Дамытушылық мақсаты: оқушылардың топпен жұмыс істеуін,логикалық ойлау қабілетін дамыту,іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: алған білімдеріне жауапкершілікпен қарау,өзін және басқа оқушыларды бағалай білуге үйрету.
Сабақтың көрнектілігі карточкалар,сызбалар,қызықты есептер жазылған плакаттар,бағалау парағы,жауап парағы.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын,қатысуын тексеру. Сынып оқушыларын 3 топқа бөліп отырғызу. Әр топ жетекшілерін сайлау. Топ жетекшілері бағалау парағына өз тобындағы оқушыларды бағалап отырады.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Әр топ жетекшісі жауап парағының көмегімен үй тапсырмасын тексереді.
III. Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.
а) өткен тақырыптар бойынша оқушыларға төмендегі сұрақтар қойылады.
1) Координаталық жазықтық дегеніміз не?
2) Координаталық жазықтықтағы нүктелердің координатары қалай аталады?
3) Ширек дегеніміз не?
4) Нүктенің жазықтықтағы орны қалай аталады?
ә)Карточкамен жұмыс
Кім жылдам ойыны
Мына нүктелер қай ширекте орналасқан?
(5; -2) (3;4) (-1;2)
(-7;3) (5;1) (-9 ;-1)
Есептер шығару (оқулықпен жұмыс)
IV. Сергіту сәті.
Мынандай тұжырымдамалар айтамын. Дұрыс болса оқушылар қолдарын горизонталь бағытта, қате болса қолдарын вертикаль бағытта көтереді.
1.Координаталық жазықтықта торт ширек бар.(дұрыс)
2.Қиылысатын түзулер параллель түзулер. (дұрыс емес)
3.Тік бұрыш жасап қиылысқан түзулер перпендикулрь түзулер (дұрыс)
4.Шаршының 5 қабырғасы бар (дұрыс емес)
5.I ширектің таңбасы (+ -). (дұрыс)
Кім көп біледі? ойыны
Әр топ 10 математикалық термин айту керек.
V. Шығармашылық жұмыс.
I топ
Координаталық жазықтықта үшбұрышты кескіндеп және оның төбелерінің координаталарын анықтау.
II топ
Координаталық жазықтықта шаршыны кескіндеп және оның төбелерінің координаталарын анықтау.
III топ
Координаталық жазықтықта тік төртбұрышты кескіндеп және оның төбелерінің координаталарын анықтау.
Сандар әлеміне сахат
(тапқырлыққа берілген есептер)
Iтоп
9 цифрын 4рет және амал таңбаларын пайдаланып 100санын жаз. (99+9/9=100)
II топ
5цифрын 5рет және амал таңбаларын пайдаланып 100санын жазыңыз (5+5+5+5)*5=100
III топ
1цифрын 6рет және амал таңбаларын пайдаланып 100санын жаз. (11-1)*(11-1)=100
VI.Үйге тапсырма.
VII.Бағалау. Сабақты қорытындылап,әр топтың нәтижесін шығарып баға қою.