kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Анашыммен ән салам

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сайыс барысы:                         

Мұғалім сөзі:                                                                                                

-Армысыздар құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Бүгін «Анашыммен  ән салам» атты отбасылар сайысын өткізгелі отырмыз.

Мақсаты:  ата-аналардың өнерге көзқарасын қалыптастыру.Анасы мен баласы арасындағы қатынасты нығайту, өнерге баулу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Анашыммен ән салам»

Сайыс барысы:

Мұғалім сөзі:

-Армысыздар құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Бүгін «Анашыммен ән салам» атты отбасылар сайысын өткізгелі отырмыз.

Мақсаты: ата-аналардың өнерге көзқарасын қалыптастыру.Анасы мен баласы арасындағы қатынасты нығайту, өнерге баулу.

1 жүргізуші:

Атамыз қазақ «бала- адамның бауыр еті», « балалы үй базар» дейді. Өйткені бала - өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі.Отбасы-бұл қоғамның ажырамас бөлігі.Отан отбасынан басталады.

2 жүргізуші:

Жанұя әрбір жанның баспанасы

Көкейге түйіп ойдан тастамасы.

Жанұя қанат қағып ұшқандардың

Құрмет қып бас қосатын Астанасы

1 жүргізуші:

Жүздерінен мейірім мен нұр тамар,

Алаңсыз да балғын шақта балалар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған.

Анасымен құшақ жая қарсы аламыз сіздерді - деп ортаға сайысқа қатысушыларды шақырамыз.


3 «А» сыныбынан Серіковтер отбасы Аруай мен анасы Айгул

3 «Ә» сыныбынан Абдрахмановтар отбасы Нұрасыл мен анасы Алма

3 « В» сыныбынан Абдрашевтар отбасы Шұғыла мен анасы Әсел

4 « Б» сыныбынан Маханбетжановтар отбасы Мәриям мен анасы Лаура.

2 жүргізуші:

Сайысымыздың өтілу барысымен таныс болыңыздар:

  1. «Таныстыру»

  2. «Ән қанатында»

  3. Оқушының өз өнері

  4. Үй тапсырмасын орындау

  5. «Әуенді жалғастыр»

Алдымен реттік нөмерлерді алайық. Әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:

  1. Бакиева Зинеш-директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

  2. Биманова Қапия-музыка пәні мұғалімі №274 мектеп.

  3. Аманбаева Арай- тәлімгер

1 жүргізуші:

Сайысымыздың бірінші бөлімін бастайық. « Таныстыру»


Қуантады біліммен бәрімізді

Қол соғып қарсы алайық тобыңызды

Махамбетжановтар отбасы келіп қалды

Татулықты ту еткен бұл отбасы-деп ортаға, таныстыруға шақырамыз.

2 жүргізуші:


Жігітке ақыл, білім жарасады,

Нағыз ер халқымен жарасады.

Сайысқа бар күшімізді саламыз,-деп

Абдрамановтар отбасы таласады:


-Армысыздар ұлағатты ұстаздар,

Бармысыздар жігерлі дос құрбылар.

Қарсыласым сәлем бердім бәріңе!

Бас иемін сәлем беріп бәріңе!

Атым менің Нұрасыл,сұрасаңыз,

Ал,Абдраман екен біздің атамыз.

Әкем Нұржан,анамыз Алмажан ғой

Пана болып біздерге жүз жасаңыз!

Таныстырсам өзімді тегімменен,

Руым- қоңырат,қиындықтан шегінбеген.

Күлзипа апайдың шәкіртімін міне,бүгін

Өнер менен білімді егіз көрген.



1 жүргізуші:


Жақсы адам кімге болсын болар пана

Мол оның тал бойында ақыл сана

Көркіне ақылы да сай келетін

Серіковтер отбасы ортамызда!

-Сыр елінің еркесі

Жыраулардың өлкесі.

Шыққан жерім Қармақшы

Кеген Кете еркесі

Кіндік қаным тамған жер,

Байқоңыр ғарыш өлкесі.

Асыр салып ойнаған

Академик Янгель көшесі.

Обасым мыналар,

Ең жақын адамдар.

Қос бірдей ағам бар,

Бір туған апам бар.

Бәрін жақсы көремін

Еркелеймін еремін

Атым Аруай болады сұрасаңыз

Бақытбек екен кешені бір атамыз

Әкем аты Серік асқар тауым

Пана болып біздерге жүз жасаңыз.

Анашым Айгүл,жүзіңнен төгілетін күннің нұры,

Атыңа кір келтірмей жүрсем сенің,

Мойнымнан түсер ме еді перзент жүгі.

Ұстазым Анар апай аяулы адам,

Біздерден бар білгенін аямаған.

Осындай ұстаздардың арқасында,

Көпшіліктің көңілі тояр маған.

Әділқазы алқасы армысыздар,

Бейне бір жауатұғын қармысыздар.

Шәкіртке әділ баға беретұғын,

Әділеттен жаралған жанбысыздар

2 жүргізуші:

Гүл көңілің қуаныштан өрілді,

Жанарыңнан жалын нұры төгілді.

Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,

Абдрашевтар отбасы таныстыршы тобыңды!

-Бергенде жыр жолдары ойға көрік,

Кетемін тереңіне маржан теріп.

Ата-ана бауырлардың ата текті,

Көрейін сұраған соң жырлап беріп.

Баласы Досанның Шұғыламын,

Жастайымнан өнерге бой ұрамын.

Жеті рудың ішіндегі Керейтімін

Абдраш,Қалжан атама сыйынамын.

Досан әкем аты,анам Әсем,

Жақын болар әкесіне қызы деген.

Жеткізген осы күнге ата-ананың,

Мақтанышы кенжесі мен боламын!

1 жүргізуші:


І .Бәйге жарыс деген соң жарысайық

Мәреде бәрімізде табысайық

Бұл байқауды « Биссмилла» деп бастау үшін

Махамбетжановтар отбасын шақырайық


Сайысымыздың екінші бөлімі «Ән қанатында»

Анасы мен қызы қосылып ән айтады

1 нөмірлі Махамбетжановтар отбасы орындауында халық әні «Күміс құман-ай», домбырамен анасының сүйемелдеуімен.








2 нөмірлі Абдрамановтар отбасының орындауында «Көңілді күн»әні.

3 нөмірлі Серіковтер отбасының орындауында «Айналдым елім»әні

4 нөмірлі Адрашевтар отбасының орындауында «Анашым,әкем»әні.


Сайысымыздың үшінші бөлімі « Оқушының өз өнері»

2 жүргізуші:

Даусың қандай сырлы еді

Табиғатты тындатқан

Көркін қандай нұрлы еді

Таң шолпанмен астасқан

Өнеріңді кәне бүгін көрсетші

Мына жұртқа қошеметпен қол соққан-деп оқушыларымыздың өнерін тамашалайық:


1.Махамбетжанова Мариямның орындауында «Катюша»әні.

2. Абдраманов Нұрасылдың орындауында «Жаяу»әні

3.Серікова Аруайдың орындауында «Байқоңыр»әні


4. Абдрашева Шұғыланың орындауында қазақша би


Сайысымыздың төртінші бөлімі «Үй тапсырмасы»


Шарты:Берілген парақтағы өнер туралы мақалдар мен нақыл сөздерді құрастыру, аспаптардың аттарын, әншілердің есімдерін тауып жазу.Анасы оған көмектеседі.

Құрастыратын сөздер:

« Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын,»,

«Қыз еркем кестесімен көркем,ұл еркем өнерімен көркем»,

«Ақыл көпке жеткізер,

Өнер көкке жеткізер»

«Білім,өнер бойдағы сауын болар түбінде»

Махмұд Қашкари.


Сайысымыздың бесінші бөлімі «Әуенді жалғастыр!»


Шарты: Берілген әннің бастапқы екі қатарын өзім орындаймын әрі қарай анасы жалғастырады.

Орындалатын әндер: «Атамекен», «Арыс жағасында», «Ана туралы жыр», «Әнім сен едің»


Қорытынды сөз:

Бүгінгі «Анашыммен ән салам »деп аталатын отбасылар сайысының мәресіне келіп жеттік.Өнер көрсеткен анасы мен баласына : - Өнерлерің өрге жүзе берсін,сіздерді өнердің тек биік шыңынан көрейік!- деп тілек айтып қошеметпен қол соғып ортаға шақырайық!

Ендігі сөз кезегі әділқазылар алқасында.

Қорытынды,марапаттау.

Сайыс қорытындысы бойынша әділқазылар алқасының шешімі:

Махамбетжановтар отбасы «Үлгілі отбасы»номинациясын,

Абдрахмановтар отбасы «Өнегелі отбасы»номинациясын,

Серіковтер отбасы «Ынтымақты отбасы»номинациясын,

Абдрашевтар отбасы «Өнерлі отбасы»номинациясын иеленді.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Анашыммен ән салам

Автор: Жасанбаева Кадыша Махмұдқызы

Дата: 19.01.2017

Номер свидетельства: 381183


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства