С?леметсізбе! Геометрия саба?ында жазы?ты?тарды? параллельдігі ж?не параллель жазы?ты?тарды? ?асиеттері та?ырыбына п?н м??алімдері берілген материялды ?олдану?а болады. О?ушыларды? біліктілігін дамыту ма?сатында жасалын?ан ж?мыс. О?ушыларды сауатты жаза білуге,ой айта білуге,?з бетінше ж?мыс жасай білуге,т?рбиелеу. ?абілетін дамыту.
Просмотр содержимого документа
«Жазы?ты?тарды? параллельдігі. Параллель жазы?ты?тарды? ?асиеттері. »
Пәні : Геометрия. Пән мұғалімі: Ұ. Өтеулі.
Сынып: 10 .
Сабақтың тақырыбы: Жазықтықтардың п араллельдігі. Параллель жазықтықтардың қасиеттері.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік : Б ілімдерін жүйелеу , қасиеттерді есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік : Оқушыларды сауатты жаза білуге ,ой айта білуге ,өз бетінше жұмыс жасай білуге ,тәрбиелеу. қабілетін дамыту.
Дамытушылық: Зерттеу жүргізу , қорытынды жасай білу, геометриялық таным ,ой түю білік дағдысын дамыту.
Сабақтың м ақсаты : Параллель жазықтықтардың қасиеттерін есептер шығару кезінде қолдана білуге үйрету.
Құрал – жабдықтар: Фигуралар , сызғыш , интерактивті тақта,электрондық оқулық.
Сабақтың типі : Жаңа сабақ .
Сабақты ұйымдастыру формасы: Ұжымдық.
Сабақтың әдістері: Түсіндіру , талдау. Жеке оқушымен жұмыс.
Сабақтың барысы :
I . Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау және сабаққа назар аудару.
II. Жаңа сабақты түсіндіру .
Анықтама . Қиылыспайтын екі жазықтық параллель жазықтықтар деп аталады .
//
8- теорема . Егер бір жазықтықта жататын қиылысқан екі түзудің әрқайсысы екінші жазықтыққа параллель болса , онда бұл жазықтық –тар параллель болады .
9- теорема . Егер жазықтық үшінші жазықтықпен қиылысса , онда олардың қиылысу түзулері параллель болады .
10- теорема . Параллель екі жазықтықтың арасындағы параллель түзулердің кесінділері тең болады .
11- теорема . Жазықтықтан тыс жатқан нүкте арқылы осы жазық- тыққа параллель бір ғана жазықтық жүргізуге болады .
Оқулықпен жұмыс . № 1,2 есеп . А тобы .№4,5 есеп . В тобы .
IV. Практикалық жұмыс. Әзірленген фигураларды қолданып параллель жазықтықтарды көрсетіңдер. Параллель жазықтықтардың қасиеттерін дәлелдеңдер.
Математикалық диктант. Теореманы толықтырыңдар.
Теорема. Егер жазықтықта жататан ---------- екі түзудің әрқайсысы ---------
жазықтыққа параллель болса, онда жазықтықтап ------------ болады.
Теорема. Егер параллель екі ------------- үшінші ---------------- қиылысса , онда олардың ------------------------ параллель болады.
Теорема. Параллель екі жазықтықтың арасындағы ----------------------------- түзулердің ----------------------- тең болады.
Суретердегі бейнелер бойынша өз ойлардыңды айтыңдар.
VII . Үй тапсырмасын бекіту:
Сұрақтар :
Параллель жазықтықтар дегеніміз не ?
Жазықтықтардың параллельдік белгісін айтыңдар.
Параллель жазықтықтардың қасиеттерін айтыңдар.
VIII . Үйге тапсырма беру. № 3,6,7 есеп.
IX . Бағалау .
X. Сабақты қорытындылау.