kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Ж?лдызды дода» сайысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:

  1. Білімділік: О?ушыларды? математика?а ?ызы?ушылы?ын, ынтасын, зейінін арттыру, ал?ан білімдерін тере?дету.
  2. Дамытушылы?: Ой-?рісін ке?ейту, логикалы? ойлау ?абілеттерін дамыту.
  3. Т?рбиелік: Окушыларды жолдасты??а, ал?ырлы??а, белсенділікке ж?не жеке т?л?а етіп ?алыптастыру.

Ж?ргізуші: ??рметті ?стаздар, ?она?тар ж?не о?ушылар, сіздерді  «Математика к?шбасшысы»   

                      атты сайысымызды тамашалау?а ша?ырамыз. Б?гін біз математиканы? ж?мба?ты да    

                      тартымды ?лемімен танысамыз. Біз б?л ?лемні? ?аншалы?ты ?ызы?ты,?рі сан т?рлі  

                      екендігіне к?з  жеткіземіз.  Ал енді б?гінгі сайысымыз?а ?атысатын о?ушыларды

                      орта?а ша?ырайы?                      

                                      Ашы? жар?ын ж?зді

                                     ?діл?азылар бізді?,

                                     ?діл ба?а берерге,

                                     Ша?ырайы? біз т?рге.

                                     Шеберлікті, білімді,

                                     Сараптап сіздер к?рі?іздер.

                                     ?діл ?азы ал?асы,

                                     ?діл ба?а бері?іздер,

                      –деп алдымен ?діл?азылар ал?асын сайлап алайы?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Ж?лдызды дода» сайысы»

«Жұлдызды дода» сайысы

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.

  2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Окушыларды жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар, сіздерді «Математика көшбасшысы»

атты сайысымызды тамашалауға шақырамыз. Бүгін біз математиканың жұмбақты да

тартымды әлемімен танысамыз. Біз бұл әлемнің қаншалықты қызықты,әрі сан түрлі

екендігіне көз жеткіземіз. Ал енді бүгінгі сайысымызға қатысатын оқушыларды

ортаға шақырайық

Ашық жарқын жүзді

Әділқазылар біздің,

Әділ баға берерге,

Шақырайық біз төрге.

Шеберлікті, білімді,

Сараптап сіздер көріңіздер.

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңіздер,

–деп алдымен әділқазылар алқасын сайлап алайық.

Төрағасы:

Мүшелері:

Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың өтілу барысымен таныстырайық . Сайыс жеті

кезеннен тұрады. Тіл өнері, логикалық есептер, математикалық сөздік, жеті

керемет, қазақтың байырғы есептері, жұмбақтар, жорға. «Тіл өнері» сайысынан 2

оқушы, «Логикалық есептерден» кейін 1 оқушы, «Қазақтың байырғы есептері»

сайысынан 1 оқушы, «Жұмбақтар» сайысынан 1 оқушы. «Жорға» сайысына жоғары

ұпай алған 3 оқушы қалады. «Жекпе- жек» сайысында 2 оқушы кесте шешеді.


ТАНЫСТЫРУ

2-жүргізуші: Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.

Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар,

Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз.


БӘЙГЕ


  1. Гипотенузаның квадраты катеттерідің квадраттарының қосындысына тең.Қандай ұшбүрыш туралы айтып тұр? (Тікбұрышты үшбұрыш)

  2. Қандай санның бір ғана квадрат түбірі бар? (0)



  1. Сөйлемді толықтырыңыз: «Сызықтық функцияның графигі . . . болады» (түзу сызық)

  2. 3,5 таяқтың неше ұшы бар? (8)

  3. Қандай сандар иррационал сандар деп аталады? (Шектеусіз периодсыз ондық бөлшектер)

  4. «Бастамалар» деп аталатын еңбегі бар ғалым. (Евклид)

  5. Рационал сандар жиыны қандай сан жиындарын қамтиды? (Бүтін сандар, оң сандар, теріс бөлшек сандар)

  6. Конустың неше төбесі бар? (1)

  7. Дұрыс пирамиданың бүйір жағының төбесінен жүргізілген биіктік деп нені атаймыз? (Апофема)

  8. Кеңістікті зерттейтін бөлім? (Стреометрия)

  9. Дәлелдеусіз қабылданатын тұжырым? (Теорема)

  10. Несие алған үшін төленетін ақы? (Пайыз)

  11. Параллелепипедтің неше қыры, неше жағы бар? (12 қыры, 6 жағы)

  12. Алманың жартысы неге тең? (Екінші жартысына)



1-жүргізуші: Әділ қазылар сайыскерлердің жинаған ұпайларын айтыныздар.

