Тәрбиелік: Еңбек сүйгіштікке, кез келген жұмысты орындауға дайын болуға, өзінің еңбегі нәтижесінде ұжым алдындағы жауапкершілігін арттыруға тәрбиелеу;
Дамытушылық: Алған білімдерін колдану дағдысын жетілдіру.
Сабақтын көрнекілігі: плакаттар, әр түрлі жарнамалар, диаграммалар, сувенир бұйымдар, карточкалар, суреттер, координаталық жазықтық
Сабақтың түрі: Іскерлік ойын сабағы.
Окыту әдістері: Жұппен, топпен; жеке-дара жұмыс жасау.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
(сабаққа дайындықтарын тексеру, құрал-жабдықтарын тексеру. Сабақтың мақсатымен таныстыру.)
2. Үй тапсырмасын тексеру
Балаларға үй жұмысын тақтада шығарту,содан кейін кезекшілер дәптерлерді жинап береді.
Оқушылар сыныпқа кірген кездеекі түрлі түстегі жетондар таңдап алады,алған түстеріңе байланысты топқа бөлініп отырады (Оқушыларды топқа бөлу)Дәптерге күннің атын жазу
Енді біз сабағымызды екі цехқа қонаққа барудан бастаймыз. Ол цехтар –тері өңдейтін және консерві шығаратын цехтар. Цех бригадирлері бізге мынадай диаграмма көрсетті, бұнда осы екі цехтың 3 жылдық жұмысының пайыздық көрсеткіші көрсетілген. Диаграммадан нені көріп тұрмыз? Кане, Ерасыл айта ғой. Иә дұрыс айтасың осы диаграмада цехтардың пайыздық көрсеткіштерінің төмендеп, олардың шикізат өндіру жұмыстарында құлдырау болып бара жатқанын көріп тұрмыз. Осы үшін біз диаграммада көрсетілгендей аз өнімдердің көрсеткіштерін арттыру максатында цехтарға жұмысқа орналасып, көмектесеміз және екі тобымызды, екі цехтың атымен атаймыз.
1-топ. Тері өндейтін цех.
2-топ. Консерві жасайтын цех.
Әрбір цехтың жұмысы цех мүшелерінің білімдері арқылы бағаланады. Дұрыс жауаптары «түсім» есебімен цехқа пайда болып түседі, дұрыс емес жауаптары «шығын» болып есептеледі
Бізді жұмысқа құжатсыз ешкім алмайды ғой? Не істеуіміз керек? Ол үшін біз мектеп бітіріп , жоғарғы оқу орнына оқуға түсіп оны бітіруіміз керек. Солай ма?
Онда өзіміздің ШҚМТУ немесе Сарсен Аманжолов атындағы ШҚМУ оқуға барып бітірейік
1.Оқуға түсіп, бітіру үшін біз қазір «Сәйкестендіру тестін» шешейік Тестті шешсек осы цех есігін ашатын кілтті аламыз. Кілт бізде бір сөз арқылы жасырылған кане тестті шешіп, керек сөзді табайық
ОРАЛХАН кім? қай жақта дүниеге келген? Қандай шығармаларын білесіңдер?
2.Балалар енді ары қарай кеттік. Қараңдар Әр цехтан цех каржысын есептейтін окушылар үшін конкурс (көрнекі жазылған жарнама түрінде) жарияланыпты.
Конкурс
Цехтардың кіріс-шығысын есептеп, каржы жағын реттейтін есепші үшін конкурс жариялаймыз.
Міндеті:
1. Өтілген материалдар бойынша сұрақтарға жауап беру.
2. Цехтардыц кіріс-шығыстарын есептеу. 4 окушы әрбір цехтың каржысын есептейтін есепші болып тағайындалады.
(Тақтада есепшілер осьтік, центрлік симметрияға байланысты есептер шығарады.
Жансерік, Жасұлан, Мирас, Рашида)
3 «Жәрмеңке»Біздің ауылда аудандық жәрмеңке болғалы жатыр. Оған әр түрлі ауылдардан шаруа қожалықтары өздерінің 4 түлік малдарын әкеледі. Қай шаруа қожалығының 4 түлік малының терісі жақсы екендігін таңдап алуға осы саланың маманы –Елжан барады. (4 Сұраққа жауап береді.2- топқа )
4. «Несие» Балалар қараңдар бізге несие беріледі деген жаранама тұр және әр түрлі банктың жылдық проценттік ставкалар берілген, қане осы туралы не айтамыз? (Рустам) Қай банктен алған тиімдірек, әрине БТА банкінен алған тиімді.
Несие алуға екі оқушы барады, Аружан, Жанел, Дана, Рустам
Осы оқушылар кестені толтырып, кесте бойынша график салады.
5 «Аукцион»
Координаталық жазықтықта нүктелерді белгілейміз, яғни консерві жасау цехі -балық аулаймыз, тері өндіретін цех-өңдеуге шикізат әкеліп, аң аулаймыз, балалар қараңдаршы мынау қандай құс, (аққу адасып жүр осы туралы не айтасыңдар?) иә, аққуды атуға болмайды, ол киелі құс. ( Ерасыл, Ақбота)
6. Енді балалар біздің жұмыс істегенімізге байланысты жалақымызды алуымыз керек қой сол үшін қазір мына тест тапсырмаларын шешіп жіберейік. Тест жауаптарын тексерем, қортытындылаймын