұрлы аспан
Балаңыздан тәтті дейді немере,
Күн секілді көтересіз төбеге демекші бүгінгі сіздерге арнаған немерелеріңіздің ақ тілегін қабыл алыңыздар.
Балапан тобынан:
Әділет:
Менің әжем мейірбан
Мені жақсы көреді
Қажетіне жарасам
Жас балаша күлесің.
Алия:
Еркелетіп аялаған
Әлпештеген әжетайым
Басымды иіп бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын!
Бөбек тобынан:
Арманым едің аңсаған
Әже- ата бақыт мен саған
Ұрпағың болып жалғасам
Қуаныш болып мен саған
Аман болсын басыңыз
Ағармасын шашыңыз.
Шөбере сүйіп әліде
Жүзге жетсін жасыңыз
Жүргізуші:
Ата күні, әже күні, әлем күні,
Әлемде тербеліңдер ақылды үні
Әжесіз туған жан жоқ жер бетінде
Ұғып ал бөбектерім сендер мұңы.
Келесі кезекте көрініс: «Ата, әже, немере»
Жүргізуші:
Нағыз ата ақыл гөй де, асқар жан,
Барлық ұрпақ аталардан басталған.
Ата- әже өздеріңе арналмақ,
Бұл айтатын өлең шумақ асқақ ән.
Шаттық тобының тәрбиеленушілері :
Әжем өрнек тереді.
Сырмақ отыр оюлап,
Басы ауыра береді
Шәй ішпесе коюлап.
Аман болсын басыңыз,
Ағармасын шашыңыз.
Шөбере сүйіп әліде,
Жүзге жетсін жасыңыз.
Гүлдер тобының тәрбиеленушілері:
Ата отыр кәріміз,
Қуат берер дәріміз.
Әулиеден аялап,
Ардақтаймыз бәріміз.
Атам менің аманда,
Әдепті жан бол деген,
Атам сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем.
Мереке деп халқым шашу шашады.
Той деп бүгін әлем сырын ашады.
Қарттар күні мейрамымен құттықтап,
Бишілер өнерлерін шашады.
Нұршуақ тобының орындауында «Буратино» биін қабыл алыңыздар!
Келесі кезекте «Еркетай» кіші тобының ақ тілегін қабыл алыңыздар.
Көкке ормелеп көңілін
Нұрға толсын өмірің
Бақытты бол жан әке,
Ұзақ болсын өмірін.
Ей, тәкаппар дүние,
Мағанда бір қарашы.
Танимысын сен мені,
Мен қазақтың баласы.
Жүргізуші:
Қарттарым сіздерге алла саулық берсін,
Денсаулық ауыз бірлік берсін
Немерелеріңіз аман болып,
Осылай концерт қойып шауып жүрсін.-дей келе тілек тілеп, бүгіңгі кешімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп көп рахмет!Енді сіздерден осы балаларыңызға бата беруіңізді сұраймыз.
Ұстазым менің ұстазым!
Құрметті ұстаздар қауымы! Сіздерді қазан айында өтетін мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздердің бала көңілдеріңіз әр тәрбиеленушілердің жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мерейлі мерекеде деңдеріңізге саулық , отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілейміз.
Бүгін кешіміздің шымылдығын ашып беру үшін балабақшамыздың меңгерушісі Тажиданова А.А сөз береміз.
1-жүргізішісі:
Білімнің кәусәр бұлағын,
Жүресің құйып санама,
Біз үшін сенсің –мұғалім,
Ұстаз да, ғылым дана да.
Шағала тобы: «Бұлқынды жүрек» әні.
2-жүргізуші:
Қыр сырын зерттеп заманның,
Ұлылығын айтып бабамның
Өнерге өріс беретін.
Барометрі сенсің адамның.
1-жүргізуші:
Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерін оқытқан,
Құттықтау сөз бүлдіршіндерге беріледі.
Тақпақтар: Әділхан, Алина, Сабина, Ақмарал.
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, сөздеріңізді ықыласпен тыңдап, жан-жақты білім бергендеріңіз үшін ұстаздарымызға айтар алғысымыздың шегі жоқ.
1-жүргізуші:
Оқыттыңдар ұл-қызым, деп,
Күлімдеген ұстаздар.
Ән арнадық арнайы,
Тағзым ете, ұстаздар.
Нұршуақ тобы: «Кішкентай жұлдыздар» биімен
1-жүргізуші:
Қара сөздің дауылы,
Құрмет еткен ауылы.
Сыйымызға риза бол,
Мұғалімдер қауымы!
Тақпақтар: Кәусар, Жасмин, Мади.
1-жүргізуші:
Мұғалім ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі ұланын,
Ұланың бүгін тойында,
Арнайды сізге бұл биін
Достық тобы: «Тамшылар» биін билейді.
2-жүргізуші:
Ақыл, білім көп бердің,
Анамдайсың балабақшам
Сенде өсіп көктедім,
Сенсің өмір көктемім.
Алғастырым көп менің
Нұршуақ тобы: «Томпаңбай» әні
1-жүргізуші:
Асыға сәлем жлдап жүректен біз,
Бірге өсіп ен жайлаған ұл мен қыз,
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,-дей келе алдарыңызда балабақшамыздың мың бұралған бишілерін ортаға шақырамыз.
«Грузин» биі орындайтын «Нұршуақ» тобы.
2-жүргізуші:
Ақыл, білім көп бердің,
Анамдайсың балабақшам
Сенде өсіп көктедім
Сенсің өмір көктемім.
Алғыстарым көп менің
«Нұршуақ» тобы «Қарлығаш» биімен .
Шағала тобы: «Ұстазым» әні.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,- деп Абай атамыз айтқандай , ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойыңдаймыз. Мерекелеріңізбен құтты болсын! Ұстаздар мерекесіне арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз!
«Жаңа жылдың әуедері сыңғырлайды»
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілінің ерекшеліктері жайында білімдерін бекіту.Эстетикалық талғамын жетілдіру. Ертегілерге деген қызығушылығын ояту. Балалардың рухани мәдениетін қалыптастыру. Тез, шапшаң қимыл-қозғалысын тәрбиелеу.
Музыка залы мерекеге сай безендірілген.
Көңілді музыкамен залға балалар билеп кіреді.
1- бала: Армысыңдар, халайық! Бармысыңдар, халайық! Жаңа жылды жұп жазбай, Бірге қарсы алайық! 2- бала: Ертегі әлемі Қандай өзі әдемі, Жасыл шырша жанында, Барлық достар жиналды. 3-бала: Кәне құрбым, байқашы, Мән беріп қарашы! Достардың барлығы,
Үлгерді ме, санашы. (Қалған балалар залға кіріп, шеңберге тұрады.)
Тәрбиеші: Армысыздар қонақтар, балалар! Барлықтарыңды келе жатқан
Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын!
(алғы сөз балабақша меңгерушісіне беріледі.)
4 бала: Келді тағы жаңа жыл Қуантумен біздерді Құтты болсын жаңа жыл, Құттықтаймыз сіздерді!
5 бала :Аспан жерге төгеді, Ақ күмісін уыстап. Жаңа Жылда келеді, Бізге қарай жылыстап.
6-бала:Жаңа Жылды қарсы алып, Жасаймыз біз жылда бір. Жарқын – жарқын ән салып, Жалғасады жырға жыр.
