kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Астанам-бас ?алам

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Астана - бас ?алам"

Ма?саты: Ел ордамыз Астана туралы балаларды? танымды? іс-?рекеттерін ?алыптастыру. ту?ан елге деген  с?йіспеншіліктерін арттыру. Отан  с?йгіштікке   т?рбиелей отырып, ?з  Отанына  ?ызмет етуге, ма?тан етіп, ?адір т?ту?а патриотты? сезім ?алыптастыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Астанам-бас ?алам»

ЖШС«Жас Батыр Атырау» балабақшасы



Ертеңгілік

тақырыбы :"Астанам-бас қалам"

ересек тобы"Қарлығаш"

05.07.2016ж

Өткізген тәрбиеші : Сагипова Н.Т.









Атырау-2016жыл

Мақсаты: Ел ордамыз Астана туралы балалардың танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру. туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отан сүйгіштікке тәрбиелей отырып, өз Отанына қызмет етуге, мақтан етіп, қадір тұтуға патриоттық сезім қалыптастыру.

Саз залы мерекеге сай безендірілген. Балалар «Мой Казахстан» атты әуенмен залға кіреді.

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар! Сүйікті біздің бүлдіршіндер! « Жас Батыр » телестудиясына қош келдіңіздер!Біз бүгін мемлекетіміздің символы, асқақ абыройымыздың айғағы болған Астанамыздың мерейлі тойына жиналып отырмыз.
Астананың 18 жылдығы – ел өміріндегі аса ірі тарихи оқиға, Қазақстан халқының мерейлі мерекесі.
Біз ғасырлар тоғысқанда тәуелсіз жаңа мемлекет орнатып, байтақ еліміздің дәл ортасынан бас қаламыз – Астананы салдық.Бүгінде әлемдік қауымдастық үшін Қазақстан мен Астана атаулары егіз ұғымға айналып кетті.Бұл ұғым қарыштап даму мен өрісті өркендеудің өнегелі үлгісі ретінде орнықты.Біздер, қазақстандықтар, Астананы асқақтату арқылы дүние жүзінде өзімізді –келешегі кемел, әлеуеті қуатты мемлекет екенімізді таныттық.
Той құтты болсын, ағайын!

Жайнай бер жаңа Астанам
Ертегідей ғажап бас қалам
Ынтымақтың тербеп бесігін
Тәуелсіз ел көшін бастаған

Слайд «Астана-арман қала »
Тәрбиеші: Қайырлы күн, құрметті телекөрермендер! Эфирде «Апта КZ» жаңалықтар топтамасы. Сіздермен бірге мен – Нургүл Сагипова.
Бүгінгі шығарылымда көретіндеріңіз:
1. «Астана – татулық пен бірліктің ордасы» - аты балалардың мерекелік той шашуы .


2. «Астана – балалар көзімен!»
Мереке аясында балабақшаның ата-аналарымен бүлдіршіндерінің арасында өткен сурет және қол өнер көрмесінің нәтижесін анықтау.
Астана қаласының сұлу келбеті әлемді таң қалдырды.
3. «Тәуелсіз елдің жүрегі сенсің – Астана!» 
Сүйікті бас қала – Астананың туған күніне арналған балабақша бүлдіршіндерінің жүрекжарды лебіздері/бейне түсірілім/
- Осы және тағы басқа да жаңалықтар легімен таныс боласыздар, арнаны ауыстырмаңыздар!......
Тәәрбиеші: Киелі менің Ақордам
Арудай сұлу таранған
Береке, бірлік, достықтың
Тұнығынан нәр алған.-деп алғашқы балаларымыздың мерекелік ән шашуын қабыл алыныз.

Хор «Астана»

Балалардың тақпақтары

Күні кеше елімізде Мемлекеттік рәміздер күнін атап кеттік.Кане ,балалар есімізге түсірейік.Қандай Мемлекеттік рәміздерін білеміз?

Балалардың жауаптары:Ту,Елтаңба,Әнұран.

Еліміздін президенті кім? / балалардың жауаптары /

Біздер қай қалада тұрып жатырмыз? / балалардың жауаптары /

Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы? / балалардың жауаптары /

Ал туған жер,Отан туралы кім қандай мақал-мәтелдерді айтады екен?

 Бас қаламыз – Астана қаласының 18 жылдық мерейтойына орай арамызда суретші балаларымыз ортаға шығып өз өнерлерін көрсетсін.

Топтық жұмыс /бейнелеу өнері/ «Суретті аяқта»

Көп рахмет! Шынында да нағыз суретшілер екенсіңдер, суреттерің маған ұнады. Теле-арнамыздың мұражайына қойып қоятын боламыз. Ал сендердің тағы қандай өнерлеріңбар?

-Біз Астана қаласының туған күніне арнап әндер үйрендік, тақпақтар жаттадық.

Тәрбиеші: Қане, онда өнерлеріңді тамашалап көрейік.....

Хор «Елтаңбасы елімнің»

Балалардың тақпақтары

Кезегімізді бағдарламаның екінші бөліміне берейік.Балабақшаның ата-аналарымен бүлдіршіндерінің арасында «Астана – балалар көзімен!» көрме ұйымдастырылды.Енді осы сайыста кім жеңіпаз болғанын анықтаймыз.

Ата –аналармен балаларды марапаттау рәсімі.

Ойын «Шанырақ»

тәрбиеші: Жаңа ғана маған хабар келді, біздің тілшілеріміз «Жас батыр» балабақшаның бүлдіршіндерімен жүздесті. Енді сол кішкентай сәбилердің лебіздерің,ақ тілектерін тындауға мүмкіндігіміз бар екен. Назарларымыз экранға аударайық.

«Тәуелсіз елдің жүрегі сенсің – Астана!» /бейне түсірілім/
Тәрбиеші: Айтсын, айтсын! Расында да бүкіл Қазақстандықтарды біз де өз атымыздан Астананың туған күнімен құттықтаймыз!
Сәулеңді шаш еліңе
Нұрыңды төк жеріңе
Киелі менің Елордам
Бақ болып қонған төріме!-деп бүгінгі мерекелік бағдарламамызды топтық биімізбен аяқтаймыз.

Мерекелік флешмоб.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Астанам-бас ?алам

Автор: Сагипова Нургуль Турарбековна

Дата: 11.07.2016

Номер свидетельства: 337287


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства