Просмотр содержимого документа
«Жай б?лшектерді ?осу?а азайту?а есептер шы?ару. »
21.01.15
Математика 5Б
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді қосуға азайтуға есептер шығару.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға жай бөлшектерді қосу.азайту ережеслерін пайдаланып, бөлімдері бірдей бөлшектер және бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қоса білу;
Дамытушылық: оқушылардың нақты ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту, алған білімдерін есеп шығаруда пайдалана білуге үйрету,
Тәрбиелік: оқушыларды өз бетімен еңбектенуге, жүйелі білім алуға тәрбиелеу, оқушыларға жеке тұлғалық қасиеттерді :адамгершілік және ақыл ой тәрбиесін беру, белсенділікке, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа баулу.
Сабақтың типі: Қайталау сабағы
Сабақ түрі: ертегі сабақ
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, ой қозғау, түсіндірмелі,топтық,
Балалар, бүгінгі сабағымыз жақсы өтуге сәттілік тілеймін. Сабағымыз ертегі сабақ түрінде өтеді.Ертеде кемпір мен шал болыпты. Бір күні кемпірі отырып: «Шал, менің сұрағыма дұрыс жауап берсең, саған «Бауырсақ» пісіріп беремін» депті. Сұраққа жауап:
Ыстық орындық
Әр топтан бір оқушы шығып сұрақтарға жауап береді
1. Дұрыс бөлшек деген не?
2. Бұрыс бөлшек деген не?
3. Аралас сан деген не?
4. Алымы бірдей бөлшектерді қалай салыстырамыз?
Бөлімі бірдей бөлшектерді қалай салыстырамыз?
Жай бөлшек деген не?
Жай бөлшекті қалай қосамыз?
Жай бөлшекті қалай азайтамыз?
9.Бөлшекті бөлшекке қалай көбейтеміз?
10.Бөлшекті натурал санға көбейтеміз?
Шалға көмек берейік.
Бауырсақты пісірді, суыту үшін әйнекке қойды. Жата жата іші пысқан бауырсақ, әйнектен сыртқа домалап, қашып кетеді. Қашып келе жатып, қоянға кезігеді. «Бауырсақ менің есебімді орындамасаң жеп қоямын» дейді.қәне, Балалар, бауырсаққа көмектесейік. «Қоянның тапсырмасы» .
Әр топтан бір оқушы шығып ауызша есептер шығарады.
«Тез есептей білеміз бе?»
І топ
а)Бос торды толтыр. ;
б) Көбейтіндіні тап : ; ;
Бауырсақты қояннан құтқардық, ары қарай домалап бара жатқанда қасқырға кезігеді.
Қасқыр: «Менің тапсырмаларымды орындамасаң, мен сені жеймін» дейді. Балалар көмектесуіміз керек. Қасқырдың тапсырмасы: оқулықтағы №757есеп.
Қасқырдан құтылып, бауырсақ ары домалайды. Жолда алдынан аю шығады.
Аю: ««Жай бөлшектер туралы не білесіңдер» айтып берсең мен сені жемеймін» дейді.
− Оқушылар кім көмекке келеді?
Постер қорғайды.
Аюдан құтылды, домалап бара жатқан бауырсаққа түлкі кездеседі.
Түлкі: «Арқан тартыс ойынын ойнаса, мен сені босатамын» дейді.
Түлкіден бауырсақты құтқардық. Бауырсақ сендерге көмек бергендерің үшін ризашылығын білдіреді.
Ү. Үйге тапсырма: №759,760
ҮІ.Қорытындылау:
− Балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма?
− Алдарыңа қойған мақсатқа жеттіңдер ме?
− Бөлшекті қалай қосамыз?
ҮІІ.Бағалау:
№12 ЖББ ОМ
Тақырыбы: «Жай бөлшектерді қосуға және азайтуға есептер шығару»