kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жай б?лшектерге амалдар ?олдану та?ырыбын ?айталау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділік: О?ушыларды? жай б?лшектерге амалдар ?олдану кезінде ал?ан білімдерін одан ?рі тере?дету, толы?тыру. Жай б?лшектерге амалдар ?олдануды? ?асиеттерін пайдалана отырып, есептер шы?ару ж?не білім, білік да?дыларын ?алыптастыру.

Дамытушылы?: О?ушыларды? іскерлігін, логикалы? ойлауын, ерік-жігерін, ?орытынды жасай білу ?абілеттерін дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жай б?лшектерге амалдар ?олдану та?ырыбын ?айталау»

Татьяна Тяжина,

Қостанай қаласы, Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектебінің мұғалімі.

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз сабақтарымда интерактивтік тақтаны және деңгейлік тапсырмаларды тиімді пайдаланамын. Сабақты түрлендіріп өту сынып оқушыларының қызығушылығын және белсенділігін арттырады. Осы мақсатта математика пәні бойынша 5 сыныпта «Жай бөлшектерге амалдар қолдану тақырыбын қайталау» тақырыбына өткізілген сабағымды ұсынамын.


Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерге амалдар қолдану тақырыбын қайталау

Сабактың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың жай бөлшектерге амалдар қолдану кезінде алған білімдерін одан әрі тереңдету, толықтыру. Жай бөлшектерге амалдар қолданудың қасиеттерін пайдалана отырып, есептер шығару және білім, білік дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың іскерлігін, логикалық ойлауын, ерік-жігерін, қорытынды жасай білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды адалдыққа, шапшаңдыққа, өз бетімен еңбектенуге, ұжымдық жұмыс жүргізу арқылы бірлесіп жұмыс атқаруға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, компьютер, бағалау парағы, тақта, бор, үлестірмелі карточкалар, тесттік тапсырмалар.

Сабақтың әдісі: жеке, ұжымдық, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: саяхат сабағы

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. «Ұшқыр ойдан-ұтымды жауап»

  3. «Ақ желкен»

  4. «Аялдама мекені»

  5. «Ойын мекені»

  6. «Қабілеттілер мекені»

  7. «Сергіту мекені»

  8. Үйге тапсырма

  9. Қорытындылау

  10. Оқушыларды бағалау

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларға сабақтың тақырыбын, жүргізу жормасы және мақсатын баяндаймын. Сабақ кіріспе жасаймын.

2. «Ұшқыр ойдан-ұтымды жауап». Оқушылардың өткен тақырыпты қаншалықты меңгергендігін интерактивті тақтаға жазылған қатесі бар диктант пен үйге берілген есептердің жауабын сәйкестендіріп тексертемін.

  • Алымы үлкен жай бөлшек дұрыс деп аталады.

  • Бүтін бөлігі және бөлшек бөлігі бар дұрыс бөлшек деп аталады.

  • Аралас сандарды қосу үшін бүтін бөлігін бір бөлек және бөлшек бөлігін бөлек қосамыз.

  • Жай бөлшектерді қосқанда қысқартамыз.

  • Дұрыс бөлшектің алымы бөлімінен кіші.

  • Бұрыс бөлшектерді аралас санға айналдыру үшін қысқартамыз.

  • Бөлшектерді азайтқанда ортақ бөлімге келтіреміз.

  • Бөлімі бірдей бөлшектерді салыстырғанда олар тең болады.

Үй жұмысы: №679

1)

2)

3)

4)

3. Біз бүгін «Жай бөлшектерге амалдар қолдану» тарауы бойынша қайталау жұмысын жүргіземіз. Ол үшін «Ақ желкенмен» жылдамдық іскелік мекеніне саяхатқа шығамыз. Бұд мекенде оқулықпен жұмыс істейміз.

