Домбыра - бабадан ?ал?ан м?ра, ?лтты? саз аспабы. Домбырада ойнай білу - ?рбір адамны?, ?рбір баланы? асыл арманы. Домбыра ?нін ты?дау - ?лемдегі е? н?зік те ?ажайып сезімге б?лену деген с?з. Домбыра туралы ??гіме ?оз?ала ?алса, к??ілде ?аза?и т?рбие, ?аза?ты? салты мен д?ст?рі т?рады.
Домбыра аспабын ?йреніп, ойнау ар?ылы ?лтты? болмысын, ?аза??а т?н барша ?асиетін т?сінуге болады. Домбыра ?ні ар?ылы адам ішіндегі лас ойлардан тазарып, денсаулы? ?уатын ж?ндеуге м?мкіндік алады. Домбыра аспабы да адам сия?ты: басы, ішегі, мойны, тілі, кеудесі болады. Домбыра суреті ал?аш IV ?асырда Арал те?ізіні? батыс жа?ында?ы ?ой?ырыл?ан деген жерде тас?а ?ашалып салын?ан.
?аза?ты? аспапты? м?денинетіні? ?те ерте заманнан бастал?анын археологиялы? ?азба ж?мыстары д?лелдеп берген. ?ой?ырыл?ан каласын ?азу ж?мыстары кезінде 2400 жыл б?рын ?азіргі ?аза? домбырасына ??сас ?ос ішекті аспап ?ста?ан ?ыш м?сіндер табыл?ан.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«БАЯНДАМА , ДОМБЫРА - ХАЛЫ? М?РАСЫ»
Алматы облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласы
Балалар шығармашылығы орталығы
БАЯНДАМА
ДОМБЫРА - ХАЛЫҚ МҰРАСЫ
Орындаған: Изекенова Г.Ж.
2015 жыл
Домбыра - бабадан қалған мұра, ұлттық саз аспабы. Домбырада ойнай білу - әрбір адамның, әрбір баланың асыл арманы. Домбыра үнін тыңдау - әлемдегі ең нәзік те ғажайып сезімге бөлену деген сөз. Домбыра туралы әңгіме қозғала қалса, көңілде қазақи тәрбие, қазақтың салты мен дәстүрі тұрады.
Домбыра аспабын үйреніп, ойнау арқылы ұлттың болмысын, қазаққа тән барша қасиетін түсінуге болады. Домбыра үні арқылы адам ішіндегі лас ойлардан тазарып, денсаулық қуатын жөндеуге мүмкіндік алады. Домбыра аспабы да адам сияқты: басы, ішегі, мойны, тілі, кеудесі болады. Домбыра суреті алғаш IV ғасырда Арал теңізінің батыс жағындағы Қойқырылған деген жерде тасқа қашалып салынған.
Қазақтың аспаптық мәденинетінің өте ерте заманнан басталғанын археологиялық қазба жұмыстары дәлелдеп берген. Қойқырылған каласын қазу жұмыстары кезінде 2400 жыл бұрын қазіргі қазақ домбырасына ұқсас қос ішекті аспап ұстаған қыш мүсіндер табылған.
Домбыра аспабын меңгеру арқылы адамның ойлау қабілеті артады, білім алуға қүштарлығы оянады, мәдени ой-өрісі жоғарылап, еңбек етуге құштарлығы арта түседі .
Мен де осы саналы пікірлерді біле отырып, домбырада ойнауды алдыма мақсат етіп қойдым. Домбырада жыр, терме, айтыс, толғау, күй, т.б. шығармаларды орындауға болады. Әсем дауыс ырғағына қосылған маржан сөз домбыраның сүйемелдеуі арқылы жетеді.
Домбыра үні адам бойына тамаша сезімді оята отырып жетеді. Оның үні тындаушылардың үйренуіне, естігенін ұмытпауына әсер етеді. Домбыра аспабының бойына бірнеше ерекшеліктер шоғырланғанын педагогика ғылымдарының кандидаты Ж.Еңсепов ағамыз атап көрсеткен. Домбыра барлық пәндермен байланысты. Мысалы, домбыра - әр дыбысты есептеп ойнайтын математика пәні, домбыра-қүлақ күйін есту арқылы екі ішек арасындағы дыбыс тербелісін айыратын физика пәні, - дейді.
Бүгінде домбырасы жоқ қазақ үйі, домбырасыз ауыл жоқ деуге болады.
Бүгінгі қазақ зиялыларының өзі хан, би- шешендер, ақындар мен батырлар, бұхара халық домбыра аспабының негізінде тәрбиеленіп, өзінің ұлттық мәдениетін құрметтеуге ерекше мән беруде. Домбыра туралы жыр жазбаған ақын кемде-кем. Ендеше, домбыраны үйрене отырып өз халқымыздың өнерін, мәдениетін әлемге паш етейік дегіміз келеді.