2-жүргізуші: Ең қиыны жарыстың «Көкпар» келді

Мықтыларды қалыпты жеңсің енді .

Тез жауап бер ойланып тұрыпқалмай

Осы ойыннан көреміз ерен ерді.


Тіл өнері

20

30

40

50

Логикалық есептер

20

30

40

50

Математикалық сөздік

20

30

40

50

Жеті керемет

20

30

40

50

Қазақтың байырғы есептері

20

30

40

50

Жұмбақтар

20

30

40

50

Жорға

20

30

40

50

Жүргізуші: Ал енді «Тіл өнер» деп аталатын бөлімді бастаймыз. Бұл бөлімде оқушылардың

ойының жүйріктігін және қазақ, орыс, ағылшын тіліне жүйріктігін тексереміз. Әр

дұрыс жауап үшін 10 ұпай, әр аудармаға 10 ұпайдан беріледі.

Тіл өнері:

(20)Жоқ өзінде бас та,қас та мойын да,ұзындығы жазулы тұр бойында. (Сызғыш, линейка, ruler)

(30)Алды-артымыз шексіз де,

Жете алмайсың біздерге.

Сәуле менен кесінді,

Шыққан тегін білсе де. (Түзу, прямая, straigt line)

(40) Бірдей санды бірнеше рет,

Көбейтуден тұрады.

Егер оны ықшамдасаң,

Қандай атау болады? (Дәреже степень, power)

(50) Нәрселерді санағанда,

Керек бізге ол ауадай.

Айтыңдаршы, бұл қандай сан?

Жан-жағыңа қарамай? (натурал сан, натуральные числа, real numbers)



Логикалық есептер:

(20) Бөлмеде 4 бұрыш. Әрбір бұрышта мысықтар отыр, Әрбір мысық алдында 3 мысық. Бөлмеде қанша

мысық отыр? (4 мысық)

(30) Қараңғы бөлмеде керосин шамы және шырақ қатартұрса, бірінші тұтатар едіңіз? (Сіріңкені)

(40) Жыл он екі ай ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі? (Барлық айда)

(50) 5 алманы 5 кісіге тең бөліп беру керек және де себетте бір алма қалу керек. (4 алманың әрқайсысын 4 ке

бөлу керек)

Математикалық сөздік:

(20) Квадрат (шаршы)

(30) Куб (текше)

(40) Дискриминант (айқындаушы)

(50) Биссектриса (жарма)

Жүргізуші: Қорытынды...

Қазақтың байырғы есептері:

(20) Сықырлаған арба үстінде келе жатқан екі жолаушының біреуі жолдың жартысын

өткенде жолдың жартысы қалғанша ұйықтады. Жолаушы жолдың қанша бөлігін ұйықтады. (4 тен1)

(30) Екі қыстақтың арасы10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне екі шақырым алға жүріп,кешке

бір шақырым кейін қайтады. Қырсық жолаушы екінші қыстаққа неше күнде жетеді? (9 күнде)

(40) Қояндар жанұясының үш мүшесі барлығы 73 сәбіз жеп қойған. Әкесі шешесіне қарағанда

5 сәбіз артық жеген.Шешесі неше сәбіз жеген? (28 сәбіз)

(50) Айдар қағаз парағын бес рет бүктеді, сосын ол бүктеген қағазды тескен. Қағаз парақты

қайта жазғанда неше тесік шығады? (32 тесік)

Жүргізуші: «Бұл жерге кемейді ешкім ермек үшін,

Есеп-қисап, сан цифр термек үшін,

Көрсетіп есептеудің жолын қалай,

Келдім мен оларды айтып бермек үшін»- деп ойнымыздың «Жұмбақ» деп аталатын бөлімін бастаймыз.

Жұмбақтар:

(20) Күшіне сенген бір мықты

Жығып салған сегізді.

(Шексіздік)


(30) Бірдей санды бірнеше рет,

Көбейтуден тұрады.

Егер оны ықшамдасаң,

Қандай атау болады?

(Дәреже)

(40) Егіз туған қос жүйрік,

Жарыса шауып терлейді.

Бірін-бірі көрмейді

Дамылсыз қанша шапса да,

Бір мәреге келмейді.

(Параллель түзулер)

(50) Айналған шешу құралына,

Төрт саны араласқан құрамына.

«Теңдеудің түбірлері нешеу?» - деген

Қандай сан жауап берер сұрағыма?

(Дискриминант)

Жүргізуші: Келесі тур жеті керемет деп аталады. Бұл бөлімде сайыскерлеріміз ілінген кестеден ұпай бойынша сұрақтар таңдайды. Бірінші болып ұпай саны ең көп оқушы таңдайды.


Жеті керемет:

(20) Квадраттың қабырғасы – 9 см. Периметрі нешеге тең? (36)

Трапецияның қабырғалары 10 см және 9 см. Орта сызығы қанша?(9,5)

Қабырғасы 6 см және 8 см. Тік төрт бұрыш ауданы қандай?(48)

(30) «Т» – әрпімен басталатын жеті математикалық сөздерді ата.

«А» әрпімен басталатын жеті математикалық сөздерді ата.

«Д» әрпімен басталатын жеті математикалық сөздерді ата.

(40) «Ақыл- ойды тәртіпке келтіретін- математика» Ломоносов

(50) «Математика-ғылымдардың патшасы» Гаусс




2-жүргізуші: Сайысымыздың шарты бойынша ұпайлары аз екі оқушы ойыннан

шығады. Сіздерге рахмет!

1-жүргізуші: Әділ қазылар, сайыскерлердің жинаған ұпайларын айтсаңыздар.

2-жүргізуші: Сайысымыздың шарты бойынша ұпайлары аз бір оқушы ойыннан

шығарылады. Сізге рахмет!



1-жүргізуші: Әділ қазылар сайыскерлердің жинаған ұпайларын айтыныздар.

2-жүргізуші: Сайысымыздың шарты бойынша ұпайлары аз бір оқушы ойыннан

шығады. Сіздерге рахмет!

1-жүргізуші: Мәнгі бақи есте қалар,

Қызықты бір ойын болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын

-дей отырып сайысымыздың келесі кезеңі «Жорға» бөліміне көшейік.

Бұл бөлім бойынша сіздер дайындалған сұрақтарға тез, әрі нақты жауап

берулеріңіз керек. Бір минут ішінде қанша сұрақ тындап, нешеуіне дұрыс

жауап беру сіздің шапшаңдығыңызға байланысты. Әр дұрыс жауапқа 10

ұпай.


ЖОРҒА

А- нұсқасы


1. Айырмашылығы тек таңбасында болатын сан. (қарама қарсы сан)

2. Нөлден үлкен сандар. (оң сандар)

3. Қарама қарсы сандардың қосындысы. (нөл)

4. 9-ға кері сан. (тоғыздан бір)

5. Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)

6. Вектор дегеніміз не? (бағытталған кесінді)

7. Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем. (аксиома)

8. cos0° –та неге тең. (бірге)

9. Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы. (360°)

10. Бір жазықтықта жатпайтын түзулер. (айқас)

11. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (нөл)

12. a²+b²=c² кімнің теоремасы. (Пифагор)

13. 75% санның қандай бөлігі. ( ¾ )

14. бестің квадраты. ( 25 )

15. 11 жай сан ба? (ия)


Ә- нұсқасы

1. Бір нәрселерді санау үшін қажет сандар. (натурал сан)

2. Нолден кіші сандар. (теріс сандар)

3. Кері сандардың көбейтіндісі. (бір)

4. Жарты түзу. (сәуле)

5. 9-ға қарама қарсы сан. (- 9 )