№ 680

1)

2)

3)

4)

5)

6)

4. «Аялдама мекені». Мұнда біраз демалып «Аялдамалар бойынша» жұмыс аламыз. Ол үшін сынып оқушыларына интерактивті тақтада аялдамаларды өту үшін тапсырмалар беріледі.

1-аялдама. «Теңдеудің түбірін табыңыз»

1) 2) 3)

2-аялдама. «Бөлшекті қысқарт»

3-аялдама. «Мысалдардың шығарылуын түсіңдір»


5. Сынақ мекені. Бұл мекенде оқушылармен «Машинист болсам» ойынын ойнатамын.

-Мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?

-Тепловоз бірнеше вагондарды алып бара жатыр.

-Бұл суретте машинистті көріп тұрсындар ма?

-Жоқ.

-Енді осы тепловозды жүргізетін машинист керек. Оны білімді адам жүргізеді, білімді болмаса жүргізе алмайды. Ол үшін мына есептердіі дұрыс, тез шешу керек.

-Қай оқушы бұрын шығарса, сол оқушы машинист болады.

1) 4) 7) 10)

2) 5) 8)

3) 6) 9)



6. Қабілеттілер мекені. Бұл мекенде оқушылар өз деңгейіне сай тапсырманы таңдап алып, соңдағы тапсырмаларды орыңдайды.

1-деңгей.

1. Бірінші қорапшада - кг, екінші қорапшада - кг алма бар. Екі қорапшада қанша кг алма бар?

2. Мүсін жасайтын қоспа дайындау үшін кг мыс, кг цинк және кг қалайы алынды. Мүсін жасайтын қоспаның массасы қандай?

2-деңгей.

1. Жәшіктің биіктігі дм, ені биіктігінен дм ұзын, ал ұзындығы енінен дм ұзын. Жәшіктің ұзындығын тап.

2. Тік төртбұрыштың ұзындығы см, ені см. Тік төртбұрыштың периметрі неге тең?

3-деңгей.

1. Марат екі балық аулады. Бірінші балықтың массасы кг, ал екінші балық одан кг жеңіл. Марат барлығы неше кг балық аулады?

2. Тігін ательесі орам матадан м матаны көйлек тігуге, м матаны жейде тігуге және м матадан шалбар тікті. Алғашқыда орамда неше метр мата болды?

7.Сергіту мекені. Логикалық есептер шығартамын.

1) Бөлмеде 2 ит, 3 құс 1 шыбын бар. Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша болады?

Жауабы: 20

2) 4 таяқтың 8 ұшы бар. Алты жарым таяқтың неше ұшы бар?

Жауабы: 14

3) Анасы 16 мандарин сатып алған. Жартысын Думан жеді, Айша 2 мандарин жеді. Қалғаның Дина жеді. Дина неше мандарин жеген?

Жауабы: 6

4) Егер 7 жұмыртқаның бағасы 7 теңге болса, онда 100 жұмыртқаның бағасы неше теңге?

Жауабы: 100

8. Үйге тапсырма. №686 есеп. 10 сұрақтық тест тапсырмаларын құрастыру.

9. Қорытындылау. «Кубизм» стратегиясын қолданамын. Кубтың алты жағына алты түрлі сөздерді жазамын. Білу, түсіну, қолдану, талдау, жіктеу, бағалау. Осы жазылған сөздер арқылы оқушылар өздері сабақты қорытады.

10. Оқушыларды бағалау. Сабақты ұйымдастыру барысында оқушыларға бағалау парқтары тапсырылған болатын. Сол бағалау парағына оқушылар өздерінің сабақ барысында өткен мекендерден алған бағаларын жазып отыру керек болатын. Сол бағаларды негізге ала отырып оқушыларды бағалаймын.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Жай б?лшектерге амалдар ?олдану та?ырыбын ?айталау

Автор: Тяжина Татьяна Талгатовна

Дата: 11.11.2015

Номер свидетельства: 251291


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1580 руб.
2640 руб.
1240 руб.
2070 руб.
1250 руб.
2090 руб.
1500 руб.
2500 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства