Сөз маржан Дәулет – дүние мүлік, байлық. Көңілге жел кіру – ауысп. Бір нәрсеге елігу, желігу, еліру. Кем-кетікке жәрдем беру – жарлы, кедей адамдарға көмек беру. Әбірет алу – ғибрат, үлгі алу. Ескі-құсқы – тозығы жеткен, ұзақ пайдаланған, көп ұсталған деген. Жарлы – жоқ-жітік, кедей. Бұл жерде: сондай адмаға ұқсап деген мағынаны білдіреді. Өне: өне бойы – 1) тұла бойы – бүкіл бойы-тәні, күллі-тұтас денесі. 2) түтасымен, үнемі, әрқашан, әрдайым. Терезесі тең(сай) – дәрежесі, атағы, даңқы, беделі қатарлас. Көз салды (тастады) – қарады: көзін тікті, көңілі бөлінді. Көңілге жел кіру – бұл жерде: басқа адамдарды менсінбеу, яғни тәкаппар болу деген мағынада. Желіккен көңіл Желік – I 1) денеге шығатын бөрітпе 2) ауыс. Қызбалық, қызулық, желікпе. (Желігі басылмады – қызуы қайтпады) II бот. Жапырақтары ірі әрі сопақша, шаршы гүлділер тұқымдасына жататын бақшалық өсімдік. III Бір нәрсеге елігу, қызу, құмарлану. Бейшара – байғұс, мүсәпір, сорлы. Кем-кетік – 1) кемшілік, олқылық, жетімсіздігін түзеді. 2) ауыс. Ғаріп-ғасер, жарлы-жақыбай. Пұл – 1) бұл жерде: ақша, қаржы-қаражат; 2) мата. Кем-кетік – бұл жерде: жоқ-жітік, жарлы-жақыбайлы, кедей деген мағынада. Бейнет – азап, мехнат, қиыншылық Тұтыну – өзі пайдалану, өз пайдасына ғана жарату. Дескриптор. Білім алушы -берілген сөздердің мағынасымен танысады; -сабақ барысында дұрыс пайдалануға тырысады ҚБ: «Мұғалім мадақтауы» Жарайсыңдар. Өте дұрыс. Талпын. |