6. Бағытталған кесінді. (вектор)

7. Дәлелдеуді қажет ететін сөйлем. (теорема)

8. tg45°-та неге тең. (бірге)

9. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы. (180°)

10. Қиылыспайтын түзулер. (параллельтүзулер)

11. ax4+bx2+c=0 қандай теңдеу? (биквадрат теңдеу)

12. sin²α+cos²α неге тең? (бірге)

13. 100 санының ¼ бөлігі неше? (25)

14. Тоғыздың квадраты. (81)

15. 13 құрама сан ба? (жоқ)


Б- нұсқасы


1. Берілген шаманың жүзден бір бөлігі. ( % )

2. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек (бұрыс бөлшек)

3. Пифагор теоремасы. (a²+b²=c²)

4. Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер. (перпендикуляр түзулер)

5. ax²+bx+c=0 қандай теңдеу. (квадрат теңдеу)

6. Кесінді деген ке? (екі нүкте арасындағы түзу)

7. Квадраттық функцияның графигі. (парабола)

8. sin0°-та неге тең. (нол)

9. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)

10. Екі қабырғасы тең үшбұрыш. (тең бүйірлі үшбұрыш)

11. Шешімдері бірдей теңсіздіктер. (мәндес теңсіздіктер)

12. tgx·ctgx неге тең. (бірге)

13. 100 санының ¾ бөлігі неше? ( 75 )

14. Үштің кубы. (27)

15. 15 жай сан ба? (жоқ)


1-жүргізуші: Әділ қазылар сайыскерлердің жинаған ұпайларын айтыныздар.

2-жүргізуші: Сайысымыздың шарты бойынша ұпайлары аз бір оқушы ойыннан

шығады. Сізге рахмет!

1-жүргізуші: Сонымен сайысымыздың ең шешуші кезеңі «Жекпе жек» бөліміне

көшейік.

2-жүргізуші: Бұл бөлімде екі оқушыға бірдей тапсырма беріледі. Қайсысы бірінші әрі

дұрыс орындаса сол оқушы жеңімпаз болып «Математика көшбасшысы»

атанады

Жүргізуші:Қытайдың көне «Же-ким» деген кітабында қасиетті тасбақа туралы аңыз

бар. 4000 жыл бұрын император Ню өзен бойынан қасиетті тасбақаны

көрген. Оның арқасында ақ және қара дөңгелектерден құрастырылған сурет

бар. Әр фигураны дөңгелектер санына қарай сандармен ауыстырса кесте

шығады.Кестенің ішіндегі сандарды қалай қоссаңда 15 шығады. Қытайлықтар

бұл суретті ло-шу деп қасиетті таңба ретінде маги квадрат деп атаған.


1

2

3


4

9

2

4

5

6

3

5

7

7

8

9

8

1

6


2-жүргізуші: Қазылар алқасы сайыс қорытындысын шығарғанша, жанкүйерлердің

дайындаған музыкалық өнерлерін тамашалайық .

1-жүргізуші: Қанып сандар сырына,

Шықсақ білім шыңына.

Деп алаулап жүрегі

Қосқан әуен жырына,

Математиктер жасасын!- дей отырып кешіміздің қортындысын хабарлау

үшін сөз қазылар алқасының төрағасына беріледі.

2-жүргізуші: Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты.

Ақыл-ойлар әлемді арбап алды.

Математика ғылымдар патшасы атты

Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты.

Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,

Омар Хайям, әл-Фараби жолын қуса,

Елімнің болашағы гүлденеді,

Ғылымның шамшырағы жанып тұрса.

1-жүргізуші: Алдыңызда жайнаған жүздер әні

Сіздермен кездесеміз біздер әлі.

Әділ-қазы, көрермен сау тұрындар

Күтеді бізді жарқын күндер әлі.

2-жүргізуші: Осымен «Математика көшбасшысы» атты сайысымыз аяқталды. Келесі

кездескенше, сау-саламат болыңыздар!



































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Ж?лдызды дода» сайысы

Автор: Сабденова Алия Мусаевна

Дата: 01.03.2016

Номер свидетельства: 300856


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства