Просмотр содержимого документа
«Армысын әз Наурыз! ертеңгілік»
Бота: Аманбысың, ардақты халқым менің.
Ардақта Наурыз тойын, салтыңды, елім.
Мереке басы болсын берекенің,
Игі еңбек жемісін бәрін жегін!
Гүлім:Армысыздар ағайын! Наурыз келсе, құт келгені, халайық. Есік ашып, шашу шашып қол соғып Ұлысты қарсы алайық!
Ақ мол болсын! Қайда барса, жол болсын!
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлыстың ұлы күні, Наурыз мерекесі құтты болсын.
Бота: Армысыздар құрметті қонақтар, бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын. Наурыз – жаңа күн дегенді білдіреді. Осы күні күн мен түн теңелген күн екен. Бұл күн бізідң ата – бабаларымз арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі.
Гүлім:
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халық сүйген мейрамды,
Наурыз тойы – береке.
Наурыз тойы жыр аңыз,
Қызық думан береке.
Бота : Жауқазындай жайқалған гүлдерміз біз
Ұтармыз біз қолдасаныз сіз
Бақыт шаттық көңілге арман тілеп
Өмірде болмасыншы ызғар мен сыз. – демекші Балдырған тобының орындауында ән шашу. «Наурыз» әні Қабыл алыңыздар
Хор: Балдырған тобы
Үйдің ішінде дастархан жаюлы. Қыз-келіншектер кәде-жораларын, шашуларын алып келіп жатыр.
Гүлім: Бота, Наурыз ұлттық мереке болғандықтан, қазақтың салт дәстүрлері туралы айтып кетпеске болмас.
Бота: Әрине Гүлім. Қазақ халқының салт – дәстүрлері көп қой. Соның ішіндегі «Бесікке салу» рәсімі туралы не білесің?
Гүлім: «Бесікке салу» рәсімі туралы біз ата – аналардан сұрап көрейік.
Сұрақтар:
Бесіктің жабдықтарын атап бере аласыз ба?
Бесікке не үшін бөлеген?
Бесікке салу кезінде қандай ырымдарп жасалынады?
Бота: Ата – аналарымыздан біраз мағлұмат алдық. Ендеше «Бесікке салу» рәсімін осы жерде көрсек қалай қарайсың?
Гүлім: ортада «Балапан» тобының бесікке салуын тамашалайық
Бесік жыры айтылады.
Жанель мен Аянат «Бесік жыры»
Бота:
Біздің халқымыз осындай тамаша, тәрбиелік мәні зор салт дәстүрге бай халық. Ал біз кезекті халқымыздың, яғни мұсылман халықтарының төл мерекесі Наурыз мейрамына арналған өлең жолдарына береміз.
Әдеби монтаж:
Рамазан: Наурыз көже татысып,
Үйден үйге кірген күн.
Ән мен биге қатысып,
Қауым боп ойнап күлген күн.
Ару: Аманбысың, армысың халқым менің,
Ақтарған кең даламның алтын кенін.
Мереке басы болсын берекенің,
Ардақты Наурыз тойы салтым менің.
Маржан:
Көктем келді, Наурыз келді,
Жер көгерді, ел көгерді.
Дастарханым жайым дархан,
Жақсылықпен бақыт шашқан.
Ернар
Бүгін наурыз күні деп,
Бүкіл адам күлімдеп.
Әркім қалап бар істі,
Әрекетке кірісті.
Гүлім: Наурыз көже жыл дәмі,
Той дәміне тойыңдар.
Тойдан кейін ойын бар,
Той тамаша көріңдер,
Билеп, ән сап беріңдер.
Балдырған тобының орындауындағы ән шашу «Мен қазақтың қызымын» қабыл алыңыздар.
Ән: Мен қазақтың қызымын
Бота:Осыншама жақсылық,
Алып келген Наурызым.
Төрлет бізге нұр болып,
Шуақ шашып ақ жүзің.
«Қарлығаш» тобының ұлдары мен қыздарының орындауында «Көкпар» биі.
Би: «Көкпар» биі Қарлығаш тобы
Гүлім:Жиналдық наурыз тойға бәрімізде
Үлкен кіші жасымыз кәрімізде.
Ән мен күйді жыр мен биді шалқытып,
Өнерлерін інжу маржан шашайық – деп отырып ендігі кезекті балалардың өлең жолдарына берсек
Айгөлек пен Балапан тобының өлең жолдары
Бота: Гүлім біздің ата – аналарымыз қаншалықты ырымдарды білетінін тексеріп көрсек қайтеді?
Гүлім: Тексеріп көрейік. (Ортаға бірнеше ата – аналарды шақырамыз сандықшаның ішіндегі сұрақтарды біртіндеп келіп алып жауап береді)
Бота:ата – аналарымыз ойланғанша біз балабақшамыздағы ең кішкентай бүлдіршіндеріміздің орындауында «Көктем шақырады» биін қабыл алыңыздар.
Айгөлек тобы: Көктем шақырады биі
Гүлім: Ата – аналармыз дайын болса сөз кезегін ата – аналарға берсек.
(ата – аналардың жауаптары)
Бота:Домбырасыз сән қайда Домбырасыз ән қайда Ән мен күй бар өмірде От та лаулап жанбайма
Қарлығаш тобының сұлу қызының орындауында «Қасиетті домбыра» әнін қабыл алыңыздар.
Ән«Қасиетті домбыра» қарлығаш тобы Маржан.
Гүлім: Ей балалар, балалар,
Енді маған қараңдар.
Наурызды тойлайық,
Қызық ойын ойнайық.
- «Қарлығаш» тобының жігіттерінің күштерін сынап көрейік.
Ойын: «Теңге алу»
Шарты: 6 бала шығады. Музыка әуенімен теңгені айнала шабады. Музыка тоқтағанда теңгені алып үлгеру керек. Кім үлгермейді сол ойыннан шығады
Бота : Осыншама жақсылық,
Алып келген Наурызым.
Төрлет бізге нұр болып,
Шуақ шашып ақ жүзің.
Айгөлек тобының орындауында Хор «Наурыз»
Гүлім: Қазақ халқы Наурызға алдын ала дайындалған екен. Үлкенді кішілі той ғұрыптарын осы Наурызда атап өтуге тырысқан салт дәстүрдің бірі – тұсау кесер.
Бүгін біз сіздерге тұсау кесерді көрсетеміз. Ортада «Айгөлек» тобының бүлдіршіндері.
Көк шөппен байлағаным – жершіл болсын, көпшіл болсын, өсіп – өнсін дегенім,
Ала жіппен байлағаным – адал болсын, ақ болсын дегенім.
Хормен:
Тәй – тәй, тәй – тәй!
Қаз – қаз балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам!
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін!
Бота : Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кеңелді.
Соны тойлар ел енді,
Наурыз тойы салтымыз
Ортада «Наурыз» әнімен Аружанды қол соғып қарсы алайық
Би: «Боз жорға» Айгөлек тобы
2-жүргізуші:Наурызда күлімдеп, күн нұры төгілді,
Өзгеше бүгін леп, желпіндер көңілді.
Жылғалар былдырлап, тыншуды білмейді,
Сырғасы сылдырлап, тал қайың бүрледі.
Ән: «Бір жұлдыз» Балдырған тобы
1-жүргізуші:
Наурыз келді құт болып,
Мына бізге сүт болып.
Аққа аузымыз толады,
Бар жақсылық болады.
Би «Құстар биі» Балдырған тобы
2-жүргізуші: Сәнді көктем нұрымен Наурыз тойы жырымен Көңіл гүлдей жайнасын Наурыз тойы тойлансын
Би: «Асатаяқ» Қарлығаш тобы
1-жүргізуші:
Әнде айта алатын
Биде билей алатын
Өзі бала болсада
Таудай үлкен талабы.
Балдырған тобы. Айгөлек әні
2-жүргізуші
Қарды ерітіп жылғасы,
Наурыз келді – жыл басы.
Шуағын төкті жарық күн,
Мейрамында халықтың.
Би: Жігіттер Балдырған тобы
2-жүргізуші: Наурыз құтты болсын! Дендеріміз сау, мықты болсын! Наурыз тойы келе берсін! Барлық халық бақытты болсын, Қош ,сау болыңыздар, халайық! Көріскенші күн жарық болсын! Ән. «Наурыз» хор 1-жүргізуші:Бата беріп атамыз,
Бата беріп апамыз.
Тәтті болып жасалған,
Наурыз дәмін татамыз. – дей келе құттықтау сөз кезегін Шолпан Жұматайқызына береміз.
Барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз. Көжеден дәм татыңыздар.