ТАҚЫРЫБЫ: Жүздіктермен,ондықтармен және
бірліктермен санау.
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың терең біліммен қаруландыру,білімдерін тереңдету,толықтыру.
2.Пәнге деген қызығушылығын арттыру,зейінін,логикалық ойын,
шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3.Таза жазуға,жылдам ауызша есептеуге,шапшаң шығаруға,
жолдастыққа тәрбиелеу.
ӘДІСІ:Түсіндіру,сұрақ-жауап,ойландыру,топжарыс,ойын.
Түрі:Ашық сабақ.
Көрнекілігі:Слайд,түсті жолақшалар,сызба,цифрлар,суреттер,
дидактикалық материалдар.
Сабақтың барысы.
1 Ұйымдастыру кезеңі:
-Сәлемдесу,оқушыларды түгелдеу.Оқушыларды сабаққа дайындау.
-Психологиялық бағыт беру.
Біз ақылды баламыз.
Айтқан тілді аламыз.
Математика білімін
Лезде қағат санамыз.
2.Үй тапсырмасын тексеру:
7-тапсырма.Мысалдарды шығар:
27+46 = 71 51-16 =35
61-24 = 37 100-38=62
43+38= 71 29+71=100
3. Білімді жан-жақты тексеру: БІРЛІКТЕР ТОБЫ:1-ден 10-ға дейін тура және кері санау.
ОНДЫҚТАР ТОБЫ:10-нан100-ге дейін бүтін ондықтармен тура және кері санау.
ЖҮЗДІКТЕР ТОБЫ:100-ден 1000-ға дейін бүтін жүздіктерді тура және кері санау.
«ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ-«Сан жұмбақтарды»шеш»
1 10 асықтың 3-еуін.Досы сұрап алады.
Айтшы, сонда нешеуі.Өз қолыңда қалады? - 7
2 Бір-бірімен жарысқан.Төрт аю,бір арыстан.
Екі қой мен бір түлкі.Бәрі нешеу кім білді? - 8
3 10 жидек алды Асқар.Бөліп жеді бәрін достар.
Нұрланға берді 4-уін.Қалғанын алды Төлеу.
Айтыңдаршы есептеп,Төлеуге тиді нешеуі? - 6
4. Жаңа сабаққа даярлық:
Жүздіктермен, ондықтармен,бірліктермен санау тақырыбындағы білімізді
жетілдіреміз.
-Енді , балалар алдымызда қандай мерекелер келе жатыр?
1- тобына-Аналар мерекесі қай күні болады?- 8-қандай сан?
2-тобына-Мұсылманның Жаңа-жылы қай күні?-22-неше таңбалы сан?
3-тобына-Биыл Қазақ хандығына неше жыл?-550-неше таңбалы сан?
Дәптерімізді ашайық.Қолға қалам алайық.
Түп-түзу боп отырып.Көркем етіп жазайық.
КӨРКЕМ ЖАЗУ
8
22
550
5 . Жаңа сабақ:
Сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау.
Дөңгелек бүтін тақ
Біртаңбалы жұп
атаулы екітаңбалы
сандар бөлшек
Көптаңбалы үштаңбалы
-Біз санаудың ондық жүйесін қолданамыз.Онда әрбір натурал сан он цифрдың көмегімен жазыла алады.0,1,2,3,4,5,6,7,8,9......
0-саны сан болмайды.Ең кіші натурал сан-1.Ең үлкен натурал сан болмайды,ол шексіз сан болады.
Ондық санау жуйесімен санағанда біз бірліктерді,он бірлікті-ондықтарды,он ондықты-жүздіктерді қолданамыз.
Натурал санды цифрлар разряды бойынша былай орналасады:
2 4 1 3 7 2 5 8 9
ж о б ж о б ж о б
1-класс 2-класс 3-класс
Натурал санның әрбір 3 разряды класс болып топталады
241-миллиондықтар,372-мыңдықтар,589-бірліктер-класстары
МАТЕМАТИКАЛЫҚ ДИКТАНТ: 1-тапсырма:
9бірл.9онд.9жүзд.6бірл.6онд.6жүзд.0жүзд,8онд,0бірл.0жүзд,0онд,8бірл.
10бірл.10онд.10жүзд.
9,90,900,6,60,600,80,8,10,100,1000.
ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС
2-тапсырма-ауызша .Әр бағандағы сандардың аталауын және жазылуын салыстыр.
1 2 3 4 5 6 7 8 9
11 12 13 14 15 16 17 18 19
3-тапсырма-ауызша.Әр бағандағы сандардың аталауын және жазылуын салыстыр.
100 200 300 400 500 600 700 800 900
10 20 30 40 50 60 70 80 90
СЕРГІТУ СӘТІ.
1, 2, 3- ҚАРЛЫҒАШ БОП ҰШ.
4, 5, 6-- ҚАРЛЫҒАШ БОП ШАЛҚЫ.
7, 8, 9,10- ҚАРЛЫҒАШ БОП ҰЯҢА ҚОН.
ДӘПТЕРМЕН ЖҰМЫС
4-тапсырма:Әр жолдағы сандарды ата.Әр бағандағы сандарды салыстыр.
Әр бағандағы сандардан қандай үш таңбалы сандар құрастыруға болады?
Сол сандарды жаз. Әр санның жүздіктерін,ондықтарын және бірліктерін ата.
100 200 300 400 500 600 700 800 900
10 20 30 40 50 60 70 80 90
1 2 3 4 5 6 7 8 9
111=1ж+1о+1б 666=1ж+1о+1б
222=1ж+1о+1б 777=1ж+1о+1б
333=1ж+1о+1б 888=1ж+1о+1б
444=1ж+1о+1б 999=1ж+1о+1б
555=1ж+1о+1б
5-тапсырма:Қайсысы есеп?Оны шығар
Сол тапсырманы сәйкес түрлендіру нұсқасы келіп тұр.
ШАРТЫ:Орыс тілінен-38 дәптер.
Математикадан-49 дәптер. БАРЛЫҒЫ-100 дәптер
Дүниетанудан-? дәптер.
ШЕШУІ:100- (38+49 ) =13 (дәптер)
АУЫЗША-Кеше-42дәптер БАРЛЫҒЫ-?
Бүгін-?,8-і артық
, 6-ТАПСЫРМА:ауызша
6-2-2-2
3-балдырғанға беруге болады.
«Гүл алаңы» ойыны
-Жарыс түрінде 3 топ шапшаң есептеп , плакатқа жапсыру керек.
6+7+13-9+15-7=25
8+4+27-10+16-4=41
12-6+14+30+7-3+16=70
-Осы 8 наурыз мерекесіне топ басшылардың ұл –балалары топ қыздарына гүл сыйлады деп есептеңіздер.
6-Сабақты бекіту:
Наурыз мерекесінде ұлттық ойындар ойналады.Сондықтан,бүгін біз бекіту
кезеніңде «Асық ойнау» ойынын ойнаймыз.
Ол асықтарда тапсырмалары бар .
1 Ұзындығы 5 см,ал ені 4см тік төртбұрыштың периметрін тап.
2 Бірліктерді ата 3 Шаршы дегеніміз не?
4Ондықтарды ата
5 50-ге 4 және 2 сандарының қосындысын қос.
6Бірліктерін қосқанда 16 сан шығатын санды тап.
7 Жүздіктерді ата.
8 Жел соқты да үзіліп.Түсті алманың 20-сы
Ізінше оның тағы да.Түсті және 5 алма
Айтыңдаршы, балалар.Тұр әлі ілініп. Алманың нешеуі?
7 Сабақты қорыту:
-Қандай сандарды оқып, жазып үйрендік?
-Бірліктерге қандай сандар жатады?
-Ондықтарға қандай сандар жатады?
-Жүздіктерге қандай сандар жатады?
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: 7-тапсырма 181 бет.
БАҒАЛАУ:-Бүгінгі сабақтарыңды мақтай,мадақтай отырып бағалаймын.