Ән «Қыс қызығы»
(Музыка әуенімен залға Ақшақар кіреді)
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің Жаңа Жылда ертегі күтіп отырғандарыңды естідім. өзімнің сүйікті ертегілерімнің бірін ала келдім. Сонымен тыңдаңдар. Бір кішкентай қалашықта Кай деген ұл (Кай жүгіріп шығады), Герда деген қыз (қыз жүгіріп қасына келеді) болыпты. Әжелері өзінің сүйікті немерелерін өте жақсы көріпті. Бір күні оларды Жаңа Жылды тойлауға шыршаға жібереді. (Ақшақар
балалардың қолынан ұстап шыршаның артына кетеді).
( Кай мен Герда шыршаның артынан қол ұстасып тұрады)
Герда: Кай, Қар Ханшайымы балардың мерекесіне келеді ме? Кай: Келіп көрсін, мен оны пешке отырғызып қояйын. Ол сосын еріп кетеді (күледі) Кай мен Герданың қасына екі бала келеді. 1- бала: Шыршамыз, шыршамыз,
Көңілдіміз баршамыз. Ән салуға, би билеуге, Біз дайынбыз бәріміз. 2- бала: Ал, балалар, құр тұрмайық, Кай мен Герданы шақырайық. Ән салайық, қол соғайық, Жаңа жылды қарсы алайық!
Залға Қар Ханшайымы кіреді. - Ах, сен мұнда екенсің ғой. Жүр менімен! (Кайды алып кетеді) Артынан Герда жүгіріп: Кай, Кай тоқта! Шыршаның алдына келіп: - Қар Ханшайымы Кайды алып кетті, енді не істеймін? (Тізесіне отырып жылайды) Ақшақар: Жылама, Герда! Сенің жақсы шыдамды қыз екеніңді білеміз. Сен Кайды міңдетті түрде табасың, жол ұзақ. Жылы киіміңді киіп ал да, жолға аттан. (Тон, пима кигізеді)
Ойын: «Шыршаны безендіру»
Шарты: Екі бала «шыршаны» бейнелейді.Қалған төрт бала екі топқа бөлінеді. Белгі бойынша бірінші бала шыршаны безендіреді, екінші бала ойыншықтарын қайта жинайды. Бірінші келген бала жеңіске жетеді.
Залға Қар Ханшайымы кіреді. Қар Ханшайымы: Балалардың көңілді болғанын ұнатпаймын. Не ән? Не күлкі? Мен сендерге көрсетемін.
Тәрбиеші: Қажет емес, Қар ханшайымы , біздің балалар батыл да ақылды. Олар сізден қорықпайды.
Қар Ханшайымы: Ах, солай ма, жаман қыздар мен ұлдар! Күлесіңдер, көңілдісіңдер, ендеше қорғаныңдар. Эй менің сенімді көмекшілерім, мұздар! Қайдасыңдар? Алыңдар мына қарларды, ұшыңдар, ұшыңдар, барлығын мұз қылып қатырыңдар. Би: «Мұздар» (Би болып жатқанда шыршаның шамын сөндіру, барлық балалар «қатып» қалады. Қар Ханшайымы: Жарайсыңдар, менің көмекшілерім. Жақсы еңбектендіңдер. (Мұздардың басынан сипап, таққа барып отырады) Ақшақар: Ой, сұмдық. Мынау не болды өзі? Аналардың жүрегі ғана бұл мұзды еріте алады. Кәне аналар, жылдам балалардың аттарын қаттырақ айтып оятыңыздар. (Аналар балалардың атын атап, тірілтеді). Балалар бастарын көтеріп отырады. Ақшақар: Кәне бұл жерден кетіңіз. Біз Аяз Атаны шақырамыз. Сізге жаман болады. Қар Ханшайымы: Ха- ха-ха! Оны әлі көреміз, кімге жаман болатынын. Аяз ата келмейді. Герда Кайды таба алмайды.
Герда залға кіреді. Герда: Қалай ұзақ жүрдім, шаршадым, жатып дем алайын (шыршаның астына жатып ұйықтайды).
Жылқы: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мерекелерің құтты болсын! Ақшақар ! Ой мынау ертегідегі Герда қыз емес пе?
Балалар: Иә
Жылан Герданы оятады: Герда , сен мына орманда жалғыз өзің не істеп жүрсің?
Герда:Мен бауырым Кайды іздеп жүрмін.Оны Қар Ханшайымы алып кетті.
Мен оны қайдан табам. Мүмкін сіз білерсіз?
Жылқы: Нақты жасырынған жерін білмеймін ,бірақ мен оларды жаңа ана тау жақтан көргенмін. Ой,ой, Қар Ханшайымы қатаң, одан қорқуға болады.
Герда: Енді қайттым? Сол тау жаққа баруым керек.
Жылқы:Тоқта, Герда, тоқта, қарашы ана жақтан Қар Ханшайымының ат шанасы көрінді. Бізге қарай келе жатыр. Кәне тығылайық (Шыршаның артына тығылады)
Залға Қар Ханшайымы мен Кай кіреді. (ҚХ таққа отырады. Кай оның аяқ жағына отырады.) Кай: Жан – жағымыз тып – тыныш. Көңілсіз бәрі. (Мұз пішіндермен ойнап отырады) Қар Ханшайымы: Шудан көрі тыныштық жақсы ғой. Сен енді менің
қамалымдасың. Бірақ, көңілің түскен екен мен саған өлең
жолдарын тыңдатайын.
Тақпақтар:Қазақ, орыс ағылшын тілінде балалар тақпақтар айтады.
Кай: Мен де осы балалар сияқты тақпақ айтып,қуанып жүргім келеді.
Осы кезде шырша артынан Герда,Ақшақар, Жылан шығады.
Герда: Кай! Сен мені таныдың ба? Кай: Иә, таныдым, бірақ айқайлап менің мазамды алмашы.
Ақшақар: Балалар көмекке аяз атаны шақырайықшы
Балалар: Аяз ата,Аяз ата.
Аяз ата: Келе жатырмын! Келе жатырмын! Сәлеметсіңдер ме балалар! Амансыңдар ма қонақтар!Ақшақар қызым не болып қалды? Көңіл күйлерің жоқ қой?
Ақшақар: Ата мұнда Қар Ханшайымы Кай деген баланың жүрегін мұз етіп, сиқырлап тастады.Енді ол апасы Герданы таныса да жылы қабақ таныпай отыр.
Аяз ата: Солай ма балалар? Сендер куәсіңдер ме?
Балалар: Иә
Аяз ата: Ал ендеше
Бір,екі,үш
Қар Ханшайымы үш!
(таяқшасымен Қар Ханшайымын ұшырып, ерітіп жібереді.)
Аяз ата: Мінекей балалар жамандық жасағандар жазасын тартты. Ал балам , сенің жүрегіңді ертіп , жүзіңе жылуды сыйладым.
(Кайды таяқшамен стқырлайды)
Кай мен Герда құшақтасады.
Тәрбиеші: Рахмет, сізге Аяз ата, рахмет саған Ақшақар! Ал ендеше мерекемізді әрі қарай жалғастырамыз . Бізге өзімен бірге қуаныш әкелген Аяз атамызға ән шырқайық
Ақшақар: Ия балалар , шыршаның шамын жағуүшін бізге тағы да аяз атаның көмегі керек.Менімен бірге мына сөздерді қайталаңдар:
Қуант ,бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат!
(Ата шырша шамын жағады)
Ән: «Шырша жыры»
Би: «Кішкентай Аяз балалар»
«Кішкентай шыршамыз» әні
Аяз ата: Ой, бәрекелді! Әнді жақсы айтып, биді әсем билейді екенсіңдер, балалар. Мен осындай мерекеге осындай өнерлі балаларды дайындаған ата-аналармен ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын: «Аяз атаның қолғабы»
Шарты: Ойыншылар шеңберге тұрады. Ортаға бір қолғап беріледі.Музыка тоқтағанша ойыншылар қолғапты киіп, көршісіне береді Музыка тоқтаған кезде қай ата-ананың қолында қолғап қалады, сол баласының тақпағын айтып береді.
Ақшақар: Аяз ата, бүлдіршіндер сізге арнап би мен тақпақ дайындапты. Тамашалап көрейік.
Тақпақтар...
Аяз ата: Жарайсыңдар балаларым!
Тәрбиеші : Балалар ескі жылмен қоштасатын уақытымыз жетті. Жылан жылы сізге көп-көп рахмет. Бізге қуаныш пен бақыт сыйладыңыз. Қош сау болыңыз!
(Музыкамен жылан шығып кетеді)
Би: «Пираттар»
Ән: «Шырша жыры»
Ақшақар: Аяз ата, балалар манадан ойын да ойнады сізге арнап би де билеп,ән де салды. Сіздің оларға сыйлығың қайда?
Аяз ата: Сыйлық па? Сыйлық бар,бар. Шапалақ соғыңдар сонда сыйлықта болады.
Ортаға сыйлығымен Жылқы келеді.
Қой жылы: Армысыңдар, халайық! Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мерекелерің құтты болсын! Мен алдағы уақытта сендермен бірге боламын. Мереге арнапАяз атаның бұйрығымен ақылды, өнерлі балаларға сыйлық әкелдім.
Ақшақар: Ал, ендеше, біздің ертеңгіліміз өз мәресіне жетті.Кай мен Гердаға көмек бердік. Қар Ханшайымын Аяз ата ерітіп жіберді.Ескі жылмен Жылан жылмен қоштасып, Жаңа жылды қарсы алдық.
Аяз ата: Балаларымыз аман болсын!
Кай: Жаңа жыл сендерге бақыт әкелсін!
Герда: Жаңа жыл сендергекөптеген табыстар әкелсін!
Қой: Мен сендерге тек қуаныш сыйлаймын!
Тәрбиеші: Осымен, Жаңа жылдық ертеңгілігіміз аяқталды. Сау болыңыздар!
«Жасыл шырша жанында»
Мақсаты: Балаларға жаңа жыл кешінде көңілді көңіл-күй сыйлау. Мерекенің қызықты өтуіне белсенділік таныту.Балалардың эстетикалық талғамын дамыту.
Барысы: Зал мерекеге сай безендірілген.
Жүргізуші:
Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз біз жылда той.
Жарқын, жар0қын ән салып,
Жалғасады жылға жыл.
Жаңа жылдық мерекеге
Шақырамыз достарды.
Қане ,достар келіңіздер,
Шырша тойы басталды.
Балалар залға әуенмен кіреді.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, «Ертегі» ұжымы, бүлдіршін балалар Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Елімізге құт-береке әкелсін деп жаңа жыл мерекесін ашу үшін сөз кезегін балабақша меңгерушісі ------------ және---------- әдіскеріне беріледі.
Ән: «Жаңа жыл әні» хормен шыршаны айналып орындайды.(ортаңғы топ)
Ән: «Аязды келіп қыс»
Музыкамен залға Маша ойнап кіреді.
Маша: Менімен ойнашы, менімен ойнашы! (Шыршаны көріп, аң-таң болып, шыршаның ойыншықтарын жинай бастайды)
Жүргізуші:Маша, Машатай бұл не қылығың , неге жинап жатырсың?
Маша: маған керек, маған ұнайды.
Ж:Маша бізде Жаңа жыл мерекесі, бұл мерекені балалар ұзақ күтті.
Солай ма балалар?
Маша: Мә, балалар , кешіріңдер, сәлеметсіңдер ме?
Балалар: Сәлеметсіз бе Маша.
Маша: Мен балалармен би билеймін, келіңдер балалар, шыршаны айналып тұрайық.
Би: (Маша мен қосылып би қимылдарын жасайды)
Бұрыламыз оң жаққа біз 1-2-3
Бұрыламыз сол жаққа біз 1-2-3
Жақындаймыз шыршаға біз 1-2-3
Содан кейін алшақтаймыз 1-2-3 т.б
Жүргізуші: : Ой, Маша қандай керемет, қандай биші едің.
Маша: Енді мен Миша аюға қоңырау шалайын. (нөмірді тереді,қоңыраудың дыбысы шығады. Аю жүгіріп келіп Машаны үстелден түсіреді де, жүгіріп кетіп қалады.Тағы хабарлайды жүгіріп келіп үстелге мінгізіп кетеді.)
Маша: Балалар маған көмектесіңдерші, аю футбол көріп отыр. Мен хабарласамын , Миша аю келгенде сендер ұстап алыңдар. Жарайма балалар.
(Аю келіп Машаны түсіріп, жүгіріп бара жатқанда балалар ұстап алады.)
Аю: Маша мен футболдан қалдым- ғой жіберіңдерші...
Маша: Аю ағатай балалар жаңа жылды қарсы алып жатыр, сенде бірге болсайшы
Аю: (ойланып) Футболше...а..а..а.Жарайды.
Жүргізуші: :Аю ағатай, Маша төрлетіңіздер балалармен жаңа жылды бірге қарсы алыңыз,
Аю: Ал, балалар келіңіздер онда ойын ойнайық .
Маша: Алақай,алақай, ойын,ойын ойнаймыз.
Ойын «Қар жинау немесе кім шапшаң»
Ойынның шарты: Маша мен Аюдың шанасына екі бала шығып, әуен басталған кезде қар жинайды. Кімнің шанасында қар көп жиналған сол бала жеңіске жетеді.
Жүргізуші: Миша аю, Маша балалар сендедермен өте қызықты ойын да ойнадық биде биледік бізге Аяз ата мен Ақшақар жетіспей тұрған сияқты, шақырамыз ба оларды?
Балалар: Ия, шақырайық.
Маша: Алақай, аяз ата келеді, маған сыйлық береді. Қане, мен хабарласайын (Аяз ата телефонды көтермейді)
Жүргізуші: : Балалар қане,Аяз атаны өзіміз шақырайық.
Балалар. Аяз ата,аяз ата (айқайлайды)
(Аяз ата таяғын тарсылдатып, борандатып келеді)
Аяз ата: Амансың ба ұлдарым!
Амансың ба қыздарым!
Асу-асу белдерден,
Асқар-асқар таулардан
Шаршап келдің алыстан
Қане балалар өнерлеріңді көрсетіңдер.
Тақпақтар:
Ақшақар: Жаңа жылдық кеште,
Көтеріміз көңіл
Түсіреміз кеште
Би мен әннің түбін-деп қане тағы қандай өнерлерің бар?
Ән: «Аяз ата» хормен орындайды. (ортаңғы топ)
Ән: «Жаңа жылда, жаңа жыр» (2 кіші топ)
Жүргізуші: Аяз ата біздің шыршамыз сиқырланған оның шамдары жанбай тұр.
Аяз ата: Қазір балалар, сендер маған сиқырлы сөзімізді айтып көмектесесіңдер. Бәріміз бірігіп шыршаны жағайық.
Бәрі: Қуант бізді танырқат,
Шамдарыңды жарқырат
(шырша шамын түртіп жағады)
Жүргізуші: Жаңа жылда балалар
Айтамыз біз жаңа жыр
Ән: «Шырша жыры»
Тақпақтар:
Би: «Ақшақар»Маша: Ертегі айтатын бала жоқ па, араларында. Мен ертегіні жақсы көремін.
Жүргізуші: Жоқ, Маша, біз бүгін ертегі айтпаймыз.Бірақ «Ертегі» биін билеп берейік.
Би: «Ертегі
Аяз ата: Бәрекелді балалар, өте жақсыбилейді екенсіңдер, енді ойын ойнауға қалай қарайсыңдар? Келіңдер ойын ойнайық.
Ойын: Орындық
Жүргізуші: Той мереке салтанат,
Думандады шартарап,
Келіп қалды Жаңа жыл.
Тартуларын арқалап.
(Жаңа жыл кіреді)
Жаңа жыл:
Келді міне12 жыл айналып,
Берекемен бақыт күнін арқалап,
Әр күніне бақыт сыйлап елімнің,
Тыныш болсын әрбір атқан таңымыз
Мен сендерге балдарым,
Қуанышпен шаттықты,
Сыйлап келдім бұл жылы
Жүргізуші: : Қош келдіңіз! Жаңа жыл ортамызға
Ой жырым аманбысын,
Ақ көңіл адалмысың.
Жаңа жыл тойымызды,
Бірігіп қарсы алыңыз.
Тақпақтар:
Жүргізуші: : Шырша айналып, әндетіп,
Би билейік сәндетіп,
Қандай жақсы Жаңа жыл,
Өткізейік әндетіп.
Ән: «Жаңа жыл» Ортаңғы топтар
Ән: «Аязды келіп қыс» 2- кіші топтар
Аяз ата: Ой қандай әнші едіңдер, тағы қандай өнерлерің бар?
Жүргізуші: : Біздің балалар аяз ата болыпта билей алады.
Би: Аяз ата
Аяз ата: Мына балалар қандай өнерлі ,менің биімдіде билеп берді. Мен енді бұл балаларға сыйлық берейін. Маша ,Ақшақар қызым менің сыйлықтарымды әкеліңдерші сыртта шанамда тұр.
(Маша мен Ақшақар кетеді)
(Шананы сүйреп Ақшақар мен Маша кіреді. Қапты ашып, Маша сыйлықты алып кетіп барады.)
Ән: «Бөбек» тобының әнші қызыДананы «Ақшақар» әнімен ортаға шақырамыз
Аяз ата: Ау, Машажан балалардың сыйлығын қайда алып барасың?
Маша: Не бұл маған емес пе? (бұртияды)
Аяз ата: Реңжіме, бұл балалардың сыйлығы. Сағанда сыйлық беремін.
Маша: Алақай!
Аяз ата: Маша сенің аю досың қайда?
Маша: Аю ағатай, аю ағатай. Ол ұйықтап жатыр, қазір оятамын...
(Шыршаның түбіндегі аюды оятады.)
Аяз ата: Ал, балалар сау болыңдар! Бақытты болыңдар (шығып кетеді) Жүргізуші: : Осымен «Жаңа жылдық» ертеңгілігі аяқталды. Жаңа жыл сендерге тек бақыт пен қуаныш әкелсін! Сау болыңыздар!
«Жаңа жылдық ертегі»
Мақсаты: Балаларға жаңа жыл кешінде көңілді көңіл-күй сыйлау. Мерекенің қызықты өтуіне белсенділік таныту.Балалардың эстетикалық талғамын дамыту.
Барысы: Зал мерекеге сай безендірілген. Музыкамен балалар залға кіреді.
Көңілді музыкамен залға үш бала билеп кіреді.
1-бала:
Уа, халайық жараңдар, Айналаға қараңдар! Жаңа жылдық бұл тойын, Салтанатқа санаңдар Қызық көріп, шат болып, Шаттық күліп тараңдар, 2-бала:
Уа, халайық құрметті, Көмейіме жыр кеп тұр Жаңа жылды қарсы алып, Өткізейік дүрмекті 3-бала:
Уа, халайық той бүгін Бақыт, шаттық мол бүгін Қарсы алайық Қой жылын Ұзатып сап Жылқыны
Тәрбиеші:Сәлеметсіздер ме, Құрметті бүлдіршіндер, ата-аналар! Біз сіздерді Жаңа 2015 жылы мен құттықтаймыз.Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз. Балалар енді Жаңа жыл мейрамын бастайық.
Алғы сөз
Ән: «Қыс қызығы»
Тәрбиеші: Балалар естіп тұрсындарма бір дыбыс естіледі
(Есектің музыкасы )
Есек шығады шыршаны бір айналып шығады
(Шректің музыкасы ойналады)
Шрек шығып шыршаны айналады
Есек: Ой қандай керемет, әдемі!
Шрек:(Өте таңқалып) Массаған, Есек біз қайда келдік? (Жан жағына қарайды)
Есек:Түсінсем бұйырмасын? (Таң қалады)
Тәрбиеші:Ал мында сендер сонау жақтан қалай жеттіңдер?
Барлығы: Білмейміз!
Шрек: Біз өзі қандай жерге келдік, неге сонша көп әп-әдемі балалар жүр?
Тәрбиеші:Қане балалар мына ертегілер әлемінен келген қонақтарымызға өз өнерімізді көрсетейік
Тақпақтар:
Есек:Міне керемет демек біз жаңа жыл шыршасына келіппіз ғой! Достар онда көңілденіп бізбен бірге бір би билеп жіберейікші! (Би биленеді Барлық кейіпкерлер көңілді тұрады) (Биге музыка қажет)
Тәрбиеші: Ал биді күшті билейді екенсіндер, тағы да қандай өнерлерің бар?
Шрек: Өнер деген бізде жетеді! Мысалы ойын ойнай аламыз! (Ойын ойнатады) (Қажетті атрибудтар екі сыпырғыш, екі шелек, қағаздан жасалған қар) (Қатысушылар екі командаға бөлінеді, әр команда бір бірлеп шелектен екінші шелеке сыпырғышқа отырып қар толтыру қажет, ойын эстафета түрінде өтеді, барлық қарды қай команда бірінші толтырып тасып бітірсе жеңімпаз атанады)
Шрек: Осындай Жаңа жыл мерекесіне Аяз ата мен Ақшақар келмей ме?
Тәрбиеші:Оныңыз дұрыс, бірақта олар тез жету үшін барлығымыз бірге аяз ата мен ақшақарымызды шақырайық!
Сиқыршы фея: Кім кім? Ақшақар қыздарыңмын мен, мені өздерін шақырған жоқсыңдар ма?
Тәрбиеші:Балалар мынау шынымен ақшақар ма? Балалар: Жоқ Есек: Апа сіз ақшақарға ұқсамайсыз! Сиқыршы Фея: Неге ұқсамаймын, балалар айтыңдаршы мен нағыз ақшақар емеспін бе? Балалар: Жоқ Сиқыршы Фея: Неге жоқ! Онда кіммін мен? Шрек: Мынау Фионаны сиқырлаған Фея ғой, қайда менің Фионам(жағасынан алады )
Фея: Ия дәл өзі Балалар: (хормен) Сиқыршы Фея!! Сиқыршы Фея: Сиқыр жасамасам барлық балалардың сыйлықтарын қалай тартып алам? Қап, танып қойдыңдар ма! Ия мен Феямын, дұрыс айтасыңдар, отырып отырып ішім пысты, құлағымды сендер жаққа түріп едім көңілді музыка ойнап тұр екен, содан шыдамай сендерге келдім. Шрек: Қайда менің Фионам(жағасынан алады )Қайда қамап қойдын, тауып бер.
Сиқыршы Фея: Менің шартымды орындасандар мен Фионаны сиқырлы сарайдан босатамын. Есек: Айт шартынды қолымыздан келсе орындайық, Сиқырлы фея: Ха-Ха-ха (қарқылдап күліп), мен мына ұл-қыздардын өнерін тамашалағым келіп тұр. Тәрбиеші: Ал жақсы орындайық
Ал өнерлі балаларым келіңдер Жаңа жылға арналған тақпақтарымызды айтайық
Тақпақтар:
Ән: «Жаңа жыл»
Би: «»
Шрек: Балалардын өнерін тамашалап жатырсын. Сиқырлы Фея енді уәденді орында менің Фионамды босат.
Сиқырлы Фея: Мәә Шрек менің айтқаныма сеніп қалдын ба, мен өтірікші екенімді ұмыттындар ма?
Мен босатпаймын Фионаны (айқайлап)Босатпаймын Фионаны Ханзада Артур менің ұлыма алып беремін!
Шрек:(ашуланып) Сиқыршы Фея сен не деп тұрсын, сенің қазір есіңді тандырамын.
Тәрбиеші:Тоқтандар!Шрек, Есек Бұл жаңа жыл ғой! Бізге Аяз ата көмек бере алады Ол сиқырлы таяқшасымен Феяны жөнге салады:
Бәріміз бірге Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық:
Барлығы шақырады.
Аяз ата мен Ақшақар кіреді, олармен бірге ескіі жыл жылқы да кіреді.
Аяз Ата: Сәлеметсіздер ме балалар! Сәлеметсіздер ме қонақтар! (Балалар амандасады). Естіп жатырмын, естіп жатырмын, Келе жатырмын, келе жатырмын Жаңа жылдарыңмен, Жаңа жылдарыңмен! Балаларым, балғыным, Өмір гүлім, шағыным. Тілегенім жыл бойы, Сендердің денсаулығың.
Ақшақар: Армысыздар, бөбектерім, ата-ана, Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Жаңа жыл бірлік пен татулық жылы болсын, Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын.
Аяз ата: Неге бәрін көңілсізсіңдер! Неге көңіл-күйлерің жоқ! Тәрбиеші: Аяз ата сіздің көмегіңіз керек. Сиқыршы Фея Фионаны сиқырлап сарайында босатпай отыр
Аяз ата: АҺ, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен ceнi қатырып тастайын. Аяз-Ата: «Кәне таяғым мына Феяны қатырып таста» (Фея тұрған бойында қатып қалады.)
Фея: Әй, Аяз шал! Керегі жоқ, қалпыма келтір! Ой, не icтeceм екен. Аяз-Ата: Фионаны босатасын ба?
Сиқырлы Фея: Иә,иә босатамын Фионаны! Бұл мен ескі жылда жаман болдым, ал жаңа жылда мен жақсы болам деп уәде берем, мені кешіріндерші өтінем.
Аяз Ата: Ақшақар қызым алып кел Фионаны, жаңа жылда бізбен бірге болсын!
(Ақшақар Фионаны алып келеді. (Шрек пен Фиона вальс билейді)
Ақшақар: Мерекемізді жалғастырайық. Кәне, балалар шеңбер құрып тұрайық. Шыршаның шамын жағайық! Барлығы: Қуант, бізді таңырқат, Шамдарыңды жарқырат! (Шыршаның шамын жағу) Ән: «Шырша жыры» Аяз Ата: Әнді жақсы айтады екенсіңдер. Ойын ойнағыларың келе ме? Ойын «Үсітемін» Ақшақар: АязАта, балалар сізге тақпақтар, ән, би дайындапты. Тыңдап көрейік
Тақпақтар:
Ән: «Аяз ата»
Би: «Кішкентай Аяз аталар»
Тәрбиеші:Балалар мен қонақтар бәрі тамаша, бірақта жылқы жылын шығарып салып, Қой жылын қарсы алайық
( Жылқы музыкасы ойналады) Құрметті достар!Бізге жақсылықтарымен толы болған. Жылқы жылын шығарып салайық. Жылан: Қуанышты ортамыз сазға ұласқан Тілегім болсын мәңгі ашық аспан 2015 жылы қадам басқан Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан.! Келесі жыл бастауын Қойға беремін.
(Қой арналған музыка) (Сахнаға Қой шығады.) Қой жылы: Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім.Кешігем деп қатты қорықтым. Мен дағы бір қонақпын Он үш жылда оралар Үлкендерге ақ ниет Сіздерге де ақ ниет. Сіздерге мың рахмет. Ақшақар: Қош келдің Жаңа жыл. Аяз ата: - Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халайық бір өзіңе аманат.Он екі ай бойы бағып-қақ. Жақсы жыл бол, дария нұр бол, Жаңа жыл! Аяз Ата мен Ақшақар, мультфильмнен келген кейіпкерлер алғыстарын білдіріп барлығымен қоштасады.
Тәрбиеші: Осымен «Жаңа жылдық» ертеңгілігіміз аяқталды. Жаңа жыл сендерге тек бақыт пен қуаныш әкелсін! Сау болыңыздар!
«Ардақтысың сен- ана!» мерекесі
Мақсаты:
Музыкалық тақырыптық шығармаларды сауатты орындау арқылы балалардың рухани мәдениетін қалыптастыру. Анаға ,әжеге деген сүйіспеншілікті ән құдіретімен жеткізу.аналарымызды сыйлауға тәрбиелеу.
Кейіпкерлер: Көктем, көктемнің үш айы және тентек Ақпан, Күннің көзі.
(Әсем әуеннің сүйемелдеуімен балалар залға кіреді.)
Жүргізуші: Міне өлкемізге жыл аралап шуақты көктем де келіп жетті. Көктеммен бірге халықаралық әйелдер күні 8 наурыз мерекесін қарсы аламыз! Құрметті ардақты аналар, мен әжелер,аяулы қыздар!8 наурыз мерекесімен сіздерді құттықтай отыра сіздерге ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларыңызға амандық пен қуаныш тілейміз!
Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі-аналар,
Ана деп бас иеді күллі халық.
Ендігі құттықтау сөз кезегін №31 балабақшамыздың меңгерушісі А.А. Тажидановаға беріледі.
Бүгінгі «Ардақтысың сен- ана!» ертеңгілігімізді сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
(Фанфар музыкасы ойнайды)
Қойылым: «Көктемнің үш айы және тентек Ақпан»
Ән: «Топ,топ балақан» Ортаңғы топ
Ән: «Ардақты ана» ересек
(Күннің күркіреуі мен жаңбырдың тырсылы естіледі)
Жүрг: Балалар ненің дыбысы ?
Балалар: Күннің күркіреген дауысы естіледі.
Жүрг: Қандай қорқынышты! Ал сіздерге қорқынышты ма?
Балалар: Жоқ!
Жүрг: Неліктен?
Балалар: Бұл- көктемнің келгенін білдіреді!
Жүрг: Дұрыс айтасыңдар балалар, бұл көктем мезгілі ғой
(Музыка ойналады. Күннің көзі кіреді)
Күннің көзі:Сәлеметсіңдер ме балалар! Мені таныдыңдар ма? Әрине, Күннің көзімін! Мерекеге аяулы әжелер мен аналарды және сүйкімді қыздарды 8 наурыз мерекесімен құттықтау үшін келдім!
Жүрг: Күннің көзі көп рахмет! Күннің көзі сіз көктемде шуағыңызды мейірлене төгіп, жер жүзін жылытасың, сіздің нұрыңыздан табиғат қысқы ұйқысынан оянады, қайта түлейді. Олай болса, Күннің көзі және құрметті қонақтар сіздерді балалардың өнерлерін тамашалауға шақырамын!
Би: «Гүлдер»
Ән: «Әже»
Ән: «Сағындым әже»
К.к: Ғажап! Тамаша!
К.к: Балалар өнерлерін қандай керемет! Енді менімен ойын ойнағыларын келе ме?
Балалар: Иә!
Ойын: «Анаңды тауып ал»
Шарты: Ортаға бірнеше аналарды шеңберге тұрғызады. Бір баланың көзін байлайды.Музыка ойнағандабала аналардын бетін, қолын, шашып ұстап өз анасын тауып алу керек.
Ән: «Ана»
Ән: «Мама»
Би: «Чарлстон»
Жүрг: Рахмет Күннің көзі. Ал біздің орталарымызда әжелерімізде отыр. Олар әрқашан мейірімді де, ақылшы, қамқоршы.Қане балаларымыз әжелерге арналған тақпақ-әндерімізді арнайық.
Тақпақтар..
Ән: «Әжемнің шәйі»
Ән: «Әже»
Би: «Моряк»
Би: «Жігіттер»
Жүрг: Тамаша! Ендеше біздің мереке жалғасады!
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі , адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.ендеше балғын бүлдіршіндеріңіздердің ана туралы өлең-жырларын тыңдаңыздар.
Тақпақтар...
Ән: «Мама» Даярлық топ
Ән: «Анашым қартаймашы» ересек
Ән: «Қуыршақтар»
Би: «Вальс» ересек
Би: «Жастар биі»
Кк: Жарайсындар, өнерлерің тамаша! Мен тағы қызықты ойын алып келіп едім.
Ойын: «Кішкентай көмекші»
Әжелерге аяқ киім, көзілдірік кигізіп, ормалын басына тартып, газетін қолына беріп, бетінен сүйіп жарысу.
Кк: Құрметті аналар, әжелер, аяулы балғындар сіздерге бауыр басып қалдым, тіпті қоштасқым келмейді.
(қоштасады)
Жүрг:
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын -дей келе Әнгеорын берейік.
Хор: «Наурыз көктем» ересек, даярлық
Хор: «Нұрлы көктем»
Жүрг: Осымен «Ардақтысың сен-ана!» - атты ертеңгіліміз аяқталды.
Хош сау болып тұрыңдар!
«Наурыз жыл басы»
Мақсаты:
Балаларға Наурыз- жыл басы екенин ұғындыру. Рухани мәдениетін дамыту және сезімдерін ояту.
Жүргізуші бала:
Армысыздар, үлкен-кіші ағайын!
Бүгін – Самарқанның көк тасы еріген күн.
Бүгін – Жаңғыру мейрамы!
Бүгін – Жыл басы, Жаңа жыл!
Хор: «Наурыз -жыл басы» ән
****** Сахна сыртынан шу естіледі***************
Жүргізуші бала:
Бұл не шу?
Бұлар кімдер?
Ә, көріп тұрмын, танып тұрмын.
Анау тұрған Қар екен,
Мынау тұрған Күн екен!
Ендеше, достар, біз қазір бүгінде ұмытыңқырап бара жатқан, жиі айтыла бермейтін, Ақ пен Қараның, Зұлымдық пен Залымдықтың, Жамандық пен Жақсылықтың тартысын суреттейтін Қыс пен Жаздың айтысына куә боламыз.
/Қар мен Күн болып киінген балалар шығады/
Қар:
Қара жерді ақ көрпеге ораған,
Кең даланы боранымен бораған,
Қыс керемет емес пе?
Күн:
Мал төлдеп, адам аузы аққа тиген,
Жер бусанып, мал ауызы көкке тиген,
Жаз керемет емес пе?
Қыс:
Құрт-құмырсқа, бақа-шаян жер бетіне шығатын,
Шыбын-шіркей, маса-қоңыз ызыңдап мазаң алатын,
Жаздың несі керемет?
Күн:
Дүлей боран бораған,
Бетіңді аяз қарыған,
Қыстың несі керемет?
Қыс:
Борандатсам, қырсыздарды сынағаным емес пе?
Қар жауғызсам, жерді көкке дайындағаным емес пе?
Күн /көніп/:
Cиыр кетті,
Барыс жетті,
Бер жолыңды, Қар аға!
Қыс:
Жолымды мақұл берейін,
Өз жөніме кетейін!
********************Қыс кетеді*****************
************* аластау рәсімі*************
/жаулық тағынған қыз бала арша жағып/:
Алас, алас,
Мың бір пәледен алас,
Жүз бір қатерден алас,
Көзі жаманның көзінен сақта,
Тілі жаманның тілінен сақта,
Ниеті жаманның ниетінен сақта.
Жер-Ана, күш-қуат бере гөр, тәу-тәу!
Атар таң, ақ ниет бере гөр,тәу-тәу,
Самал жел, жаңа леп бере гөр, тәу-тәу!
Ән: «Көктем келді»
******************
Жүргізуші бала:
Ертеде қазақ халқы Наурызға арықтарын тазартып, тал егіп, алдын ала дайындалған. Үлкенді-кішілі той ғұрыптарын Наурызда атап өтуге тырысқан.
Осының бірі – тұсау кесер тойы.
/Үлкендеу балалар ортаға аяғын тәй-тәй басқан 1-1,5 жастағы баланы әкеліп, беліне кішкентай қалта байлайды, оның ішіне тәттілер салып тұрып/:
Беліңе қалта байладым,
Дәулетіңді асырсын,
Ішіне тәтті сайладым,
Қиындықты қашырсын!
/осыдан кейін жиналған жұртқа көрсетіп, баланың аяғына мыналарды байлайды/:
Ішекпен байлағаным – малды болсын, тоқ болсын деген ниетім,
Көк шөппен байлағаным – жершіл болсын, көпшіл болсын, өсіп-өнсін дегенім,
Ала жіппен байлағаным – адал болсын, ақ болсын дегенім.
/тұсауын кеседі, тұсау кескен баланы бір-екі аттам жерге дейін сүйемелдеп барып, еркін жібереді/
Тәй, тәй, тәй, тәй!
Қаз, қаз, балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам!
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін!
Жүгіре қойшы, құлыным,
Желбіресін тұлымың,
Елгезек бол, ерінбе,
Ілгері бас, шегінбе!
****** беліндегі қалтаны шешіп, тәттілерді елге шашумен таратады*******
Тойға шашу шашылсын!
Халқымның нұры тасысын!
**********************шашу**************
Би: «Қаражорға»
Жүргізуші:
Наурызда дүйім жұрт алаңға жиналып, ат жарыстырып, ақындарын айтыстырып, балуандарын күрестіріп, той тойлатып, ойын ойнатып, алтыбақан тебісіп, наурыз көже ішіп, таңды көзбен атырған. Сол түні ғашықтар бір-біріне көңілін білдірген.
Қыз бала ер балаға кесемен тағам ұсынып:
«Ұйқыашар» әзірледім,
Іше ғой, асыл бегім!
Ер бала кеседегіден дәм татып, тамсанып, «селт еткізер» сыйлайды:
Сыйласам қалқашыма «селт еткізер»,
Аңсаған арманыма сол жеткізер!
/екеуі қол ұстасады/ Ән: «Наурызым!»
***************************
Барлық қатысушы балалар:
Ұлыс күні қазан болса,
Ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда олжалы жол болар.
************/бата тілейді/***************
Ата болып киінген бала:
Сұрасаң бата берейін,
Ақ тілекті төгейін.
Еліме берсін берекет,
Қашсын сырқат-бәлекет!
Кірсін дәулет есіктен,
Кетсін бейнет тесіктен,
Ескі жылым есірке,
Жаңа жылым жарылқа!
Дастарханың мол болсын!
Абыройың зор болсын!
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Әумин!
Бірлік асыл мұрамыз!»
Мақаты:Балалардың рухани мәдениетін қалыптастыру. Балаларды достыққа, бірлікке шақыру. Әрбір ұлтты сыйлауға тәрбиелеу.
Өтетін орны: Музыка залы
Әнұран
1 жүргізуші:
Құрметті балалар, әріптестер!
Сіздерді 1- Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі халық аралық 1 мамыр бірлік күнін бастауға рұқсат етіңіздер! Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн, Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын, Татулығын жырға қосам ұлттардың Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін
2 жүргізуші: Қуаныштан желпілдейді түндігім Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін, Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты, Бір тамырмен байлап қойған кіндігін!!!
1 жүргізуші:
Адамзаттың арманын ұғып бірден, Сенім құйып, үнінен үміт күлген, Сан халықты бір тудың аясына Бір әнмен біріктірген.
Хор «Достық» әні
2 жүргізуші:
Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген "жат жұрттардың" бәрін бауырына басып, төрінен орын бере, «Грузин» халқын төрге би билеуге шақырамыз!
Тақпақтар...
1-бала: Мамырдың бірі, достық күні
Ән салып, билеген халықтың үні.
Тұтасып, тойлаған ұлттар,
Керемет мереке, мамырдың бірі.
2-бала: Достық – шырағымыз,
Достық – ұранымыз.
Достық туымыз,
Достық әніміз.
3-бала: Дос болып түрлі халықтар,
Жасайтұғын ғасырмын.
Бақыт шымын әлемге
Ұмытылмас асылмын.
4-бала: Бейбітшілік ұраны,
Жарқыраған алтын күн.
Ән қанатты қыраны
Еркіндігі халқымның.
1 жүргізуші:
Тілі бөлек болғанымен тілек бір Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл, Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр. Ән «Жеңіс»
2 жүргізуші:
«Бірлік бар жерде- тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегінен тегін айтылмаса керек.
Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді. Еліміз өркен жайып, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа кеңелсін.
Ендігі кезекте «Өзбек биі» қарсы алыңыздар!»
1 жүргізуші:
Жер ана бәрімізге ортақ. Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Осынау кең қазақ даласында көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті, ынтымақта, бауырластықта өмір кешуде. - Балалар қазақстанда тұратын қандай ұлт өкілдерін білесіңдер? - Біз олармен татумыз, доспыз және бір – бірімізбен қоян-қолтық аралас өмір сүрудеміз. Ендеше, сол ұлттың балалары «Орыс» биін арнасын.
2 жүргізуші:
Қуанып елмен бірге мереке күні моряктар биін «Бөбек» тобының ұлдары билесе – деп «Моряк» биін тамашалаңыздар.
1жүргізуші:
Әр ұлттың өзіне тән ойыны бар. Соның бір Башқұрт халқының ойыны «Киіз үй». Беларус халқының ойыны «Шарбақ» деп аталады.
Тақпақтар...
1-бала Біз балдырған тең басқан!
Дос құшағын кеңге ашқан.
Тілегіміз әділдік!
Ашық болсын кең аспан!
2 бала : Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз!
3-бала Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер!
2 жүргізуші:
Иә, біз қазақ елі көңіліміз көл дариядай кең халықпыз, осыншама халықты шеттетпей, достық қарым – қатынаста, татулықта тұрып жатырмыз. «Кең болсаң кем болмайсың» деген сөз бекер айтылмаған.
Ән: «Балабақшада» қары алыңыздар!
1 жүргізуші:
Сен неткен Отан - анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпғыңның бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отаным - Қазақ елім.
2 жүргізуші: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
Бүгінде бар әлемге данқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстаным – елім менің.
Ендеше «Қазақ биін» мың бұралған қыздар билесін.
1Жүргізуші:
Баршаларыңызға, әр отбасына, әр қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт-береке тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! 2 жүргізуші: Елімізде тыныштық болып, бірлігі жарасқан ел болайық, әр кез ынтымақта, достықта болайық!
«Бала әлемі» немесе «Балалық шақтың бал күні» атты ертеңгңлңктің сценарийі
Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлай отырып, қойылым қою арқылы адамгершілікке,елжандылыққа тәрбиелеу. Олардың бір-біріне деген достық қарым-қатынастарын нығайту. Ән айту, би билеу арқылы рухани мәдениетін қалыптастыру.
Қатысушылар:
Жалқаубек
Күлдіргілер
Мереке балабақша алаңында өтеді.
Мерекелік музыка ойналып тұрады.
Балалар саппен жүріп, орындықтарға жайғасады.
Жүрг: Сәлеметсіңдер ме құрметті де сүйікті балалар мен ата-аналар, қонақтар! Біздер сіздерді қуанышпен қарсы аламыз. Бүгін көңілді мереке-Балаларды қорғау күні! Ендеше мерекемізді еліміздің Әнұранымен ашайық!
Ән: «Қуыршақтар» орындайтын «Балдәурен» тобының өнерлі қыздары Айша мен Данай.
Би: «Достық» тобының бишілері «Буратино» биімен. Қарсыалыңыздар!
Жалқаубек: (қолында рогаткасы бар, балаларға артымен келіп) Ой жақсы болды тағы бір жаман қылық жасадым, торғайдың ұясын бұзып тастадым!
(артына бұрылып балаларды көреді)
Жалқаубек: Мәә осы жер маған керегі.
Жүрг: Қай жер?
Жалқаубек: Қай, қай осы жер, балалар көп жер. Мен мына балалардан өзіме көмекші дайындаймын.
Жүрг. Сен өзі кім боласың, қай баласың?
Жалқаубек: Мен, мен Жалқаубекпын. Естіп едім осы жерде бір мереке болып жатыр деп?
Жүрг: Бұл жерде балалардың үлкен мерекесі болып жатыр.Біздің балаларымыз бір жылдың ішінде үлкейді.Олар-ақылды, білімді.
Жалқаубек: Ой мына құрттақандай балалар үлкейді ме, менің күлкімді келтірмеші, бұл балалардың аузына соска беріп қою керек. (Балаларға соска береді)
Жүрг: Тұра тұр, тұра тұр! Бұл балалардың өскенін әнмен, бимен, ойынмен тексеріп көруіңе болады. Тыңда біздің балалар қалай ән айтады екен ,қалай билейді екен.
Ән: Абайдың әні «Көзімнің қарасы» орындайтын «Балдаурен» тобының жез тандай әншісі Айдар.
Би: «Үнді биі» «Гүлдер» тобының биші қызы Әсемай.
Жүрг: Көрдің бе біздің балабақшаның өнерлі балалырын, ұнады ма?
Жалқаубек: Жоқ ұнаған жоқ! Мен өзім тексеріп көремін.(допты алып) кім мына допты қағып ала алмайды, сол бала өспеген, үлкеймеген, сол кішкентай күйінде қалған.(допты қалай болса солай, алдап лақтырады)
Жүрг: Жалқаубек бұлай болмайды, ойнасың ба, балаларды алдамай дұрыс ойна. Ойынның ережесімен ойнау керек.
Жалқаубек: Ол қалай?
Жүрг: Балалар Жалқаубекке көрсетейік қалай ойнау керектігін. Кәне 3-4 бала шыға қойсын.
Ойын «Кім жылдам?»
Ойынның шарты:
(Жалқаубек ойынды дұрыс ойнамайды.)
Жүрг: Балалар мен білемін Жалқаубекті кіммен таныстыру керектігін. Күлдіргілермен таныстыру керек сонда Жалқаубек мейрімді, көңілді бала болады.
Музыкамен Күлдіргілер шығады
Күлдіргілер балаларды шығарып, би билейді.
1-Күлдіргі:
Шакттан
Алақай!
Қуанатын күн келді.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн де бүгін.
2-Күлдіргі:
Шуақ шаша,
Алтын таңда
Мөлдір таза ауада
Табиғатта бәрі оянды.
Екеуі:
Мерекелерің құтты болсын, достар!
1-Күлдіргі: Жалқаубек сен тағыда жамандық жасап жүрсің бе?
Жүрг: Күлдіргілер Жалқаубек балалардың үлкейгеніне, ақылды екеніне сенбей тұр.
2-күлдіргі: Ал біздер олай ойламаймыз. Бір жылдың ішінде балалар көп нәрсені үйренді.
Жүрг: Ендеше балалармыздың әрі қарай өнерін тамашалайық
Тақпақтар:
Алдарыңызда «Шағала» тобының талантты қызы Арайдың оындауында «Әжемнің шәйі» әні.
Би: Поппури
Жалқаубек : Ту-у, сендер менің көмекшілерім бола алмайсындар, неге менің жолым болмай тұр? Неге менімен ешкім дос болмайды?
1-Күлдіргі: Сен өзіңнің түріңе қарашы, бір күлмейсің бұлай дос табу қиын.
Жүрг: Күлдіргілер дұрыс айтады, мейірімді , көңілді жүрген адамға барлығы жақын болады. Олай болса көңілді ән тыңдайы0қ Жалқаубектің көңілі көтерілер.
Ән: «Ақ боз ат» орындайтын қалалалық «Балдаурен2014» байқауының дипломанты Игликов Абзалды ортаға шақырамыз.
Жалқаубек: (шапалақ ұрып) Қандай ғажап ән! Мен бұрың сонды мынадай көңілді әнді тыңдаған емеспін.
2-күлдіргі: балалар Жалқаубек өмірінде ең бірінші рет шындықты айтты.
Жалқаубек: Қалай? Бұлай болуы мүмкін емес?
Жүрг:Сен тілалғыш, ақылды, мейірімді бала боласың.Қане балалар Күлдіргілермен қосылып ойын ойнайық.
Ойын «Көпіршіктер»
Ойынның шартын түсіндіру.
Жүрг: Балалар ойын ұнады ма? Жалқаубек саған ұнады ма?
Балалар,Жалқаубек: ұнады.
Келесі кезекті «Еркетай тобының кішкентай әншісі Қарақатты «Қасиетті домбыра» әнімен ортаға шақырамыз.
Би: «Қазіргі заман» биі барлық топтар билейді.
Жүрг: Жарайсындар балалар, ал сен Жалқаубек балалар ештеңе білмейді олар кішкентай деп едің...
Жалқаубек: Енді білдім балалар өскен, барлығын біледі екен.Күлдіргілер:Саған ұнады ма мереке? Онда барлығымыз қосылып, «Достық» әнін шырқайық
Хормен «Достық» әні орындалады.
Күлдіргілер: Балалар біздің Күлкі ертегі еліне қайтуымыз керек,кездескенше хош сау болып тұрыңдар,сау болыңдар!
Жүрг: Қолымызға борды алып, мерекені алаңға сурет салумен жалғастырайық. Осы мен «Бала әлемі» аттыертеңгіліміз аяқталды.
«Жарқыраған жаз!»
Мақсаты: Балалардың рухани мәдениетін қалыптстыру. Есте сақтау қабілетін дамыту.
Балалар музыка әуенімен ортаға шығады.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме аяулы балалар, құрметті қонақтар! Бүгін, біз сіздермен бірге жазды қарсы алып, той тойлаймыз. Қараңдаршы, бұл жер қандай тамаша!Міне сарғая күткен жаз мезгіліде өлкемізге келіп жетті. Бұл мезгіл өте керемет мезгіл. Әсіресе жазғытұрым орманда, шалғындықта, өзеннің жағалауында, дем алу қандай ғанибет! Көбелек қуып, күні бойы әуре сарсаңға түсіп, жолдың шанын бұрқыратыпасыр салып ойнайтын мезгіл қай мезгіл деп ойлайсындар?
Балалар: Жаз мезгілі!!!
Ж: Әрине жаз мезгілі.Ал сендердің жаз мезгіліне қонаққа барғыларын келе ме?
Балалар: Иә!
Ж: Олай болса балалар бізге қонаққа кім келе жатыр екен?
(Музыкамен Жаз Ханшайымы шығады ортаға)
Жаз:Уа халайық, халайық,
Келемін әркез сендерге.
Құшақ-құшақ гүл алып,
Жылытамын жер жүзін.
Жарықты мол төгемін,
Өзендерге ысытып,
Шомылуға шақырам,
Кім таныған болады,
Қалай мен аталам?
Балалар: Жаз!!!
Жаз: Әрине мен Жаз болам!
Ж: Қандай тамаша! Қош келдің Жаз ханшайымы! Мына балалар сені асыга күтті: Саған арнап «Балдәурен» тобының өнерлі қыздары «Жаз» әнін шырқап береді.
Жаз: Көп рахмет! Мен сендерге сиқырлы отарбамен саяхатқа шығуға шақырамын. Неге десендер, ол ән айта алады.Қане бір-біріміздің артымыздан сап құрып тұрайық, отарба бола қалайық.
Балалар: Алақай!
Жаз: Ал, жолға шығайық.
Ж: Отарба жүреді әнге салады,
Чох-чох,чу-чу алысқа барады. 2 рет
(Балалар шеңбер құрып жүреді де тоқтайды)
Ж: «Алаң» аялдамасына да жеттік.
Жаз: Бұл жердің құстары қандай керемет дыбыстайды. Тыңдап көрейік балалар!
Ж: Жаз ханшайымы сізге біздің балаларымыздың өлең шумақтары бар.
Ортаға «Шағала» тобынын тәрбиеленушілері өлең жолдарын мәнерлеп оқиды.
Ж: Бұл алаңның тұрғындары биде билей алады. Өйткені олар сиқырлы.
«Шағала» тобының биші қыздары «Тамшылар» биін билейді.
Жаз: Қандай тамаша би! Қандай сиқырлы алаң!
Балалар саяхатты жалғастырайық.
Ж: Келесі алдама «Жылғалар». Осындай аялдамаға келген соң, Жаз сізге біздің балалармен бірге қызықты ойын ойнауыңызды өтінемін.
(Ойын ойналады)
Ж: Балалар сендерге ойын ұнады ма?
Жаз: Балалар өте алғыр екен!
Ж: Жаз ханшайымы Біздің балалардың өнері өте көп, «Нұршуақ» тобынын бүлдіршіндері «Томпанбай» әнін орындап береді.